Қоршаған ортада мониторинг ұйымдастыру іс-шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:33, реферат

Описание

Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ) былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім

Жалпы Мониторингқа түсінік
Қоршаған ортаның Мониторингі
Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен міндеттері
Аэроғарыштық экологиялық мониторин
Қоршаған ортаның мемлекеттік бақылауы және табиғат қорғау заңнамаларының орындалуы.

Қорытынды
Пайдаланыдған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

3soj.docx

— 114.40 Кб (Скачать документ)

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырып: Қоршаған ортада мониторинг ұйымдастыру іс-шаралары

 

 

 

Орындаған : Омар А.

Экология -104

Тексерген: Басығараев Ж.

 

 

 

 

Алматы-2012

 

 

 

Жоспар :

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім

 

    1.  Жалпы Мониторингқа түсінік
    2. Қоршаған ортаның Мониторингі
    3. Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
    4. Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен міндеттері
    5. Аэроғарыштық экологиялық мониторин
    6. Қоршаған ортаның мемлекеттік  бақылауы және табиғат қорғау заңнамаларының орындалуы.

 

    1. Қорытынды
    2. Пайдаланыдған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.    Кіріспе

  Қоршаған ортада мониторинг ұйымдастыру іс-шаралары

Экологиялық мониторинг-табиғи құбылыстардың және антропогендік  іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін, бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. “Мониторинг” деген термин “монитор”-сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жылы маусымда) “бақылау” ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ) былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті. Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы ауа мен топырақтың температурасының, қысымының, ылғалдылығының өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни тұрақтылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды. 
         Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады Осы процестердің өзгеруін бақылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет.

 

 

 

Мониторинг

 

Мониторинг (ағылш. monіtor – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, сақтандыру)[1] – қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі. Мониторинг термині Бөө-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясының алдында (1972) “бақылау” ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты Мониторингке деген қажеттілік артуда. Мыс., соңғы 10 жылдың ішінде 4 млн-нан артық жаңа хим. қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 мыңдай әр түрлі химиялық заттар өндіріледі. Мониторинг телевизор бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілім және т.б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторингтің: базалық, ғаламдық, аймақтық, авиацалық, ғарыштық, т.б. деңгейдегі түрлері бар. Базалық Мониторинг – жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу. Ғаламдық Мониторинг – Жер биосферасы мен оның экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау. Аймақтық Мониторинг – белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау. Авиациялық Мониторинг – экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау. Ғарыштық Мониторинг – экоқұбылыстарды ғарыштық құралдардың көмегімен бақылау. Бұл қоршаған ортаның өзгеру өзгешелігі мен ластану ошағын жедел анықтауға; экологиялық өзгерістің амплитудасы мен ондағы қарқынды процестерді бақылауға; техногендік жүйелердің бір-біріне әсер ету әрекетін анықтауға мүмкіндік береді.

Қоршаған ортаның Мониторингі – адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, адамдарға табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай-ақ Мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Мониторинг қызметі көптеген елдерде ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған ортаның дүниежүзілік мониторингі ортасы құрылды.

 

Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг

 

Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым,1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:

  1. қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.
  2. табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.
  3. қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.

Бақылайтын обьектілердің  ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:

Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:

  • биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
  • дистанционды (авиациялық және космостық);
  • аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).

Бақылау обьектілері бойынша:

  • қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);
  • биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).

Мониторингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегі кестеде көрсетілген.

 

 

 

 

Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен міндеттері

 

Қоршаған орта жағдайы мониторингі

Міндеті

Мақсаты

Бақылау

Анықтау

Бағалау

Болжау

Шешім қабылдау

Жетілдіру

қоршаған орта жағдайының өзгеруі

адам іс-әрекеті арқасында қоршаған орта жағдайының өзгеруіне алып келетін себептері

адам іс-әрекеті әсерін анықтап, өзгерісгерді бақылау

қоршаған орта жағдайында болатын өзгерісгер

адамның теріс іс-әрекеті нәтижесіндегі зардаптарды жою

қоршаған орта мен қоғам  арасындағы тиімді қатынастар стратегиясы


Сонымен, мониторингтің технология процестерін алгоритм түрінде былай бейнелеуге болады:

  • Өлшеу
    • талдау
      • сипаттау
        • моделдеу
          • дұрыс жолын таңдау.

Ic-әрекеттердің мұндай  алгоритмі қоршаған ортаның кез-келген мониторингіне тән.

Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:

Биологиялық мониторинг

- биологиялық орталардағы  (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.

Базалық мониторинг

- жалпыбиосфералық, яғни, тек  қазіргі кездегі ғана емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды бақылау.

 

Биосфералық мониторинг

 

- биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.

 

Биоэкологиялық  мониторинг

 

- табиғи ортаның жағдайын  оның адам денсаулығына әсері  тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін  көрсететін көрсеткіштер - ауруға  ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы  және т.б. қолданылады.

 

Геоэкологиялық  мониторинг

 

- табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.

 

Дистанционды мониторинг

 

- бұл авиациялық және  космостық мониторингтің жиынтығы. Кейде бұл ұғымға, көрсеткіштері  ақпараттарды жинау орталығына  беріліп отыратын, адам аяғы басуы  қиын жерлердегі приборлар арқылы  алыстан ақпараттарды беру әдістерін  (радио, спутник) де жатқызады.

