Экологиялық мониторинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 01:27, реферат

Описание

Топырақ — тіршілік ортасы. Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі организмдердің шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатын педосфера (грекше "podos"—аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрттар және т.б.) тіршілік етеді.

Содержание

Кіріспе.............................................................................2


Негізгі бөлім
Топырақ қабаты.............................................................3
Топырақтың адамзат үшін маңызы...............................4
Қазақстанның топырақ экологиясы және қазіргі ахуалы............................................................................................6
Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану.......................................................................................13


Қорытынды.................................................................19


Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................21

Работа состоит из  1 файл

Экология реферат.doc

— 1.11 Мб (Скачать документ)

     

       Біріншісі, мемлекет  тарапынан жерді  тиімді пайдалануға  қатысты жүргізілетін  іс-қимылдар. Оларды  мақсатына қарай  үш бөлікке бөлуге  болады. Олардың алғашқысы  жерді тиімді пайдалануға  байланысты заңнамаларды  жетілдіру. Қолданыстағы Жер кодексіне сәйкес (92-бап), екі жыл пайдаланбаған жер учаскелері, жерді бақылау инспекциялары тарпынан жазбаша ескерту берілген соң, жер учаскесі тағы да бір жыл пайдаланылмаған жағдайда, сот тәртібінде жер учаскесі оның иесінен мәжбүрлеп алынады. Ал ауылшаруашылық жерлері оларды пайдалануда жер құнарлылығының едәуір төмендеуіне соғатын болса (93-бап), жер инспекциясының, талап арыз беруден үш ай бұрын, заң бұзылуын жою туралы жазбаша ескертуден кейін ғана және осы мерзімде жер иесі заңдардың бұзылуын жоймаған жағдайда сот тәртібімен жер учаскесі мәжбүрлеп алынуы мүмкін.

       Жерді пайдаланбауына  байланысты жер  учаскесін алу  механизмі өте  күрделі және сот  процедурасын қоспағанның  өзінде, жерді пайдаланбау  мерзімі үш жылға  дейін созылады. Бұдан  басқа жер құнарлылығының төмендеуіне байланысты оларды алып қою тетігі жер құнарлылығының төмендеуінің көрсеткіштері заңнамалармен белгіленбеуіне байланысты бүгінгі күні аталған заң бұзушылық бойынша шара қолдану мүмкін емес. Осы себепті, агенттік тарапынан Жер кодексіне тиісті ұсыныстар әзірленіп, қазіргі кезде олар Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Бұл ретте, жерді пайдаланбағаны үшін оларды алып қою тетігін жетілдіру және ауылшаруашылық жерлерінің ұзақ мерзімге айналымнан шығып қалуының алдын алу мақсатында, кодексте белгіленген екі жыл пайдаланбау мерзімі 5 жыл кезеңдегі екі жыл пайдаланбаған мерзімнен тұратын болады.Сонымен қатар, жер құнарлылығын төмендетуге байланысты көрсеткіштер Үкімет бекітетін жерді тиімді пайдаланудың тәртібі құрамында белгіленетін болады. Жер құнарлылығы көрсеткіштерін анықтау және оларға мониторинг жүргізу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында болып келген “Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми методикалық орталығы” мемлекеттік мекемесі Үкімет қаулысымен Жер ресурстарын басқару агенттігі құрамына берілді.

     

        Келесі шара –  ауыл шаруашылығына  субсидиялар беруді  жүйелендіру. Аталған  мәселе  бойынша  мемлекет саясатының  мәні, ол ауыл шаруашылық  субъектілеріне берілетін  субсидияларды озық  технологиялар мен  сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін және жер ресурстарын тиімді пайдаланатын субъектілерге басымдылық ретінде беруді жүйелендіру болып табылады.Соңғысы – жер пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Мемлекеттің басты әкімшілік функцияларына жататын мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаты жер пайдалануда заңдылықтардың сақталуын бақылау болып табылады. Аталған функцияны агенттіктің өңіраралық жер инспекциялары атқарады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, агенттіктің жер инспекциялары көлемі 1,3 млн. га жерде 9 мыңнан аса пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтады. Сонымен қатар, көлемі 2,04 млн. га болатын 3,4 мың жер учаскелері иесіз учаскелер ретінде есепке қойылды.Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты инспекция көлемі 1,6 млн. га жерде 1,6 мың тексеріс жүргізіп, жалпы көлемі 416,3 мың га жерде 894 жер заңнамасы нормаларының бұзылуын анықтады. Тексеріс нәтижелері бойынша 894 субъекті жауапкершілікке тартылды (ауылшаруашылығына белгіленген жерлерді тиімсіз пайдалану немесе мүлде пайдаланбағаны үшін) оларға жалпы сомасы 17,9 млн. теңге айыппұл салынды және 119 жағдайда ескерту түрінде әкімшілік шаралар қолданылды. Көлемі 41,1 мың га болатын 9 жер учаскелері бойынша сот органдарына талап-арыздар дайындалды. Аграрлық сектордың иелік етуші субъектілеріне нысаналы белгіленген ауданы 583,3 мың га жерлерді пайдалану қажеттілігі туралы 5,1 мың ескерту хаттар жіберілді. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын 480,2 мың га жерлер жер пайдаланушылардың иелігінен шығарылып, мемлекеттік меншікке қайтарылды.Жерлерді тиімді пайдалану бойынша мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шаралардың келесі бір бағыты, ол жер иелерінің өздері бастамашы болатын іс-қимылдар.Еліміздің заман талабына сай нарықтық экономикаға көшуіне байланысты, республикамыздағы ауылшаруашылық мақсаттағы жерлері негізінен мемлекеттік емес субъектілердің иелігіне көшкені аян. Осы себепті, ауылшаруашылық жерлерінің 98 пайызынан астамы 207 мың шаруа қожалықтары және 7,1 мың шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен ауылшаруашылық кооперативтерінің иелігінде. Сондықтан да, өз иеліктеріндегі жерлерді тиімді пайдалану мен оларды қорғау аталған субъектілердің басты мүддесі мен міндеті.

