Симбиоз. Жыртқыттык. Паразитизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 17:52, реферат

Описание

Биотикалық факторлар - бір организмдердің тіршілік етуі барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым- қатынастардың негізгі типтері: бәсекелестік, жыртқыштық, комменсализм, мутуализм, симбиоз, синойкия, паразитизм. Биоңенозда әртүрлі түрлер арасында белгілі бір қарым- қатынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістіктік қарым-қатынастар да негізгі роль атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, құстар және жануарлар арасында болады.

Работа состоит из  1 файл

биотикалық факторлар.docx

— 20.56 Кб (Скачать документ)

Симбиоз. Жыртқыттык. Паразитизм

           Биотикалық факторлар - бір организмдердің тіршілік етуі барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым- қатынастардың негізгі типтері: бәсекелестік, жыртқыштық, комменсализм, мутуализм, симбиоз, синойкия, паразитизм. Биоңенозда әртүрлі түрлер арасында белгілі бір қарым- қатынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістіктік қарым-қатынастар да негізгі роль атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, құстар және жануарлар арасында болады.

Бәсекелестік - бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара корек, тұрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жагдайьшдағы қарым-қатьшастарының көрінісі. Кезінде Ч.Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы  ретінде бағалаған. Бұл көрініс  өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады.

Мысалы, кәдімгі шыршалардың  өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу арқылы популяңиясын реттеуі  жатады. Тұраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айқын білінсе, бірде  онша байқалмайды. Сондықтан эколог Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша  екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде  басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл әрине  Қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес басқа  да (мінез-құлық, . тұрағы үшін, аумақтық т.б.) факторлардың жетіспеуінен де болады.

Жыртқыттык - қорек, аумақ, т.б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді. Жыртқыштық - түрлер арасында болатын қарым-қатынастардың ең жоғарғы формасы. Жыртқыштық организмдер үшін оңайға туспейді. Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен іздеп тауып, үстауы қажет. д л жемтік өз кезегінде жауынан қорғану үшін жоғары бейім- делушілік қасиетке ие болады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы дамып, организм бойында морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық т.б. өзгерістерге алып келді. Олар өсімдіктерде тікен, қабық , жағымсыз иіс түрінде білінсе, жануарлар дүниесінде улы бездер, панцирлер, қорғаныс түстер, мінез- құлкының өзгеруі, түрін өзгерту, денесінің кейбір мүшесін бөліп тастау, қашып кету, жасырыну т.б. құбылыстар арқылы жүзеге асады. Тіпті құстар, тұз тағылары сес көрсетіп, қарсы шабу, қатты дыбыс шығаруға дейін бейімделген. Эволюция барысында кейбір жыртқыштар жемтігін таңдап жеуге, екіншілері көпқоректілерге айналған. Мәселен, қасқыр көпқоректі болса, ал кейбір құстар тек балықпен қоректенуге бейімделген. Тіпті кейбір ірі жыртқыштар қорегін таңдаумен қатар өзіне тән агрессивті, баяу, кейде пассивті (өлекселермен қоректенетіндер) формалары келіп шыққан.

 

Сондай-ақ табиғатта жәндіктермен қоректенетін де автотрофты өсімдіктер болады. Олар жәндіктерді еліктіріп, қармап алады да органикалық қышқылдар  мен ферменттердің көмегімен  қорытады. Жәндіктермен қоректену арқылы өсімдіктер субстраттағы азоттың және басқа жа қоректік заттардың жеткіліксіздігін осылай толтырады. Жәндіктермен қоректенетін 500-ге жуық өсімдіктер белгілі (көпшілігі  тропикада кездеседі). Әдетте мұндай өсімдіктер топырақта азот, фосфор, калий элементтері жеткіліксіз  жерлерде (суларда, батпақты жерлерде) өседі. Жәндіктерді еліктірудің  жолдары да әртүрлі: біреулерінде су асты жапырақтарының қапшық сияқты мүше түзуі, екіншілерінде (непентес) жапырақ  сағағының жоғарғы жағы құмыра тәрізді  болады. Беті жылтыр болғандықтан жәндіктер  одан тайып кетіп отырады. Альдрованда  өсімдігінін жапырагы жабысқақ сүйықтық бөлетін қызғылт түкті болып  келсе, дионея өсімдігінің жапырақтары  қақпан сияқты жабылады . Кейбір өсімдіктер күніне бірнеше ондаған жәндіктермен қоректенеді.