 

Теңіздердің ластануы мониторингі

 

- теңіздер мен мұхиттардағы  судың сапасын білу мақсатында  ақпараттар алу үшін олардың  жағдайын болжау, бағалау және  бақылау жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды ластанудан қорғау шараларын жүргізуге қажет.

 

 

Құрлықтағы  сулардың ластануы мониторингі

 

- су ресурстарын үнемді  пайдалану және оларды ластанудан, құрғап кетуден қорғау шараларын  жүргізу үшін құрлықтағы сулардың  жағдайы туралы ақпараттар алу  мақсатында болжау, бағалау және  бақылау жүйесі. Су сапасының көрсеткіштеріне - температура, минералдану, рН, түсі, еріген оттегі, дәмі, ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар,пестицидтер және ең бастысы натрий, калий, кальций, магний, хлор, сульфат, карбонат, нитрат иондары жатады.

 

 

Ластаушы  көздер мониторингі

 

- ластаушы көздер арқылы  су обьектілеріне, атмосфералық  ауаға, топыраққа бөлінген заттардың  мөлшерін және ластану деңгейін  болжау, бағалау және бақылау  жүйесі.

Аймақтық  мониторинг

 

- антропогендік әсерге  ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар және олардың айналасындағы  аймақтар биосферасы туралы ақпарат  алу үшін бақылау.

 

          Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста болуы, ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.

         Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады. Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі - биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген өзгерістерді есепке алып отыру.

 

Аэроғарыштық  экологиялық мониторинг

Осы аэроғарыштық экологиялық  мониторинг жүргізу жүйесі геоақпараттық  технологияларды қолдануға, ғарыштық суреттерді қабылдау және өңдеу жөніндегі  қазіргі заманғы арнайы жабдық пен  математикалық бағдарламаларды  пайдалануға негізделген және барлық экологиялық деректерді ұдайы жинақтауға, талдауға және қорытуға, сондай-ақ экологиялық  жағдайды модельдеуге мүмкіндік  береді, бұл үздіксіз жаңартылып отыратын электрондық экологиялық картаны  құруға мүмкіндік берді.

2010 жылы геоақпараттық  жүйенің жаңа тиімді платформасы  негізінде үлкен мүмкіндіктері  бар және неғұрлым кең міндеттер  шеңберін шешуге мүмкіндік беретін  аэроғарыштық экологиялық мониторинг  жүйесінің жетілдірілген жаңа  нұсқасы әзірленді.

ҚМГ аэроғарыштық экологиялық  мониторинг жүргізуінің негізгі  міндеттері:

  • Атмосфералық ауаның ластану көздерін, соның ішінде ілеспе мұнай газын өртеу жөніндегі қолданыстағы шырақты қондырғыларды анықтау;
  • КТҚС мұнай дақтарын және ластану көздерін анықтау;
  • Магистральдық газ және мұнай құбырларының жоғары қауіпті тәуекелді учаскелерін анықтау;
  • Мазутталған аумақтарды анықтау және картаға түсіру, мазутталуды және ірі мұнай қоқысы қоймаларын ауданы бойынша жою серпінін бақылау;
  • КТҚС мұз жағдайын қадағалау;
  • Ақпаратты дерекқорда жүйеге келтіру және сақтау;
  • Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау.

Атап айтылғандай, аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүйесінің өзекті міндеттерінің бірі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мұнай дақтарын және ластану көздерін, соның ішінде мұнайдың төгілулерін анықтау және дәл математикалық модельдерді пайдаланып жақын арадағы 120 сағатта олардың тарауын болжау болып табылады. Осы міндеттің өзектілігі Мексика шығанағындағы аварияның экологиялық салдары аясында анықтала түседі.Әзірленген жүйе және қазіргі заманғы технологиялар табиғи және техногендік өрт, мұнай-газ құбырларындағы авариялар сияқты төтенше жағдайларды алыстан зондтау әдістерімен жедел анықтау және мониторинг жүргізу міндеттерінде тиімді пайдаланыла алады. 2010 жылғы 30 маусымда «Теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және олардың салдарын жоюға дайындықты қамтамасыз ету саласында ҚМГ қабылдаған шаралар туралы» баяндама шеңберінде жүйе Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның қаруына ұсынылған және мақұлданған болатын.

Аэроғарыштық  экологиялық мониторинг жүйесін құру тәжірибесі Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігінің (JICA) Жапония мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес Каспий өңірін зерттеу жөніндегі есебіне енгізілді. тарату мемлекеттік күзет орындарының саны нормативтік талаптардың негізінде халық санымен, жергілікті рельефтер, ластанудың фактілік деңгейін есепке алу арқылы анықталады

Атмосфералық ауа жағдайының мониторингін Қазақстан Республикасы қоршаған орта жөніндегі Министрліктің 

Aэрология бойынша: ауа  температурасы, дымқылдық, шық  нүктесінің дефициті, желдің бағыты  мен жылдамдығы туралы мәліметті  кез келген атмосфералық биіктіктен (жерден 30 км қашықтыққа дейін) жердегі және жоғарыдағы инверсиялар туралы мәлімет.

Tабиғи ортаның ластануы  бойынша: қалалардағы атмосфералық  ауаның ластану деңгейі

Информация о работе Қоршаған ортада мониторинг ұйымдастыру іс-шаралары