     

        Ауылшаруашылық жерлерін  тиімді пайдалануда  шаруашылықтардың  жер көлемі, ауылшаруашылық  мәшинелерін пайдалану тиімділігі мен ауыл шаруашылығын өнеркәсіптік жүйеге бейімдеуге және де жаңа технологияларды енгізуге айтарлықтай әсерін тигізеді деп атауға болады.Қазіргі кезде, солтүстік өңірлерде шаруа қожалықтарының орташа жер көлемі 400 гектардан 720 гектарға дейін, ал оңтүстік өңірлерде 20-дан 162 гектарға дейін құрап отыр. Сол себепті, шаруа қожалықтары жерлерін біріктіру арқылы оларды ірілендіру, сол арқылы өндірісті тиімді жүргізудің тәсілдерін дамыту, өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Заңнамаларға сәйкес, мұндай бастама жер пайдалаушылардың еркімен жүргізіледі. Мемлекет тарапынан оларды ынталандыруда экономикалық тетіктер, яғни субсидияларды беруді жүйелендіру арқылы, шаруашылықтарды ірілендіруге және озық технологияларды пайдалануға екпін беру қолданылады.

     

     Бұдан басқа, ауыл шарушылығы жерлерін тиімді пайдалану  арқылы, осы салада еңбек өнімділігін  арттырудың ауыл шаруашылығы  субъектілеріне тиесілі  келесі бір бағыт  – жерді пайдаланудың ғылыми негізделген  жерге орналастыру  жобаларын жасау. Жоба аясында жерді сапасы мен мақсатына орай орналастыру шаралары, ауыспалы егістерді қолдануды ұйымдастыру, жерді жел және су эрозиясынан қорғауға және топырақ құнарлылығын арттыруға негізделген жерді өңдеудің технологиялық карталарын жасау, рынок сұранысына орай, жергілікті жерге бейімделген ауылшаруашылық дақылдарының құрамын анықтау, тағы да басқа осы айтылған мәселеге қатысты кешенді жұмыстарды жүргізу. Осы себепті бұл шараларды жүргізу жер иелерінің олардың мүдделерімен қатар осы саладағы мемлекет саясатымен ұштасатын іс-шаралар десек қателеспейміз.

     Тақырыбымды қорыта келе топырақтың адам өмірі үшін пайдасы  өте ерекше. Топырақсыз адам өмір сүру мүмкін емес және де оның құнарлылығына  да аса мән берген жөн. Топырақ құнарлы  болса өсімдік  өсіп, өнімді өте  көп мөлшерде береді. Ал топырақтың құнарлығы аз болса, өсімдік ауырып одан алынатын түсім де азаяды.

     Топырақтың  құрамында тыңайтқыштың үш түрі болады. Органикалық, минералды және бактериялық  тыңайтқыштар. Оларды кез келген жерге  пайдаланбай топырақта  қай түрі жетіспесе соны пайдаланған жөн. Мұның көп пайдасы бар. Топырақ құнарлығы деп оның табиғи және мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуын қамтамассыз ету қабілетін айтады. Әр табиғат зонасында топырақтың құнарлығы әр түрлі.

     Қара  топырақ - ең құнарлы  топырақ. Ол орман және орманды дала зонасында орналасқан. Топырақтың құрамы сол жердің табиғатына, яғни, өсімдіктің, жан-жануарлар дүнисіне,  күннің түсуіне тікелей байланысты. Топырақтың құрамында қара шірік көп болса, ол құнарлы топырақ болып саналады. Біздің Атырау облысы шөл және шөлейт зонада орналасқан. Топырағының құнарлығы өте төмен.

     Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев 2003-2005 жылдарды «Ауыл жылы»  деп атады. Бұл,әрине,  ауыл шаруашылығын көтеру деген сөз. Қазір  жерге де көңіл  бөлінуде. Осындай  игілікті істер осы жылдан әрі қарай өз жалғасын табады деген үміттемін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер:

     1.  Әкімбеков С.,  Баймұхаметова А.С.,  Жанайдаров  А.У. “ Экономикалық теория ” /Астана 2002ж.-464 бет 

     2.  Есекин Б. Прогресс Казахстана в достижении целей Повестки дня XXI века      //Экология и устойчивое развитие.-2001 г 

     3. Қожаниязов Т.Қ., Қожаниязова Ж.Т. “ Қазіргі экономика ” 

                                                                                   /Тараз, 2001 ж. 

     4. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ.  “ Табиғат қорғау ”  

                                                                         /Алматы 1990 ж.-412 бет 

     5. Мұқауұлы С.,  Үпішев Е. “ Табиғат пайдалану экономикасы ” 

                                                                           /Алматы 1999 ж.-270 бет 


Информация о работе Экологиялық мониторинг