Экология ғылымының даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 19:58, реферат

Описание

Ұлтымыз баяғы замандардан бері өзі өмір сүрген ортасымен жарасымды қатынаста болып келген. Ол әсте кейбір халықтар сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуге құштарланбаған, қайта табиғатқа бейімделіп, онымен балық пен судай етене қатынас орнатуды өзіне мақсат тұтқан. Тұтас тұрмыс-тіршілігінде айналасындағы заттар мен тіршілік дүниесіне озбырлана, обырлана қатынас жасамай, өзін тежеп, барға қанағат ете білген.

Работа состоит из  1 файл

Табиғат.docx

— 25.22 Кб (Скачать документ)

Ұлтымыз баяғы замандардан бері өзі өмір сүрген ортасымен жарасымды қатынаста болып келген. Ол әсте кейбір халықтар сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуге құштарланбаған, қайта табиғатқа бейімделіп, онымен балық пен судай етене қатынас орнатуды өзіне мақсат тұтқан. Тұтас тұрмыс-тіршілігінде айналасындағы заттар мен тіршілік дүниесіне озбырлана, обырлана қатынас жасамай, өзін тежеп, барға қанағат ете білген. Қазіргі өркениетті қоғамымызда үнемі дәріптеліп жүрген экологиялық сананы ــ ұлтымыз Қазақ аталудан бұрын қалыптастырып болған. 
 
Халқымыз қашанда ізгілік пен инабаттылықты бар байлықтан жоғары ұстап, теңдік пен әділдікті, аяушылық пен түсіністікті ту етіп көтеріп, оны өзінен басқа жан иесімен қатынас жасаудың өлшемі санаған. Не істесе де табиғатпен жарасымды тіл табыса білген. Ол жаратылыста тектен-тегін барлыққа келген нәрсе жоқ деп, қыл қысқасы, үйіне кірген жыланды да өлтірмей, оған еш зәбір тигізбей, басына ақ тамызып шығарып салатын болған. Отырған ауласына қарлығаш ұя салса «Отбасына құт әкеледі»-деп оның ұясын бұздырмаған, сүйтіп, адамдарды тіршілік атаулыны аялауға, оған қамқор болып, ұлы табиғатты ардақтауға баулыған. Қазіргі «Жаратылысты, экологиялық ортаны қорғайық» деген ғаламдық ұлы ұранға сәйкесетін осыдан артық ізгі дәстүр, асыл қасиет, экологиялық сана болмаса керек! 
 
Қарлығаштың ұясына қатысты ел аузында: «Циң үкіметінің темір ноқтасынан қорықпаған Қара Оспан қарлығаштың киесінен қорқыпты» деген сөз бар. Бұл жағдай осыдан жүз жыл ілгері Тарбағатай мен Қобда Алтай өңірін алма-кезек басқарып тұрған кезде Циң үкіметінің уәкілі Мәтен амбы Тарбағатайдағы билік жүргізіп тұрған орынына Алтай Қазақтарынан жамбыл (биік қорған) салдыруға бес жүз адамдық екбеккүш салығын түсіріпті. Мұны естіген сол кездегі Алтай өңірін билеген төрт бидің бірі Бейсенбі бидің ұлы Қара Оспан еңбеккүш салығын беруге қарсы тұрып, жау қолына кепілге өзі барып, онда ит көрмеген қорлықты көріп жүріп ақыры азаматтарын ауыр еңбектен арашалап, малдан төлем бергізіп құтылыпты. Кейін Алтай өңірі орталық үкіметке төте қарайтын ерекше район болып патша уәкілі Ци Хың чыңшай Сарсүмбеде (қазіргі Алтай қаласы) билер кеңесін ашыпты. Кеңеске шақырылған билердің бірі Қара Оспан біріңғай көк борлатпен қапталған киіз үйлерін әкеліп тіктіріпті. Кеңес аяқтағанша Қара Оспан жатқан үйдің шаңырағына қарылғаш келіп ұя салыпты. Мұны көрген Қара Оспан «Киелі құс, обал болады» деп кеңес аяқтаған соң да қарлығаштың ұясын бұздырмай балапандарын ұшырған соң бірақ көшіпті. Жоғарыдағы сөз осы тарихи дерекке байланысты айтылып елге таралыпты. 
 
