Гидросфера биосфераның элементі және табиғи қоры ретінде. Дүниежүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері. Ірі су қоймаларын құрудың негати

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 15:23, реферат

Описание

Жер шарындағы су барлық 3 агрегаттық күйде де кездеседі, ал ең үлкен бөлігі барлық тірі ағзалардың жаратылысы үшін маңызы жоғары болып табылатын сұйық күйде кездеседі. Барлық табиғи су комплексі біртұтас жүйе ретінде қызмет етеді, ол үнемі қозғалыс, даму және жаңару үстінде болады. Жер шарының 71%-ға жуығын алатын дүниежүзілік мұхит беті атмосфера және литосфера қабаттарының аралығында орналасқан.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
Су қорларының қолданылуы............................................................................5
Су қорларының ластануы..................................................................................7
Дүниежүзілік мұхит экологиясы......................................................................10
Қорытынды........................................................................................................13
Қолданылған ақпарат көздері.................................................... ......................14

Работа состоит из  1 файл

гидросфера.doc

— 330.50 Кб (Скачать документ)

Қазіргі кезде 100 кюри/л  шамасынан  жоғары радиоактивті ағынды сулар жер астыңғы су қоймаларына  көміледі немесе жер астыңғы ағынсыз  алабына тартылады.

Теңіз суы контейнерлерді шірітіп жіберетіндігі анықталған, олардың қауіпті мөлшері суда тарап кетеді. Қалдықтарды қате көмуден  пайда болған радиоактивті ластанудың салдары, радиоактивті изотоптармен планктон, балықтар, балдырлар және жағажайлар уланған, Ирланд теңізінде білінген.  

Радиоактивті қалдықтарды  теңіздер мен өзендерге ағызып жіберу, оларды жер қыртысының жоғарғы су жібермейтін қабаттарында көму сияқты, осы маңызды заманауи проблеманың  орынды шешімі деп санауға болмайды.

Су айдындарындағы радиоактивті ластауларды бейтаратпау әдістерін қосымша ғылыми зерттеу қажет.

Өсімдіктер мен жануарлардың организмдерінде қоректену тізбегі  бойы радиоактивті заттардың биологиялық  қоюлану үрдісі болады.  Ұсақ организмдермен қоюланған осы заттар кейін басқа жануарларға, жыртқыштарға түсіп, онда қауіпті қоюланулар пайда болады. Кейбір планктонды организмдердің радиоактивтілігі судың радиоактивтілігінен 1000 есе жоғары болуы мүмкін.

Кейбір тұщы суды мекендейтін  балықтар, олар өміп сүретін судан 20-30 мың есе радиоактивті болып табылады.

Ағынды сулардың ластануын  негізімен екі топқа бөледі: минералды  және органикалық, оның ішінде – биологиялық  және бактериялық.

Минералды ластануларға металлургия және машина жасайтын зауыттардың  ағынды сулары, мұнай, мұнай өндеу және кен өнеркәсібінің қалдықтары жатады. Бұл ластануларда құм, саз балшықты және кен қосулары, қож, минералды тұздардың,  қышқылдардың, сілтілердің ерітінділері, минералды майлар және т.б. бар.

 

Судың органикалық ластануы қалалық фекалдық-шаруашылық ағуларымен, қасапханалардың суымен, былғары, қағаз-целлюлоза, сыра ашытатын және басқа да өндірістермен жасалады. Органикалық ластанулар өсімдік және жануарлар шығу тегі жағынан бөлінеді. Өсімдік жағына қағаз қалдықтары, өсімдік майлары, жидектер мен көкөністер қалдықтары және т.б. жатады. Көміртек осы ластану түрінің негізгі химиялық заты болып табылады. Ластанудың жануарлар шығу тегі жағына: адамдардың, жануарлардың физиологиялық шығулары, майлы және бұлшық етті ұлпалардың қалдықтары, желімнен жасалған заттар және т.б. жатады. Олар   азоттың  едәуір мөлшерінің болуымен сипатталады.

