Экология және тұрақты даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 08:25, курс лекций

Описание

Қазіргі әдістемелік нұсқаулар барлық оқу түрлері мамандықтарының студенттеріне арналған «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық жұмыстарды орындауға арналған.
Практикалық жұмыстарды орындау теориялық бөлімді зерделеуден, талқылауға қатысудан, бақылау сұрақтарына жауаптар жазудан және СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаудан тұрады.
Бақылау сұрақтарымен және СӨЖ жұмыс істегенде ұсынылатын әдебиеттерді пайдалану керек.

Работа состоит из  1 файл

экология.doc

— 434.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Қазіргі әдістемелік  нұсқаулар барлық оқу түрлері мамандықтарының студенттеріне арналған «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық жұмыстарды орындауға арналған.

Практикалық жұмыстарды орындау теориялық бөлімді зерделеуден, талқылауға қатысудан, бақылау сұрақтарына жауаптар жазудан және СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаудан тұрады. 

Бақылау сұрақтарымен және СӨЖ жұмыс істегенде ұсынылатын әдебиеттерді пайдалану керек.

Сондай-ақ СӨЖ орындау  үшін төмендегі терминдермен танысу керек.

  1. Глоссарий – түсінігі берілген немесе басқа тілге аударылған глостар (түсініксіз сөздер немесе сөйлемшелер) жинағы.
  2. Тезаурус – өз араларында қандай да бір параметрлер бойынша байланысқан және онда бағдарлануға мүмкіндік беретін түйінді сөздер (дескрипторлар) түріндегі нақты тақырып деректерінің жүйелі жинағы.
  3. Синквейн – бес жолдан тұратын өлең, ол белгілі ережелер бойынша жазылады.

Синквейннің құрастырылуы студенттен оқу материалын, ақпаратты қысқа сөйлемшеде түйіндеуді талап етеді.

Бірінші жол – бір сөз, зат есім (бұл – тақырып);

екінші жол – тақырыпты ашатын екі сын есім;

үшінші жол – тақырыпқа қатысты әрекеттерді сипаттайтын үш етістік;

төртінші жол – бірнеше сөзден тұратын тұтас фраза, сөйлем, оның көмегімен тақырыпқа қатынас айтылады;

соңғы жол – түйін-сөз, ол тақырыптың жаңа түсінігін береді, оған жеке қатынасты білдіруге мүмкіндік береді.

Синквейнді құрастыру бойынша бағалар критерийлері

Ең жоғары баға қойылады:

      • тақырыпты терең дәлелді ашатын жұмыс үшін;
  • материалды тамаша білу, материалды мақсатқа бағытталған түрде талдай білу, тұжырымдар, қорытындылар жасау туралы куәландыратын жұмыс үшін;
  • композициясы бойынша үндесті, ойларды баяндаудағы қисынды және жүйелі жұмыс үшін;
  • дұрыс әдеби тілмен жазылған жұмыс үшін;
  • орфографиялық, пунктуациялық және грамматикалық қателер жоқ болғанда мазмұнына стилистикалық сәйкес келетін жұмыс үшін.

жоғары баға қойылады:

  • тақырыпты айтарлықтай толық және сенімді ашатын жұмыс үшін;
  • тақырып бойынша материалды және басқа көздерді жақсы білетін және өз ойларын негіздеу үшін оларды пайдалана білу, сондай-ақ тұжырымдар мен қорытындылар жасау жұмысы үшін;
  • мазмұнды қисынды және жүйелі баяндау жұмысы үшін;
  • дұрыс әдеби тілмен жазылған жұмыс үшін;
  • стилистикалық қисынды жұмыс үшін;
  • мазмұнына сәйкес келетін жұмыс үшін.

