Шымкент қаласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 16:28, реферат

Описание

Шымкент қаласының экологиялық жағдайы да қиындап барады. Автокөлiктердiң күрт көбеюi, iрi кәсiпорындардың ескiрген құралдармен жұмыс iстеуi ауаның қоршаған ортаға керi әсерiн тигiзетiн зиянды заттармен бүлiнуiне әкелiп соғуда.

Работа состоит из  1 файл

Шымкент қаласының экологиялық жағдайы да қиындап барады.doc

— 46.00 Кб (Скачать документ)


Шымкент қаласының экологиялық жағдайы да қиындап барады. Автокөлiктердiң күрт көбеюi, iрi кәсiпорындардың ескiрген құралдармен жұмыс iстеуi ауаның қоршаған ортаға керi әсерiн тигiзетiн зиянды заттармен бүлiнуiне әкелiп соғуда.

 

– Бұрынғыша шаһардың оңтүстiк бөлiгiн ауыр металмен ластайтын «Южполиметалл» АҚ ӨК экологияны нашарлатудың негiзгi себепшiсi болып отыр. Осы күнге дейiн өндiрiстi жаңарту қолға алынбағандықтан қорғасынмен ластанған аумақ тазаланбай тұр,–дедi Шу-Талас экология департаментi ОҚО филиалының бөлiм бастығы Р.Өтебаев. Оның айтуынша, мекемелерде таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдануға, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу мақсатында экологиялық сараптама органдарымен ауаға шығарылатын шектiк мүмкiндiк нормативтерiне белгiлi дәрежеде қатаң шектеу қойылды. Лас заттарды ауаға шығарудың шектiк мөлшерi бұрын жылына 31 мың тонна болса, ендi 11 мың 676 тоннаға дейiн, яғни 2,5 еседен астам төмендетiлген.

 

Бүгiнгi күннiң ең өзектi түйткiлiнiң бiрi — тұрмыстық қалдықтарды жою мен тазалау жүйесiнiң тиiмсiздiгi. Облыс орталығында қатты тұрмыстық қалдықтарын тастайтын аймақ 1980 жылдан берi пайдаланылып келедi. Оның жалпы аумағы — 45 гектар. Пакет пен баклашка өркениеттiң жетiстiгi ретiнде өмiрiмiзге мықтап ендi. Олардың экология мен тазалыққа келтiретiн зияны шашетектен. Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, жыл сайын дүниежүзi бойынша триллион тоннаға жуық полиэтилен пакеттерi шығарылатын көрiнедi. Ең қауiптiсi, бұл пакеттердi қайта өңдеу мүмкiн емес, өзi тiптi шiрiмейдi екен.

 

– Пакет 50-60 жылға дейiн бүлiнбей жата бередi де сол жердi ластап, құнарлығын жояды. Мәселен, жылыжайдағы өсiрiлген өнiмдердi жинаған соң пленка орнында қалып кетсе, келер жылы ол жер өнiм бермейдi,–дейдi эколог-маман А.Асанов. Құрамында химиялық элементтер бар қалдықтардан қала тұрғындары көптеп зардап шегуде. Соңғы жылдары шымкенттiктер арасында тыныс алу жолдарының бiтелiп, демiкпеге, басқа да түрлi аллергиялық дертке шалдығушылар санының артып кетуi осының дәлелi.

 

Тұрмыстық қалдықтарды жинау ашық әдiспен жүргiзiлуде. Топырақпен жабу қолданылмайды. Ал, соңғы бес жылдың iшiнде жиналған қалдықтардың орташа көрсеткiшi 250 мың текше метрдi құрайды. Коқыс тастайтын полигонда қалдық өртенген жағдайда ауа улы заттармен ластанады. Тiптi, қалалық қоқыс тастайтын аймақта құрылыс жүрiп жатқанын қалай түсiнуге болады? Ал тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтiн зауыт салу, қалдықтарды жинау мен тасымалдауға мамандандырылған арнайы қызмет түрiн пайдалану әлi қолға алынбай отыр.

 

Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң мәлiметiне қарағанда, инвестициялардың жоқтығынан жаңа типтi қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу мәселесi шешiмiн таппай келедi екен.

 

Облыс экологтарының айтуынша, радиациялық қауiпсiздiктiң түйткiлдi жолдарын шешу үшiн уран өндiрушi мекемелердiң жұмысына қатаң бақылау орнату қажет. Өйткенi, елiмiздiң уран қорының негiзгi бөлiгi (62,7%) Созақ ауданы Шу-Сарысу уран кенi аймағында шоғырланған. Сондай-ақ, бұрынғы фосфор зауытының өндiрiс ауданын қауiптi дәрежеге жататын қалдықтар жайлаған.

 

Зиянды қалдықтар Кентау қаласындағы кен байыту фабрикасының орнында да сақталған. Оның жалпы көлемi 333,2 гектарды құрайды және 135,4 млн. тонна қалдық жинақталған. Бiрақ Байжансай, Хантағы және Байылдыр қалдық қоймаларының бiр бөлiгi мемлекет есебiнен жабылған.

