Экология ғылымының даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 11:08, реферат

Описание

Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.

Содержание

I Кіріспе
II Экология ғылымының даму кезеңдері:
• Бірінші кезең
• Екінші кезең
• Үшінші кезең
• Экология ғылымының қазіргі жаңа бағыттары
III Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

экология ғылымының даму кезеңдері.docx

— 24.28 Кб (Скачать документ)

 

ЖОСПАР:

I     Кіріспе

II   Экология ғылымының даму кезеңдері:

  • Бірінші кезең
  • Екінші кезең
  • Үшінші кезең
  • Экология ғылымының қазіргі жаңа бағыттары

III Қорытынды

          Пайдаланған әдебиет

 

Кіріспе

Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен  қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.

 Экологиялық зерттеу  обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және  олардың кеңістіктегі динамикалық  өзгерістері жатады.

 Экология ғылымының  мақсаты – биосфера шегінде  әлемдік жағдайларды бақылай  отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын  сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы  қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды  нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

 Экология ғылымының  негізгі міндеті - популяция, биоценоз  және экожүйені динамикалық зерттеу,  экологиялық үрдістердің заңдылықтарын  ашу, индустриализация және урбанизация  жағдайындағы ғаламшар проблемаларын  зерттеу. 

 Экология биологияның  саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында  пайда болғанмен, жеке ғылым  ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ  ғ. басында қалыптасты.

 Жаратылыс туралы көптеген  мәліметтер антика дәуірінің  ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың,  Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі.  Мысалы, Аристотель «Жануарлар тарихы»  деп аталатын еңбегінде өзі  білетін 500-ден астам жануарларды  зерттеп, мінез-құлығына талдау  жасайды. 

 Аристотель шәкірті  Т.Эрезийский қазіргі Жерорта  теңізінің жағалауындағы өсімдіктерге  топырақтың және ауа райының  әсерін баяндады.

XV ғ. аяғы мен XVI ғ.  басы Ұлы географиялық ашылулар  дәуірі деп аталады. 1492 ж. итальян  теңіз жүзушісі Христофор Колумб  Американы ашты. 1498 ж. португалдық  Васко до Гамма Африканы айналып,  теңіз жолымен Индияға жетті.  Ал 1519-1521 жж. Фернан Магеллан бастаған  испандықтар тұңғыш рет жер  шарын айналып шықты. Бұл саяхаттар  жер туралы білімнің кеңеюіне  септігін тигізді.

XVІІІ ғ. соңы мен  XІX ғ. басында қоршаған ортаны  зерттеушілер саны арта түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталық және  Оңтүстік Америкада жүргізген  көптеген зерттеулері негізінде  «Өсімдіктер географиясы туралы  ойлар» еңбегін жарыққа шығарды.  Онда ғалым өсімдіктердің өсуі  мен өркен жаюы ауа-райы жағдайына,  температураға байланысты екенін  ашып көрсетті.

 Бертін келе бұл  ойлар орыс ғалымы К.Ф.Рульенің, Н.А.Северцевтің, А.Н.Бекетовтың еңбектерінде  тереңдетіле түсті. Экологиялық  ғылымның одан әрі дамуына  Ч.Дарвин, В.В.Докучаев, В.И.Вернадский, В.Н.Сукачев, Н.Ф.Реймерстің үлесі  жоғары болды. 

 Экология ғылымының  даму кезеңдері:

 І кезеңде (1707–1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары  қалыптасты;

 ІІ кезеңде (1924–1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым  деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу  салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре  түсті;

 ІІІ кезеңде (1980–2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді  зерттейтін деңгейіне жетті. 

 Экологияның дербес  ғылым болып қалыптасуы 19 ғ. 2-ші  жартысына сәйкес келеді.

 «Экология» гректің  oicos - үй және logos – ғылым сөзінен  шыққан, яғни дәлме-дәл мағынасы  экология – «өз үйіңдегі ағзалар»  туралы ғылым. 

 «Экономика» сөзі де (гректің oiconomike) oicos түбірінен шыққан, яғни үй шаруасын жүргізу. Бұл  екі пән өте тығыз байланысты, бірақ соңғы кезде бұл көзқарас  мағынасын жойған.

 Экологияның зерттеу  әдістері:

1. Негізгі теоретикалық  әдістерге сипаттама, жүйелік  анализ, моделдеу жатады.