Ұлттық дәстүрімізде табиғатты аялап, оны көз қарашығындай қорғау, жастарды жаратылыстың заңдылығына сәйкесуге, табиғи байлықты үйлесімді пайдалануға дағдыландыру ــ ежелден жазылмаған қатаң қағидаға айналған. Айталық, халқымыздың сан ғасырлық сараптаудан өтіп бүгінге жеткен: «Су ішкен құдығыңа түкірме, бұлақтың көзін бітеме, су бойына дәретке отырма, малды теппе, басқа ұрма; құмырысқаның илеуін, құстың ұясын бұзба; көк шөпті жұлма, жалғыз ағашты кеспе, ішті аңды атпа, жан иесін жәбірлеме, отпен ойнама, жолға күл төкпе, түнде күл-қоқыс шығарма т.б» толып жатқан тиым тағылымдарының өзі өз ұлтымызға ғана тән ұлттық ерекшелігімізді, өзге ұлтта жоқ асыл дәстүрімізді, өскелең экологиялық санамызды айғақтайтыны айдан анық. Біздің жоғарыдағыдай тиым сөздеріміздің арғы төркінінде адамдарды қоршаған ортаға, табиғатқа, тіршілікке жанашырлықпен қарауға баулитын өскелең адамдық қасиет, терең тағылымды тәрбиелік мән қамтылып жатыр. 
 
Бала кезімде шешемнің: «Балам жанды нәрсеге тиіспе, киесі атады, егер сен торғайды өлтірсең ол «Торғай деген атым бар, бір жапырақ етім бар, әкең тауға кеткенде, шешең өліп жетім қал» деп сені қарғайды, құстың ұясын бұзсаң үйіміздің төбесі құлап астында қаламыз, жұмыртқасын шақсаң бетіңе секпіл түсіп, шұп-шұбар болып қаласың, күшікті, не мысықты өлтірсең қарғысы қатты болады, айықпас пәлеге жолығасың, сондықтан ырақымсыздық пен жауыздыққа тән істерді істеуші болма» -, деп үнемі жан иесіне қарата аяушылық сезімімді қозғап ақыл-кеңес айтып отыратыны әлі есімде. Әне сол тағылымды тәрбиенің әсерінен болса керек, күні бүгінге дейін шешем сақтандырған істерді істеп көрген емеспін. 
 
Бұл күндері уақыт озған сайын адам мен табиғаттың қарым-қатынасы барған сайын күрделілесіп, адам баласының қоршаған ортаға жауапкершіліксіз қарауы, жаратылыстық байлықты ашкөздене ашып пайдалануы қыруар экологиялық мәселенің туындауына мұрындық болуда. Адам баласы мейлі қай кезде болсын, табиғаттан тысқары өмір сүре алмайтынын, табиғаттың заңдылығына сәйкесіп, оны дұрыс пайдаланбай тежемсіз ойрандаса әр кез жаратылыстың өзінен өш алатындығын ертерек түсінуі қажет. Табиғатта жүз беріп жатқан түрлі жаратылыстық апаттар күллі адам баласына «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара сәйкесіп», табиғатты көз қарашығындай аялап-қорғауының қажеттылыгын ұғындыруда. Сондықтан бүгінгі адамдардың ой дүниесінде қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын саналы түрде үйлесімді теңшеп пайдаланатын экологиялық өркениет ұғымы қалыптасуы қажет. 
 
Экологиялық өркениет ұғымы ــ адам мен табиғат, адам мен адам, адам мен қоғам арасындағы шын мәніндегі жарасымдылықты жүзеге асыру негізінде адамның экологиялық ортаға залал жеткізбеу шарты астындағы тұтыну көзқарасын меңзейді. Сондықтан адамдар тұтас тіршілік қимылы барысында байлығы үнемделетін, ортасы жарасымды қоғам құруды, яғни қоршаған ортаны да саналы қорғауды, адамзат қоғамын да орнықты дамытуды өздеріне ортақ мақсат етуі қажет. 
 
