Экалогияны сактау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2011 в 15:10, реферат

Описание

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Экологияны сактау.doc

— 141.00 Кб (Скачать документ)

     Қоршаған  ортаны қорғау жөніндегі Вена конгресінің қорытынды құжатында атмосферада, су мен топырақта экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және сақтау, күкірт, азот тотықтарын немесе олардың трансшекаралық ағындарын 30%-ға уақтылы және тиімді азайту атап көрсетілген.  ЕЭК мүшелері мемлекеттері қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды тиімді пайдаланудың аймақтық стратегиясының маңыздылығы туралы баса айтылған. 

     Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық  қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық дағдарыстан шығу жолындағы тынымсыз ізденістер тұрақты даму концепциясына алып келді. Тұрақты дамудың анықтамасы бойынша экология мен экономика әріптес болуы тиіс.

     Тұрақты даму - бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз даму.

      Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық Баяндамасы қабылданған. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:

      - қаржы ресурстары және оларды  пайдалану механизмі;

     - экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;

     - тұрақты дамуды ғылыми және  ақпараттық қамтамасыз ету. 

     Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде  маңызы ерекше.

      Адамзат дамуының жаңа формуласы: жақсы экология — бұл жақсы экономика, ал жақсы экономика — бұл жақсы экологияны қамтамасыз ету мүмкіндігі болып шығады. Бірақ, бәрібір қоғамды тұрақты дамытудың лайықтысы адам болып қала береді. Сонымен тұрақты дамудың бірыңғай құрамдас үш моделі: экологиялық дамудың баланс жасалған жетістіктері, экономикалық өсу және демографияны қоса алғандағы әлеуметтік даму болып есептеледі.

      Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету.

      Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу, т.б.

      Қызметі табиғи ортаға және адамның денсаулығына зиянды әсер етумен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде экологиялық дайындығы міндетті түрде болуы керек.

      Экологиялық білім беру - әртүрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру.

      Білім беру жүйесін экологизациялау - экологиялық ойлардың, ұғымдар, принциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әртүрлі салалардың мамандарын дайындау.

      Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан  басталады.

      Құқықтық  мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым-қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі.

      Судың сарқылуы мәселесін шешу үшін төмендегі  іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

1) суды  тиімді пайдалану технологияларын  қолдану

2) өндірісте  суды бірнеше рет қайталап  пайдалану (тұйық цикл)

3) ауыз  су мақсатында берілген суды  өндірістік процестерде пайдаланбау.  Бұл, әсіресе, жоғары сапалы  жерасты суларына қатысты. 

4) ауыз  суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта  пайдаланатын судан бөлек құбырмен  беру. Суды мөлшерлі түрде беру  және оның ысырап болмауына жол бермеу

5) суға  экономикалық тұрғыдан негізделген  баға қою. Нақты бағалау нәтижесінде  судың ысырап болуын біршама  төмендетуге болады.

      Күн - энергияның іс жүзінде сарқылмайтын көзі. Оны тікелей немесе жанама, яғни фотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады.

      Көбінесе  Күн энергиясын жинау әр түрлі коллекторлардың көмегімен жүргізіледі. Күн энергиясын электр энергиясына айналдыру фотоэлементтердің көмегімен жүзеге асырылады. Күн радиациясына бай елдерде шаруашылықтың жекеленген салаларын толық күн энергиясымен электрификациялау жобалары жасалған. Күн энергиясын  фотосинтез немесе биомасса арқылы алуға болады. Фотосинтез энергиясын алудың ең қарапайым жолы-органикалық затты жағу.

      Ертеден келе жатқан энергия көзі ретінде  желдің ролі ерекше. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданып келді. Бірақ, оны электр энергиясын алуда пайдалану тек соңғы жылдарда ғана қызығушылық туғыза бастады. Жел энергиясын пайдалану жұмыстары Канада, Нидерланды, Дания, Швеция, Германия және т.б. елдерде жүргізілуде.

      Теңіз, мұхит, термалдық сулардың энергетикалық  ресурстарын пайдалану. Теңіздер мен мұхиттардың су массалары энергетикалық ресурстарға бай. Оларға судың толысуы мен қайтуы, теңіз ағыстарының энергиясы, сонымен қатар, әр түрлі тереңдіктер температураларының градиенті жатады.

      Мұхит суларынан энергия өндіру үшін әртүрлі  тереңдіктегі сулардың температура  градиентін пайдалануға болады.

      Термоядролық  энергия. Қазір атом энергетикасында энергия көзі және ыдырау өнімі ретінде радиоактивті элементтер қолданылады.

      Ядролық энергияны басқа әдіспен де өндіруге болады. Ядролық синтез процесінде екі ядроны қосып, бір ауыр ядроны алу кезінде бөлінетін энергияның шығымы өте жоғары.  Мұндай синтездің бастапқы элементі-сутегі, ал соңғы элементі - гелий. Аталған элементтердің екеуі де қоршаған орта үшін зиянды емес және олардың қоршаған ортадағы мөлшерін сарқылмайды деуге болады.

