Экологиялық диверсификация, диверсификацияның бөліну құбылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2011 в 09:14, реферат

Описание

Кейде азықтық мұқтаждықтары әр түрлі болатын екі түр ортақ территорияда бір-бірімен бәсекелеспей тіршілік етеді. Мысалы, Англияда үлкен суқұзғын мен айдарлы суқұзғын жартастарға ұясын аралас салады және қорек аулайтын сулары да ортақ, бірақ олардың ұстайтын азықтары әр түрлі.

Работа состоит из  1 файл

Экологиялық диверсификация.doc

— 221.00 Кб (Скачать документ)

Экологиялық  диверсификация, диверсификацияның 

бөліну  құбылысы

      Кейде азықтық мұқтаждықтары әр түрлі  болатын екі түр ортақ территорияда бір-бірімен бәсекелеспей тіршілік етеді. Мысалы, Англияда үлкен суқұзғын мен айдарлы суқұзғын жартастарға ұясын аралас салады және қорек аулайтын сулары да ортақ, бірақ олардың ұстайтын азықтары әр түрлі.

      Үлкен суқұзғын тереңге сүңгіп, көбіне бентостық  жануарлармен қоректенсе, айдарлы суқұзғын судың беткі қабатынан майшабақ тұқымдас балықтар аулайды. Осы сияқты көптеген фактілер бізді 1927 жылы Элтон ұсынған экологиялық қуыс ұғымына әкеледі.

      Организмдердің  экологиялық қуысы олардың қай  жерде тұратынына ғана емес, оның не істеуіне (энергияны ол қалай өзгертеді, оның мінез-құлқы қалай, ол ортаның  физикалық және биотикалық жағдайларына қалай жауап береді және өзгертеді) және басқа түрлермен қалай қарым-қатынас жасауына байланысты.

      Егер  адам қоғамында біз біреумен танысқымыз келсе, бізге міндетті түрде ол адамның адресін білуіміз керек, яғни оны қайдан табатынын, мекен орнын білуіміз керек, бірақ адамды жақсы білу үшін, бізге оның қайда тұратындығы туралы мәлімет аз, сондықтан онымен жете танысу үшін ол адамның қоғамдағы атқаратын ролі және таныстарымен қарым-қатынасы және оның өміріндегі іс-әрекетін білуіміз қажет. Осы сияқты басқа организмдерді зерттегенде де осындай мәліметтер қажет.

Шымшықтардың  әртүрлі түрлерінің қоректік аймақтары

      Тіршілік  орнын білу – қуысты зерттеудің басы ғана. Табиғи ортада организмдердің жағдайын анықтау үшін, біз олардың  белсенділігі туралы, қорегі мен энергия көздері туралы, қарым-қатынасқа түсетін басқа организмдерге оның әсері туралы, экожүйедегі маңызды процестерге оның тигізетін әсерлерін анықтауымыз қажет.

      Түраралық бәсекелестік нәтижесінде экологиялық  қуыстың бөлінуі құбылысы «экологиялық диверсификация» деп аталады.

      Бірге тіршілік етіп жүретін түрлер арасындағы диверсификация көпшілік жағдайда мынадай үш параметр: кеңістік орналасу, азықтық мамандану, белсенділік мезгілі бойынша жүзеге асады.

      Кеңістік  орналасудағы айырмашылықтың мәні –  түрлердің әртүрлі станцияларды таңдап алуында. Үлкен ала тоқылдық азығын ағаштардың діңінен, орташа тоқылдақ – ірі бұтақтардан, ал кіші тоқылдақ – бөрік басынан ұсақ бұтақтарынан іздейді.

      Азықтық мамандану бойынша – экологиялық диверсификация кең таралған құбылыс. Жануарлардың жақын туыстас түрлерінен қоректік мұқтаждықтары әртүрлі болатындығы көптеген мысалдардан дәлелденген. Мысалы, бірнеше симпатриялық түрлерге жататын шөл кесірткелерінің біреулерінің азықтық рационы – құмырсқадан, екінші біреулерінікі – термиттерден, үшіншілерінің – кесірткенің өзге түрлерінен немесе өсімдіктерден ғана құрылады.

      Қуыстың бөлінуі көп жағдайда түрлер белсенділігінің  уақыт бойынша сәйкес келмеуімен сабақтасады. Тәуліктік немесе маусымдық белсенділіктің әртүрлі типтері осыған мысал бола алады. Мысалы, қоңыржай белдеулерде бау шымшығы мен қарабас шымшықтың жұмыртқалау мерзімдерінде екі аптадай айырмашылық бар. Тропиктерде бұл екі түр жыл он екі ай балапандар басады, себебі олардың қоректенуі үшін қажет жәндіктердің үнемі мол болуы бәсекелестікті төмендетеді.

      Бірге тіршілік ететін түрлердің экологиялық  қуыстардың бір параметрлері бойынша  сәйкес келсе де, ешуақытта толығымен  сәйкес келмейді, өйткені бұл жағдайда бәсекелестікті жою заңы әсер етеді және осы биоценоздан бір түрді екіншісі ығыстырып шығарады. 1910 жылы экологиялық қуыс түсінігін Ф.Джонсон ұсынған. Американ зоологы Одумның анықтамасы бойынша: тіршілік ортасы – организмнің адресі болса, экологиялық қуыс – оның жалпы іс-әрекеттерінің түрі.

      Экологиялық қуыс түсінігін пйдаланып, Гаузе  принципін былай нақтылауға болады: екі түр бір экологиялық қуыста қатар тіршілік ете алмайды.

      Сонымен, организмдердің кеңістіктегі орны, бірлестіктегі  қызметтік ролі және ортаның факторларына төзімділігі сияқты тіршілік шарттарына организмнің барлық талаптарының жиынтығы – экологиялық қуыс деп аталады. 

Информация о работе Экологиялық диверсификация, диверсификацияның бөліну құбылысы