Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 16:06, реферат
Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі және т.б. жатады.
Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары.
Организмге
қатысты факторлардың әсерінен бірнеше
жалпы заңдылықтарды бөліп
Әрбір организм, түр үшін өзінің оптимум жағдайлары бар. Ол тек әр түрлі жағдайда орналасқан әр түрге жататын особьтар үшін ғана емес, бір организмнің әртүрлі даму стадияларында да әр қалай болады. Түр үшін оптимумның қандай деңгейі қолайлы болуына байланысты оларды жылу сүйетін және салқын сүйетін, ылғал сүйетін және құрғақшылықты сүйетін және т.б. деп бөледі. Әрбір түр үшін өзіне тән шыдамдылық шектері болады. Ал организмнің белгілі бір орта факторының жағымсыз әсер- ықпалына шыдамдылық қабілетін төзімділік дейді. Белгілі бір факторға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік нүктелерінің арасын организмдердің экологиялық валентгілігі (толеранттылығы) деп атайды.
Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды:
- организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, организмнің белгілі бір шыдамдылық (толеранттылық, латынша tolerantia - шыдам, төзім) шектері (диапазон) бар кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды (ең төмен) және максималды (ең жоғарғы) мәндердін аралығында ғана өмір сүре алады.
Шыдамдылық немесе төзімділік шектерін экологиялық валенттілік деп те атайды. Экологиялық валенттілік - организмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі, яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі. Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе, оның экологиялық валенттілігі де соғұрлым жоғары болады. В.Шелфорд заңының практикалық маңызы зор. Түрлердің тіршілігін сақтау үшін экологиялық факторларға шектен шығып кетуге мүмкіндік бермей оңтайлы белдемде ұстау қажет. Бұл заңдылықты адамның тірі табиғатпен қарым-қатынаста болатын барлық шаруашылық салаларында (өсімдік, мал, орман, т.б.) ұстаған өте дұрыс. Оптимум заңын қолдану кейде қиынга түседі, себебі әр фактордың, әр түрдің өзіне ғана тән оңтайлы мөлшері болады. Бір түрге жасалган жақсы жағдай екінші бір түр үшін пессимум болуы немесе тіпті шектен шыгып, өте қиын жағдай тудыруы мүмкін. Мысалы, +20°С-та ыстық жақтың маймылы тоңатын болса, солтүстікте тіршілік ететін түлкі керісінше ыстықтайды. Күріш суда өсетін болса, бидай Бұл жағдайда тіршілігін жояды.
В.Шелфордтың
толеранттылық заңын кейін
- организмдер
кейбір факторларға кең
- экологиялық
факторларға толеранттылығы
- егер
түр үшін бір экологиялық
Эврибионттар (грек. eurys – кең, ауқымды және bіontos – тіршілік ететіндер) – сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі өзгерістеріне бейімделе тіршілік ететін өсімдіктер немесе жануарлар. Қоңыржай белдеулердегі құрлықта мекендейтін жануарлардың көпшілік түрлері температураның, ылғалдылықтың, Күн радиациясының, т.б. қоршаған орта факторларының едәуір ауқымды өзгерістерін елемей тіршілік ете береді. Эврибионттардың сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі ауытқуларға бейімделуі олардың жоғары деңгейлік төзімділігімен немесе оларда болатын морфофизиологиялық механизмдер арқылы анықталады. Мұндай бейімделушілік белгілер мен қасиеттер арқылы Эврибионттар өздерінің ішкі орта жағдайларының гомеостазын белсенді түрде сақтай алады. Эврифагтар - әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар - әр түрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер.
Стенобионттар (грек. stenos – тар және bіontos – тіршілік ететіндер) – тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын организмдер.
Бұл заң ауыл шаруашылығы тәжірибесінде есепке алынады. Мысалы, топырақтағы фосфор мөлшері норманың 20 пайызын, ал кальций норманың 50 пайызын қүраса, онда фосфор жетіспеушілігі шектеуші фактор болып табылады. Бұл жағдайда топыраққа құрамында фосфоры бар тыңайтқыштар қосылады. Осы заң туралы көрініс беретін құралға химиктің аты берілген. Бұл – «Либих бөшкесі». Бөшке тақтайларының ұзындықтары бірдей емес. Сондықтан оны толтырған кезде су ең кіші тақтайдан ағып бастайды.
Шектеулі
фактор тек абиотикалық фактор болмауы
да мүмкін. Мысалы, інжірдің отаны Жерорта
теңізі, ал тозаңдатушы – арасы
болып табылады. Калифорнияға жерсіндірілген
інжір тозаңдатушы араларды алып
келгенше жеміс бермеген.
Қолданылған әдебиеттер:
Қуатбаев А.Т. Жалпы экология, Алматы, 2008, 27-31 б.
Бродский А. К. Краткий курс общей экологии, Учебное пособие для ВУЗов. Изд. «Деан», 2000 г, 224 с.
Қазақ
энциклопедиясы, 10 том, 193 б.
Жоспары:
I. Негізгі бөлім.
II. Қолданылған әдебиеттер.
Информация о работе Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары