Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 00:48, лекция
Картографиялық семиотика-шарттыбелгілердің бейнеленетін объектілер мен құбылыстарға сәйкестенуін зерттейтін пән. Картографиялық семиотика 3 бөлімнен тұрады:
- картографиялық семантика-картаның тілі ретінде картографиялық шартты белгілердің теориялық сұрақтарын қарастыратын картографиялық семиотиканың құрамдас бөлігі болып табылады;
- картографиялық синтактика-шартты белгілер жүйесінің дұрыс қойылуын және шартты белгілердің құрылымдық қасиетін, картаның граматикалық тілін зерттейді;
- картографиялық прагматика-шартты белгілердің ақпарат беруші құрал ретінде олардың ақпараттық құндылығын зерттейді.
Түсініктерге анықтама беру.
Экологиялық картографиялау объектілері және оларды локализациялау (шектен шығармау).
Картографиялық кескіндеу әдістері және оларды экологиялық картографиялауда қолдану.
Тақырыбы: Экологиялық картографиялаудағы картографиялық семиотика
Жоспары:
1.Картографиялық семиотика-шарттыбелгілердің бейнеленетін объектілер мен құбылыстарға сәйкестенуін зерттейтін пән. Картографиялық семиотика 3 бөлімнен тұрады:
- картографиялық семантика-картаның тілі ретінде картографиялық шартты белгілердің теориялық сұрақтарын қарастыратын картографиялық семиотиканың құрамдас бөлігі болып табылады;
- картографиялық синтактика-шартты белгілер жүйесінің дұрыс қойылуын және шартты белгілердің құрылымдық қасиетін, картаның граматикалық тілін зерттейді;
- картографиялық прагматика-шартты белгілердің ақпарат беруші құрал ретінде олардың ақпараттық құндылығын зерттейді.
2.Экологиялық карталарда
Карталарда бейнеленетін барлық табиғи және жалпы көріністер картографиялық көзқарас тұрғысынан, алып жатырған ауданының сипатына байланысты 5 үлкен топқа бөлінеді:
3.Экологиялық іс-әрекеттердің
сапалық және сандық сипатын,
олардың байланысын және
Картаны құрастырушы маман экологиялық іс-әрекеттерді бейнелеуде дұрыс әдістерді қолдана білуі, әр әдістің мүмкіндігін жақсы білуі қажет.
Белгілер әдісі картаның масштабына сәйкес келмейтін бірақ нақты нүктелі локалданған объектілердің сандық және сапалық сипаттамасын беру үшін қолданылады. Белгілердің формасы және түсі көбіне бейнеленетін объектіге сапалық ақпарат береді, ал көлемі және ішкі құрылымы-сандық ақпарат бере алады.
Экологиялық картографиялауда белгілермен мониторинг пункттері, сынама алынатын орындар, флора және фаунаның сирек кездесетін түрлерінің мекені, табиғат ескерткіштері , яғни картаның мазмұны үшін маңызды объектілер көрсетіледі. Ұсақмасштабты карталарда құрылымдық белгілермен қалалардың және ірі өндіріс орындарының қалдықтарының құрамы және ластаушы заттардың төгінділері немесе қалалардың экологиялық проблемаларының деңгейі беріледі.
Сызықтық белгілер әдісі шекараларды, жағалық сызықтарды, тектоникалық бұзылыстарды көрсету үшін қолданылады. Кейде бұл әдісті қозғалыс белгілерімен шатастырады. Сондықтан, сызықтық белгілердің міндетті түрде ерекшеліктерін ескеру қажет: ол табиғатта нақты бар (мысалы, жолдар) сызықтарды көрсетеді, немесе жоталар, атмосфералық фронттарды. Сонымен қатар сызықтық белгілерді изосызықтардан, шекаралардан, ареалдардан айыра білуі қажет. Сызықтық белгілер сандық және сапалық сипаттама бере алады. Сандық көрсеткіштер (жүктің күштілігін) сызықтың жалпақтығымен және жолақтар көмегімен беріледі, ал сапалық көрсеткіш (жүктің құрамы) –сызықтың түсімен көрсетіледі. Экологиялық картографиялауда сызықтық белгілермен қоршаған ортаға әсер ететін сызықтық көздерді көрсету үшін пайдаланады: автомобиль және темір жолдары, құбырлар, кейде судың сапалық қасиеті және экожүйенің жағдайы.
Сапалық фон әдісі жаппай немесе тұтас құбылысытың сапалық сиапттамасын (топырақ, геологиялық құрам, ландшафт), кейде шашыранды таралу жағдайды (халықтың орналасуын) көрсетуде қолданады. Бұл әдісті қолднағанда территория сапалық біртекті контурмен бөлінеді де боялады немесе сапалық сипатына қарай штрихталады. Бұл әдісте графикалық құрал ретінде түстер қызмет етеді (әртүрлі түспен жаппай фондық бояу, әртүрлі деңгейге сәйкес ашық, қою түстермен өзгерту). Экологиялық картографиялауда сапалық фон әдісі өте жиі қолданылатын әдістердің бірі. Ола картада экологиялық жағдайлардың бағасын көрсете алады, кешенді экологиялық карталарда ландшафтардың таралу көрсеткішін және жерлердің пайдалануын, ландшафтардың техногенді ауыртпашылыққа тұрақтылығын және т.б. көрсету үшін қолданылады.
Сонымен қатар сапалық фон әдісі сандық сипаттама беру үшін де қолданылады, бірақ табиғатта белгілі бір контур шегінде бірдей сандық мәні бар құбылыс практикалық тұрғыда кездеспейді.
Изосызықтар әдісі. Изосызықтар-бірдей мәні бар нүктелерді қосатын сызықтар, немесе сандық көрсеткіші бірдей сызықтар, ол ауа температурасы, жауын-шашын мөлшері, рельеф тәрізді тұтас немесе кеңістікте біртіндеп өзгеретін құбылыстарға сапалық сипаттама беру үшін пайдаланылады. Мұнда әртүрлі сызықтық құрылымдар, түстер, қатарласқан түстер, ақ-қара карталарда штрихтар қолданылады. Экологиялық картографиялауда көбіне «бағдаршам принципі» қолданады, яғни жасыл, сары, қызыл түстерге сәйкес бір-бірін аламастыру арқылы экологиялық жағдайдың шиеленісуін, деңгейін көрсетуге болады. Осындай жағдайларды көрсетуде шкалаға қосымшатүстер қосады мысалы, неғұрлым таза жерлерді көрсетуде көк, көгілдір түстермен, орташа аралықтағы жерлерді қызғылт, сарғылт түстермен, ал қолайсыз жерлерді қою қызыл түстермен көрсетуге болады. Экологиялық картографиялауда изосызықтар жиі қолданылады. Оның көмегімен көптеген физико-географиялық параметлер, ластанудың жеке және жалпы сандық сипаты мен табиғи орта крмпоненттерінің ластануға тұрақтылығы, геодинамикалық процестердің жиілігі және т.б. карталанады.
Ареал әдісі. Бұл әдісті құбылыстың таралу аймағының шектеулі екендігін көрсету үшін қолданады. Ареал әдісінің сапалық фон әдісінен ең басты айырмашылығы: бірінішіден-локалданаған типте болады, екіншіден-шекарасын бөліп көрсетуге міндетті емес. Қолданылуына қарай ареал әдісі универсалды болып келеді: ол масштабтан тыс суреттер көмегімен, сызықтар және аудандық белгілер тіпті әріптік-сандық индекстер көмегімен жүзеге асады. Ареал әдісі нақты сандық немесе сапалық ақпарат бере алмайды, ол карталанатын құбылыстың таралған ауданының орнын және формасын бейнелейді.
