Экологиялық қауіпсіздік – бүкілхалықтық іс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 12:23, реферат

Описание

Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады. Мұнымен бірге табиғи экожүйені сақтау мен жаңғыртудың негізі екені анық. Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында, экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы мен табиғат ресурстарын қорғауға бағытталған басқадай бағдарламалар аясында өткен жылы біздің басқарма экологиялық жағдайды жақсарту, қоршаған ортаны сауықтыру және сақтау жұмыстарын атқарды.

Работа состоит из  1 файл

Экологиялық қауіпсіздік – бүкілхалықтық іс.docx

— 16.03 Кб (Скачать документ)

Экологиялық қауіпсіздік – бүкілхалықтық іс

 

Экологиялық қауіпсіздік  – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде тұрақты дамудың  міндетті шарты болып табылады. Мұнымен бірге табиғи экожүйені сақтау мен жаңғыртудың негізі екені анық. Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында, экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы мен табиғат ресурстарын қорғауға бағытталған басқадай бағдарламалар аясында өткен жылы біздің басқарма экологиялық жағдайды жақсарту, қоршаған ортаны сауықтыру және сақтау жұмыстарын атқарды.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында өткен жылы мемлекеттік  орман қорында 76 гектарға ағаш отырғызылып, 1178 гектар аймақта оларға күтім жасалды. Бұрнағы жылғы орман ағаштарына 12 гектар жерге қосымша ағаш отырғызылды. Облыстың қалалары мен елді мекендеріне 87 мың ағаш отырғызылып, 2007 жылы көгалдандыру мен абаттандыруға бөлінген бюджеттік қаржының мөлшері 2006 жылмен салыстырғанда 4 есеге жуық артты. 2008 жылдың көктемінде ағаш отырғызу үшін 100 гектар жер әзірленді. Орман питомнигінде 46 мың дана ағаш көшеттері әзірленді. Сонымен қоса 180 кило ағаш тұқымы әзірленіп, 0,8 гектар егу бөлімі жасалды.

Қазіргі заманғы өртке  қарсы сауықтыру шараларын дер кезінде жүргізу нәтижесінде есепті кезеңде орман өрттерінің саны бұрнағы жылмен салыстырғанда 49-ға қысқарып, барлығы 8 орман өрті болды. Жасалған жоспарға сәйкес 4150 шақырым жерге минералданған алаңдарды күтудің шаралары жасалды. Мемлекеттік орман қорғау қызметкерлері өрттің алдын алу және басқадай табиғат қорғау заңдарын сақтауға байланысты 308 рейд жасап, соның барысында 10 тәртіп бұзу анықталып, 58,2 мың теңгеге айыппұл салынды. Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдың мөлшері 43,7 мың теңге болды.

Үкімет белгілеген нормаларға сәйкес қарамағымыздағы 6 ведомстволық мемлекеттік мекемелердің материалдық  – техникалық жабдықталуы кезең-кезеңмен жалғасын тапты. Соған орай өрт сөндіретін және патрульдік машиналар, өрт сөндіретін құралдар алынды. Осы мақсатқа 2008 жылы тағы 30 млн. теңге қарастырылған. Барлық шаруашылықтарда радио байланыс құралдары бар. «2005-2007 жылдардағы Қарағанды облысының аймақтық экологиялық бағдарламасы» орындалды. Оны орындауға облыстық бюджеттен 807,7 млн. теңге, соның ішінде 2007 жылы 351,7 млн. теңге бөлінді.

Өткен жылы бағдарлама аясында  Қарағанды – «Сарыарқа» әуежайы  автожолының бойында ірі мөлшерде қайыңдар отырғызу және «Үлкен Қарқаралы» өзенін тазалау жұмыстары аяқталды. Жаңаарқа ауданындағы Атасу поселкесінің, Нұра ауданындағы Киевка поселкесінің, Ұлытау ауданындағы Жезді поселкесінің су тазалау қондырғыларын реконструкциялауды қалпына келтіру, Теміртаудың суағар канализацияларын, Балқаш қаласындағы Спицын көшесінде дренаждық жүйені жөндеу жұмыстары аяқталды. Қарағанды қаласының жасыл аймақтарын санитарлық тазалау, қолдан жасалған қоқыс күлтөбелерін, тұрмыстық қалдықтарды тазалау істері атқарылды. Тұрғындардың экологиялық білім деңгейін көтеру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдардың 6 жобасы жүзеге асырылды.