Бактериялық және биологиялық  ластанулар түрлі тірі микроорганизмдер болып табылады: ашыған және көгерген қаракүйе саңырауқұлақтары, ұсақ балдырлар  мен бактериялар, оның ішінде – сүзек, паратиф, дизентерия қоздырушылары, адамдар мен жануарлардың шығуларымен түсетін гельминт жұмыртқалары және т.б. Ағынды сулардың бактериялық ластануы коли-титра мөлшерімен, яғни, бір ішек таяқшасы («коли» бактериясы) бар, милиметрдегі судың ең аз көлемімен, сипатталады. Егер коли-титр 10-ға тең болса, онда 10 мл-де 1 ішек таяқшасы табылды деген сөз. Осы ластанудың түрі тұрмыс суларына, сондай-ақ қасапханалардың, былғары зауыттарының, жүн жуатын орындардың, ауруханалардың және т.б. ағын суларына тән. Бактериялық салмақтың жалпы көлемі айтарлықтай зор – әрбір ағынды судың 1000 м3 - 400л дейін.

Ластануларда көбінесе 42%-ға жуық минералды және  58%-ға дейін  органикалық заттар бар.

Ағынды сулардың ластануының  қоюлануын химиялық талдаулармен анықтайды. Ағынды сулардың рН үлкен маңызы бар, әсіресе оларды тазарту үрдісі кезінде. Тазартудың биологиялық үрдістері үшін 7-8 маңындағы  рН бар сулар қолайлы орта болып табылады. Тұрмыстық ағынды сулардың сілтісі аз реакциясы, өндірістік ағынды сулардың  – күштіқышқылдыдан бастап сілтісі күштіге дейін реакциясы бар.

Су айдындарының ластануы келесі  нышандармен сипатталады: су бетінде қалқыған заттардың пайда  болуы және түбінде тұнбаның бөлініп  шығуы; судың физикалық қасиеттерінің  өзгеруі: мөлдірлігі мен түстілігі, иісі мен татыған дәмінің білінуі; судың химиялық құрамының өзгеруі (реакциялар, органикалық және минералды қоспалардың мөлшері, үлы заттардың пайда болуы және т.б.), суда ерітілген оттектің азаюы; бактериялардың түрлері мен мөлшерінің өзгеруі және ағынды сулармен түсу есебінен ауыру жұқтыратын бактериялардың пайда болуы.

Күн радиациясының әсерінен судың үздіксіз өзін-өзі қайта  жаңарту және өзін өзі тазарту  сияқты өте бағалы қасиеті бар. Ол ластанған суды оның барлық салмағымен араластыру және кейінгі органикалық заттарды минералдау мен енгізілген бактерияларды жою үрдісінде тұрады. Бактериялар, саңырауқұлақтар және балдырлар өзін-өзі тазартудың агенттері болып табылады. Бактериялық өзін-өзі тазарту барысында 24 сағаттан кейін 50 % кем, ал 96 сағаттан кейін –бактериялардың  0,5% алатыны анықталған. Бактериялық өзін-өзі тазарту үрдісі қыста қатты баяулайды, сондықтан 150 сағаттан кейін бактериялардың 20% сақталып қалады.

Ластанған сулардың  өзін-өзі  тазартуды қамтамасыз ету үшін, оларға қайта-қайта таза су қосу қажет.

Егер ластанулардың  соншалық зор болғандығынан судың  өзін-өзі тазартуы болмаса, ағынды сулармен түсетін ластануларды жою үшін арнайы әдістер мен құралдар бар.

Өнеркәсіпте – бұл  ең алдымен ағынды суларды тазарту  бойынша цехтық және жалпызауыттық  ғимараттарын салу, өндірістің технологиялық үрдісін жетілдіру және ағынды сулардан бағалы заттарды алу үшін қалдықтарды өндейтін қондырғыларды салу.

Өзен флотының кемелеріне  тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде  мұнай өнімдерінің шығынымен  күрес, ластанған суды жинауға арналған кеңдіктермен кемелерді жабдықтау өзен көлігінде ең маңызды болып табылады.

Орман ағызу кезінде, балық шаруашылықты маңызы бар өзендерде  орманның қаракүйе ағызуын тоқтату, батып кеткен ағаш сүрегінен өзен арналарын тазарту, орман ағызу  технологиясын қатаң сақтау, өзендердің ластануымен күрестің негізгі әдістері болып табылады.

