Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 14:27, реферат
Экология – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, сыртқы қоршаған ортасымен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым. Бұл терминді ғылымға неміс зоологы Э.Геккель 1866 жылы « Организмдердің жалпы морфологиясы » деген еңбегінде ұсынған. Термин грек сөзінен шыққан, « ойкос- oikos» - үй, тұрақ, мекен , «logos»- ғылым деген мағынаны береді.
Экологияның жеке ғылым болуына себепкер алғышарттар:
1. Табиғат жөніндегі ілім-білім дамуының табиғи сатысы.
2. Өнеркәсіптің, ауыл шарушылығының, транспорттың жылдан-жылға қарыштай дамуы табиғаттың жекелеген нысандары ғана емес, тұтас экологиялық жүйелердің де мүлдем жойылып кетуіне әкеліп соқтыруда.
Кіріспе
Экология – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, сыртқы қоршаған ортасымен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым. Бұл терминді ғылымға неміс зоологы Э.Геккель 1866 жылы « Организмдердің жалпы морфологиясы » деген еңбегінде ұсынған. Термин грек сөзінен шыққан, « ойкос- oikos» - үй, тұрақ, мекен , «logos»- ғылым деген мағынаны береді.
Экологияның жеке ғылым болуына себепкер алғышарттар:
1. Табиғат жөніндегі ілім-білім дамуының табиғи сатысы.
2. Өнеркәсіптің, ауыл шарушылығының, транспорттың жылдан-жылға қарыштай дамуы табиғаттың жекелеген нысандары ғана емес, тұтас экологиялық жүйелердің де мүлдем жойылып кетуіне әкеліп соқтыруда.
3. Көптеген техникалық мәселелердің дұрыс шешілмеуі, экологиялық заңдылықтарды жақсы білмеу, табиғатты ұтымды пайдалануға қажетті білім тәжірибесінің болмауы экологияның нақтылы ғылым ретінде қалыптасуына түрткі болды.
Организмдердің құрылысы мен дамуы ғана емес, олардың өздері тіршілік ететін ортасымен қарым-қатынастары да белгілі бір заңдылықтарға бағынатындығын түсіну жүзеге асты, мұның өзі осы жайттарды ұқыпты түрде зерттеу қажеттілігін туындатты.Осыған байланысты қазіргі таңда экология және экологиялық мәселелер алдыңғы қатарлы әлемдік мәселеге айналды.
Тұрақты даму ұғымының мағынасы « болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне қауіп төндірмей, қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру».
«Тұрақты
даму» термині алғашында
Тұрақты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. 1972 жылы басылған "Өсу шегі". Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі өз шегіне жеткендігі және әлемнің тұрақты дамуының жаңа тұжырымдамасының қажеттілігі көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік өндірістерді көшіру, зиянды өндірістерді жабу (көмір шахталары, тілімдер, карьерлер және т.б.) және басқалар басталды.
1980-ші жылдары
«Тұрақты даму» термині
Негізгі бөлім
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының жақын арадағы таусылу мүмкіндігі, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жоқ долып кетуі және сондай-ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр. Кейбір елдерде, әсіресе жоғарғы дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық , адамдардың денсаулығы бұзыла бастады. Осындай елдердің қатарына Қазақстан да кіріп отыр.Өзен,көлдердің тартылуы,химиялық қалдықтармен ластануы,қоршаған ортаның ластануы зор продлемаға айналуда. Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын үнемді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру, ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізуде. Табиғаттың өзгеруді қаламайтыны белгілі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері бірден байқалмайды, тек ұзақ жылдардан соң бір нәрсені өзгерту немесе түзету өте қымбатқа түскенде кейде тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді.
