Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 19:56, реферат
Республика Президентi Н.Ә.Назарбаев 2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының дүниежүзілік форумында «Тұрақты даму - адамзаттың аман қалу амалы» деген ой қорытындысында Қазақстанның экономикасының тұрақты бағытында бейімделе бастағанын айтып кетті [1].
Қазіргі таңда теориялық экономикалық ғылым мен әлемдік өркениетті тәжірибеде тұрақты даму концепциясы өзінің лайықты орны мен бағасын алды. Тың мәселе болғандықтан ғалымдар, саясаткерлер мен экономистер тарапынан оған деген қызығушылық орасан үлкен. Сондықтан ғылыми әдебиеттер мен баспа ақпарат көздерінде тұрақты даму мен экономиканы тұрақты дамыту мәселелеріне арналған біраз құнды еңбектер мен мақалалар жарыққа шықты.
1. Тұрақты даму - адамзаттың аман қалу амалы
2. БҰҰ форумы
3. Экологияның бұзылуы
4. Қоршаған ортаны ластаудың шегі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университеті
Тақырыбы: «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУДАҒЫ МАҢЫЗЫ»
»
Орындаған: Құр 19-1 тобының студенті
Норбаев А.
Астана 2012
Жоспар
1. Тұрақты даму - адамзаттың аман қалу амалы
2. БҰҰ форумы
3. Экологияның бұзылуы
4. Қоршаған
ортаны ластаудың шегі
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ТҰРАҚТЫ
ДАМУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Республика Президентi Н.Ә.Назарбаев 2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының дүниежүзілік форумында «Тұрақты даму - адамзаттың аман қалу амалы» деген ой қорытындысында Қазақстанның экономикасының тұрақты бағытында бейімделе бастағанын айтып кетті [1].
Қазіргі таңда теориялық экономикалық ғылым мен әлемдік өркениетті тәжірибеде тұрақты даму концепциясы өзінің лайықты орны мен бағасын алды. Тың мәселе болғандықтан ғалымдар, саясаткерлер мен экономистер тарапынан оған деген қызығушылық орасан үлкен. Сондықтан ғылыми әдебиеттер мен баспа ақпарат көздерінде тұрақты даму мен экономиканы тұрақты дамыту мәселелеріне арналған біраз құнды еңбектер мен мақалалар жарыққа шықты.
Тұрақты
дамудың көптеген анықтамалары мен
көрсеткiштерi қалыптасуда. Олар кең
диапозонда: жай тепе-теңдіктен жүйелік
және біртұтастық түсініктері
Абстрактілі ойлану тәсілі арқылы тұрақты даму категориясын төмендегідей түсінуге болады:
- тұрақты даму тек қана оңды, яғни бір түрлі сипаттағы даму деп түсінбеу керек. Экономикалық даму, әдетте, белгілі бір уақыт аралығында орын алады. Демек, тұрақты дамудың сипатын ашу үшін қысқа мерзімдік экономикалық дамуды емес (3-4 ай, немесе 1-3 жыл), ұзақ мерзім аралығы алынады (5, 10, 15, 20 жыл). Қысқа мерзім аралығы алынса, онда экономикалық дамудың сипатына дәл баға берілмейді, себебі әртүрлі себептерден дәл сол мезетте экономика дағдарыс қарсаңында немесе дағдарыстық жағдайда болуы мүмкін. Немесе, экономика қазір жақсы дамып отырғанына қарамастан, 3-4 жылдан кейін, мысалы, ауыр экономикалық жағдайға душар болу қауіпін байқамай қалуы мүмкiн. Сондықтан, тұрақты даму концепциясы ұзақ мерзім аралығындағы экономикалық дамуды зерттеуге бағытталады.
- тұрақты даму концепциясы дәстүрлі қалыптасқан “экономиканың циклді дамуы” теориясын жоққа шығармайды. XIX ғасырдың көрнекті ғалым-экономистерi С.Кузнец, И.Шумпетер, Дж.М.Кейнс, К.Маркс, Н.Кондратьев, С.Жуглар нарықтық экономиканың циклды дамуының экономикалық заңдылығын дәлелдеп берген. Экономикалық заңдарды өзгертуге ешкімнің құдіреті жетпейді, өйткені олар объективті (яғни адамдардың қалаулары мен еріктеріне тәуелді емес). Демек, тұрақты даму барысында да циклдық толқындар орын алып отырады. Бірақ, тұрақты даму концепциясын басшылыққа алған мемлекет өзінің экономикалық саясатының басымдылығы ретінде экономиканы дағдарысқа жібермеу, онда экономиканы тұрақтандыру саясатын ұсынады.
- экономиканың
құлдырауын тоқтатып немесе тоқыраудан
шығарып,
қайтадан жаңа деңгейде макроэкономикалық
тепе-теңдікті орнату арқылы
экономиканы даму траекториясына шығару.