 

Дүниежүзілік  мұхит экологиясы

Бүкіл дүниежүзілік мұхиттар күні, немесе Ғаламшардың  ең үлкен қоқыс тастайтын жері қайда?

 

Біздің ғаламшарды Жер  емес, Мұхит деп атауға болушы еді деген сөйлемшенің мәні бар. Әлемдік үстінің 70 % шамасын су кеңістігі алып жатқаны мәлім.

8 маусым – бүкіл  әлемде атап өтетін, Мұхиттар  күні. Океанология мен теңіз мекемелерінің  қызметкерлері пәрменді су стихиясы  құнтты және ұқыпты қарауда  мұқтаж болып тұрғанын бізге, қарапайым адамдарға, ескертуді өз парыздары деп санайды. Адамзат игілігі үшін теңіз әлемін зерттеудің күрделі үрдісі – ғалымдардың міндеті болса, біздің міндетіміз - оны тазалықта сақтау болып табылады.

Жасыратыны жоқ, қоршаған ортаның басты проблемасы – оның ластануы. Ал ең үлкен қоқыс тастайтын жер әлемдік мұхит аумағында.

Ғаламшардың ең үлкен  қоқыс тастайтын жері «Тынық мұхиттың қоқыс таңбасы» ретінде мәлім. Ол Тынық мұхитта   Гавай аралдары мен Калифорнияның арасында орналасқан. Табиғат жағдайына себебті ол қашанда табиғи ескі-құсқаның: балдырлардың, өлген құстар мен жануарлардың, кемелердің сынықтарының жиналу орны болған.

Тынық Мұхиттың осы телімі өз алдына өлген теңіз болып табылады: ағынның белгілі құйындауы әлемдік  мұхиттың жағалауындағы және үстіңгі суларынан әкелінген қоқысты «қамап қояды» және ол осы баяу су иірімінің шегінен шықпайды.

Мұнда өмір жоқ: ірі кәсіптік балықтар, құстар және сүтқоректі жануарлар  мекендемейді. Табиғи қалдықтардың шіріген  көлемінен бөлінген күкіртті сутегінің сасыған иісінен, сондай-ақ осы аумақта желдің жоқтығынан,  бұл телімді кеме экипаждары қашанда айналып өткен.

«Тынық мұхиттың қоқыс  таңбасы» термині шамамен 1950 жылдарда пайда болды. Алайда ол саяхат жасап жүрген, жас яхташы Чарльз Мур кездейсоқ тауып алғаннан соң, 90-шы жылдар аяғында айрықша белгілі болды. Уақытты үнемдеу үшін, ол маршрутын өзгерткен.Оның яхтасы апта бойы бітпеген шексіз қоқыс жазыққа жеткенде, ол таң қалған! Пластикті пакеттер, бөтелкелер, орауыштар, футбол доптары, пластмассалы ойыншықтар, шақпақтар және т.б.

Бұл көрініс жас жігітті  толқытқаны соншалық, тіпті оның келешек  тағдырын өзгерткен. Ол экологиялық  ұйымды құруға өз қаражатын салып, Тынық  мұхиттың экологиясымен айналысуға шыңдап кірісті.

Айта кететін жай, Чарльз Мурдың мұхитты қоқыстан құтқару туралы жалынды ұранына экологтардан ерекше реакция болған жоқ. Жағдайдың барлық қауіптілігін ешкім қабыл еткен жоқ. Ғарыштан жасалған суреттер мен  аэрофотосуреттер арқылы ластанудың мұндай түрін көруге болмайды. Оларды тек кеменің тұмсығынан  және аквалангпен сүңгіген кезде ғана байқауға болады.

Пластикті қоқыстың 70 %-ын Кауаи және Ниихау аралдарына шығарған теңіз дауылы ахуалды өзгертті. Ескі-құсқының орасан зор ауытқыған аралына  ақырында тиісті назар аударылды.

Салмағы 100 миллион тоннадан артық, ол табиғи планктонның салмағынан алты есе асады. Осы қоқыстың 90 % пластик құрайды, сондықтан бұл тынықмұхиттық телімнің ішіндегісін «пластикті көже» деп атайды.

