Автор работы: i**********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 21:32, творческая работа
Описание
Эколог мамандардың статистикалық мәліметтеріне көз жіберсек, адамзат перзентінің шаруашылық әрекеттерінен жыл сайын: 100 млн. тонна темір рудасы мен құрылыс материалдары, 4 млрд. тонна мұнай өнімдері, 2 млрд. тонна көмір өндіріледі екен.
Арал теңізі
2020-сыншы жылға қарай толық құрғап жойылады деген сәуегей пікірлер де айтылып келді. Бірақ, ештеңеге қарамастан теңіз бірте-бірте өзінің бұрынғы арнасына оралып, оған жан біте бастаған сияқты.
Солтүстік бөлігі Қазақстанға, оңтүстігі Өзбекстанға қарайтынАрал теңізі - өткен 40 жылдың ішінде өзінің бастапқы көлемінен 4 есеге дерлік тартылды. Әйтсе де осы күні, деп мәлімдейді теңіздің қазіргі ахуалын өз көзімен көру үшінОрта Азияда сапарда жүрген Стоутиесдик, Аралға бірте-бірте тіршілік орала бастаған.
Арал теңізі – кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүние жүзіндегі төртінші ең ірі су қоймасы болатын. 1960-ыншы жылдары Совет Одағының орталық басшылығы мақта егістіктерін суару үшін Аралға құятын ең басты 2 өзен - Сырдария мен Амудариянының суын бұрып жіберді. Соның нәтижесінде Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне айналды. Алайда ауыл-шаруашылығының мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті – Арал теңізі тартыла бастады, жергілікті балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті, Арал өңірінің ауа райы күрт өзгере бастады. Ауаға химиялық заттар мен теңіз түбіндегі кепкен тұздың шаңы жайылды, теңіздің тоқтамай тартылуы салдарынан жергілікті халық ауыр халге түсті. Жергілікті халықтың арасында ісік ауруы, қанның аздығы, аллергия және т.б. дерттер кең жайылып, өмірдің орташа ұзақтығы 64-тен 51-ге дейін құлдырады. Арал теңізінің тартылуы – 20-сыншы ғасырдағы адамның қолымен жасалған теңдессіз апат болып қалды. Аралдың суы бұрын-соңды болмаған деңгейіне дейін тартылып, теңіз “Солтүстік Арал” және “Оңтүстік Арал” болып екіге қақ бөлінді.
Өткен 15 жылда аймақтық және экологиялық іс-шаралар, негізінен, теңіздің одан әрі тартылуын тоқтатуға бағытталды. Орта Азиядағы 5 мемлекеттің әрқайсысы Аралды қалпына келтіру шараларына жыл сайын ұлттық бюджеттерінің 1 пайызына тең қаржы бөліп келді. Ең негізгі демеушілердің қатарында Дүниежүзілік банк пен Азияның даму және қайта құру банкі болды.
Қалпына келтіру жобасының құрамдас бөлігі ретінде Аралдың Қазақстанға қарайтын солтүстік бөлігінің суы деңігейін көтеріп, арнасын кеңейту үшін 13 шақырымдық бөгет салынды. Аралға құятын өзен суын үнемдеу үшін Орта Азия елдері су ресурстарын үнемді пайдалануға ниет білдіре бастады. Арал – Қазақстан мен Өзбекстанды бөліп тұрса да, теңізді қалпына келтіру жобасының нәтижелі болуы үшін Орта Азияның барлық 5 мемлекетінің де оған атсалысуымаңызды. Орта Азиядағы су көздерінің басым бөлігі Тәжікстан мен Қырғызстанда орналасқан. Осы 2 елдің жерінен бастау алатын өзендердің суымен Өзбекстан мен Түркіменстанның және Қазақстанның егістіктері суарылады жәнеАралға келіп құяды.
Су ресурстары да Өзбекстан менТәжікстанның арасындағы жанжалға түрткі болды. Міне соған қарамастан, дейді “Арал теңізі” жобасының жетекшісі Стоутиесдик, теңіздің тартылуы - барлығына да ортақ проблема екенін 5 елдің түсінетін уақыты келді.
Экологиялық тұрақтылыққа жету, қабылданатын гидротехникалық инфрақұрылымдарды негіздеу мақсатында 2004-2005 жылдар аралығында зерттеу нысандарында далалық зерттеулер жүргізілді. Ол үшін құрамында гидрология және су инфрақұрылымдарын зерттеу тобы, биоразнообразияны зерттеу тобы, топырақты зерттеу тобы, әлеуметтік-экономикалық зерттеу тобы және жобалау тобы бар 5 зерттеу топтары ұйымдастырылды.
Жүргізілген зерттеулер нәтежиесінде қыс кезіндегі су көлемінің жоғары болып, жазда аз көлемде болуы Сырдарияның төменгі ағысына келетін судың «табиғи жағдайға қарсы» деп сипатталатын жыларалық және жыл ішіндегі режимі анықталды.
Сырдарияның төменгі ағысын тұрақты суландырудың есептік варианты ретінде көлдер жүйесінің ауданы 105,5 мың гектар, оның ішінде 75,3 мың гектар – көлдер және 30,2 мың гектар – сулы-батпақты жерлер. Ұсынысқа көлдер жүйелерінің сумен толтырылуының соңғы 5 жылдағы мәліметтері негізі болды.