орташа баға қойылады:

  • онда тақырып басты және негізінде ашылатын жұмыс үшін;
  • тақырыпқа жалпы алғанда дұрыс, бір жақты немесе айтарлықтай толық емес жауап берілген, одан ауытқуға немесе ойды білдірудегі жүйеліліктің жеке бұзылуына жол берілген жұмыс үшін;
  • жазба сөз негіздерінің меңгерілгені байқалатын жұмыс үшін.

төмен баға қойылады:

  • онда тақырып үстіртін ашылған жұмыс үшін;
  • жалпы алғанда тақырыпқа толық емес жауап берілген, одан ауытқуға немесе ойды білдірудегі жүйелеліктің жеке бұзылуына жол берілген жұмыс үшін.
  1. Эссе – бұл тақырып бойынша салыстырмалы түрле еркін пікір айту, көлемі 5…7 бет.

Эссе құрылымы:

  • кіріспе (тақырыпты тұжырымдау, тақырыптың маңыздылығы, тақырыпқа қатысты пікірлердегі қайшылық, тақырыпты қарастыру құрылымы, негізгі талқылауға ауысу);
  • автор алға шығаратын негізгі бөлім (пікірлер (дәлелдер) (2…3); пікірлерді алға шығару кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдарды анықтау, дәлелдер және қолдау – талқылауды қолдайтын фактілер немесе мысалдар;  контрдәлелдерді немесе қарама-қарсы пікірлерді қарастыру  (олардың неліктен әлсіз екендігін, ал автордың пайымдауының күшінде қалатынын көрсету қажет);
  • қорытынды (негізгі пікірді қайталау, негізгі пікірдің қорғауға дәлеледрді түйіндейтін бір немесе екі сөйлем; алға шығарылатын пікірдің қабылданбау салдарлары туралы ескерту және берілген тұжырымның пайдалылығы туралы жалпы қорытынды).

Эссені бағалау критерийлері:

  • онда зерделенген материалдың көрсетілу дәрежесі;
  • проблемаға арналған амалдың өзінділігі;
  • дәлелдеме;
  • өз көзқарасын негізделген түрде қорғау қабілеті.
  1. Рефераттау – көпшілік алдында баяндаманың мазмұнын қысқаша баяндау, ғылыми еңбектің немесе баяндаманың тақырып бойынша мазмұны.
  1. Пікір талас тудыру – міндетті түрде меншікті тұжырымдарын құрастыру арқылы берілген проблема бойынша әр түрлі авторлардың көзқарасын талдау үшін әдебиеттермен жұмыс істеу.
  2. Рецензиялау – қойылған проблеманы сындарлы талдау және бағалау.
  3. Шолу – жалпы тақырыппен не біріктірілгені туралы қысқаша ақпарат.
  4. Кейс – проблеманы қою: нақты фактілер мен оқиғаларды сипаттау, бірақ сонымен бірге автор тарапынан баға берілмейді, жалғыз дұрыс шешімі жоқ.

Кейстер келесі түрлі болады:

  • дәстүрлі «гарвардтық» - нақты кәсіпорын фактілерінде жазылған, сөзсіз дұрыс ақпарат, яғни проблемаларды сипаттау емес, талдау, бақылау;
  • өзгертілген – қандай да бір нақты компания туралы мәліметтер пайдаланылып жазылған;
  • компаниямен белсенді ынтымақтастырылмай жазылған жағдайлар – газеттердің, журналдардың, телеарнаның, достардың деректері, жеке тәжірибе;
  • ойдан шығарылған жағдайлар – жоқ зат туралы «ертегі айту», мини- алапат тудырылады, ол өмірде шығанйы болуы мүмкін және бірдеңеге үйретуі тиіс. Қайда, кіммен болатынына сілтеме жасалмайды, бірақ  ағымдағы сәттің цифрлары (мысалы, құны) болуы мүмкін;
  • тактикалық – жеке қызмет сферасының белгілі проблемасына қатысты;
  • стратегиялық – қызметтің әр түрлі сфераларына қатысты (бірнеше тақырыпты байланыстырады).