Қазіргі туындап отырған жер шарындық сипат алған орта мәселелері халық санының қалыптан тыс артуы салдарынан, экологиялық ортаның зор дәрежеде ойрандалуы, организм түрлерінің тез қарқынмен жойылуы, қоршаған ортаның, атмосфераның ауыр деңгейде былғануы сияқты жақтардан көрнектіленуде. Мұнда халық санының қалыптан тыс артуында ــ Адам баласы сан миллион жылды басынан кешіріп, жаңа ераның 1850-жылдарына келгенде бір миллиярдқа жеткен болса, небәрі 160 жылда 7 миллиярдқа бірақ секірді. Ортаның ойрандалуында ــ Жер шарындағы орман-тоғай көлемі 1862-жылы шамамен 5 миллиярд 500 миллион гектар болған болса, өткен ғасырдың 80-жылдарына келгенде небары 2 миллиярд 600 миллион гектарға түсті. Түрлердің азаюында ــ Соңғы тексерулерге қарағанда, жер шарындағы теңіз организмдерінің 52 пайызы, қос мекенділердің 75 пайызы, бауырымен жорғалаушылардың 81 пайызы жер бетінен мүлдемге жойылып кеткендігі анықталды. Ортаның ауыр дәрежеде былғануында ــ Ғалымдар антарктидадағы ақ аю, балпанақ, түлен сияқты хайуанаттарға тексеру жүргізіп, олардың денесінен құрлықта істетіліп жүрген химиялық егіс дәрілерінің құрамын байқады. Сонымен бірге, атмосфераға таралған түрлі залалды газдар құрамының қалыптан тыс молаюына байланысты, қазір жер шарында климаттың шамадан тыс жылынуға бет алуы, күллі тіршілікті күн нұрының зиянды сәулесінен қорғап тұратын озон қабатының тесілуі, қышқыл жаңбырдың жаууы сияқты ықпалы жұмыр жердің тағдырына саятын қоламталы мәселелер барлыққа келді. Міне бұлардан адамзат қимылының тұтас жер шары сипатындық ластануды тудырғандығын аңғаруға әбден болады. Бүгінгі күнделікті тұрмыста судың былғануы, жердің құмайттануы қатарлылардың барлығы әне сол адамзат қимылы тудырған жасанды экологиялық апаттардың әсерінен болып отыр. Мұндай апаттардың көптеп туындауы кезінде Енгелстің: «Біз жаратылысты жеңгендігімізге тым масаттанып кетпеуіміз керек. Әр реткі осындай жеңісіміз үшін жаратылыстық дүние бізден өш алады» деп айтқан даналығын еске түсіреді. Осыдан 40 жылдың алдында, яғни 1972-жылы бірлескен мемлекеттер ұйымы жағынан күллі адамзатқа «Адамзатта тек бір ғана жер шары бар!» деп қоршаған ортаны қорғау жөнінде асқақ ұран шақырылғанымен, өкінерлігі, осы қасиетты ұран адамдар санасына әлі толық ұялай қоймады.  
 
Мынау ғаламшарда адамзат табиғат дүниесінің бір бөлшегі болғандықтан, өзін табиғаттың қожасы деп санамай, табиғатты көз қарашығындай айалап, жан-жануарлармен тіршілік әлемін қорғап, жаратылыстық байлықтан үйлесімді игіліктеніп, экологиялық тепе-теңдікті сақтауы керек. Адамдардың осылай істеуі айналып келгенде, адамзаттың өзін-өзі қорғағандығы болып табылады. Бүгінгі дәріптеліп отырған жарасымды қоғам құру идеясы адам мен табиғаттың жарасымдылығы арқылы ғана біртіндеп жүзеге асады. 
 
Қазіргі таңда тұтас еліміз жөнінен айтқанда экологиялық ортаны қорғау үндеуі үнемі дәріптелгенімен адамдардың қоршаған ортаны қорғау санасы әлі толық қалыптаспады. Азаматтарымыз табиғатқа құрмет етуді, аялауды енді ғана біртіндеп үйреніп келеді. Біз табиғатты қорғап, оны өз заңдылығына сәйкесіп үйлесімді игіліктену ниетінде болмай, қайта оны бағындырып, өзгертіп өз қажетымызге сай пайдалануға дағдыланған дәстүрлі тежемсіз санадан әлі толық арыла алмай келеміз. Бізде табиғатты қорғау негізінде айтылатын бос сөз бен ұран көп, бірақ шынайы ниет пен тындырған іс аз. Егерде үнемі қадағалап тектеп-тежеуді күшейтпесе, үкіметпен халықтың көзін күлегейлеп кен ашып, құрылыс салатын, жарақсыз қалдықтарды үйлесімді бір жәйлі етпей экологиялық ортаны қасақана ластайтын жағдайлар әлі де ауыр өмір сүруде. 
 