Елімізде
де зкологиялық мәселелер қараусыз
қалмауда. Мәжілістің Экология және табиғатты
пайдалану мәселелері бойынша комитетінің
депутаттары Үкіметке біздің өңірімізде
қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға
арналған ауқымды жобалар бойынша бірқатар
сұраныстар ұсынбақшы. Осы туралы Өскеменде
Парламент Мәжілісінің депутаттары, министрліктер
мен ведомстволар және үкіметтік емес
ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өткен
Экологиялық комитеттің көшпелі отырысында
айтылды.Мұндай кең ауқымды экологиялық
форум Шығыс Қазақстанда алғаш рет өткізіліп
отыр. Комитеттің көшпелі отырысын өткізу
орны да бекер таңдалмаған. Бүгінгі
күні экология мәселесі Өскемен қаласы
үшін ең өзектілердің бірі болып табылады,
өйткені Өскемен қаласы бірегей урбанизацияланған
жүйені көрсететін Қазақстанның өте ірі
өнеркәсіптік орталықтарының бірі болып
табылады.
Қалада қалыптасқан экологиялық ахуалды
ескере отырып, жергілікті атқарушы билікпен
экология мәселелеріне және қоршаған
табиғат ортасын жақсарту мен тұрақтандыруға
бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларының
орындалуына көп көңіл бөлінеді, олар
облыстық және жергілікті бюджет есебі
қаражатындағыдай, табиғат пайдаланушы
кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен
де жоспарлануда және жүзеге асырылуда.
«2008-2010 жылдарға арналған ШҚО қоршаған
ортаны қорғау» өңірлік бағдарламасының
аясында Өскемен қаласына шарт бойынша
жоспарға сәйкес 2010 жылы облыстық бюджет
қаражатынан 54,6 млн. теңге бөлінді, олар
жыл қорытындысы бойынша 100 % мөлшерінде
игерілді.
2010 жылға арналған шарт бойынша нақтыланған
жоспарға сәйкес Өскемен қаласын көріктендіру
бойынша табиғатты қорғау іс-шараларын
жүзеге асыруға жергілікті бюджет қаражаты
есебінен 12,1 млн. теңге бөлінді, олар 100
% мөлшерінде игерілді.
Өскемен қаласының табиғатты пайдаланушы
– ірі кәсіпорындарымен («Қазмырыш» ЖШС,
«ҮМЗ» АҚ, «ТМК» АҚ, «АЭС Өскемен ЖЭО» және
«АЭС Согралық ЖЭО» ЖШС) 2010 жылы жоспарланған
табиғатты қорғау іс-шаралары жыл қорытындысы
бойынша жоспарланғанның 108 % игерілді.
Өскемен қаласы әкімінің төрағалығымен
экология мәселесі бойынша жұмыс тобы
құрылды, оның құрамына облыс жұртшылығы
Кеңесінің сараптамалық комиссия өкілдері
кіреді. 2010 жылы жұмыс тобының 12 отырысы
өткізіліп, оның жұмыс барысында қала
үшін бірінші кезектегі келесі экологиялық
мәселелер зерделеніп, қарастырылды:
1. 2005-2009 жылдар аралығындағы қала атмосферасының
ластануына талдау жүргізілді;
2. Қаланың орталық бөлігінде көлік құралдарын
доғаруды шектеу арқылы қаланың орталық
көшелері босатылды және светофорлар
жұмысының мерзімділігі реттелді;
3. Қаланың жолаушылар тасымалдаушы кәсіпорындарының
жылжы-малы құрамы шығындылар нормасына
сәйкес тексерілді;
4. Су деңгейінің төмендегені үшін Ертіс
алабын егжей-тегжейлі зерделеу бойынша
жұмыс жүргізілді, оның қорытындысында
Ертіс алабы су деңгейінің төмендеуі табиғатты-климаттық
өзгерістерге байланысты болатындығы
анықталды;
5. Атмосфера ауасының ахуалын мониторингтеу,
зиянды заттарды бейтараптау және су ағысын
тазалау бойынша басқа елдердің тәжірибесі
зерделенді және оларды Өскемен қаласына
енгізу мүмкіндіктері қарастырылды.
Облыстың табиғи ресурстар
бойынша жоғарғы потенциалы бар, және
сәйкесінше мұнда өңір аумағында орналасқан
Қазақстанның тау-кен өндіру саласындағы
жетекші кәсіпорындары, индустриясы дамуда.
