Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 13:51, курсовая работа
Гигиена грек сөзі - Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер – гигиенистер дайындалады.
Гигиена туралы жалпы түсінік
Гигиена грек сөзі
- Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі
деген мағына береді, профилактика
деген ұғым. Адам ағзасына айналаны
қоршаған сыртқы орта факторлары мен
әлеуметтік жағдайларының тигізетін
әсерін зерттейтін медициналық ғылым.
Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының
бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық
факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы
түрде маман дәрігерлер – гигиенистер
дайындалады.
Гигиена - аурулардың алдын алуға және
денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа
зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге
гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа
зиян келтіретін факторлардың болмауын
гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады.
Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы
ортаның факторларын негізге ала отырып,
гигиенистер адамзат баласының тіршілігі
мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға
адамзат баласын аурулардан айықтыруға,
дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге
тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген
қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық
жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым.
Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері
болады. Осының бәрі адамның денсаулығын
арттыруға қолданылады.
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген
мақсаты - адамдардың айналасын қоршаған
сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы
бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын
өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына
залал келтіретін факторлардан адамзат
баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы,
оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы,
әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді.
Әркімнің өздерінің алдына қойған мақсаттары
бар.
Дәрігер-гигиенистер, санитарлар айналаны
қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі
мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының
алдын алатын ескертпе көріністеріндей
күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық
бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз
жағдайлардың жолына тосқауыл қойып отырады.
Жұқпалы ауруларды таратпай алдын алу
мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы
дерттерге қарсы медициналық әдістер
мен шараларды кең көлемде қолданады.
Алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне
асырып эпидемияға қарсы күресті үдете
түседі. Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың
біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын
микробтардың санын анықтап, биологиялық
ерекшеліктерін ескеріп, ауадағы шаң-тозаңдардағы
микробтарды біліп, қала ішіндегі түтіннің
құрамын анықтап, олармен биологиялық
және химиялық күрес жүргізудің жолдарын
белгілеп береді.
Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын
профилактикалық іс-әрекет жасап, көзге
көріне түседі. Оларды жасау үшін терең
ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының
табиғи және әлеуметтік-экономикалық,
саяси факторлардың әсерімен қалыптасады.
Биосфералық факторларға жататындар:
атмосфералық ауа, су, жер, космостық факторлар,
әлеуметтік факторларға еңбек және оқу
жағдайлары, тамақ, киім-кешек, төсек орын
жағдайы және т.б. жатады. Бұл факторлар
қолайсыз болғанда зиянды дағдылар дамып
кетеді. Арақ - шарап ішу, темекі шегу, наркотикалық
заттар мен әурелену, токсикоманиямен
айналысу ерекше етек алады.
Дене тазалығы дегеніміз – алдымен тері
күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның
қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді.
Тері алуан түрлі физиологиялық - биологиялық
функцияны орындайды. Терінің құрылысы
өте күрделі.
Жұмыс жасап, күнделікті тұрмысты шаруамен
айналысқан шақта адам терісін кір шалады.
Адам терлесе кір теріге жабысып қалып,
терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені
тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып
теріде өтетін физиологиялық - биохимиялық
үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады.
Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын
микробтардың енуі фолликулитті туындатады.
Микробтар әсерінен терінің бетіндегі
органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті
май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы
– дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді
тері аурулары пайда болады. Тәуліктік
тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер
қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта
ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен
сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған
жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну,
душқа шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын
бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды
қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде
неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар
көбейеді. Ішек – қарын инфекциясы күрт
инвазиясы, гепатит вирустары жиналады.
Жұқпалы дерттердің таралуына қол кірінің
қаншалықты рөл атқаратыны көптеген адамдарға
белгілі.
Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ
астында жиналады және оларды тек арнаулы
щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын
жерде кішкентай щетка тұруы пайдалы.
Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар
алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже
беретінін айтпай кетуге болмайды. Адамның
терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып
келеді. Ал, егер тері құрғақ болса, онда
балалар сабыны деп аталатын сабынды,
ланолині бар сабындарды да пайдаланған
да тері онша құрғамай қалыпты жағдайда
тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет,
әсіресе жаз айларында күнде жуып тұруды
дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса,
түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен
аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына
екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген
мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты
және дененің басқа бір бөліктері терлесе,
дезодарант қолдану керек. Орыс буламысы,
фин саунасы, жапон офуросы, сэнтосы ағзаға
өте пайдалы. Моншаға түскеннен кейін
адам өте жақсы дем алып сергіп қалады,
жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта жігері
арта түседі. Монша гигиенаны жақсы өткізеді.
Денені сауықтырады. Сібірде тұратын орыс
халқы моншаға түсіп, ал буда отырғанда
қайың, емен жапырақтарынан жасалған сыпыртқылармен
сабаланып, содан кейін моншадан жүгіріп
шығып қалың қарға аунайды. Сонда дене
жақсы шынығып, денсаулық артады.
Шаш күтімі. Адамның шашы ерекше жаралған
табиғат көрінісі. Адамның сұлулығы шашқа
байланысты. Әсіресе әйел адамдардың байлығы
мен сұлулығы, олардың шашы. Ешқандай зергерлік
заттар адам шашын айырбастай алмайды.
Сондықтан да шаш өте ұқыпты түрде күтуді
қажет етеді. Шаш қорғаныс рөлін атқарады.
Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды.
Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп,
50 тал шашы өсіп шығып отырады. Адам басындағы
шаштың саны әр адамда әр қилы болады.
Орта есеппен алғанда адам басында 140 000
тал шаш болады. Қара түсті шаш баста 100
000-дай. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі
жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем
жағып қойғанда дұрыс. Ол шашты қоректік
затпен қамтамасыз етеді. Шашты жиі-жиі
жуып отырудың қажеті жоқ. Шашқа ауру пайда
болады. Ұзын құрғақ шашты 3 апта сайын
жуған дұрыс. Ұзын майлы шашты 7-14 күн өткеннен
кейін жуған жөн. Қысқа шашты 7-14 күн өткеннен
кейін жуып отырған дұрыс. Шашты жылы суға
жуып, белгілі бір шампуньді пайдаланыңдар.
Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаштың
түсі өзгеріп, жарқырап жайнамайды. Сондықтан
да шампуньмен жуған дұрыс. Ұзын шашты
өте ұқыптылықпен жуып, шашты тарап отыру
керек. Майлы шашты сабынды спиртпен немесе
калийі көп көк сабынды спиртпен жуған
дұрыс. Ол көк сабын шашты дезинфекциялап,
шаштың майын бірден кетіріп жібереді.
Шампуньмен жуғаннан кейін шашты бірнеше
рет сумен мұқият шайып, шампунның микробтарын
түгелімен кептіріңдер. Шаштарыңыз жарқырап
тұру үшін 1 литр суға асханалық қасықпен
2 қасық 8%-ті сірке қышқылын қосып, шашты
шайыңдар. Содан кейін шаштарыңды тарақпен
тараңдар. Тарақтың жүзі өткір болмағаны
дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан
жасалынады. Тарақты ыстық сумен сабындап
жуып, оны таза ұстаған жөн. Әрбір адамның
өзінің тарағы болуы тиіс.
Тырнақтың күтімі. Аяқ және қол саусақтарының
тырнақтарын өсірмей үнемі алып тастаған
жөн. Кейбір кездерде газет-журналдарда
жасанды тырнақ өсіреміз деген хабарландыру
жүреді. Тырнақ қандай жағдайда болмасын
күтімді қажет етеді. Тырнақ алу гигиенаның
ең бір басты міндеті. Бір аптада тырнақ
0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына
қарағанда тез өседі. Сондықтан да апта
сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын
болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын
микробтар көп шоғырланады. Ондай тырнақ
денсаулықты нығайтпайды. Тіпті микроскопиялық
саңырауқұлақтар өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ
өте сынғыш келеді.
Тіс және ауыз гигиенасы. Адамның тісі
оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай
тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі
жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның
бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді.
Тісі түсіп қалу, тісті ауыз қуысының гигиенасын
сақтамағандықтан болады. Сондықтан да
тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған
жөн. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына
төмендегілер жатады:
1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты
пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған
жөн. Тіс щеткасының пайдалануға қолайлы
болғаны дұрыс. Синтетикалық материалдардан
жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып
отырыңдар;
2. Қызыл иікті де қолмен ысқылап, ерінбей
массажды үнемі жасап отырған дұрыс;
3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше
тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі
3-4 минуттан аспауы керек.
4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс
(таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан
жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны
кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз
ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді;
5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен
мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған
жаман болмайды.
Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына
гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша
бөлек биологиялық – физиологиялық белсенді
заттар енгізіледі (тұздар – фермениттер
– биологиялық катализаторлар, микроэлементтер
– Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор, кальций – хлорофилл
– жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан
өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл
иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына
жағымды терапиялық әсер етуге есептелген
ем - домдық – профилактикалық көптеген
тіс пасталары шығарылады.
6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен
шайыңдар. Міне тіс күтімі осындай деңгейде
жүру керек.
Киім – кешек және аяқ киім тазалығы. Адамның
барлық денесі, киім – кешегі, аяқ киімі
өте келісімді болуы тиіс. Алдымен аяқ
киімге көңіл бөлу қажет. Аяқ киімнің әдемі
жаңа, киюге өте қолайлы болып, аяқты қыспау
керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті
жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы
киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше
аяқ дерттерін аяққа туғызады. Өйткені
барлық кроссовкалар синтетикалық материалдан
жасалады. Киім жыл мезгіліне және ауа
райына сай киілуі керек. Әсіресе балалардың
киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар
киім киген қыздардың денесінде «Джинсовый
дерматит» деген дерт үнемі тар джинсы
киіп жүргендіктен пайда болады. Жұмыс
киімдері өте кең болуы керек. Жұмыс киімі
мақтадан тігілген болу керек. Синтетикалық
киімді жазды күні киюдің қажеті жоқ. Өйткені
адам денесінің терлегенде киімге тер
сіңбей жұқпалы ауру тарататын микробтардың
ұясына айналуы мүмкін.
Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра
күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың
көк, жасыл, ақ, сирен түсті киімдерді кигені
дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді
мол түсіреді. Ал, жаз айларында раушан
түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық
киімдерді салқын түскен кездерде киюге
болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап
алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және
бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін.
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Мазмұны[жасыр]
|
Токсикомания– булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы тұрмыста қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т.б. Үйде негізінен дезодорант-спрей, шашқа арналған лак, жиһазды тазартуға арналған сұйықтық, тырнаққа арналған лак, бензин және т.с.с.
Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға, комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады.
Марихуана– кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.
Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.
Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.
Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.
Нашақорлардың
түн ұйқылары бұзылады, артериалдық
қан қысымы төмендейді, ине салу
нәтижесінен тамырлары
Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.
Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Экстази– 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада «экстази» таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен біріктіруден болған эффект «ашылды». Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.
Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.
Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет.......
Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.
Осыған байланысты
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық,
Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне
және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы
жауапкершілікті күшейту
Бұл заң тек
аса ауыр есірткі қылмыстары үшін
қылмыстық жауапкершілікке
Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы мүмкін:
аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген.
Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек.
Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күш-жігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз керек. Ең бастысы–есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет.
Ішімдіктің зияны
Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп
шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның
семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте
абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз
болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға
да шалдыққыш келеді.
Ішімдік жыныс сезімін күшейтеді, жыныс
актісінің уақытын созады, адамның жыныстық
қызметіне пайдалы әсерін тигізеді деген
ұғым бар. Шын мәнінде солай ма? Рас, шамасыздық
кейінірек басталады.
Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп
әкелетін қандай жағдайлар? Әрине, маскүнемдік.
Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары
әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті
белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке
орай, белсіздіктің арақтан болатынын
не ері, не әйелі біле бермейді.
Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі
мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан
түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол
көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады,
дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың,
нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер
жыныс ауруларына жиі душар болады.
Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған.
Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте
тез жайылады да, сонан соң орталық нерв
жүйесін улап, оның қоректену процесін
бұзады.
Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары
(ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы
(формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден
туған балалардың жартысына жуығы дүниеге
келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді.
Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті
сырқаттар себепкер болады.
Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі
тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра
ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары
керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне
енген алкоголь баланы тынышсыздандырады,
ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне
кедергі келтіреді. Сайып келгенде, ішкіліктің
зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны
ұмытпағаны жөн. Талай адамның түбіне
жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады
дейсіз. Соған қарамастан арақ ішу дәстүріміз
ғой деушілер де табылып қалуы мүмкін.
Бұдан былай бұл зиянды «дәстүр» халық
ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік
қорында болмауға тиіс. Партия мен үкімет
қазір бізден осыны талап етіп отыр.
Салауаттылық — денсаулықты жақсартып,
материалдық байлықты арттырудың, еліміздің
күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан
да халқымыз партияның алкоголизмге, маскүнемдікке,
есірткі ішуге қарсы саясатын қолдайды.
Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды
жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді.
Адам баласының алға басу жолындағы кедергі
— арақ-шараптың сиқырлы сыр-сипатын тек
біздің еліміз ғана ашып көрсетіп, оның
әлеуметтік зиянын айқындады. Партия арақ-шараптың
болашақ ұрпаққа тигізетін қырсығын, ащы
шындықты айтып халықты сақтандырып отыр.
Дегенмен, жалпы адам организміне зардап
тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен
бо-лар едік. Бұл күндері «сәнге» айналып
жүрген те-мекі шегудің зияндылығы да
аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанның
езінде, темекі план-тациясында жұмыс
істеп журген кыздардың, қа-лыңдықтардың
бала көтермей қалу қаупі тағы бар.
Әрине, алкоголизм, есірткі, темекі шегу
жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды.
Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың,
наркотикалық есірткілерді пайдаланудың
салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң
нәрестелер емірге өксіп - жылай келеді.
Ал оны болдырмаудың бірден - бір жолы
— осы айтылған жағымсыз жайларға, бос
уақыттарын міндетті түрде сырахана, ресторан
маңында көзін сүзіп, күнін өткізетін
кәнігі маскүнемдердің бұрынғыдай жұбын
жазбай жүру «дәстүріне» жол бермеу.
Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық
— өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып,
өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың.
Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып,
үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық
жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы
түрімен айналысуға болады ғой. Олардың
қайсысынан болса да жан дүниең ләззат
тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің
бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі
емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз,
темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір
сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас
тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы
ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.
Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ,
маскүнемділік тұқым да қуаламайды. Оған
көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар
ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген
орта себепкер болады. Маскүнемдіктен
сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл
күндері кімді болса да бейғам қалдыра
алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц
артында жеке адам, семья тағдыры тұр.
Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да,
бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды.
Теріс жолға түскен адамға білікті де
дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан
маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды,
өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне,
түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта
білетін шын жанашыр адам керек.
Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып,
шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады,
адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады,
тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты
тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне,
өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім
шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және
апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік
ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан
жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол
ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс
жасауға итермелейді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Өмешұлы Ә. Салауатты өмір – денсаулық
кепілі, Алматы, 1999
2. Малдыбаев Ә. Мұны әркім де білуі тиіс,
Алматы, 1987
Ішімдіктің зияны
Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп
шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның
семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте
абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз
болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға
да шалдыққыш келеді.