      Адамзат қоғамының энергия өндірудің  дәстүрлі емес көздеріне көшуге мүмкіндігі бар.

      Қазақстан егемендік алған соң көптеген экологиялық проблемалармен бетпе-бет  қалды. Көз алдымызда жоғалып  бара жатқан Арал мәселелері, ядролық  сынақтар шарпыған кең байтақ елді мекендер, мұнай-газ секторындағы және басқа да өндіріс орындарының зиянды қалдықтармен күресу кеңес өкіметінің Қазақстанға мұраға қалдырған еншісінің бірі болды. Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына зиянды мәселелердің басым бөлігі құпия түрде сақталып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі күні Арал, Каспий маңы және еліміздегі сынақ алаңдарының зардаптарын ғаламдық проблемаларға жатқызуға толық қақымыз бар.

     2.2 Экологиялық қауіпсіздік  және экономиканың тұрақты дамуы

 

      Соңғы кездерге дейін экономикалық өсу  мен қоршаған ортаны қорғау басымдылықтары арасында белгілі бір дәрежеде қарама-қайшылықтар болды. Экономикалық өсу табиғатқа зиян келтіруге апарып соқгырады деп саналды. Себебі, мемлекеттік мәселелерді шешуде оның болашақта неге апарып соқтыратынымен санаспай, көзсіз қадамдар жасау өмірде орны толмас трагедиялық жағдайларға кезіктіруде. Бүгінгі күні әлемдік сипат алған Арал өңіріндегі, Семей полигонындағы т.б. экологиялық дағдарыстар осындай біржақты көзқарастың, өткінші табыстарға жету үшін жасалған жұмыстардың салдарлары болып табылады.

      Өткен ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанда экологиялық апатты тудыратын шаралар жүргізіле бастады, Семей полигонындағы жарты ғасырға созылған жарылыстар, Байкоңыр ғарыш айлағынан жыл сайын тобымен ұшырылған түрлі зымырандар, Арал теңізінің тартылуына қолдан жол беріп, құрып кетуге айналуы т.б.

      Бұл экологиялык апаттардың туындауына көріп, біле түра адамдардың өзі жол  бергенін ашық айтуымыз керек. Әлемдегі ірі державалар арасындағы "Кім  күшті?" дегенді сездіруге ұмтылған қоқан-лоққы бәсекелестік, ешбір  зиян-зардаптары ескерілмей техникалық прогрессті осы мақсатқа пайдаланудағы біржақты көзқарас кез болып отырғандай дүниежүзілік апатты жағдайға әкелді. Егін шаруашылығында дақылдың шығымдылығы мен өнімділігін арттыруға озық технология, агротехникалық шараларды сақтау орнына егіс көлемін есепсіз көбейту арқылы жетуге ұмтылды. Соның салдарынан миллиондаған гектар мақта мен күріш егісін ен далаға орналастырып, оған су апару үшін Сырдария мен Амудария өзендері бойына сансыз тоспалар, су қоймаларын салып, каналдар қазды. Осындай халықтың болашығымен санаспай, табиғаттың бермесін тартып алу мақсатында жүргізілген теріс экономикалық саясат әлемдік Арал трагедиясын өмірге әкелді. Космосты игерудегі келешек жер бетіндегі өмірге, әуе кеңістігіне келтірер зиянын жете ойламай, жанталасқан әрекеттердің соңы неге апарып соқтыратынын әзір ешкім болжап білмейді.

      Бір ғана Қызылорда облысындағы Арал өңірінің апатты аймаққа айналуы  ғасырлар бойғы бодандық әсерінен шөлді  мекенге ығыстырылған халқымыздың  өмірге деген сенімін жоғалту  қаупін туғызды. Теңіздің құрғауына байланысты халыктың жанкешті еңбегімен күн көріп отырган жерін сор басып, сортаңды, тұзбен шаңданған құрғақшылыққа айналдырды. Осыған байланысты халық негізгі күнкөрісі - балық аулау, мал өсіру, жер өңдеу мүмкіндігінен айырыла бастады. Су тартылған соң ол өңірде генетикалық және психикалық ауытқулар пайда болып, өз-өзіне қол салып, өмірін өлімге байлайтын адамдар қатары көбейді. Бауыр, асқазан, өкпе ауруларымен ауыратындар саны есепсіз өсіп кетті.

      Семей полигонындағы адам өміріне аса қауіпті жарылыстардың қоршаған ортаға зардаптарын алайық. Бұл аймақтардың адам төзгісіз экологиялық апат өңіріне айналуы одан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау үшін Қазақстан Республикасының арнайы Заңдары қабылданды. Бұл заңдардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жыл сайын мемлекеттік бюджеттен бірнеше миллиардтаған қаржы бөліп отыруға тура келді.