Бұл қосымша экологиялық проблемаларды
туындатады. Бұл отырыс бірінші кезекте
осы жерде тұратын адамдардың денсаулығына
әсер ететін экологиялық проблемаларды
шешуге көмектеседі деп ойлаймын. Және,
әрине экология саласында жүзеге асырылатын
заңнамалық актілерді жақсартуға әсер
етеді.
Мен Үкіметіміздің көмегімен және Парламент
тарапынан заңнамалық қолдау арқылы қазірден
бастап шешу керек болатын қоршаған ортаны
қорғаудың негізгі мәселелерін белгіледім.
Бірінші кезекте әңгіме Семей сынақ ядерлық
полигонының әсері, сондай-ақ Өскеменнің
ауа атмосферасының жағдайы және еліміздің
ірі су тамырларының бірі – Ертіс өзенін
ластанудан қорғау туралы.
Бірінші мәселе
– ауа сапасына қатысты. Әрине, Казгидромет
жұмыс істеп тұр. Станциялар Өскеменде
де бар. Ал біздің ойымызша ол жеткіліксіз.
Атмосфералық ауаның сапасына, ондағы
ластаушы заттардың барлығын дерлік анықтап,
бақылау жасайтын автоматты жүйесін енгізу
қажет. Біз осы ұсыныспен Экология министрлігіне
шыққанбыз. Өскеменде атмосфералық ауаның
сапасына бақылау жасайтын автоматты
жүйесі бар экологиялық қауіпсіздік орталығын
құру қажеттігі туралы мәселе тағы бір
рет көтерілді.
Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану
мәселелері бойынша комитетінің мүшелері
бұл бастаманы бірауыздан қолдады. Тәжірбие,
бұл қоршаған ортаны қорғаудың көптеген
проблемаларын шешудің нақты жолы екендігін
айтады.
Трансшекаралық Ертіс өзені
су бассейнін ластанудан қорғауға келетін
болсақ, онда мұнда Өскеменде жер асты
суларын және өнеркәсіптік ағындарды
тазалау жобасын іске асыруды бақылауға
алу бөлігінде Үкіметтің көмегі қажет.
Әзірше бағдарламаның әкімшісі – Ауыл
шаруашылығы министрлігінің су ресурстары
бойынша комитеті – жергілікті атқарушы
органдарға жұмыстардың атқарылу барысы
жөнінде ақпаратты ұсынбай отыр. Бұдан
басқа, облыстағы өткір экологиялық мәселенің
бірі – Семейдегі керосинді көл мәселесі.
Бүрынғы Семей сынақ полигонының проблемалары
да талқыланды. Сондай- ақ, республикалық
кешенді дозиметрия орталығы құрылысының
мәселесі қаралды, оның жобасы Шығыс Қазақстанға
іссапары кезінде Пан Ги Мунға көрсетілген
болатын.
Семей ядролық полигонына қатысты
кешенді бағдарлама жоқ. Ғалымдар аймақтағы
жерлерде бүгінде адам денсаулығына зиянды
радиация жоқ дегенді келтіріп отыр. Қазір
ол жерлерде шаруашылықтың малы да жайылып
жүр. Жергілікті халық Семей полигонының
салдарын зерттеп, сауықтыруға орай Үкіметке
ұсыныс білдірген, аймақтың ахуалымен
түбегейлі айналысатын кешенді бағдарлама
жасалуы керек.
Экологиялық қауіпсіздік адамдардың өмір
сапасын құраушы ретінде Қазақстан Республикасының
ұлттық стратегиясының маңызды бағыттарының
бірі.