Ішімдік жыныс сезімін күшейтеді, жыныс
актісінің уақытын созады, адамның жыныстық
қызметіне пайдалы әсерін тигізеді деген
ұғым бар. Шын мәнінде солай ма? Рас, шамасыздық
кейінірек басталады.
Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп
әкелетін қандай жағдайлар? Әрине, маскүнемдік.
Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары
әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті
белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке
орай, белсіздіктің арақтан болатынын
не ері, не әйелі біле бермейді.
Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі
мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан
түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол
көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады,
дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың,
нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер
жыныс ауруларына жиі душар болады.
Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған.
Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте
тез жайылады да, сонан соң орталық нерв
жүйесін улап, оның қоректену процесін
бұзады.
Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары
(ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы
(формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден
туған балалардың жартысына жуығы дүниеге
келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді.
Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті
сырқаттар себепкер болады.
Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі
тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра
ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары
керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне
енген алкоголь баланы тынышсыздандырады,
ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне
кедергі келтіреді. Сайып келгенде, ішкіліктің
зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны
ұмытпағаны жөн. Талай адамның түбіне
жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады
дейсіз. Соған қарамастан арақ ішу дәстүріміз
ғой деушілер де табылып қалуы мүмкін.
Бұдан былай бұл зиянды «дәстүр» халық
ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік
қорында болмауға тиіс. Партия мен үкімет
қазір бізден осыны талап етіп отыр.
Салауаттылық — денсаулықты жақсартып,
материалдық байлықты арттырудың, еліміздің
күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан
да халқымыз партияның алкоголизмге, маскүнемдікке,
есірткі ішуге қарсы саясатын қолдайды.
Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды
жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді.
Адам баласының алға басу жолындағы кедергі
— арақ-шараптың сиқырлы сыр-сипатын тек
біздің еліміз ғана ашып көрсетіп, оның
әлеуметтік зиянын айқындады. Партия арақ-шараптың
болашақ ұрпаққа тигізетін қырсығын, ащы
шындықты айтып халықты сақтандырып отыр.
Дегенмен, жалпы адам организміне зардап
тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен
бо-лар едік. Бұл күндері «сәнге» айналып
жүрген те-мекі шегудің зияндылығы да
аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанның
езінде, темекі план-тациясында жұмыс
істеп журген кыздардың, қа-лыңдықтардың
бала көтермей қалу қаупі тағы бар.
Әрине, алкоголизм, есірткі, темекі шегу
жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды.
Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың,
наркотикалық есірткілерді пайдаланудың
салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң
нәрестелер емірге өксіп - жылай келеді.
Ал оны болдырмаудың бірден - бір жолы
— осы айтылған жағымсыз жайларға, бос
уақыттарын міндетті түрде сырахана, ресторан
маңында көзін сүзіп, күнін өткізетін
кәнігі маскүнемдердің бұрынғыдай жұбын
жазбай жүру «дәстүріне» жол бермеу.
Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық
— өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып,
өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың.
Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып,
үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық
жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы
түрімен айналысуға болады ғой. Олардың
қайсысынан болса да жан дүниең ләззат
тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің
бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі
емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз,
темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір
сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас
тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы
ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.
Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ,
маскүнемділік тұқым да қуаламайды. Оған
көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар
ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген
орта себепкер болады. Маскүнемдіктен
сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл
күндері кімді болса да бейғам қалдыра
алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц
артында жеке адам, семья тағдыры тұр.
Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да,
бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды.
Теріс жолға түскен адамға білікті де
дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан
маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды,
өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне,
түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта
білетін шын жанашыр адам керек.
Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып,
шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады,
адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады,
тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты
тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне,
өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім
шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және
апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік
ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан
жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол
ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс
жасауға итермелейді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Өмешұлы Ә. Салауатты өмір – денсаулық
кепілі, Алматы, 1999
2. Малдыбаев Ә. Мұны әркім де білуі тиіс,
Алматы, 1987