Суды қорғау аймағын белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану  жөнінде Сарысу, Соқыр өзендері мен  Самарқанд және Федоров су қоймаларында жобалау-сметалық құжаттар жасалды. Осы  мақсатқа облыстық бюджеттен 7 млн. 749 мың  теңге бөлінді. Жобалар оң экологиялық  қорытынды алып, мемлекеттік құрылыс  сараптауынан өтті. Үстіміздегі жылы Нұра, Шерубай-Нұра, Сарысу, Соқыр өзендері мен Самарқанд, Федоров су қоймаларында су қорғау аймақтары белгіленеді. Сондай-ақ мұндай жобалар Қарағанды облысының шекарасында Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде, Тоқырау, Қарағанды, Есіл өзендерінде жасалатын болады. Осы мақсатқа 105,643 млн. теңге жұмсалады.

Қарағанды қаласы, Осакаров поселкесі, Шет ауданындағы Ақжал поселкесінде қар суы мен жер асты суларынан инженерлік қорғаудың техника-экономикалық негіздеуі жасалып, Осакаров ауданындағы Үлкен Құндызды өзенінде Комсомол су қоймасын реконструкциялау жобасы жасалды.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі  жасаған «2008-2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғаудың салалық бағдарламасын» орындау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын орындау үшін біздің облыстан жалпы сомасы 4,8 млрд. Теңге болатын 4 инвестициялық жоба енді. Бұлар Балқаш қаласының тазалау қондырғыларының құрылысы, Приозерск қаласындағы тазалау қондырғыларын реконструкциялау, Қарағанды қаласын қар суы мен жер асты суларынан инженерлік қорғау, Соқыр өзеніндегі Федоров су қоймасын реконструкциялау. Бұларды жүзеге асыру өткен жылы басталды.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жоспар шараларын  және 2006-2008 жылдардағы Қазақстан Республикасының  индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жоспарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау және Қарағанды облысының су объектілерін тиімді пайдалану мен қорғаудың 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы бекітілді. Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің және мүдделі мемлекеттік, үкіметтік емес органдардың ұсыныстары бойынша бюджеттік тапсырыс негізінде аталмыш мерзімде атқарылатын шаралардың тізімі жасалды. Қаржыландыру көздері республикалық және жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс көздердің қаржылары болады. Осы бағдарламаларда көрсетілген шараларды толық орындау елді мекендердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсартып, су объектілерін ластанудан сақтап, су қорғау аймақтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Бұзылған жерлерді рекультивациялау, елді мекендерді көгалдандыру қоршаған ортаға техногендік салмақты төмендетуге ықпал етеді. Тазалау қондырғыларын және канализациялық жүйелерді салу қалалар мен елді мекендердің экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсартады.

Қоршаған ортаны қорғау, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту, қорғау және табиғат ресурстарын  қалпына келтіруде қойылған мақсаттарға  қол жеткізу үшін 2008 жылы мынадай  басым бағыттар белгіленіп отыр: 
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі және 2008-2010 жылдары Қарағанды облысында су объектілерін тиімді пайдалану мен қорғаудың аймақтық бағдарламаларын іске асыруды бастау;  
2008-2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру шараларын бекіту және жүзеге асыру; 
Балқаш қаласының тазалау қондырғыларының құрылысына қатысты жобалау құжаттарын даярлау және құрылысты бастау; 
коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы қондырғыларын басқару, оларды қорғау шараларын іске асыру; 
тиісті жобаларға сәйкес Қарағанды облысында су қорғау аймақтарын және су объектілерін шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу.

А. Яковлев 
Табиғи ресурстар және табиғат 
пайдалануды реттеу басқармасының бастығы


 

 


Информация о работе Экологиялық қауіпсіздік – бүкілхалықтық іс