Экология туралы жалпы түсінік. Экологияның бөлімдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:07, реферат

Описание

Бұл жұмысымның негізгі мақсаты экологияға жалпы түсінік бере отырып, экологияның негізгі бөлімдеріне айырықша тоқталу. Негізінен адамзат баласы үшін бұл жас ғылымның, яғни экологияның маңызы өте зор, әсіресе қазіргі өмір сүріп жатқан ортамызға. Себебі, экология тек тірі ағзаларды ғана оқытпайды, оның қамту аймағы кең.Экология - жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Содержание

1. Экология туралы жалпы түсінік
2. Экологияның негізгі бөлімдері
а) Аутэкология
ғ) Демэкология
б) Синэкология
3. Экологиялық бөлімдердің атқаратын қызметі
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

экология.doc

— 106.00 Кб (Скачать документ)

Әр түрге тірі қалудың қисық сызығы сипаты тән, оның формасы жартылай жыныстық пісіп – жетілмеген дарақтардың өліміне байланысты.

Тірі қалудың қисық сызығына шамалы түр ішіндегі айырмашылықтар бар. Олар түрлі әсерлермен себептелген және көбіне жынысқа байланысты болуы мумкін. Мысалы, адамдарда әйелдер ерлерге қарағанда біршама ұзақ өмір сүреді, әйтсе де мұның нақты себептері әлі белгісіз.

Популяциялар  көлемінің ауытқуы таза кездейсоқ сипатта болады деп кутуге болса да, ақиқатында популяция көлемін кейбір шектеулерде ұстайтын бірқатар факторлар бар. Бұлар өлім – жітімнің көбеюіне немесе ұрықтанудың кемуіне ықпал ету арқылы санды азайтатын факторлар. Олар популяцияның тығыздығы артқанда аса күшті әрекет етеді, яғни бұл тығыздыққа байланысты болатын факторлар.

Популяция санының  ауытқуының негізгі 2 типі белгілі.

    1. Өрт, су тасқыны, дауыл, қуаңшылық, қоршаған ортаның периодтық бұзылулары апаттық сипаттағы өлімге әкеліп соғады. Бұл популяция санының азаюы болып табылады.
    2. Өсімдіктер мен жәндіктер популяцияларының саны әдетте көктем мен жазда тез өседі. Ауа райы салқындаған кезде күрт төмендейді.

Популяцияның ең маңызды қасиеті – тығыздығы. Популяция тығыздығының тәуелділігі 3 типке бөлінеді:      

    1. Популяцияның өсу жылдамдығы тығыздық артқан сайын кемиді.
    2. Популяцияның өсуі, өсу көрсеткіші орташа есеппен ең жоғарғы шамасына жетеді. Осылайша ұядағы балапандар саны популяцияның тығыздығы артқан сайын өседі, ең биік деңгейге жеткеннен кейін қайта кеми бастайды.
    3. Популяциялық тығыздық ең жоғарғы дәрежеге жеткенше сақталады. Одан кейін күрт төмендейді.

Популяцияны нақтылы  кеңістікте алып жатқан және биотикалық қауымдастықтың бір бөлігі ретінде атқарылушы бір түрге жататын организмдер тобы ретінде анықталады.

Экологияның айрықша міндеті – тірі табиғатты экологиялық жүйелер деңгейінде зерттеу. Осыған cәйкес, экологияның негізгі және басты бөлігі болып синэкология, яғни бір – бірімен және органикалық емес тіршілік ортасымен тығыз қарым – қатынастағы өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің қауымдастықтары туралы ілім. Синэкология гректің сөзінен шыққан. Яғни «бірге» деген ұғымды білдіреді. Синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгрессте бөлініп шықты. Синэкологияны ғылымға енгізген швейцар ботанигі Шретер. Әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен – бірлестіктер немесе биоценоздар түзіледі.