2. Негізгі эмпирикалық  әдістерге бақылау, салыстырмалы  талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.

 Қазіргі заманда экологияда  математикалық әдістер, ақпарат  теориясы мен кибернетика әдістері  қолданылады. Кең қолданылатын  ЭВМ көмегімен іске асырылатын  модельдеу әдісі. Мониторинг ұғымы  20 ж. пайда болды, ғылымға 70 ж. енгізілді. Мониторинг –  қоршаған орта жағдайларына бақылау  жасау, ол 3 іс-әрекет жиынтығынан  тұрады:

1. Бақылау - қоршаған орта  жағдайларына систематикалық бақылау;

2. Болжау - табиғат және  антропогендік факторлар әсерінен  қоршаған ортаның өзгеру күйін  болжау;

3. Басқару – қоршаған  орта жағдайларын реттеу іс-шаралары.

 

 

 

 

Бірінші кезең:

Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге  сипаттама беру арқылы жинақтала  бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымдар мен тұжырымдар кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде  жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың "құндыз — суда, құлан — қырда" деген мәтелі әрбір жануардың  тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал "Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек" деген  мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.

Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық  көзқарастар, негізінен, ботаника және зоология ғылымдарының жетістіктерінің  нәтижесінде калыптасты.

Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.

Орта ғасырлардағы өндіріс  деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы  биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865—925 жж.), Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980—1037 жж.) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің  арқасында алғаш рет тірі организмдер  мен орта жағдайларының өзара  қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.

Қайта өрлеу дәуірінде  табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық  арта түсті. Ботаника және зоология, т.б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады.

Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың  өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд  ғалымы Антони ван Левенгуктің (1632—1723 жж.) микроскопты жасап шығаруы  арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды. Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628—1705 жж.) "Өсімдіктер тарихы" деген  еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік  түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен  қатар ол биология ғылымына алғаш  рет "түр" деген ұғымды енгізді. Көрнекті швед ғалымы Карл Линней (1707—1778 жж.) өз еңбектерінде тірі организмдердің тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл атқаратындығын атап көрсетті. Француз ғалымы Жорж Бюффон (1707—1788 жж.) организмдер мен қоршаған орта жағдайларының арасында өзара тығыз  байланыс болатынын ерекше атап жазды. Швейцариялық ғалым Абраам Трамбле (1710—1784 жж.) су жануарларының тіршілігі  үшін температураның әсері, қоректік заттардың  болуы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы пікірлер айтты. Ағылшын ғалымы Эразм Дарвин (1731—1802 жж.) "Табиғат  ордасы" және т.б. еңбектерінде организмдер  арасындағы өзара тығыз байланыстар  болатынын поэмалық толғау ретінде  жазды. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744—1829 жж.) орта жағдайларының  өсімдіктер мен жануарлардың тарихи дамуындағы рөліне ерекше назар аударды.

Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П.С.Паллас (1741—181 Іжж.), И.И. Лепехин (1740—1802 жж.), И.Г.Гмелин (1709—1755 жж.), С.П. Крашенинников (1711—1755 ЖЖ<) және т.б. үлкен үлес қосты.

Көрнекті неміс ғалымы Александр Гумбольдт (1769—1859 жж.) дүние  жүзінің көптеген аймақтарына жасаған  саяхаттарында жинаган материалдарының  негізінде "Өсімдіктер географиясы  туралы идеялар" деген еңбек жазды. Ғалым бұл еңбегінде табиғаттағы  барлық организмдердің біртұтастығын  және олардың орта жағдайлармен тығыз  байланыстылығын ғылыми тұрғыда  нақты атап көрсетті.

XVII—XVIII ғасырларда жарық  көрген биологиялық еңбектерде  нақты ғылыми экологиялық мәліметтердің  үлесі мол болды. Көптеген саяхатшылардың  еңбектерінде экологиялық бағыттағы  зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді.  Тіпті кейбір ғалымдар (Ж.Ламарк, Т.Мальтус және т.б.) алғаш рет  адамның табиғатқа әсер етуінен  болатын жағымсыз жағдайлардан  сақтану кажеттігін де ерекше  ескертті.

 

Екінші кезең:

  Дарвин Чарлз Роберт

 В.И.Вернадский

 Геккель Эрнст

 В. В. Докучаев

 Карл Францевич Рулье

Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары  К.Ф.Рулье (1814—1858 жж.), Н.А.Северцов (1827—1885 жж.) және В.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық  ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.