Көшпелі мәжіліс соңында айтылған мәселелер
мен ұсыныстар негізінде аймақтағы табиғат
пайдалануды реттеуге, экологиялық жағдайды
түзеуге байланысты нақты шешімдер шығарылып,
қаулы қабылданды. Парламент мүшелері
сондай-ақ, Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне
шығысқазақстанның экологиялық жобаларының
бір қатарын қаржыландыруға қатысуды
ұсынбақшы. Өскемен қаласында радиациялық
қауіпті атомдық-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының
бар болуына қарамастан, қаланы радиациялық
тексеру Қазақ ССР Министрлер кеңесінің
өкімі бойынша 1989 жылғы 21 мамырда әзірленген
«Қазақ ССР қалалардың радиациялық экологиясын
зерделеу» жалпыодақтық бағдарламаның
шеңберінде өткен жүзжылдықтың 90-жылдарында
ғана басталды. Осы жылдар аралығында
жүргізілген зерттеулердің нәтижелері
бойынша 411 ауытқу анықталды, соның ішінде
206 ауытқу радиоактивті ластанған топырақпен
байланысты болды, 64 құрылыс материалдарында,
темір бұйымдары мен конструкцияларда
радиоактивті ауытқу ретінде болды, 141
– иондық сәулеленудің техногендік көздері
болып табылады. Қазіргі уақыттта кейбір
ауытқулардың орын ауыстыруына әкеліп
соққан жүргізілген құрылыс және жер жұмыстарынан
қала аумағында 218 радиоактивті ауытқу
бар. Соның ішінде 32 радиоактивті ауытқу
қаланың тұрғын аудандарында. Алдын ала
бағалау бойынша Өскемен қаласының тұрғын
аймағының аумағында топырақ пен грунттағы
радиоактивті қалдықтар санатының радиоактивті
түрлерінің көлемі 1 метрге дейінгі қабатта
62000 м3 құрады.2004 жылы ағымдағы бюджеттік
бағдарлама шеңберінде Басқарма Өскемен
қаласының аумағы мен тұрғындарының денсаулығына
кешенді геоэкологиялық зерттеу жүргізді.
Аталған зерттеулердің негізінде облыс
орталығын сауықтыру үшін қажетті, «2005-2007
жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының
қоршаған ортасын қорғау» өңірлік бағдарламасына
енгізілген басым негізгі шаралар ұйымдастырылды.2005
жылы «Өскемен қаласының ғылыми негізделген
экологиялық төлқұжатын әзірлеу» іс-шарасының
шеңберінде Өскемен қаласының қоныс аймағының
аумағында өткен кезеңдерде анықталған
радиоактивті ауытқулар мен ластануларға
тексеріс жүргізілді. Ары қарай радиациялық
қауіпсіздік саласындағы бақылауды жүзеге
асырушы мемлекеттік органдарға тапсырылған,
1990 жылдан бастап 2005 жылға дейін қала аумағында
анықталған иондық сәулелену мен радиоактивті
ластану дақтары көздерінің толық кадастры
жасалды.Кейінгі жылдары Басқарма Отдельная
(2006 жыл), Попов (2007), Серікбаев көшелерінде,
политехникалық колледж ауданында (2008)
радиоактивті ластанудың аса ірі және
қауіпті төлқұжатталған ошақтарының белсенділігін
азайту және қайта өңдеу бойынша жоспарлы
түрде жұмыс жүргізілді.Өскеменнің қоныс
бөлігінде топырақтың ластануына байланысты
радиоактивті ауытқудың мөлшері көп Қазақстандағы
жалғыз қала және бұл ластану тарихи болып
табылады, қаланың радиоактивті ауытқуын
жою проблемасы Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының
Экологиялық проблемалар тізіліміне енді
(Қазақстан Республикасының Экологиялық
проблемалар тізілімі Қазақстан Республикасының
2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздік
тұжырымдамасының және «2008-2010 жылдарға
арналған Қазақстан Республикасының қоршаған
ортасын қорғау» бағдарламасының іске
асырылу бөлігінде әзірленді).Өскемен
қаласының тұрғын аймағының радиациялық
жағдайына жалпы талдау жасау аса жоғары
дәрежедегі радиоактивті ластануға өткен
жүзжылдықтың 50-60 жылдарына дейін Риддер
темір жолының бұрынғы бекеті ауданындағы
бұрынғы Калбаолово трестінің жентектеу
фабрикалары жұмыс істеген аудандардың
аумақтары (Буров көшесі) және Д.Серікбаев
атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік
техникалық университетінің аумағы (Комендантка
өзенінің сол жағалауы) ұшырағанын көрсетеді.