Барлық қоқыстың бесінші  бөлігі кемелерден және мұнай платформаларынан түседі. Ластанулардың қалған үлесі жағалаулардан келеді. Пластикті қоқыстың көрнекі салдары құстар мен теңіз мекендеушілерінің  көп миллиондаған санының қырылуында білінеді. Пластикті ас екен деп қалып, олар оны жұтады да өледі. Дельфиндер пакеттерден тұншығып өледі.

Полимерлердің үнемі  болуы, қоқысталған зиянды ортаға бейімделген  және  тым агрессивті, жаңа мекендеушілердің пайда болуына себептесе отырып,  мұхит айналасын біртіндеп өзгертеді.

Ғалымдар осы проблеманы шешу жөнінде келесі іс-шараларды  ұсынады:

  • кейбір елдерде (Австралияда, Италияда, Бангладеште, Ирландияда) әлдеқашан күшіне енген, пластик өнімінің өндірісіне тыйым салу;
  • биоажыратылған пластмасс технологиясы суға, көмір қышқыл газына және биоқоспаларға ажыратылатын, ұқсас материалға ауыстыруға мүмкіндік туғызады;
  • су кеңістіктерінен қоқысты шығару және оларды зауытта арнайы өндеу.

Алайда Чарльз Мурдың есептеуінше, мұхитты толығымен  тазарту – қоқыстың және теңіз  кеңістігінің өзінің тым үлкен көлемінен  іске асырылмайтын міндет. Қоқыс таңбасының телімі «ешкімдікі де емес» деп саналатыны және ескі-құсқыны жою бойынша жауапкершілік пен шығынды ешкім де мойынына алмайтыны, ахуалды одан әрі өткірлене түсті.

«Мен еске салғым келеді: жиыстырылған жер емес, қоқысталмаған жер таза болады!»

Егер адамзат өз тәртібіне ойланып-толғанып қайта қарамаса, керісінше қоршаған ортаны ластауды әрі қарай жалғастыра беретін болса, онда ешбір қаржы жұмсаулар жетпейтін болады. Және қашанда өзіңнен бастау қажет.

Тынық Мұхиттың экологиялық  ахуалы – бір адамның ұқыпсыздығынан лақтырылған әрбір ұсақ-түйектің осынау ауқымды салдарға келтіретіндігінің аса көрнекі үлгісі. Ормандағы сейілде, жағажайда, аулада  өзінен кейін қоқыс қалдырған әрбір адамның осы ахуалға қатысы бар және оған кінәлі.

Табиғатты сақтаңыздар, ұқыпты болыңыздар! Сонда біздің ғаламшарымыз және біздің арымыз таза болады!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Биосферадағы су айналымы цивилизация дамымай тұрып тұрақты  болған. Мұхит су буланғанда судың  қанша көлемін жұмсаса, сонша  көлемді суды өзендерден алып отырған. Өзендер тоқтамай, көлдердегі су көлемі бірқалыпты болып тұрған. Цивилизация дамыған сайын бұл тұрақтылық бұзыла бастаған. Ауылшаруашылық өнімдерін қолдан суарудың нәтижесінде судың құрғақтан булануы көбейген. Оңтүстік бөліктердегі өзендер тартылып қалды, мұхиттардың ластануы және оның бетінде мұнай қалдықтарының төгілуінен түзілген пленка судың булануын азайтты. Мұның барлығы биосфераның сумен қамтамасыз етілуін тежеді.

 Судың адам өміріндегі және Жер бетіндегі барлық тірі организмдер үшін маңыздылығын ескере отырып «Су – Жер бетіндегі ең асыл қазына» деп қорықпай айта аламыз.

 

 

 

Қолданылған ақпарат  көздері:

  1. festival@lseptember.ru
  2. support@deodraphy.kz
  3. www.platforma.kz
  4. Воронцов А.И., Харитонова Н.З. Охрана природы. – «Высшая школа», 1971, 68-108 беттер.
  5. Иванова Н.И., Фадина И.М., Инженерная экология и экологический менеджмент «Логос», 2003, 124-179 беттер
  6. Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы
  7. Е.Шілдебаев. Қызық экология.

 

 




Информация о работе Гидросфера биосфераның элементі және табиғи қоры ретінде. Дүниежүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері. Ірі су қоймаларын құрудың негати