Су қоры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 20:32, реферат

Описание

Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті

Содержание

I .Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А) Су қоры. ӨЛКЕМІЗДІҢ СУ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Б) Дүниежүзілік су қорларының ластануы
В) Су қорларын тиiмдi пайдалану мәселелерiн шешудің негiзгi жолдары
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Су қоры.docx Айдана.docx

— 30.67 Кб (Скачать документ)

 

Жоспар

I .Кіріспе

II. Негізгі бөлім

А) Су қоры. ӨЛКЕМІЗДІҢ СУ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ 

Б)   Дүниежүзілік су қорларының ластануы

В)  Су қорларын тиiмдi пайдалану мәселелерiн шешудің негiзгi жолдары

III. Қорытынды

 

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Су қоры

  

 СУ ҚОРЫ – ХАЛЫҚ БАЙЛЫҒЫ

 Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

 Су жоқ болса тіршілік тамам ,бауырым!

 Судың біздер біле  тұра маңызын,

 Көп болған соң ұмытамыз  қадірін. 

 

     Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.

  Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. [2] Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. [1] Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау. Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады. Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады.

 

Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, тұрмыстық қажетке көбіне өзен, көл  және жер асты тұщы сулар жұмсалады. Олардың қоры бүкіл гидросферадағы судың тек 1 проценті ғана. Гидросферадағы су қорлары төмендегі мөлшерде бөлінген. Көлемі және су қорларының мөлшері жөнінде гидросфераның ең ірі бөлігі - мұхиттар. Мұхит суларында пайдалы кендер, биологиялық ресурстар, энергия қуаты, химия және дәрі-дәрмек өндірістері үшін қажетті шикізаттар қоры өте көп. Құрлықта жыл сайын азайып бара жатқан пайдалы кендер орнын мұхит суларынан алып толтыруға әбден болады. Міне, сондықтан да ірі мемлекеттер мұхиттарды өзара бөлісіп «менің меншігім» деген белгілерін қойып жатыр. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады. Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі.

 

              ӨЗ ӨЛКЕМІЗДІҢ СУ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

    Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты ішкі су да әркелкі келеді. Шөл мен шөлейт зонасында көлдер мен өзендер аз, ал таулы жерлер мен дала және орманды дала зонасында едәуір мол.

Республика аумағында  ішкі сулар бірнеше түрге бөлінеді. Олар: өзендер, көлдер, жер асты суы, мұздықтар және бөгендер менканалдар.

Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлік  ерекшеліктсрі ең алдымен климат факторларына, жер бетіне түсетін  жылу мен ылғалдың арақатынасына  тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің  деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2–4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан  Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі – жер асты суы. Су қорлары  кең-байтақ аумақта біркелкі таралмаған.

Өз өлкеміздің су қорларына  келетін болсақ Жамбыл облысының  барлық өзендері Арал теңізі алабына  жатады. Қырғызстан жерінен бастау алатын Шу, Талас, Аса өзендері облыстың негізгі өзендері болып табылады. Облыс көлеміндегі жерүсті суларының сапасын зертханалық талдауда өткен жылмен салыстырғанда 2006 жылы Шу, Талас, Аса өзендерінде ластану индексінің өскендігі байқалған. Жалпы облыс бойынша ластағыш заттар төгінділері “Шолақтау” таукен өндіру комбинаты, Шатыркөл руднигі, Ақбақай таукен металургиялық комбинаты, “Монолит ” ашық акционерлік қоғамы сияқты кәсіпорындардан болып отырғандығы расталып отыр. Қорта айтқанда, су - өмірдің нәрі, ол - өмірдің өзі, сондықтан да оны аялау, оны көзіміздің қарашығындай сақтау – бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық борышымыз. Табиғат тепе-теңдігі табиғаттың міндетті заңдылығы, оны оқып-үйрену, танып білу әрбір адамның жоғары саналы, экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға екендігінің белгісі.