 

Қоршаған ортаны жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен қыруар қаржы бөлiнiптi. Ал табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қатты тұрмыстық қалдықтарды қоса есептегенде төлемақысын 2 есеге көтерудi көздейтiн жоба әзiрлеп отыр. Сондай-ақ, қоршаған ортаны ластаушы кәсiпорындарға бақылау орнатуды мейлiнше қатайту қолға алынбақ.

 

Жаңа жоба iске асса, оның қоғамға қаншалықты пайдалы болмағын әзiрге тап басып айту қиын. Оған — уақыт төрешi. Дегенмен, жағдайымызды жақсарту жолы өз қолымызда екенiн ескерсек, кез келген мәселенiң шешiмi адам баласының ынтасына байланысты. Бақылауды күшейткен де жөн. Бiрақ, бұл iсте ең алдымен әрбiр қазақстандықтың елге деген жанашырлығы қажет-ақ. Сонда ғана бұл шаралар қоршаған ортаны ластауға тосқауыл қойып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға септiгiн тигiзедi деген ойдамыз.

Атмосфералық ауаның ластану проблемалары

 

    Оңтүстік Қазақстан облысының атмосфералық ауасының аса ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған және негізінен олар ластауыш заттардың валдық шығарындыларын түзеді де, өңірдің әуе бассейнінің жалпы жағдайына әсер етеді. Егер, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның экологиялық жағдайы нашар алты өңірдің біріне жатса, Шымкент қаласы автокөлік түтінімен ең жоғары ластанған қалалардың үштігіне кіреді. Автокөлік санының артуы, әсіресе облыс орталығында, ерекше алаңдаушылық тудырады.

Атмосфералық ауаны жылжымалы көздердің ластауыш заттарының шығарындыларымен ластағаны үшін төлемдерін анықтау әдістемесінің негізінде Шу-Талас экология департаментінің Оңтүстік Қазақстан филиалы мамандарымен жасалған алдын-ала есептер бойынша соңғы 5 жыл ішінде жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары 2 еседен астам көбейген. Жылжымалы көздерден ластауыш зат шығарындыларының көбеюі облыс аумағында автокөлік санының артуымен байланысты болып отыр. Мәселен, егер 2003 жылы автокөлік құралдарының саны 84488 бірлікті құраса, 01.12.2009 ж. ОҚО ІІД жол полициясы басқармасының ақпараты бойынша заңды және жеке тұлғалардың 358 394 бірлік көлік құралдары тіркелген.

 

2003-2008 жылдарға жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары (тонн)

 

Жылдар                                                                      2003*              2004*              2005*              2006*              2007*              2008*

Южно-Казахстанская область

Ластауыш зат шығарындылары, барлығы    53278              67957              81171              98024              112204              121480

 

 

         * - ластауыш заттардың шығарындыларының мәні есептік жолмен алынған.  

 

2007-2008 жылдарға Оңтүстік Қазақстан облысының аса ірі табиғат пайдаланушыларының тұрақты көздерінен атмосфераға шығарылатын ластауыш заттарының шығарындыларының салыстырмалы анализі

                                                                                                                                             Кесте

№ р/с                          Атауы              Зиянды зат шығарындылары, мың тонна              Төмендеуі, көбеюі %, есе

                                                                                      2008г.              2007г.

1«Петро Қазахстан Ойл Продактс» ЖШС              16,816              16,779                                                      + 0,22 %

 

2 «Южполиметалл» ӨК» АҚ                                          1,098              8,51                                                       - 87%

 

3«Шымкентцемент» АҚ                                         1,463    2,261                                                      - 35%

 

4 «3-Энергоорталық» АҚ                                         1,586     0,741                                                   + 2 есе

 

 

*№2ТП-ауа стат.есебінің мәндерінен алынған.

Кестені анализ жасап отырып келесілерді байқауға болады: 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы  «Южполиметалл» ӨК» АҚ-да (87%), «Шымкентцемент» АҚ-да (35 %) ластауыш зат шығарындылары төмендеген, сәйкесінше, негізгі металлургиялық кешеннің тоқтап қалуымен және цемент шығарудың төмендеуімен байланысты. «Петро Қазахстан Ойл Продактс» ЖШС-де (0,22 %) мұнай өңдеудің азырақ өсуіне байланысты шығарындылар да көбейген.  «3-Энергоорталық» АҚ кәсіпорнында 2008 жылы ластауыш заттардың 2007 жылмен салыстырғанда өсуі (2 есе) қазандықтардың жұмыс істеуіне отын шығынының артуына және Шымкент қаласындағы халыққа қызмет көрсету зонасы бұрын 1,2-ЖЭС қызмет көрсететін аймақтардың қосылуымен кеңеюіне байланысты болды.

 

Тұрақты көздерден ластауыш заттардың шығарындылары, тоннамен

Жылдар              2004                              2005                              2006                                    2007              2008

Барлығы              31075,9              36763,1              38921,4              39899,179              40360,135

 

Ластауыш заттардың шығарындыларының өсуі ЖЭО-да сұйық отын шығынының артуымен және қатты отын қазандықтарын пайдаланумен байланысты.

 



Информация о работе Шымкент қаласы