Экологиялық құқық бұзушылықтың ұғымы мен жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июля 2013 в 21:41, реферат

Описание

Қазіргі таңда өндірістің дамуымен қатар елімізде экологиялық жағдай да өршіп тұр. Оның себептері: өндірістік кәсіпорындарынан шығатын зиянды шығарындылардың көбеюі, олардың техникалық, экологиялық , санитарлық талаптарды орындамауы, экологиялық таза өнім шығаруда отандық кәсіпорындардың қызғушылығының болмауы, табиғи ресурстарды аямай пайдалану, адамдардың экологиялық сана-сезмінің төмендігі, келешек ұрпақтың болашағын ойламау және т.б. Бұл айтылған себептердің көбісі экологиялық құқық бұзушылық болып есептелінеді. Егер мұндай экологиялық құқық бұзушылықтар бұдан әрі көбейе беретін болса, еліміздің болашағы бұлынғыр десек те болады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................2
1.Экологиялық құқық бұзушылықтың ұғымы мен жалпы сипаттамасы.............3
2.Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық...........................5
Қорытынды.................................................................................................................7
Пайдаланылған әдебиеттер.....

Работа состоит из  1 файл

Экологиялық құқық бұзушылықтың ұғымы мен жаопы сипаттамасы.docx

— 33.46 Кб (Скачать документ)

Жоспар

Кіріспе..................................................................................................................2

1.Экологиялық  құқық  бұзушылықтың ұғымы мен жалпы  сипаттамасы.............3

2.Экологиялық құқық бұзушылыққа  қарсы заңды жауаптылық...........................5

Қорытынды.................................................................................................................7

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі таңда өндірістің дамуымен қатар елімізде экологиялық  жағдай да өршіп тұр. Оның себептері: өндірістік кәсіпорындарынан шығатын  зиянды шығарындылардың көбеюі, олардың  техникалық, экологиялық , санитарлық талаптарды орындамауы, экологиялық  таза өнім шығаруда отандық кәсіпорындардың  қызғушылығының болмауы, табиғи ресурстарды  аямай пайдалану, адамдардың экологиялық  сана-сезмінің төмендігі, келешек ұрпақтың болашағын ойламау және т.б. Бұл айтылған себептердің көбісі экологиялық құқық бұзушылық болып есептелінеді. Егер  мұндай экологиялық құқық бұзушылықтар бұдан әрі көбейе беретін болса, еліміздің болашағы бұлынғыр десек те болады.

Бұл жұмыстың мақсаты да осы экологиялық құқық бұзушылықтың мәнін ашып көрсету және экологиялық  құқық бұзушылық жасаған адамдардың немесе кәсіпорындар, зауыттар, өндірістік орындардың мемлекеттің заңы алдындағы  жауаптылықтарын қарастыру.

Бүгінгі күнде әлемде экологияның  ластануына қатысты барлық мәселелер  өзекті болып келеді. Ал бұл экологиялық  ластану экологиялық құқық бұзушылықтың салдары болып табылады.

«Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 1.2. тармақшасында 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтарының ішінде бірінші кезеңде – қоршағаан ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірленуі көрсетілген.

Экологиялық құқық бұзушылық  және оларға заңды жауаптылық Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтарда қабылданған Экологиялық кодексінде қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Экологиялық  құқық бұзушылықтың ұғымы мен жалпы сипаттамасы.

 

Экологиялық заңнаманы бұзғаны  үшін заңдық жауапкершілік таңдауының негізгі экологиялық құқық бұзушылықты жасау болып табылады, одан экологиялық құқықтың нормаларын реттеуді бұзатын құқыққа қарсы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік, мемлекетке, табиғат пайдаланушыға және қоршаған ортаға зиян келтіретін, ал осы арқылы адамның денсаулығына да, не осындай зиян келтірудің нақты мазмұны болатын қоғамдық қатынастар түсініледі.

Бұл анықтамадан мынаны аңғаруға болады: экологиялық құқық бұзушылық  бұл табиғи ресурстарды пайдалануды  бұзатын құқыққа қарсы әрекет .

Қазақстан Республикасының  жекелеген табиғат обьектілері  бойынша  қолданыстағы заңнамасында жер, су, орман жіне т.с.с. құқық бұзушылық  заңдарының тізбесі келтірілген. Сонымен  бірге Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңында осы жинақтайтын қисындау актісінде экологиялық құқық бұзушылықтың өзінің ұғымының сипаттамасы да берілмеген. Соған қарамастан, құқық бұзушылықтың өзінің құрамы мен түрлері болады.