Кейстер жазуға қойылатын жалпы талаптар:

  • көрнекілік (өміршеңдік);
  • ақпараттың маңыздылығы;
  • мазмұндылығы;
  • ақпарат әрекетке әкелуі тиіс (егер цифр маңызды болса, онда қателер жасау, мысалы, ШМК (күлдің) = 0,05 мг/м3, ал ШМК (күлдің) = 1 мг/м3 деп жазу қажет).
  • әрекеттердің динамикалылығы – санада әрекет ету бейнесін тудыратын етістіктерді пайдалану (мысалы, кетті, көрді, жүгіріп келді).

 

 

№ 1 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

 

ТАҚЫРЫБЫ: Экология табиғатты қорғаудың және табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық базасы ретінде

МАҚСАТЫ: Экологияның қолданбалы міндеттерін зерделеу

 

Экологиялық заңдылықтарды тану және шебер қолдану экологияның қазіргі заманғы қолданбалы проблемаларының негізін білдіреді.

 

1 Ауыл шаруашылығы

Экология ғылымының маңызды қолданбалы проблемаларының бірі агроэкожүйелердің қалыптасу және жұмыс істеу заңдылықтарын зерделеу болып табылады. Егін шаруашылығы орманды кесу, тың жерлерді жырту, мелиорацияның және т.б. әр түрлері түрінде ландшафттың түпкілікті өзгеруімен байланысты.

Ауыл шаруашылығының экожүйелерге жағымсыз әсері келесіден көрінеді:

  1. ауыл шаруашылығы алқаптары адам қызметімен ықшамдалған экожүйелер-дің әдеттегі картинасын білдіреді. Оларда өсімдік түрлерінің саны тіпті монодақылға дейін төмендетілген; жануарлар әлемі айрықша дерлік ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен берілген. Адамның қызметі жұтаңданған түрлік құрамды қолдауға тікелей бағытталған: адам арам шөптермен және өсірілетін өсімдіктер зиянкестерімен белсенді күреседі. Осының барлығы экожүйе тұрақтылығының жоғалуына әкеледі: зиянкестердің  көбеюі, өсірілетін түрлердің құрғақшылыққа немесе қатты ылғалдануға жоғары сезімталдық және т.б.;
  2. мәдени дақылдардың аз төзімділігі және бәсекеге қабілеттілігі адамның ара-ласуының табиғи іріктеудің жасанды іріктеумен ауыстырылуына әкелуімен де анықталады; өсімдіктер үшін пайдалы сапаға емес, адам үшін маңызды сапаға іріктеу жүреді. Нәтижесінде агроэкожүйелер дербестілігін жоғалтады, мұндай жүйелер «жабайы» түрлер қауымдастықтарымен жылдам ығыстырылады;
  3. агроэкожүйелерде айналымның толық емес болуының маңызы үлкен: жыл сайын экожүйелерден астық түрінде өнімнің көп бөлігі қайтарусыз алынады; тыңайтқыштардың жартылай ғана орны толтырылып пайдаланылатын топырақтың бағытталған жұтаңдануы байқалады;
  4. агроэкожүйелер қоршаған биоценоздарға әсер етеді. Агроэкожүйелердің даму кезеңдері биомассаның жинақталу кезеңінде агроэкожүйелерге сырттан бірқатар түрлердің келуін және алқаптарды машинамен өңдеу және астық жинау кезеңдерінде олардың қоршаған пайдаланылған жерлерге кері жылыс-тауын тудырады. Бұл жылдық тіршілік әрекеті және жәндіктердің, кеміргіштер-дің және басқа жануарлардың бірқатар түрлері санының динамикасы циклдеріне елеулі түзетулер енгізеді;
  5. тарихи масштабтарда ауыл шаруашылығының табиғи жүйелерге әсер етуі ландшафттар эволюциясының түбегейлі факторы болуы мүмкін;
  6. сондай-ақ мал шаруашылығында экологиялық проблемалар пайда болады: түрдің биологиялық талаптарын қамтамасыз ету (қоректендіру, климат, ұдайы өсіру), үй жануарларының қоршаған экожүйелерге әсер етуі (жаюдың фитоценозға әсер етуі, жабайы түрлермен бәсекелесу, гельминттердің таралуы,  инфекциялардың табиғи ошақтарына қатысу және т.б.).