Өскемен қаласындағы жентектеу фабрикаларының
қызметі кезеңінде концентраттарды қайта
өңдеудің қалдықтарын сақтау үшін қалдық
қоймалары мен арнайы көму орындары болған
жоқ. Жентектеу қалдықтары фабрикалардың
аумақтарына көмілді және ары қарай объектілердің
өздерінің айналасындағы бос қалған жерлерде,
қазаншұңқырларда орналастырылды, сондай-ақ
ой-шұңқырларды жабу, жолдарды жөндеу
үшін пайдаланылды. Ары қарайғы қарқынды
құрылыс, қала шекарасының бірмезгілдік
кеңюімен тұрғындар тығыздығының өсуі
адамдардың сәулеге ұшырауына және аумақтардың
радиоактивті ластануына жол бермеуді
көрсетеді.Жүргізілген егжей-тегжейлі
жұмыстардың негізінде 2008 жылы Өскемен
қаласының тұрғын аймағының аумағында
Новаторлар және Питер Коммунарлары көшелерінің
ауданында радиоактивті ластану шекаралары
(жер асты горизонттары) анықталғанын
атап айту керек. Жүргізілген жұмыстардың
нәтижелері бойынша 2009 жылы Новаторлар
және Питер Коммунарлары көшелерінің
қиылысындағы № 6, № 8 үйлердің арасында
белсенділікті төмендету және қайта өңдеу
бойынша жұмыстар жүргізуге шешім қабылданған
болатын.Бұндай жұмыстар жүргізілгенмен
қаланың ластануы әлі де тоқтамауда.Соңғы
10-15 жыл ішінде Өскеменде бірнеше
зауыттар іске қосылған.Олар шығаратын
металл өнімдері еліміздің экономикасына
әлбетте оң әсерін тигізеді.Алайда
ондай зауыттырдан шығатын лас түтін
мен ауыр металлды қалдықтар
қала халқының денсаулығына
үлкен залалын тигізуде.Қала тұрғындары
ауаға газ тарағанын бірден сезеді. Тыныстары
тарылып, қан қысымы жоғарылап, басы айналып,
мең-зең күйге түседі. Шарасыздықтан мұржаларынан
түтіні будақтаған “Казцинк” зауыты
мен жылу-электр орталықтарының алаңына
көз тігеді. Одан басқа қолдарынан келер
қайран жоқ.Сонымен қатар қаланы ластайтын көлік
түтіні де жеткілікті. Облыстық қоршаған ортаны қорғау
басқармасы мен облыстық “Казгидромет”
мамандарының ақпаратына сүйенсек, өткен
жылы қала бойынша кәсіпорындар мен мекемелердің
және заңды тұлғалардың есептегі автокөлік
құралдарынан 95 900 тонна улы газ қалдықтары
ауаға тараған. Егер бұған жекеменшік
автокөлік құралдарын қоссақ, бұл цифр
анағұрлым өсе түседі. Себебі, заңды тұлғаларға
қарағанда жекеменшікте көлік бес есе
көп. Сондай-ақ жеке сектордағы үйлердің
мұржаларынан қаншама түтін ауаға қалықтай
ұшуда.
Енді мына деректерге көз жүгіртіп көрелік. Мәселен, Алматы қаласында автөкөліктер жыл сайын 200 тонна, Атырау мен Қарағанды қалалары 100-150 тонна газ қалдықтарын таратады екен. Яғни, салыстырып қарасақ, кәсіпорындарға қарағанда автокөліктердің үлес салмағы басымдырақ. Қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары да бұны жоққа шығарып отырған жоқ.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының мұржаларынан шыққан газ бірден ауаға тараса, автокөлік құралдарынан шыққан газ адамдардың тыныс жолдарына сіңіріледі. Ең үлкен қорқыныш та осы. Өскемен қаласының 2006 - 2015 жылға дейін қабылдаған кешенді экологиялық бағдарламасы кеңінен жарнамаланғанымен, автокөлік құралдарынан шығатын улы газдардың мөлшерін азайту жөнінде нақты іс-әрекет жоқтың қасы. Өскеменнің аспанындағы қауіптілігі жоғары диоксид азоты автокөліктердің “сыйы” десек те болады. Әрине, бұдан ЖЭО мен жеке сектордағы үйлер де қалыс қалмайды.