 

Елімізді сумен қамтамасыз етудің негізгі шешiмi, пайдаланатын су қорларының жеткiлiктi етіумен қатар, көпшiлiгiнде су шарушылық жүйелердiң  жағдайына тәуелдi болады. 
ССРО-ның ыдырауынан кейін және 2000 жылға дейін елдiң күрделi экономикалық жағдайына байланысты, су шарушылық объекттердiң қаржыландырылуы қалдық қағида бойынша iске асты.  
Жоғарғы деңгейде пайдалану, жөндеу жұмыстарына және қызмет көрсетуге қаржыландырудың қысқартылуы көптеген өлкелердегі су объектлері мен гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайының, халықтың және экономиканың қауіпсіздігін сақтаудың төмендей бастауына жағдай тудырды.  
Өндiрiстiң төмендеуі және тұщы суды пайдалану көлемдерiнiң төмендеуiне қарамастан, су пайдалану мәселесіндегі ұқыпсыздық жойылмауда. Мәселен, жыл сайын таза суды тасымалдау кезінде жоғалтылатын су шығыны 4, 94 км3, оның мішінде қайтарымсыз су тұтыну, табиғи су объекттерiмен салыстырғанда 15, 28 км3 құрайды. Осылай суды тиімсіз пайдалану суармалы жерлердің тұздануы мен лайлануына әкеп соқтырады. Қалалардағы жоғалан су сумен жабдықтау және канализация жүйелерінде су басу, үйлердің фундаменті мен астындағы су құбырларын шірітуге әсер етеді.  
Тұрмыстық-коммуналды секторларда су тасымалдау кезіндегі жоғалатын су көлемі алынған су көлемінің 35% құрайды, әр адамға сөткесіне 240-420 л су жұмсалады. Республикадағы 100 км су құбырының желiлерiнде жалпы саны 70 астам апат тіркеледі, еуропалық деңгейде бұл көрсеткiш небәрі 3 апатты құрайды. 
Ауыл шаруашылығы негiзгi су тұтынушы болып табылады, жалпы су қорының 80% суармалы жерлерді суландыруға жұмсалады. 
Өнеркәсiп. Соңғы жылдары өнеркәсiптiк сектордың су тұтынуы 4, 0 км3 дейiн қысқарды. Сырт және қайта сумен жабдықтауды қолданудың жеткiлiксiз деңгейi, жүйелерiнiң қанағаттанарлықсыз күйi су беру және су пайдалану коэффицентінің (ПӘК) төмендігі өндірілетін өнімге жұмсалатын таза су шығынының өте жоғары болуына әсер етуде. Бүгінгі күні ауыз су деңгейіне дейінгі тазартылған судың 40% өндірістік қажеттілікке жұмсалады. 
Судың тиімсіз пайдалануы барлық өзендер бассейнінде су қорларының жетіспеушілігіне және ластануына, қоршаған табиғи ортаның азып-тозуына, көл және өзеннiң экосистемалардың кеуiп кетуi, тұрғындардың ауруының өсуіне алып келедi.

    Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр.

Судың ластануы көп түрлі  әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Су айдындарының ластануын  былайша топтайды:

биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді  заттар;

химиялық ластану: уытты  және су ортасының табиғи құрамын  бүлдіретіндер;

физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.

Судың сапасы, ластану деңгейі  үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура  әр түрлі болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам  сапалық көрсеткішін ұсынған.

Су бассейнінің ластануының  негізгі себептері - тазартылмаған  ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

өнеркәсіп орындары;

ауыл шаруашылығын химияландыру:

халық шаруашылығының басқа  да салалары.

Ағын суларға құйылатын  лас сулар да бірнеше топқа  бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.