Аталған проблемаларды шешу жолдары мыналар болып табылады:

  1. дәнді дақылдарды аралас егу ауа-райы және басқа жағдайлар ауытқығанда астықтың төзімділігін арттырады;
  2. орман жолақтарын жасау күрделі көп белдеулі өсімдіктер қауымдастығын қалыптастыруды көздейді, онда ауыл шаруашылығының дақылдары зиянкес-терінің санын бақылайтын жәндіктер мен құстардың түрлері орын табады;
  3. топырақтағы қоректік элементтер мен органиканың тапшы емес балансы жүйесін пайдалану;
  4. құс шаруашылығында жасанды өсіруді кеңінен ендіру құс етін шығарудың  индустриялық әдістеріне жол ашты;
  5. үйірлік түрлердегі өзара қатынастар ерекшеліктерін зерттеу үйірлердің өнімділігі және олардың басқарылғыштығы мәселелерін шешуге кілтті беруі мүмкін;
  6. популяциялық генетика саласындағы зерттеулер.

 

2 Биодақылдар

Биологиялық өнімділік процесін тікелей басқарудың басқа түрі – бұл өнімі адамды қызықтыратын сол немесе басқа биологиялық объектілер дақылдарын жасау.

Дақылдарда тірі организмдерді өсіру эффектісі,  әсіресе микробиологияда айқын көрсетіледі. Ашытқыларды, антибиотиктерді және басқа дәрі-дәрмек препараттарын өнеркәсіптік масштабтарда өндіру технологиясы биологиялық өзгешелікті және таратылатын объектілердің ұдайы өсіру мүмкіндіктерін есепке алатын әр түрлі микроорганизмдер дақылдарына негізделеді.

Жоғарғы организмдердің арасында әсіресе су дақылы кеңінен таралған – су организмдерін өнеркәсіптік өсіру. Су организмдері өнімін пайдалануды қарқындату перспективасы гидробионттардың жай пайдаланудан белсенді өсіруге, яғни су дақылына ауысуымен байланысты. Су дақылы өсірілетін организмдерді дамудың барлық сатыларында бақылау арқылы гидробионт-тарды белгілі технология бойынша өнеркәсіптік өсіруді жорамалдайды. Осы жолмен теңіздің таяз суында інжу өндіріледі, жеуге жарайтын моллюскілер, шаян тәрізділер, балдырлар өсіріледі. Сондай-ақ су дақылы табиғи су қоймаларының мелиорациясын және су организмдерінің аса құнды түрлерінің жоғары өнімін алу мақсатында олардың экожүйелерінің құрамына араласуды болжайды (балық шаруашылығында кеңінен пайдаланылады – су қоймалары-ның биологиялық ресурстарын басқару).

Тауар өнімін ұйымдастыру  міндеттері мен сипаты бойынша су дақылына зоофермаларда қымбат терілі аңдарды өсіру жақын болады.

 

3 Экономикалық маңызды түрлер санын бақылау

Берілген проблема көп уақытта ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күреске қатысты болады. Олармен күрес басым көпшілігінде химиялық әдістермен жүргізіледі. Жалпы нәтижелілігі 90…95% құрайды және шегіне жетті деуге болады. Жалпы бақылау нәтижесі айтарлықтай төмен; жойған соң біршама ұзақ емес мерзімнен кейін зиянкестердің саны қалпына келтіріледі де, үлкен қаржылар жұмсап, бұл шараларды үнемі қайталауға тура келеді.