Адам баласы жыртқыштар мен  құстарды байқап олардын міңез - құлқына  қарай ат қойып, колға үйретіп, мәдени формаларын шығаруға үмтылып отырған. Кейбір кезеңдерде жыртқыш аң мен  құстарды «зиянды», «қас жау», «құбыжық»  санап көпе-көрнеу қырып-жойып отырған. XIX ғасырдың бас кездерінде жыртқыпггарды (қасқыр, жыртқыш құстар, т.б.) адам баласы жойып тарихта күтпеген экологиялық  апаттарға үшырап отырған. Мәселен, касқырларды қырып түз тағыларының  арасындағы жұқпалы аурулардың тез  таралып андардың қырылуы немесе жыртқыш құстарды қырып керісінше  ауру таратқан кеміргіштердің қаптап кетуі (Қытай жерінде) т.б. көптеген факторлар осының айғағы болса керек. Шын мәнінде, жыртқыш жануарлар  өте пайдалы организмдер екені  қазір баршамызға мәлім. Олар «дала  санитары» ретінде биоценоздағы түрлер арасындағы тепе-тендікті сақтап, оның даму ырғағын реттеп отырады. Яғни, жыртқыш - табиғи срыптаудағы негізгі  жетекші фактор. Нәтижесінде популяциялардың  сапалық құрамы прогрессивті түрде  дамып отырады. Ал өз кезегінде жемтік те жыртқышқа тікелей эсер ете  отырып, оның прогрессивті дамуына  ықпал етеді. Осылайша қарама-қарсылықтың  әсері эволюцияның қозі аушы күшіне айналып жыртқыш пен жемтіктің  ара салмағын реттеп отыратыны анық.

Жыртқыш (царазит) - жемтік (ие) жүйесіндегі тураралық   қатынастар   таза   күйінде   табиғатта болмайды. Себебі, жыртқыш  тек  бір түрмен  ғана қоректенбейді.

Паразитизм - бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік етуі. Паразиттік құбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бұл процестер бактериядан бастагі жоғары сатыдағы организмдер арасында кездеседі. Әсіресе бұл қарым-қатынас вирус, бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, құрттар арасында жиі кездеседі. Сол сияқты өсімдік пен өсімдік, жануар мен жануар, өсімдік пен жануар арасында да паразиттік құбылыс жақсы дамыған. Паразиттердің қоректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олиго-полипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы (эктопаразиттер) және ішкі (эндопаразиттер) паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы да немесе өте қауіпті ауру тарататын түрлері де баршылық . Бірақ, олардың қай түрі болмасын табиғатта орны толмас ролі бар. Мәселен, біздің Жерімізде кездесетін зиянкес жәндіктердің паразиттері олардың табиғаттағы санын реттеп ауыл шаруашылығына мол пайда әкеледі. Бір ғана құм тышқанының үстінен ңемес ішкі мүшелерінен паразиттің 19 түрі табылған. Ал адамның ішек- қарын, өкпе, бауырларында кездесетін аскарида, эхинококк, т.б. организмдер паразиттер қатарына жатады.

        Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы, тіптен қатерлі аурулар (сүзек, тырысқақ, безгек, энцефалит, оба, т.б.) таратады. Олардың қатарына Қазақстан аумағында жиі кездесетін маса, сона, бүрге, кенелер жатады. Әсіресе республикамыздың шөл- шөлейтті аймағында кездесетін маса, бүрге, кенелердің биологиясын білу олармен күресгі, сақтануды жеңілдетері сөзсіз. Көптеген жануарлар (түлкі, қоян, жыртқыш құстар, қарсақ, т.б.) паразиттерді таратушылар ретінде роль атқарады. Ал Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы алқаптарында кең таралып отырған жапон энцефалитінің қауіпті паразит екенін бәріміздің білгеніміз жөн.