 Осы заманғы құқықтың  теориясымен мыналар көзделген:  құқық бұзушылықтың құрамына  субьект, субьективтік тарап,  обьект, обьективтік тарап жатады. Бұл құрамдас бөліктер экологиялық  құқық бұзушылыққа да сипатты  болады.

  Экологиялық құқық бұзушылық субьектілері азаматтар, лауазымды адамдар, кәсіпорын, мекеме, ұйым болып табылады.

Бұл орайда жеке тұлғаларға шетелдік азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жатады, өйткені олар да табиғат пайдалану жөніндегі құқықтық қатынастарына қатысуы және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапты болуы мүмкін.

Табиғат қорғай мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы  жеке тұлғалардың жауапкершілігі 16 жасқа толған кезде басталады. Қылмыстық заңда көрсетілген жағдайларда жеке тұлғалардың жауапкершілігі 14 жастан басталуы мүмкін (мысалы, ҚР-ның ҚК-нің 3-бөлімі 187-бабы – «Мемлекет қорғауына алынған табиғи кешендерді немесе обьектілерді қасақана жою немесе бүлдіру»). Заңды тұлғаларға, экологиялық құқық қатынастарының субьектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді, коорперативтік, коммерциялық, шағын, шетелдік нысандары бар бірлескен кәсіпорындарды жатқызуға болады, олар да табиғат пайдаланушылар  рөлін атқарып,  экологиялық жауапты болуы мүмкін.

Экологиялық құқық бұзушылық  обьектісі қылмыстық ниеттің  неге бағытталғанын сипаттайды. Экологиялық  құқық бұзушылықтың жалпы обьектісі  табиғат жіне оның құрамындағы элементтер болады, олар экологиялық құқық қатынастарының кіші обьектілерінде суға, топыраққа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне  бөлінеді. Мынаны атап көрсету керек: экологиялық заңнамамен өз болмысында табғат обьектісі болатын құқық бұзулары, мысалға айтсақ, табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мемлекеттің заңдылық күші негізделген. Мысалы, Қазақстан республикасының Жер кодексінің «164-бабында былай делінген: меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы ҚР-ның Азаматтық Кодексінде және ҚР-ның басқа да заң актілерінде көзделген тәртіппен қорғалады. Су, Орман  кодексінің нормаларын келтіруге болады, бұларды экологиялық құқық бұзушылықтың обьектісі табиғат пайдаланушы мен табиғат иеленушінің заңдылығы болып табылады. Мысал ретінде, ҚР-ның Су  кодексінің 138-бабына сәйкес өз бетінше басып алынған су обьектілері мен су шаруашылығы құрылыстары заңсыз пайдаланылған уақыт ішінде Қазақстан Республикасының су заңдарының  бұзылуымен келтірілген зиян өтеліп иесіне қайтарылады. Өз бетінше басып алынған су обьектілерін қайтару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Жоғарыда айтылғанның негізінде мынадай дұрыс қорытынды жасау керек: экологиялық құқық бұзушылықтың обьектісі табиғат ортасы, мемлекет, табиғат пайдаланушылар мен табиғат иеленушілердің мүддесі танылады.

Бұл құқық  бұзудың обьективті жағы кінәлі адамның құқыққа қарсы  әрекеттер жасауынан немесе әрекетсіздігінен көрінеді. Мысалға,Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде обьективтік жағына пәрменді әрекеттер жататын баптар бар– бұл 288- бап «Заңсыз аңшылық»,  287-бап–«Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау», «Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер» –290-бап және т.б. Екіші жағынан, Қазақстан Республикасының экологиялық құқық бұзушылықтар көзделген, олардың обьективтік жағы әрекетсіздік болып табылады: қоршаған табиғи ортаны қалпына келтіру жіне табиғи ресурстарды молайту жөніндегі шаралар қабылдамау; қоршаған ортаға ластаушы заттардың өндірістік нормативтен тыс шығарылуы мен тастандылары жіне басқа да хиянды авариялық ықпалдары туралы хабарламау; мемлекеттік эклогиялық сараптама талаптарын орындамау. Мысалы, Қазақстан Республикасының ҚК «Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау» –294-бап.

