Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:03, доклад
Бұл жоба энергияның баламалы көзін пайдалануға, сондай-ақ аймақтағы электр энергиясы тапшылығы проблемаларын шешуге бағытталған.Сонымен қатар жел энергетикасын пайдалану және электр энергетикасын дәстүрлі электр стансаларынан ауыстыру аймағымыздың еліміз 1997 жылдан мүшесі болып саналатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Рамалық Конвенциясына сәйкес улы газдарды ауаға шығаруды қысқарту жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындауға қосқан үлесі болып табылады.
Күні ертең-ақ облысымызда электр энергетикасын дамыту мен
экологиялық проблемаларды шешудің басым бағыттарының бірі
жаңартылмалы энергетикалық
Қазіргі уақытта «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамы «Маңғыстау облысының Түпқараған
ауданында қуаты 20 МВт-қа дейінгі жел электр стансасын салу» ин-
вестициялық жобасын іске асыруда. Бұл жоба энергияның баламалы көзін пайдалануға, сондай-ақ аймақтағы электр энергиясы тапшылығы проблемаларын шешуге бағытталған.Сонымен қатар жел энергетикасын пайдалану және электр энергетикасын дәстүрлі электр стансаларынан ауыстыру аймағымыздың еліміз 1997 жылдан мүшесі болып саналатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Рамалық Конвенциясына сәйкес улы газдарды ауаға шығаруды қысқарту жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындауға қосқан үлесі болып табылады. Жобаны іске асыру мақсатында Түпқараған ауданында жел электр стансасын салу тиімділігін анықтауға жүргізілген зерттеулер аймақта жел
әлеуетінің қуатты екендігін көрсетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының «Қазақстан-жел энергетикасы рыногын дамыту бастамашысы» даму
бағдарламасының мамандары таңдаған Форт-Шевченко қаласындағы
алаң осы жобаны іске асыру үшін барлық өлшемдері бойынша сәйкес
келеді және қуатты жел әлеуеті бар.Өлшеулер жел әлеуетін бағалау
үшін жел жылдамдығын анықтау саласындағы IEA/IEC халықаралық
стандарттары бойынша жүргізілді.Мәліметтерді өңдеу мен жел әлеуе-
тін бағалау Австралияның «PB Power» халықаралық компаниясының
қатысуымен іске асырылды.2006- 2007 жылдардағы кезеңде
метеорологиялық діңгектерді орнату орнында желдің 51 метр биіктіктегі орташа жылдық жылдамдығы секундына 7,48 метр құрады, бұл осы аймақта жел электр стансасын коммерциялық орнату мен пайдалану талаптарына толық сай келеді, анықтама үшін айта
кететін болсақ, жел генераторлары экономикалық жағынан тиімді жұмыс істеуі үшін желдің жылдамдығы секундына 5- 6 метрден кем болмауы қажет.
Бүкіл Түпқараған ауданының электр энергиясына сұранымы жылына 61 млн. кВт/сағат құрайды. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мамандары бірінші кезекте осы алаңда белгіленген қуаты 20 МВт жел электр стансасын салу ұсынысын жасақтады. Жобаны бірлесе іске асыру үшін жеткілікті тәжірибесі мен әлеуеті бар әріптестерді іздестіру барысында Түркия, Корея, Қытай, Чехия, Индия, Германия, Иран және Ресей сияқты әртүрлі мемлекеттердің бизнес- құрылымдарымен келіссөздер
жүргізілді. Нәтижесінде Оңтүстік Кореяның «DMK- Ko» компаниясы-
мен «Жел электр стансасын салумен пайдалану» жобасын бірлесе
іске асыру туралы келісімшартқа қол қойылды, осыған сәйкес жоба-
ның техникалық-экономикалық негіздемесі жасақталып, ол Оңтүстік
Корея тарапынан қаржыландырылды. Алдын-ала құны 43,5 млн. АҚШ
долларын құрайтын жел электр стансасы жобасы қазіргі уақытта
мемлекеттік сараптамадан өткізілу үстінде. Жоба бойынша 2011 жылы
пайдалануға берілетін стансада электр энергиясының бағасы 1 кВт- на 14 теңге болады деп есептеліп отыр. Ол өз құнын ақтағанша, тарифтерден жоғары болған баға айырмасына мемлекет есебінен өтемдер төленуі ықтимал.
Жел энергетикасын дамытудағы жобалар
«KEGOC» акционерлік қоғамы «New Smart Energy» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігімен әріптестікте Түпқараған ауданында жел электр стансасын салу жобасын іске асыру мәселесін қарастыруда. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы әкімдігі, «KEGOC» акционерлік қоғамы және «New Smart Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында жел энергетикасын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы үш жақты меморандум жасалды. Облыс әкімінің 2011 жылғы 18 қаңтардағы №2 ОД өкімімен Маңғыстау облысында баламалы энергетиканы дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылды.Сонымен қатар «Sounth Wind Power» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы Түпқараған ауданында қуаты 42 МВт- қа дейінгі жел электр стан-
сасын салу жобасы қарастырылуда. Қазіргі уақытта жобаның техникалық- экономикалық негіздемесі жасалды.Түпқараған ауданы әкімдігі жел электр стансаларын салу үшін «NewSmart Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 325 гектар, «Sounth
Wind Power» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 375 гектар және «Каспий» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясына 20 гектар жер телімдерін бөлді. Үстіміздегі жылдың бастапқы кезеңінде Астана қаласында өткен мәжілісте Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан қолға
алынып отырған осы үш жел электр стансасының құрылысын биыл бастауға тапсырма берілді.Жел энергетикасын дамытуда осындай игілікті істерді қолға алып отырған Маңғыстау облысында 2015 жылы энергияның баламалы көздерін пайдалану үлесі жалпы энергия тұ-
тыну көлемінің 3,29 пайызын құрайды деп есептеп отырмыз.
Олар аймағымызда электр энергиясының тапшылығын төмендетіп,
қоршаған ортаның экологиялық тазалығын қамтамасыз етеді.
Информация о работе Электр энергетикасы және экологиялық проблемалар