Биоценоз грекше  «өмір, жалпы ортақ» деген мағына береді. Биоценоз – қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорга-низмдер популяцияларының жиынтығы. «Биоценоз» ұғымын 1817 жылы неміс зоологы Лебирус ұсынды. Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тғуелсіз, не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өза-ра әсерлері қалыптасқан, тірі және өлі компоненттерінің жиынтығынан тұратын белгілі бір компоненттер түзіледі. Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен қоныстандырылған кеңістік – биотоп деп аталады. Биотоп грекше «орын» деген ұғымды білдіреді. Егер биотопты биоценоз өмір сүретін орын ретінде сипаттасақ, онда биоценозды белгілі бір нақ-ты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан ағзалар комплексі деп қарастыруға болады. Биоценоз компоненттері мен олардың абиотикалық қоршауының тығыз қауышып кеткені соншалық, олар біртұтас бірлестік құрайды. Бұл бірлестікті 1935ж  А.Г.Тенсли «экожүйе» терминімен белгілеуді ұсынған.         Экологияның cәйкес бөлімі қазіргі кезде экожүйелер туралы ілім деп аталады. Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе – боигеоценозды түзеді.  Отандық және неміс тіліндегі әдебиеттерде В.Н.Сукачев енгізген биогеоценоз ұғымы көбірек таралған.  Биогеоценоз – жер бетінің белгілі бір танабына қатысты қарастырылған биоценоз бен биотоптың біртұтастығы экожүйе болса одан біршама ауқымдырақ ұғым.  А.Н.Сукачев 1940 жылы биогеоценоз ұғымын енгізді. Ол биогеоценоз ұғымына мынындай анықтама берген: «жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да та-биғат құбылыстарымен, ішкі қарама – қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болған жиынтық».

Биоценоздарды, яғни биогеоценоздарды зерттеу бірнеше аспектілерден құралады:

1)Құрылымдық  – түрлердің доминанттығы, түр  әр

алуандылығы, түрлік қаныққандық, бейімделгіштік типтер-інің арақатынасы және басқалары.

2)Хорологиялық – ценоздардың кеңістіктік таралуы және ортаның жалпы климаттық, эоналдық – белдеулік, ландшафтық және аймақтық ерекшеліктеріне байланысты құрылымы.

3)Сукцессиялық  – динамикалық – ценоздардың  өз іші-ндегі қарым – қатынастарының  нғтижесінде, сондай-ақ, ор-таның антропогендік қысым әсерінен өзгеруіне байланысты пайда болатын циклды және бастапқы қалпына оралмайтын процестер.

4)Функционалдық  – ценотикалық – трофикалық, сим-биоздық, антибиоздық, бғсекелестік  және басқа қатынас-тар, орта  қалыптастыру қызметі.

5)Энергетикалық  – трофикалық деңгейлер, энергия  ағыны, биологиялық өнімділікті  қалыптастыру.

6)Биохимиялық  – биогеоценоздағы заттар айналымының  механизмдері.

Биогеоценоз үнемі қозғалыста, дамуда, диалектикалық бірлестікте болатын өзіндік ерекшелігі бар жиынтық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Бастауыш сыныпта экологиялық  білім мен тәрбие  берудің аса  маңыздылығы бұл қоғамдық талаптардан  туындап отырған мәселе. Өзге емес, дәл қазіргі жағдайда еліміз экологиялық  аса қауіпті аймақтарымен әлем назарына ілігіп отыр.  Осы тұрғыда еліміздің кез-келген азаматы экологиялық жоғары сауатты болуы өте қажетті талаптардың бірі. Сондықтан шығарылған заңдар мен тұжырымдамаларға сәйкес экологиялық білімнің  ғылыми негізі қазіргі таңда жасалынып та болды. Осыған орай еліміздің білім беретін бүкіл мектептерінде экологиялық тәрбие мен білімді бастауыш сыныптан бастау өте қажет. Себебі, бастауыш сыныптағы оқушылар білімге деген құштарлығымен бірге осы экологиялық оқу тәрбие барысында қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйспеншіліктері мен білімдерін қатар қалыптастыра алады. Мектеп тәрбиесінің ерекшелегі табиғатты сүйіп қана қоймай, оны қорғауға баулу. Табиғатты қорғау қарапайым істерден басталады. Расында да, біз бабамыздан ел, анамыздан ер, бүкіл халқымыздан туған жерді, оның асыл қазынасын қызғыштай қорып, молайта отырып, үнемдеп пайдалануды үйренгенбіз. Табиғат сандаған ұрпақ игілігі. Табиғаттың бізге берері де өте шексіз. Сондықтан да, оны қорғап, молайта отыра пайдалануға күш жұмсау - әр парасатты адамның парызы. Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана! Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Сонымен қатар экологиялық ғылыми сананы, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.   «Жалпы экологияның қысқаша курсы» А.К.Бродский Алматы 1997жыл.

2.  «Экология» Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева       Алматы  Экология  2002 ж.

3.  «Экология негіздері» З.М.Молдахметов, А.М.Ғазалиев,

С.Д. Фазылов. Алматы  2002 ж.

 

4. Ғаламтор желілерінің  мәліметтері

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Экология туралы жалпы түсінік. Экологияның бөлімдері