Экологиялық құқық бұзушылықтың субьективтік жағы кінәлі адам жасалған қыдмысқа, оның себептеріне, мүдделеріне  қатыстымен сипатталады. Экологиялық  жауапкершіліктің  міндетті факторы  бұзушыны кінәсі болып табылады. Мұнда  да қолданыстағы заңнама кінәнің  2 нысанын: жанама ниет және абайсыздықта көздейді. Егер кінәлі адам табиғатқа немесе табиғат пайдаланушыларға зиян келтіретін әрекет жасаған және ол мұны ұмытып, осыған ниет етсе, онда біз тікелей ниетті қарастырамыз. Егер кінәлі адам келеңсіз салалардың басталуына жол беретін болса, оның құқыққа қарсы әрекеттерін тергеуінде жанама ние көрініс береді.

Абайсыздық дегеніміз  кінәлі адам өзінің мінез-құлқының салдарларын алдын ала білуге тиіс болған, бірақ бұған байыпсыз қараған кезде ұқыпсыз мінез-құлықты білдіреді.

Мысалы, отқа немесе аса қауіптің шығу көзіне қөыпсыз қараудың нәтижесінде  орман алқаптарын абайсызда жоюда  немесе зақымдау.

Экологиялық жауапкершілік  шараларын қолдану үшін экологиялық  құқық бұзушылықтың  барлық белгілерінің және барлық элементтерінің болуы қажет.

Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері табиғат обьектісіне  қарай бөлінеді. Олар  мыналарға:

  1. Жер құқық бұзушылығы;
  2. Су құқық бұзушылығы;
  3. Орман құқық бұзушылығы;
  4. Тау-кен құқық бұзушылығы;
  5. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі құқық бұзушылығы (фауналық құқық бұзушылығы);
  6. Ауаны қорғау құқық бұзушылығы болып бөлінеді.

Экологиялық құқық бұзушылық  түрлерінің әрқайсысына жер, су, орман, және т.б. заңдарының үлкен тобы жатады, олардың тізбесі табиғаттың осы обюектілері туралы кодекстерде келтіріледі. Бұл ретте, экологиялық құқық бұзушылытың бір-бірінен өзгеше ерекшеліктері болады.

Қоғамға қауіптілік деңгейіне  қарай экологиялық құқық бұзушылық  экологиялық қылмыстарға бөлінеді, олар үшін қылмыстық жауапкершілік және теріс қылық үшін әкімшілік, азаматтық және тәртіптік жауапкершілік көзделген.

Басқа құқық бұзушылықтардан  өзгеше экологиялық құқық бұзушылықтың ерекшілігі табиғатқа келтірілген  зиян фактісінің болуы не оның басталуының  нақты қаупі болып табылады. Экологиялық  құқық бұзушылықтың  сипаттамасына  мұндай көзқарасты көптеген ғалым экологтар  қостайды. Бірақ бұл орайда, біздің ойымызша, егер олар табиғатқа келтірілген  зиян келтіру фактісімен байланысты болмаса, экологиялық құқық бұзушылықтардың  табиғат қорғау және табиғи ресурстарды  ұтымды пайдалану туралы заңды бұзуды бөліп қараған кезде қате қорытынды  жасайды. Мысалы, «табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мімілелерді тіркеу» (Қазақстан Республикасының ҚК-нің 225-бабы) сияқты қылмысты экологиялық қылмысқа жатқызбайды, өйткені табиғат обьектісі ретінде суға зиян келтірмейді. Осыны табиғат обьектілеріне –сату-сатып алуға, сыйға тартуға жіне т.б. мемлекеттік меншік құқығын бұзатын мәмілелер туралы да айтуға болады – өйткені бұл арада да табиғатқа зиян келтіру болмайды.

Қоршаған табиғат ортасына келтірілген зиян мына жағдайларда:

– табиғи ортаның, қоршаған ортаның ластануы кезінде;

– қоршаған табиғи ортаның  былғанып қалуы кезінде;

– табиғи ресурстардың таусылуы кезінде;

–экологиялық байланыстардың бұзылуы, жойылуы, табиғи ортадағы экологиялық тепе теңдіктің бұзылуы кезінде пайда болады.

Жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік экологиялық құқықтары  мен заңды мүдделеріне келтірілген  зиянды экономикалық және антропогендік  зиян деп бөлуге болады.