Өскемен қаласы атмосфераны
ластау индексі бойынша Қазақстанда
көшбасшылардың бірі ретінде 8-ші орында
тұр. Технологиялық процестер
Қаладағы өндіріс орындарының
орналасуы санитарлық талаптарға сай
келмейді. Себебі, санитарлық талап
бойынша өндіріс ошақтары қаладан
ең кем дегенде 15 шақырым қашықтықта
орналасуы тиіс. Ал, біздің ірі өндіріс
ошақтары тұп-тура қаланың ортасына
орналасқан. Бұған газдардың ұшуына
кері әсерін тигізетін физикалық, географиялық
және климаттық жағдайды қосыңыз. Мысалы,
Шығыс Қазақстан облысының
Балалардың туабітті өлімдері жылдан-жылға
көбеймесе азаймай отыр. Тыныс алу органдарының
ауруымен науқастанғандарының саны аз
емес. Мұның басты себебі неде? Әрине апатты
экологиялық жағдай. Осыдан он шақты
жыл бұрын Үлбі металлургиялық зауытында
болған апат кезінде Үкіметтік комиссия
құрылып, апаттың шығу себебін анықтау
үшін жұмыс істеді. Америка мен Жапониядан
арнайы ғалымдар да шақырылды. Нәтижесінде
олар “Қазір бәлендей ештеңе айта алмаймыз.
Бірақ апаттың зардабы 7-10 жылдан кейін
біліне бастайды” деп қорытынды жасаған
еді. Айтқандары айнымай келді. Апат кезінде
бериллийдің ауаға тарауы әсіресе, балалардың
қорғаныс иммунитетін жойып жіберуге
әкеліп соқтырды. Балаға сәл суық тисе
ол созылмалы түрге ұласып, бір-екі айға
дейін науқасынан жазыла алмайды. Өйткені,
қарсыласуға организмі әлсіз. Осыдан-ақ
сонғы он жылда халық денсаудығы
айтарлықтай төмендеген.2001 жылғы
статистика бойынша өкпе ауларымен
ауруларымен ауыратын халық
үлесі 11% құраса,2011 жылы 25%-ды
құрап отыр. Егер экологиялық жағдай
нашарлай беретін болса 2021
жылы 50%-ды құрауы мүмкін. 2010 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда
туылғандардың саны 10,4%-ға кеміп, 1496 адамды құрады. Содан басқа өлі туылған
22 бала тіркелді.
2011 жылғы қаңтар-сәуірде 1399
адам қайтыс болды, 2010 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,9%-ға кеміді. Халқының саны
жағынан Алматыдан бірнеше есе кем бола
тұра, анемия сырқатына шалдыққандар көрсеткіші
бойынша екі есеге асып түсетін Өскеменде
әрбір оныншы ана мерзімінен ерте босанады.
Шығыс Қазақстан облысы Ана мен бала орталығының
директоры Рая Рахимованың айтуынша, қаладағы
әрбір үшінші әйел перзентханаға «ұрық
гипоксиясы» дертімен келіп түсетін көрінеді.
Өлімге соқтырған аурулардың ішінде қан
айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар
(өлгендер ішінен 46,7%), жүректің ишемиялық
ауруы (16,9%), мидағы қан тамырларының зақымдануы
(18,2%), ісік аурулары (14,4%), жазатайым оқиғалар
және улану мен жарақат алу (8,6%) басым болды.
Алматыда топырақтың ауыр металмен ластануы
қалыпты жағдайдан 1,2 есеге асып түссе,
Өскеменде 10 есеге жоғары. Сол сияқты топырақтың
мырышпен ластануы – бес есеге, жеміс-жидектер
мен көкөністердің, сүттің қорғасынмен
ластануы 3,2 есеге көп. Кішкентай балалардың
тырнақтары мен шашындағы қорғасын мен
мырыштың құрамы 1,5 есе артық. Өскемендегі
өндірістік қалдықтардың әсерінен балалардың
бронхалы демікпесі мен онкоауруларға
шалдығуы өсіп келеді. 2011 жылдың алғашқы
жартысында онкоаурулардан екі бала қайтыс
болды. Егер бұлай жалғаса берсе, адамдардың
денсаулығына үлкен қауіп төнуі әбден
мүмкін.