К.Ф.Рулье органикалық  дүниенің дамуы үнемі өзгеріп  тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды  жасады. Сонымен катар ол жануарлар  экологиясы ғылымының негізін салды.

Н.А.Северцов 1855жылы "Воронеж  губерниясындағы аңдардың, құстардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" деген еңбегін жариялады. Бұл  еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы  жан-жақты жүргізілген теңдесі  жоқ экологиялық зерттеу деп  бағаланды.

Топырақтану ғылымының негізін  салған В.В.Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының  дамуына зор ықпал етті. Ғалым  өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақ  арасында болатын өзара қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады.

Экология ғылымының дамуына  үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809—1882 жж.) болды. Оның "тіршілік үшін күрес" және "табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары  тікелей тірі организмдердің өзара  және олардың орта жағдайларымен  байланыстарына негізделді.

Неміс ғалымы Эрнст Геккель  алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э.Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым  деп өте орынды аталады.

XX ғасырдың 30—40-жылдарында  табиғат жүйелерінде болатын  өзара байланыстарды зерттеу  жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын  ғалымы Артур Тенсли (1871—1955 жж.) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымы  В.Н.Сукачев (1880—1967 жж.) 1940 жылы "биогеоценоз"  туралы ұғымдарға ғылыми нақты  түсініктемелер берді.

Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары  мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі  экология ғылымының ғылыми теориялық  негізі болып есептелінеді.

 

Үшінші кезең:

 

Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа  дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде  экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану  және қоғамтану ғылымдарының басын  қосып отырған кешенді ғылымға  айналды.

 

 

Экология ғылымының  қазіргі жаңа бағыттары

 

Қазіргі жалпы экология ғылымы организмдерді тіршілік деңгейлеріне сәйкес жеке салаларға бөліп зерттеуге  ерекше мән береді. Мысалы, жеке дараларды  — аутэкология, популяцияларды —  демэкология, табиғи бірлестіктерді —  синэкология, ал биосфераны — ғаламдық экология ғылымдары зерттейді. Экология ғылымының бұл салалары мен негізгі  бағыттары бір-бірімен өзара тығыз  байланысты. Мұның бәрі де жалпы  экология ғылымына берілетін анықтамалардың мәнін аша түсуде әрі өз зерттеулері  арқылы оның дамуына зор үлестерін  қосуда.

Қазіргі жалпы экология ғылымының  зерттеу бағыттары, негізінен, биоэкологияның іргелі заңдылықтарына сүйенеді.

1. Биоэкология ғылымы  тірі организмдердің жекеленген  ірі жүйелік топтары — микроорганизмдерді, саңырауқұлақтардың өсімдіктерді  және жануарларды зерттеуге басты  назар аударады.

2. Биоэкология жеке табиғи  белдемдер экожүйелеріндегі организмдер  мен орта жағдайларының өзара  байланыстарын зерттеуге байланысты  арктика және тундра экологиясы, орман экологиясы, дала экологиясы, шөл экологиясы, тay экологиясы және  т.б. да көптеген салаларға  бөлінеді.

3. "Адам және табиғат"  жүйесі бойынша табиғат пен  қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастарға  байланысты экологиялық зерттеулер  көптеген бағыттар мен салаларға  бөлінеді. Мысалы, тарихи экология, адам экологиясы, қала экологиясы, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы  экологиясы және т.б.

Қорыта айтқанда, казіргі  экология ғылымы жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың барлық салаларымен  тығыз байланысқан кешенді ғылым. Сонымен бірге қазіргі кезде  бүкіл дүние жүзі ғалымдары экологиялық  зерттеулерге ерекше мән береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Жер (немесе топырақ) — жердің сыртқы қабаты. Жер қабығы - жердің ең тысқы жіңішке қатты қабаты. Жердің 1%-дан кем көлемін құрайды. Қалыңдығы  мұхиттердің астында 5 км-ден бастап, тау тізбектерінің астында 60 км-ге жетеді. Жер-іспетті планеталардың  беті көбінесе қатты, астындағы жатқан тығыздығы жоғары тау жыныстарына  дейін құрамы әртүрлі боп келеді деп, қабық боп саналады.

Информация о работе Экология ғылымының даму кезеңдері