Елімізде ұзын уақыт экономиканың арту көрсеткішіне ғана сыңар жақтылықпен бой ұрып келгендігіміз себепті қоршаған ортаның қалыптан тыс ойрандалып тұтас тұлғалық жақтан шегініс жасауға бет алуы салдарынан түрлі жаратылыстық апаттар жүз беріп одан қорғану қуатымыз жыл өткен сайын әлсіреуде. Бұл жәйт адамдардың алаңсыз тіршілік етуіне, халық бұқарасының күн сайын артып отырған материалдық тұрмыс қажетын қанағаттандыруына, тіпті де көп заттық байлыққа ие болуына, сонымен бірге тұнық су, залалсыз азық-түлік, таза ауа, жасыл кеңістік, жанға жәйлі көңілді орта сияқтылардан ойдағыдай игіліктенуіне кері жақтан әсерін тигізіп, тұтас экономиканың, қоғамның үртіс, орнықты, ақаусыз дамуына оралғы болуда. Сондықтан біз мемлекетке, дүниеге, келешек ұрпаққа өскелең жауапкерлік рухта болып, байлығы үнемделетін, ортасы қорғалатын қоғам құруды дәріптеп, экономиканың, қоғамның жаппай сәикесті, әрі жақсы, әрі тез дамуын ілгерілету жолында шынайы құлшыныс жасауымыз қажет. 
 
Күллі адам баласында тіршілік ететін жершары тек біреу ғана, онда жүз беретін кесірлі кесепат та, жанға жәйлі жарасымдылық та үлкен жақтан адамдарға ортақ әсер етеді, сондықтан адамдарда «Табиғат ــ ананы бірлікте аялап, қорғайық»-деген ортақ ұран, өскелең экологиялық сана қалыптасуға тиіс. Себебі, жер бетінде адамдар құрлыққа, шекара белгілеп мемлекет пен районға бөлінгенімен, жершары биосферасы, яғни тіршілік қабаты бөлуге келмейтін біртұтас тұлға. Қазіргі адамзат балалары мейлі қай құрлық, қай өңірде тұрғанына қарамастан бүгінгі өз тағдырын ойлаумен бірге келешек ұрпақтың тағдырын, көрші елдермен райондардың тағдырын да өз тағдырындай ойластыруы қажет. Тек күллі адам баласының ортақ атсалысуы арқылы ғана тұтас жұмыр жердің экологиялық тепе-теңдігін ұзақ уақыт сақтап тұруға, адам баласының тіршілік қимылын жалғасты ойдағыдай қамтамасыздандыруға болады. 
 
Қазіргі экологиялық мәселенің көптеп туындауы адамдардың ұзақ уақыт қызбалықпен кілең экономиканы арттыруға берілуінен; табиғаттан қажеттісін қалағанынша аламын деп жаратылыстың өзіне тән айналым заңдылығын, яғни жаратылыстың қабылдау қуаты мен жаңалану қуатын елеп-ескермеуінен; өндіріс барысында зор мөлшердегі енергианы (шикізатты) ысырапшылдықпен сарып етіп, тұтас экологиялық ортаның зор дәрежеде ойрандалуына назар аудармауы және оған қарата өнімді қорғау шарасын қолданбауы сияқты жақтардан пайда болуда. Сондықтан біз әрқашан «Табиғат дүниесіндегі барлық заттар өз ара байланысты болады әрі бірін-бірі өмір сүрудің алғы шарты етеді» дейтін экологиялық диялектикалық заңдылыққа құрмет етуіміз, жаратылыстың өзіне тән көтерімділік қуатын қайырып тастап, ойына келгенін істейтін қара дүрсін үктемдік ету көзқарасынан аулақ болуымыз қажет. Даму десе болды құрылыс салатын, жоспарсыз кен қазатын, ашу районын құруға әуес болатын аптықпа пиғылдардан әр кез аулақ болуымыз тиіс. 
 