      Жалпы Қазақстан дүниежүзілік бірлестік  Аралға қатысты проблемалар мен  алаңдаушылықтарға түсіністікпен  қарауы керек деп есептейді. Өйткені  тұрақты даму — бұл тек сөздердің жиынтығы емес, ал бүкіл адамзаттың тірі қалу формуласы.

      Біздің  экологиялық дипломатиямыз аймақтық экологиялық жүйені басқаруды реттейтін  екі жакты және көпжакты мемлекеттік  келісімдер жасауға бағытталатын болады. Оған Дунай және Рейн комиссиялары, Үлы көлдер жөніндегі канада-американ комиссиясы мысал бола алады. Бұларда халықаралық алакөздікті және өндіріс пен ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін су бассейндерін пайдалануға байланысты жанжалдарды реттеудің нақты механизмі жасалған.

      Елімізде  экологиялық қауіпсіздікті сақтамау салдарынан бүгінде бүкіл әлемге қауіп төндіріп, адам өмірін қысқартып жатқан аса күрделі мәселені шешуге үкімет тиісті дәрежеде көңіл бөліп отырған жоқ. Арал өңіріндегі экологиялық апат аймағы тұрғындарын әлеуметтік қорғау туралы Заң 1999 жылдан бері қаржының жетімсіздігінен тоқтап тұр. Бүл Заң толық орындалған кезде мемлекет жыл сайын бұған 5 миллиард теңгедей қаржы бөліп, экологиялық апаттың зардабын шегіп отырған Арал өңірі халқының әлеуметтік мәселесін шешуіне көмектесуі тиіс болатын. Қазақстан Республикасы Үкіметі экологиялық қауіпсіздіктің сақталмай, өрескел бұзылуынан келген шығынды өтеу үшін қабылданған Занды қаржының тапшылығынан толық жүзеге асыра алмады. Алғашқы төрт-бес жылда қабылданған Заңның тек жекелеген баптары бойынша ғана жетімсіз қаржы бөліп келді.

      Байқоңыр  ғарыш айлағынан есепсіз ұшырып жатқан зымыран зардаптарын шегіп  жатқан халық әлі күнге мемлекет тарапынан өз мәнінде қамқорлық  көріп отырған жоқ. Қазақстан  үкіметі бұл маңызды мәселелерге  көмек беруге жылда уәде бергенмен орындалмай келеді.

      Жер бетіндегі табиғаттың бірте-бірте  тозып, экологиялық дағдарысқа ұшырауы  адамзаттың қолдан жасаған кесапаты екендігі сөзсіз. Сондықтан бұл апаттың  алдын алып, экологияға ұшыраған аймақтарды шұғыл сауықтыруға үнемі назар аударып, тағдыры тығырыққа тірелген тұрғын халыққа барынша жанашырлықпен қамқорлық жасау мемлекеттік іс. Егер қалыптасқан жағдайды түзеуге осы тұрғыдан қарай бастаса, оң нәтиже беріп, халықтың келешекке сенімі молаятыны, болашаққа деген үміт оты пайда болатынын әлемдік тәжірибелер көрсетуде.

      Кеңестер  Одағы кезінде Қазақстан жерін  аса қауіпті түрлі сынақ алаңдарына айналдырғанын өте құпия ұстады. Олардың келешекке келтірер зиянын халыққа айтпай, жасырды. Сол кезеңде  әскери-өндірістік кешендерге Қазақстанның 20 млн гектар жері пайдаланылған екен. Бұл жерлерді ел игілігіне пайдалануға, барлау жұмыстарын жүргізуге, жерасты байлықтарын игеруге рұқсат етілмеді. Адам айтқысыз зардап шегіп жатқан халыққа, қазақтың айдын шалқар көлді, жер жаннатында таза ауалы ен даласы бірте-бірте тозақты аймаққа айналып жатқан жеріне ешкім жанашырлық көрсеткен жоқ.

      Өкінішке  орай, біздің елімізде осы кезге  дейін экологиялық жағдайды сауықтыруға  өз дәрежесінде мән берілмей, аса  маңызды мәселені онды шешу көбінесе кейінге қалдырылып келді.

      Республикамыздың  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен  айтқанда: "Проблеманың мәні мынада болатын: жер мен табиғи ресурстарға  бақылаусыз қожалық еткен ведомстволар, сонымен қатар экологиялық тұрғыдан таза өндірістерге мүдделі болған жоқ  және сөзсіз қасіреттер үшін нақты жауапкершілік арқалаған емес. "Ешкімнің де меншігінде болмаудың" осынау өлшемі өткен тарих естіп білмеген ғаламдық апаттарға киліктірді. Экологиялық сауатсыздық қоғам мен табиғаттың тайталасына әкеліп тіреді. Қазақстан бұл ретте аса қиын жағдайда болды"/19/.

Информация о работе Экалогияны сактау