        Симбиоз - екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір- біріне зиянын тигізбей, керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік биті, шаян мен актиния, акулалар мен жабысқақ балықтар арасындағы селбесіп тіршілік ету осы қарым-қатынасқа жатады. Қыналар - балдыр мен саңырауқұлақтың селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады. Өсімдіктердің тамыр жүйесінде, ағашты өсімдіктерде майда тамырлардың сыртын орап (эктомикориза), шөптесін өсімдіктерде тамырлардың ішіне еніп (эндомикориза) селбесіп тіршілік ететін саңырауқұлақтар бар. Олар өсімдіктерді ылғалмен, минералды заттармен қамтамасыз ете отырып, өз кезегінде олардан өздеріне қажетті органикалық заттарды алады.

        Симбиоз (селбесу) дегеніміз — әр түрге жата даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде. пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мысал бола ал; Олардың ас ңорыту жолдарында талшықтылар кендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттерінің болмауына қарамай ағашпен қоректен қабілетті. Мұны олардың орнына талшықтылар ж ге асырады. Ал нәтижеде түзілетін қантты термиттер пайдаланады. Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды.  
Өсімдіктердің арасындағы  симбиозға  жақсы  мысал – қыналар. Қыналар, балдырлар   мен   саңырауқұлақтар - селбесіп  тіршілік  етуі  нәтижесінде  түзіледі.  
Әріптестік  бірігіп   тіршілік   ету.    Екі   популяция бірлестік   түзеді.   Бірақ   бұл   бірлестік   міндетті   емес.   Әр бөлек   тіршілік   ете   алады,   бірақ   бірігіп   тіршілік ету   екеуіне   де   пайдалы.   Мысалы,   құстардың   бірнеше түрінің   бірігіп   ұя   салуы,   тырна   мен   крачка,   олардың бірігіп  өмір сүруі жауларынан  қорғануды  жеңілдетеді. 
Комменсализм (француз тілінен аударғанда commensal — бірге тамақтану). Бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай зиян келтірмейді. Комменсализм паразитизмге қарағанда симбиозға жақындау. Мысалы, жабысқақ - балық ірі балыққа бекініп алады да, онымен бірге қозғалады және оның тамағынан қалған заттармен қоректенеді. 
Жер бетінде мекендейтін қоңыздарда (қиқоңыз, өлексе қоңызы және т.б.) гамазды кенелердің қозғалғыш дернәсілдері кездеседі. Осындай әдіспен олар таралады. 
Амменсализм (латын тілінен аударғанда mensa тамақ, азық). Бір популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынастар. Мысалы, зең саңырауқұлақтарының бактериялармен қатынасы. Зең саңырауқұлақтары бөліп шығарған антибиотиктер бактерияларды жояды. 
Жыртқыштық. Популяциялардың  біреуі  екіншісіне қолайсыз  әсер  ете  отырып,  пайда  алады.  Әдетте  жемтігін жыртқьш  өлтірп, онымен  қоректенеді. «Жыртқыш - жемтік»     қатынасының     негізінде     қоректену     тізбегі жатыр.   Жыртқыштарды   зиянды   жануарлар   деп   бір жақты   қарастыруға   болмайды.   Себебі,   әдетте   жыртқыштың аузына  ауру   және  әлсіреген   даралар   түседі де, аурудың   таралуының   алдын   алып,   популяцияны сауықтырады.    Мысалы,    қасқырлар    орманды    тундра мен     тундрада     солтүстік     бұғыларының     интенсивті көбеюі мен тіршілік қабілеттілігін арттырады. 