Экологиялық картографиялауда ареал
әдісі ЕҚТТ-ғы биологиялық түрлердің
ареалын көрсету үшін, нақты ластаушы
заттардың таралған аймақтарын, геодинамикалық
процестерді көрсетуде
Нүктелеу әдісі. Құбылыстардың шашыранды таралуын көрсету үшін қолданылады (ауылдық жерлер, мал басы, егінді аудандар). Бейнелеу құралы ретінде көптеген бірдей көлемдегі нүктелер алынады, оның әр қайсысының нақты жағдайды анықтайтын-сандық көрсеткіші болады.
Локалданған диаграмма әдісі. Экологиялық картографиялауда бұл әдіспен ауру көрсеткішінің, жеке заттар концентрациясының, жалпы атмосфера немсе гидросфера ластануының жалпы деңгейінің маусымдық, жылдық, басқада өзгерістерін көрсетеді.
Картодиаграмма әдісі белгілі-бір құбылыстың жиынтық көлемін графиктер мен диаграммалар арқылы көрсетуге негізделеді, ал графиктер мен диаграммалар ішіне территориялық бөліну бірлігі орналастырады. Бұл әдіс картада зерттелетін территорияның таралу көрінісін толық көрсетеді. Экологиялық картографиялауда картодиаграмма әдісі кең таралған. Картодиаграммалар арқылы қалдықтар мен шығарындылардың көлемін, қалдықтардың массасын, енгізілген тыңайтқыштар мен пестицидтердің көлемін, аудан бірлігіне шаққандағы ауру санын және т.б. бейнелейді.
Картограммалар әдісі. Бұд әдіс белгілі бір құбылыстың сандық сипатының белгілі нақты аудан бірлігіне шаққандағы сандық сипатының орташа жиілігін (интенсивтілігін) графикалық тұрғыдан көрсетеді. Сол себептен бейнеленетін құбылыс таралу типіне қарай кез-келгені болуы мүмкін (нүктелік, сызықтық, жаппай, шашыранды, ауданда шектелген). Ол белгі бір аудандағы құбылыстың сандық ақпаратын бере алады.
Қозғалыс белгісі (қозғалыс сызықтары) обьектілердің әртүрлі локалдануын көрсету үшін қолданылады. Обьектілердің қозғалысын сызықтармен, векторлармен-стрелкалармен (мысалы, теңіз кемесінің маршрутын, ауа массасының қозғалысын, жануарлардың миграция жолдарын) көрсетеді. Қозғалыс белгілері сандық және сапалық ақпарат бере алады, мысалы, вектордың формасы және түсі сапалық сипат берсе, көлемі (ұзындығы, жалпақтығы) арқылы сандық сипаттама беріледі. Экологиялық картографиялауда қозғалыс белгілері салыстырмалы сирек қолданылады. Оның көмегімен ластаушы заттардың таралу бағытын, жануарлар миграциясы көрсетіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Стурман В.И. Экологическое картографирование,Москва 2003.
2. Кочуров Б.И. Геоэкологическое картографирование: Учебное пособие-М:Академия, 2009 г.
3. Б.А.Тонконогов, И.А.Гишкелюк, С. П. Кундас Визуализация экологической информации: Учебно-методическое пособие/Под общей редакцией д. т. н., профессора С. П. Кундаса.-Минск, 2010г.
4. Дбяконов К.Н. Экологическое проектирование и экспертиза М,2002.
Бақылау сұрақтары:
1. Картографиялық семиотика дегеніміз не және оның қандай бөлімдері бар?
2. Пунктерде шектелген құбылыстар немесе көріністерге нелер жатады?
3. Ірімасштабты карталардағы өнеркәсіп, қала және оның бөлігі, ЕҚТТ қандай көріністерге жатады?
4.Сапалық фон әдісімен нені сипаттауға болады?
5. Картограмма мен
Глоссарий: семантика, семиотика, синтактика, прагматика, сапалық фон, сызықтық әдіс, картограмма, картодиаграмма, қозғалыс белгісі, нүктелеу әдісі, ареал әдісі, изосызықтар әдісі, белгілер әдісі.
Информация о работе Экологиялық картографиялаудағы картографиялық семиотика