Қоршаған ортаны қорғау және дамыту бойынша Бүкіл әлемдік Комиссияның есебінде тұрақты дамудың төрт негізгі мәселелерін атап өтті [2]. Олар:
М.Қажыкен тұрақты даму мәселесінің туындауын дүниежүзілік қауымдастықтың жалпы планетарлық деңгейде біртұтастық бағытта даму процесінің әсері деп тұжырымдайды [3].
Тұрақты даму теориясының қалыптасу процесінің ерекшеліктері мен қарама-қайшылықтары жоғарыда қарастырылған концепциясында кеңінен орын алып отыр. Әрбір концепцияда тұрақты дамудың әр жақтарының экологиялық, экономикалық, әлеуметтік басымдылықтары негізге алынған.
Бірсыпыра концепциялар экологиялық басымдылықтарды алдыңғы орынға қояды. Бұл концепциялар тұрақты дамудың алғашқы түсінігіне көп көңіл бөлген. Қазіргі және болашақтағы қажеттіліктер осы мәселе көлемінде көрініс тапқан. Осыдан барып табиғи ресурстарды болашақ ұрпақ үшін сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері тұрақты даму теориясының басты бағыты болып қалыптасқан.
Елімізде және алыс-жақын шетелдерде жүргізілген жүйелі статистикалық талдау экологиялық жүйе мен экономика арасындағы өзара тығыз байланыстың бар екенін көрсетеді. Бұл байланыстардың беріктігі көптеген жағдайда антропогендік теріс әсерлерден нашарлап бара жатқан қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Антропогендік әсердің табиғи процестерге қаупі орасан зор, кейбір аймақтың, тіпті континенттің табиғи жағдайын өзгертіп жіберуі мүмкін.
Тұрақты даму теориясының бір жақты экологиялық өрбуінің өзіндік қарама - қайшылықтары аз емес. Мысалы, М.Кажыкен: соңғы өнімнің көлемін және өндірістің өсу қарқынын арттыра түсу басымдылықтарынан кері қайту, экономикалық өсуді жылдамдатудан бас тартудың қажеттілігі туралы тұжырым экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі басты бағыт" деп таныған. Мұндай көзқарас өткен ғасырдың 70-ші жылдары Америка Құрама Штаттарында «нөльдік өсу» концепциясы ретінде кеңінен тараған болатын [4]. Бұл концепцияның негізгі дәлелдері мыналар болған:
1. Ресурстардың таусылу шегі. Ресурстардың жетіспеушілігі Мальтустың теориясының дәстүрлі тақырыбы. «Өсудің шегі» кітабының авторлары минералды ресурстардың негізгі түрлерінің қорымен қамтамасыз ету көрсеткіштерін есептеп шыққан. Бұл көрсеткіш қазіргі кездегі белгілі қорларды бүгінгі өсу қарқынын сақтай отырып, қанша жыл пайдалануға болатынын анықтауға бағытталған. Қарастырылған 19 минералды шикізаттың ішінде тек көмір көрсеткіші 100 жылдан асып түскен.
Алтын қорының қазіргі таңда игеруге мүмкіндігі 9 жыл, қалайы -15, мырыш -18 және мұнай -20 жыл. Шикізаттың барланған қорын 6 ece өсіріп есептегенде олармен қамтамасыз ету мыс үшін 20 жылдан 48 жылға, мұнай -20 жылдан 50 жылға дейін өскен. Ғалымдардың жасаған қорытындылары бойынша қазіргі кездегі ресурстарды тұтыну деңгейі және оның болжамдық өсуі сақталған жағдайда қазіргі кездегі қайта пайдалануға келмейтін ресурстар 100 жылдан кейін өте қымбат болады.
Минералдардың орнын алмастыру, әрине, ресурстардың жалпы жетіспеушілігінің әсерін тежейді. Әйтсе де, нақты жағдайларды жақсартуға әкеле алмайды. Әңгіме бір немесе екі минералдық қордың таусылу орнын толтыруда емес. Мәселе: мыс, қорғасын, алтын, күміс, қалайы, мырыш, вольфрам және сынап сияқты минералдардың шығындарын шектеуде. Бұл орын шикізаттарды өндірістердегі біршама алмастыруды қажет етеді. Кейбір металдар алмастыруға жатпайды. Металдарды пластмассамен ауыстыру қажет деген көзқарастар бар. Бірақ, пластмасса мұнайдан дайындалатынын естен шығаруға болмайды. Оның да игеру шегі бар. Сонымен, жалпы ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында бір материалдарды басқалармен ауыстыру тұйықтан шығар жол емес.
2. Қоршаған
ортаны ластаудың шегі. Қоршаған ортаны
ластаудың шеткі
шегі - жылулықты жоғалтумен байланысты.
Материалдарды қайта қалпына
келтіру, сөз жоқ, жылу қалдықтарын ұлғайтады.
Соңғы кезекте барлық
пайдаланатын энергия бірте-бірте төменгі
температуралық жылылыққа
айналады. Уильям Нордхаустың есебі бойынша
энергияны тұтынудың 500 ece өсуі (4 пайыздық
жылдық қарқынмен 160 жыл) қоршаған орта
үшін өте тиімсіз.