Паразитизм   (грек   тілінен   аударғанда   parasitus – арамтамақ). Бір     түр     (паразит)     екіншісінің  (иесі) денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түрарлық қарым-қатынастарды паразитзм деп атайды. Адам тамаққа шикі немесе шала піскен етті пайдалану нәтижесінде сиырдың таспа құрттарын жұқтырады. Адамның   ас   қорыту   жолына түскен   құрттар  ересек  таспа   құртына  айналып,  сорғыштарымен   ішек   қабырғасына   бекінеді.   Адамның   ішектері    құртты    сумен,   қорекпен   және   жылы    ортамен қамтамасыз  етеді. 
Биотикальщ   қатынастардьщ    түрлердің    санын реттеудегі маңызы.   Түраралық   қарым-қатынастар ценоздардағы    ағзалар    санының    динамикасында рөл   атқарады.   Жыртқыштар   жемтіктерін   жоя   отырып, олардың   санына   әсер   етеді.   Паразиттердің   де осындай,    иесін    әлсірете    отырып,    олардың    көбеюін тежейді,  тіпті  өліміне  де  әкеліп  соқтыруы   мүмкін.  
Бәсекелестік   қатынастарда,   жыртқыштық   пен паразитизм   құбылыстарына  ертеден   экологтар  назар аударып   келген.   Солардың   ішінен   А.   Лотканың   ( 1923, 1925  ж.ж.)  жұмыстары   ерекше  орын   алады.  Ол   алғаш рет   жануарлардың   паразит - иесі   жүйесіндегі өзара қатынастардың  математикалық  үлгісін  (модель)  ұсынады. 
А.   Лотканың   жасаған   тұжырымы:   паразиттердің өздерінің  иелерін   жоюы  тек   паразиттердің  санына емес,  иесінің  санына  да   тәуелді  болады.  Иесінің белгілі   бір   санына   сәйкес   келеді   және   иесінің   популяциясының тығыздығының артуына байланысты  паразит популяциясының   тығыздығы   артады.   Паразит   санының  артуы  иесінің  санының  кемуіне  әкеледі  де,  соңғысы  қайтадан  паразиттер  санының  кемуіне  әкеледі. Осылайша толқынды түрде иесі мен паразиттің популяцияларының саны периодты түрде ауытқып отырады. 
Мұнда динамикалық өзін - өзі реттеуші жүйе жұмыс істейді. Паразитті санының арту толқынынан соң, иесінің санының арту толқыны кезектесіп келіп отырады. Паразит  - иесі жүйесінжегі популяциялардың өзара әсеріне толық сәйкес келеді. 
Өзінің зерттеулері негізінде В. Вольтерр үш заңды тұжырымдайды: 
1)      периодтық   цикл   заңы.   Екі   түрдің   санының ауытқулары     периодты     болады.     Жыртқыш пен   жемтігінің   популяцияларының   өсу   коэффициенті   мен   бастапқы   салыстырмалы   санына байланысты   болады; 
2)      орташа   шамалардың   сақталу   заңы.   Екі   түрдің   популяцияларының   орташа   саны   бастапқы    санына    тәуелсіз,    популяцияның    үлкеюі мен   кішіреюі,   жыртқыштардың   көбею   интенсивтілігі    тұрақты    болғанда,    тұрақты    болып қалады; 
3)      орташа   шамалардың   бұзылу   заңы.   Егер   екі түрдің даралары   олардың   популяцияларының тығыздығына   пропорционалды   түрде   жойылса,   онда   жемтігінің   популяциясының   орташа саны   артады,   ал   жыртқыш    популяциясында кемиді. 
 
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.    Бейсенбаева А. С. Экология, Алматы, Ғылым, - 2001 
2.    Бродский А. К. Жалпы экологияның қысқаша курсы, Алматы - 1998 
3.    Жатқанбаев Ж. Ж. Экология негіздері, Алматы–2003 
4.    Одум Ю. Экология 2 том. Мир – 1986  
5.    Соғымбаев Г. Экология және экономика, Алматы-1997


Информация о работе Симбиоз. Жыртқыттык. Паразитизм