Халық саны төтенше мол, байлық қайнары салыстырмалы тапшы, даму үстіндегі ірі ел есептелетін еліміз жөнінен айтқанда, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне тіпті де баса мән беруімізге тура келеді. Бұл жөнінде еліміз үкіметі жуық жылдардан бері атмосфераның, судың, топырақтың, ішпек-жемектің таза болуы жөнінде үнемілік үгітті күшейтсе, ал енергияны жел күші, күн нұры, су қуаты, жарақсыз қалдық сияқты залалсыз енергия көздерінен алып жаратылыстық байлықты барынша қорғауды қайта-қайта баса дәріптеуде. Алайда елімізде байлық қайнарын ашу тәсілі ұзақ уақыт үйлесімсіз болып келгендіктен біз дүние жүзінде ортасының ластану дәрежесі ең ауыр мемілекеттердің біріне айналдық. Егер біз былайғы жерде байлықты үнемдеу мен ортаны қорғауға баса мән бермесек, онда оңап алуға келмеитін тарихи қателік өткізуіміз әбден мүмкін. Сондықтан әсте өзімізді өзіміз ойрандайтын істерді істемеуіміз қажет. 
 
Мынау біз тіршілік етіп отырған ғаламшарда табиғат пен адам, адам мен қоғам жарасымдылығы өз ара сәйкескенде ғана қоршаған орта бүлініп ластанбайды, ұлы жаратылыс қайта айналып адамзаттың өмір сүруі мен дамуына хауып төндірмейді, өш алмайды, адамзат орасан зор бақытсыздыққа ұшырамайды. Баянды әрі ғылми даму нысанасы шынайы жүзеге асатын болады. Себебі, бүгінгі дәріптеліп отырған баянды даму ــ Қоршаған ортаны қорғаудан әсте қол үзе алмайды. Қазір елімізде орта мәселесінде ішінара өңірлерде жақсару болғанымен, тұтас тұлғалық жақтан ортаның ойрандалуы әлі де тежелмей отыр, жағдай әлі де күрделі, қысым да барған сайын артып барады. Сондықтан ортаны қорғау әрбір қоғам мүшесінің саналы түрде бойсынатын қоғамдық мұрал өлшеміне, әр ұлттың өрелі өркениет белгісіне айналуы тиіс. Жоғарыда айтып өткеніміздей, дәл осы қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақ ұлты ежелден өзге ұлттарға өнеге боларлықтай өзгеше өскелең өреге ие. Сондықтан ұлтымыздың экологиялық санасы берісі тұтас елге үлгі болуға, арысы тіпті дүние халықтарына үлгі-өнеге болып, әлемдік өреге көтерілуге тиіс. 
 
Қортып келгенде, ғасырлар бойы ешкімнің қузауынсыз-ақ «Судың да сұрауы бар»-деп табиғатты, қоршаған ортаны саналы қорғау; «Табиғат ــ ана»-деп ұлы жаратылысты анасындай аялау ــ Қазақ ұлтының әлмисақтан бері жалғастырып келе жатқан қанына сіңген халықтық қасиеты, ұлттық тектілігінің тамаша айғағы. Ұлтымыздың осынау өскелеңдігінің, өрелілігінің белгісі болған қоршаған ортаны қорғаудай сарабдал санасын бүгінгі дәріптеліп отырған дүние жүзілік экологиялық өркениет үлгілерінің биік мінберіне көтеруіміз қажет. Біз осы өнегелі, озық қасиетымыздың ұлылығын онан ары ұлықтап, оны өскелең өреге көтеріп, әлем жұртына шынайы танытар болсақ, онда ол адамзат игілігінің баға жетпес асыл жауһары болып мәңгі жарқырай бермек. 
 
    "Соңы"

Ата-бабамыз “Жер — қазына, су — алтын, мал — байлық” деп тегін айытпаған. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кездерден-ақ басталады. Көп салалы ұлттық дәстүріміз соның дәлелі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға бауылып,  тәбиелеген. Табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді білдіретін мақал-мәтелдер өте көп.

«Ер- елдің  көркі, орман-тоғай жердің көркі»,

«Бір тал кессен, он тал ек»

«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,

«Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»

«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»

«Бұлақ көрсең, көзін аш»

«Жылап жүріп арық қазсаң, 

 Күліп жүріп су ішерсің» 

Суды лайлама, суға түкірме, ауаны ластама, су ішкен құдыққа түкірме.

Аққуды атпа, малды  теппе, құмырсқаның илеуін бұзба, құстың ұясын бұзба.

1)     Бұлақтай мөлдір таза бол!2)     Жұлдызың жарық болсын!  3)     Айың оңыңнан тусын!4)     Қөңілің көлдей шалқысын! 5)     Гүлдей жайнай бер!6)     Таудай талап бер!

7)     Қызғалдақтай құлпыра бер!


Информация о работе Экология ғылымының даму тарихы