Зиянкестермен күрестің тиімділігін арттыру үшін препараттарды – еркектердің өсіру қабілетін бәсеңдететін стерилянттарды пайдалану арқылы әдістер әзірленеді.

Экономикалық маңызды түрдегі популяцияларды пайдалану кезінде адам жоғары саны мен өнімділігін тұрақты қолдауда мүдделі. Нормада бұл екі параметр үйлеспейді: сан жоғарғы үстіртке шыққанда өнімділік төмендейді; барлық популяциялық автореттеу жүйесі санның оңтайлы деңгейін ұстап тұруға жұмыс істейді. Сондықтан пайдаланылатын түрлердің санын бақылағанда зерттеулердің басты бағыты – алу нормаларын анықтау, ол кезде ұрпақтану принциптік популяциялық құрылымдардың бұзылуынсыз барынша ынталандырылады.

Экономикалық маңызды түрлер санын бақылау дегеніміз биологиялық ресурстарды белсенді басқару түрі. Бұл саладағы негізгі перспективаларды автореттегіш популяциялық механизмдерді зерделеу және керекті экономика-лық нәтижеге қол жеткізу үшін ашылған заңдылықтарды пайдалану ретінде анықтауға болады.

 

4 Өнеркәсіптік жерлерді қайта құнарландыру

Экожүйелерді бағытталған түрде құру міндеттері өнеркәсіптік пайдаланудан шыққан жерлерді (карьерлер, шұңқырлар, топырақ қабатын жоғалтқан учаскелер, бос тау жынысы үйінділері және т.с.с.) екінші реттік игерген кезде айқындалады. Мұндай жерлерді қалпына келтіру үшін  техникалық және биологиялық қайта құнарландыру қолданылады. Көптеген жағдайларда жұмыстарды мынадан бастайды: бұзылған жерлерді өсімдіктердің тамырлық жүйелері аймағын алғашқы тау жынысымен байланыстан бөлетін балшықты құрам қабатымен жабады. Бұл қабаттың үстінде топырақ горизонты – көбінесе «дайын түрінде» көршілес аумақтардан топырақты тасымалдау жолымен құрылады. Кейінгі міндет – фитоценозды құру – берілген қайта құнарландырылатын аумақтың мақсаттық тағайындалуынан және оларды өсіру технологиясын әзірлеуден шешіледі және өсімдіктердің түрлік құрамын іріктеуге арналған экологиялық амалға негізделеді.

Бұл бағыттағы бүкіл  қызмет берілген қасиеттері бар өсімдік  қауымдастықтарын құруға  шоғырланған; жануарлар кешендерін бағытталған  түрде құру ешқашан көзделмейді.

 

5 Табиғатты қорғау

Табиғатты қорғаудың  екі принциптік аспектісін ажыратады: табиғи ресурстарды қорғау және қоршаған ортаны қорғау.

Табиғи ресурстарлы қорғау  өсімдіктер мен  жануарлардың жеке түрлерін пайдалануды шектеуге бағытталған. Мұндай шаралардың ғылыми базасы – аутэкологиялық зерттеулер.

Қоршаған ортаны қорғау ауаның, судың және топырақтың ластануының  әр түрлерін ескертуге бағытталған.

Табиғатты қорғау проблемасына арналған қазіргі амал сондай-ақ әр түрлі масштабты маңызды экологиялық зерттеулер жүргізуді және оларға жаңа жағдайларда бейімделген ерекшелік беру, олардың орнықтылығы мен өнімділігін жоғарылату мақсатында бұзылған экожүйелерге белсенді араласу үшін олардың нәтижелерін пайдалануды көздейді. Мұндай амал болғанда экологияда антропоцентрлік және биоцентрлік амалдар жаһандық экологиялық жүйелер функцияларының тұтастығын қолдаудың жалпы проблемасында үйлеседі.

Информация о работе Экология және тұрақты даму