3.
Экологияның бұзылуы. Адамның іс-әрекетінің
қоршаған ортаға кері
әсерінің көлемін энергия мен материалдардың
антропогендік тасқыны мен
табиғи тасқынды салыстыру арқылы шамалап
бағалауға болады. Тек қана
адамзатты азық-түлікпен
қамтамасыз етуге дүниежүзілік
экономика
шығаратын энергияның 20
пайызы кетеді. Бұл
тұрғыда энергияның
антропогендік шығынының жалпы көлемі
ғана маңызды емес, оның бөлінуінде біркелкіліктің
жоқтығы да үлкен мәселе. Дүниежүзілік
энергия шығынының 94 пайызы солтүстік
жарты шарға келеді, ал 75 пайызы жер құрлығының
0,3 пайызына шоғырланған. Мұнайдың мұхитқа
табиғи жағдайда құйылуы жылына шамамен
0,1 млн. тонна құрайды, ал антропогендік
ластану шамамен 2,2 млн. тонна. Адамның
іс-әрекетіне байланысты күкірт пен сынаптың
атмосфераға шығуы шамамен
табиғи деңгейде. Ал
тыңайтқыш өндіруде азотты
атмосферадан жасанды байланыстыру табиғи
қалыптан жоғары және азотты атмосфераға
қайта қайтарудың табиғи деңгейінен анағұрлым
асып түседі. Азоттың жинақталуы су қоймаларының
бұзылуына әкеліп соқтырады.
Адамның қоршаған ортаға әсері жылына
шамамен 5 пайызға өседі және әр 14 жылда
екi еселенедi.
Осы дәлелдерге сүйене отырып, «нөльдік өсуді» жақтаушылар мынадай қорытындыға келеді. Бұл жағдай ереуілдер, терроризм, жатырқау және енжарлық жағдайларында көрініс тауып отыр. Егер өрлеуді тоқтату бағытында қажетті қадамдар жасамаса, онда адамзат өмірінде экологиялық тоқыраулар, генетикалық апаттар, эпидемиялар, ядролық қирау, саяси ретсіздік сияқты қиыншылықтар туындайды. Өсу кедейшілік пен теңсіздікті жойған емес және жоя да алмайды. Техникалық прогресс жағдайды қиындата түседі, өйткені ол жеке бостандықты жояды.
Әйтсе де, бұл «нөльдік өсу» концепциясы теориялық тұрғыда да, іс жүзінде де жеңіліс тауып келеді. Экономистердің басым көпшілігі өсуді жалғастыру концепциясын қолдайды. Өйткені, экономикалық өсу өмір деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтердің азық-түліктердің, киімдер мен пәтер-үйлердің, жоғарғы дәрігерлік қызмет көрсетудің деңгейі жоғары болса, онда олар өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұған қоса бос уақыттың, көңіл көтерудің, молшылықтың, өнер мен жеке бастың жұмыла қимылдауы өмір сапасын көтере түседі. Экономикалық өсу кедейліктiң мәселелерін шешуге пайдаланылады және толық жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады. Дамыған елдердің соңғы ширек ғасырдағы бірқалыпты экономикалық өсуі ерікті жеке тұлғалардың іс-әрекетін шектеудің мүмкін еместігін көрсетіп отыр. Сондықтан да экономикалық өсуге кері әсерін тигізетін капиталдың жетіспеушілігі, энергия мен шикізаттық материалдардың тапшылығы мемлекеттік саясаттың басты объектісі болуға тиiс.
Қазіргі
кезде экологиялық жүйенің
Қоршаған ортаны қорғау бағытындағы экологиялық мәселелерге тек қана бар күштерді біріктіріп және үкімет назарын аударып қоймай, экологиялық тәрбие беру керек.
Бүгінгі
күннің негізгі мақсаты экономиканың
нарықтық қатынастарда дамуындағы оның
тұрақтылығы тек экологиялық тұрақтылық
пен әлеуметтік тұрақтылыққа тығыз байланысты.
Экономика тұрақтылығы әлеуметтік тұрақтылықты
жасағанымен экологиялық тұрақсыздықты
тудыруы мүмкін. Ал экологиялық тұрақсыздық
экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты
жоюға әкеледі. Демек, экономиканың тұрақты
дамуы тек экология және әлеуметтік салаларды
қаржыландыру болып табыл
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Назарбаев Н.Ә. Тұрақты даму - адамзаттың аман қалу амалы //Егемен Қазақстан. 4 қыркүйек. 2002.
2. Есекина Б. Проблемы интеграции принципов устойчивого развития в национальную экономику //Саясат. 2004. №7. – С. 11-14.
3. Кажыкен М. Устойчивость социально-экономической системы (десятилетию концепции устойчивого развития) //Транзитная экономика. -2001. №3. - С. 11-14.
4. Экономика США в будущем (проблемы и прогнозы). – М.: Прогресс, 1982. - С. 91-92.