2010 жылғы қаңтар-сәуірмен
асқазан ауруынан қайтыс болғандар саны
–9,1%-ға, тыныс алу органдары ауруларынан
қайтыс болғандар саны –10,0%-ға өсті.Қан
айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар
– 3,8%-ға ,Ісік ауруларынан қайтыс болғандар-7,3%
кеміді.1 жасқа дейінгі 27 сәби қайтыс болды.
Соның ішінде: перинатальды кезеңде пайда
болатын жағдайлардан – 10 сәби (2010ж. сәйкес
кезеңіне 30,3%), туа пайда болған аномалиядан
– 6 (40,0%) сәби қайтыс болды. Қазіргі таңда
Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларын
емдеуге алдыңғы қатарлы технологиялар
енгізіліп, бұрын отандық медицинаның
қауқары жетпеген бірегей операциялар
жасалуда. Өткен жылдың ішінде 8 мыңнан
астам адамның жүрегіне жедел операция
жасалса, оның ішінде 6,5 мың адамның жүрегіне
ашық ота жасалды. Инсульттың ауыр түрімен
сырқаттанған науқастар үшін аймақтарда
халықаралық талаптарға сай 8 инсульт
орталығы ашылған. Соның нәтижесінде елімізде
қан айналым жүйесінің ауруларынан көз
жұматындар саны 2011 жылы 20 пайызға төмендеген.
Онкологиялық көмек көрсету деңгейін
жақсарту мақсатында Ұлттық скринингтік
бағдарлама аясында қатерлі ісікті
ерте кезден анықтауға ерекше көңіл бөлінген.
Қазіргі таңда қатерлі ісіктен көз жұматындар
саны 8,3 пайызға төмендеу үрдісі байқалуда.
Бұл көрсеткішті 2010 жылғы әрбір 100 мың
жан басына шаққандағы 108,9 көрсеткіштен
2011 жылы 99,9 көрсеткішке дейін азайтуға
қол жеткізілді.
Қорытынды
Өндірісті
қала – Өскеменнің экологиялық ахуалы
мәз емес екені әлімсақтан белгілі. Қоршаған
ортада кездесетін зиянды заттардың салдарынан
әртүрлі сырқатқа шалдығып, аурухана жағалаған
адамдар қатары соңғы бір-екі жылда тіптен
көбейіп кетті қалада. Әсіресе бұл жағдай
дәрігер мамандардың ана мен бала денсаулығына
қатты алаңдаушылығын туғызып отыр. Қарапайым
халықтың қабырғасына бататын да – осы
проблема.
Дәрігерлердің деректеріне жүгінсек,
тек 2005 жылы ғана 1200-ден астам жаңа туған
сәбилер туабітті ауруға шалдыққан. Ал,
мынаған түршікпей қарау тіпті мүмкін
емес. Перзентханаға түскен әр 5 әйелдің
5-8 апталық баласы іште өліп қалады. Дәрігерлік
тексерулер баланың ата-анасының денсаулықтары
қалыпты екенін, тіпті сәбидің дүниеге
келуін тосып, ішімдік ішпегендерін, шылым
шекпегендерін, салауатты өмір салтын
сақтағандарын алдыға тосады. Міне, осыдан
кейін қоршаған ортаның қаншалықты ластанғанын
жай көзбен-ақ аңғаруға болады.
2000-2001 жылдармен салыстырғанда қазір өңіріміздің экологиялық жағдайы біршама нашарлады.Оның барлығы адам өміріне тікелей әсер етеді. Қоғамның басты байлығы – адам. Сондықтан оның денсаулығы үшін мемлекет пен үкімет барлық жағдайды жасауы керек. Қоғамды экологияландыру дегеніміз – келешек ұрпақты сақтап қалу деген сөз. Қазақ елі үшін дәл бүгінгі таңда бұл өте-мөте қажет.
|