Экономикалық зиян табиғат  пайдаланушылардың – жеке және заңды  тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің мүліктік құқықтары мен мүдделеріне қол сұғады. Ол мыналардан:

– табиғат тауарлы өнімнің  ысырабынан;

– мүліктің, ауыл шаруашылығы өнімдерінің астық түсімінің бұзылуынан, жоғалуынан;

– пайдаланылған шығындардан, айырылып қалған пайдадан;

–табиғат ортасының бұзылған жай күйін қалпына келтіруге жұмсалған шығыстардан көрінеді.

Антропогендік зиян–бұл адамның өзін қоршаған ортаның сапасының нашарлауы нәтижесінде оған келтірілген зиян. Яғни бұл адам ағзасына зиян.

 

 

 

 

2.Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық.

Заңды жауаптылық дегеніміз құқыққа қарсы жасаған әрекеті үшін құқық бұзушыға қолданылатын, белгілі бір мүліктік және жеке сипаттағы зиян шектіретін мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық дегеніміз мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы құзыретті, құқық қорғау органдары және басқа да құзыретті субьектілер мен экологиялық құқық бұзушылық арасындағы сол бұзушыға жаза қолдану жөніндегі қармы-қатынас.

Экологиялық құқық  бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық түрлері. Экологиялық құқық бұзушылық өзінің құрамына қарай әкімшілік, тәртіптік теріс қылық немесе қылмыс болуы мүмкін. Жасалғаны үшін әкімшлік, тәртіптік және қылмыстық сияқты жауаптылық туындайды. Сонымен қатар, келтірілген залал, зиян, нұқсаны үшін азаматтық құқықтық және материалдық жауапкершілік туады.

Тәртіптік жауаптылық. Тәртіптік жауаптылық еңбек саласы, қызмет бабы, лауазым дәрежесімен тығыз байланысты. Экологиялық құқық бұзушылық немес қоршаған ортаға бағытталған теріс қылығы үшін қызметкерге жаза түрінде қолданылатын санкцияны тәртіптік жауаптылық дейміз. Сондықтан тәртіптік теріс қылық деп қызметкердің кінәсінен оған жүктелген қызметтік міндеттердің дұрыс орындалмауын не мүлде орындалмауын айтамыз. Сондықтан, жұмыс беруші қызметкерге қызмет, шарт бойынша өзінің қоршаған ортаға байланысты қызметтік міндетін орындамағаны үшін оған тәртіптік жазалар қолданылады. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10  желтоқсандағы «Еңбек туралы» Заңының 94-бабына сәйкес тәртіптік жазалардың 4 түрі қолданылады: 1)ескерту жасау; 2)сөгіс беру; 2-1)қатаң сөгіс беру; 3)осы Заңның 26-бабының 9-12 тармақшаларына сәйкес жеке еңбек шартын бұзу.

Егер экология саласында  теріс қылық жасаушы мемлеккеттік қызметкер болса, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлкет қызмет туралы» Заңның 28-бабына сәйкес төмендегідей тәртіптік жазалар қолданылады: 1)ескерту жасау; 2)сөгіс беру; 3) қатаң сөгіс беру; 4)қызметіне толық емес сәйкес келетіндігі туралы ескерту; 5)қызметінен бостау.

Тәртіптік жаза қолдану үшін қызметкерден жазбаша түсініктеме  алынады. Жаза тағайындау туралы бұйрық қызметкерден қолхат алу арқылы жарияланады. Жаза 1 ай өтпей тағайындалады.

Экологиялық құқық  бұзушылық үшін  материалдық жауаптылық. Қоршаған ортаға келтірілген зиян, әсіресе мүліктік нұқсанды қызметкер белгіленген мөлшерде және тәртіп бойынша орнына толтыру керек. Материалды жауаптылықтың: толық және шектелген сияқты 2түрі бар. Толық материалды жауаптылық егер қызметкерге толық материалды жауаптылық міндеттелсе, ішімдіктің, нашаның әсерімен жасаса, тікелей оның кінәсі бойынша қоршаған ортаға зиян келтірілсе, егер кәсіпорын сотқа шағымданған жағдайда сот шешімімен тағайындалады.

Информация о работе Экологиялық құқық бұзушылықтың ұғымы мен жалпы сипаттамасы