Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 17:27, реферат
Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы.
Капитал айналымы
Кәсіпкерлік
іс-әрекет және жеке
шаруашылық принциптерінің
негізі. Кәсіпорын
капиталының ауыспалы
айналымы.
Мақсаты: Студенттерде кәсіпкерліктің негізгі экономикалық жағдайын: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қазметтердің алуан түрлері; тұтынушылардағы ақша –қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық –кемдігі; еңбек ақы қорының артық –кемдігі; қарыз (несие) беретін мекемелердің ақша ресурстардың болуы керек екендігін түсіндіру. Кәсіпкерлік қабілет, тәуекелділік, кәсіпкерліктің түрлері, Кәсіпорындардың негізгі формалары, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы, капитал айналымы жайлы түсіндіру.
Акционерлік қоғам; Белсенділік;
Кәсіпкер; Кәсіпорын; Өндірістік кооператив;
Серіктестік; Унитарлы кәсіпорын; Ұжымдар;
Фирма; Капитал; Айнымалы капитал; Негізгі
капитал; Қорлану; Тиімділік; Амортизация
Дәріс мән-мәтіні
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
Кәсіпкерліктің түрлері
Ұжымдық – құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктектер – адамдардың бірлетігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленгенмөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.
Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады.
Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.
Акцияларды
тек өз құрылтайшылары немесе алдын
ала белгіленген өзге адамдар
арсында таратылатын
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олрадың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық формалары.
Нарықтық
экономиканың негізгі экономикалық буыны
болып кәсіпорын (фирма) табылады. Кәсіпорын
(фирма) дегеніміз - бұл пайда табу
мақсатымен өндіріс факторларын қолданып
шаруашылықта еркіндік алған экономикалық
субъект. Ұйымдастыру формасына байланысты
кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді,
олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес,
серіктестік, акционерлік қоғам.
8.1. кесте
Кәсіпорындардың
негізгі формалары
Формалар | Артықшылықтары | Кемшіліктері |
Жеке шаруашылық -бизнем, иесі бір адам. |
|
|
Серіктестік
дегеніміз -бірнеше адамның немесе
заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық
жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма:
|
|
|
Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық. |
|
|
Ұжымдық кәсіпорындар
кооперативтік, мемлекеттік
Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық – праволық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
Төменгі кестеге баса көңіл аударып көрсеңіз және кәсіпкерлікпен айналасуға ойыңыз болса, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн болады.
Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды.
Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері: тәуекел; белсенділік; тәуелсіздік; тапқырлық; жауапкершілік; белсенді түрде іздену.
Кәсіпкерлікті іс-әрекеттің мәніне байланысты төмендегі түрлерге жіктеуге болады:
Фирма
көлеміне байланысты: шағын, орта және
ірі бизнес болып бөлінеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:
Кезкелген жағдайларда өзгерістерге жеңіл бейімделеді.
Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді.
Қазақстан
республикасындағы
Экономикалық теорияда капиталға беретін екі негізгі анықтама бар:
Бірақ, капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады.
Экономикалық
теорияның классиктері
Ұдайы
өндіріс өнеркәсіптік капиталды
пайдалану негізінде жүреді. Осы
процесте өнеркәсіптік капиталды пайдалану
негізінде жүреді. Ұдайы өндірістік
процесті, осыған қатысатын өнеркәсіптік
каиталдың функционалдық
А - Т …Ө ... Т1 - А1
Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:
А- Т ...
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - ондіріске жағдайлар жасау:
... Ө ...
Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн ондіру функциясын атқарады:
... Т1 - А1
Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталыньң функциясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.