   Су ортасы үшін ең үлкен қауіп тудыратын мұнай,мұнайды өңдеу ,химиялық қосылыстарын алу,радиоактивті заттар ж/е ауыр металдар алу өндірістері болып табылады.Теңізге төгілген 1 тонна мұнай ,2,6 км аумақтағы судың бетін біркелкі жұқа пленкамен қаптап тұрады. Суға жайылғанда атмосферадағы ауа мен су газдарының алмасуын және судың булануын қиындатады.  
      Ағаштарды сумен тасымалдау кезінде де судың ластануы байқалады. Терең емес өзендерде ағаштарды тасымалдағанда 10-30 % жуығы батып кетеді. Бұл балық шаруашылығына зиян келтіреді. Электростанцияларды салу нәтижесінде көп алқапты алып жататын бірақ онша терең емес су қоймалары пайда болады. Бұл су қоймаларда өте көп мөлшерде балдырлар пайда болады бұл өсімдіктер халық шаруашылығына бірқатар залалын тигізуде. Көкжасыл балдырлардың 9 түрі суды өте қатты ластандыруда.  
      Жер бетіндегі ж/е жер астындағы суларға қосылатын заттар ды,микроорганизімдерді-ластаушы көздер су сапасының нормасын 
бұзатын заттарды -ластаушы заттар деп ат. 
Жер бетіндегі сулардың ластану көздеріне мыналар жатады: өнеркәсіп өнімдері мен өндіріс қалдықтарын сақтайтын және тасымалдайтын орындар; тұрмыстық , тұрмыс қажетін өтеу барысындағы қалдықтарды жинайтын орындар, қоймалар; тыңайтқыштар, пестицидтер және де хим. заттар қолданылатын а.ш салалары; жер асты сулары байланыстағы жер бетіндегі обьектілер; су көзіне жалғасқан лас орындар; жауын-шашынның ластанған жерлерді жууынан пайда болған шайынды сулар; өндіріс, бұрғылау, қазу және т.б. Жер асты сулары микробтар мен және хим. заттармен ластануы мүмкін. Жер асты суларында кейбір патогенді бактериялар мен вирустар тіршілік әрекетін ұзақ сақтайды. Егер топырақ қабаты өзінің тазарту сүзгі қабілетін жоғалтса, онда жер асты суларына әртүрлі сарқынды сулар қосылумен қатар, оларды құрамындағы әртүрлі қоқыс заттармен ластайды.

    Елдi сумен қамтамасыз етудiң негізгі мәселелері

1. Сумен жабдықтау су беруді қамтамасыз ету және ауыз су сапасының талаптарына сай емес 
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен жабдықтау мәселелерi еліміздің барлық облыстары және қалалары, Астананы қоса қамтиды. Республика бойынша орташа қала халқының 70-75% су құбырлары суымен, 15-18 % - орталықтандырылған су бастауларының суымен, қалған бөлiгi ашық суаттардан және басқа жақтан әкелiнген тасымал (500 мыңнан астам адам) сумен қамтамасыз етіледі. 
Су құбырларының көпшiлiгi 20-25 жыл, Қазақстанның солтүстiгiнде 30 жылдан астам бұрын пайдалануға берілген немесе күрделі жөндеуден өткізілген.  
2. Айналмалы қолданудың және қайтадан сумен жабдықтаудың деңгейі төмен. 
Өнеркәсiптiк өндiрiс салалары және бөлек алған кәсiпорындарда су пайдалану көпшiлiгiнде жоғары шығынды болып қалуда және оны қайта пайдалану тәсілдері қолданылмайды.  
3. Су шарушылық объектілері және жүйелердiң техникалық күйi өте төмен деңгейде. 
Күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігінен каналдар мен гидротехникалық құрылыстардың су жоғалту көрсеткіштері жоғары болуда.  
4. Шекарааралық мәселелер. 
Бүгінгі күні мемлекетаралық су қатынастарын реттеу бұрынғы одақ кезінде игерiлген су қорларын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейнді схемасы негiзінде іске асырылады. Сондықтан кез келген шекараға шектес елдер су бөлісу, яғни су қорларының көлемдерi шарттарының қайта қаралуы туралы ұсыныстар енгізе алады. Бұл әсіресе Арал теңiзi бассейнінде орналасқан елдер үшiн көкейкестi мәселе. 
5. Су қорларының ластануы. 
Түгелдей дерлiк iрi өзендердiң суы сапа жағынан қазiргi талаптарға сәйкес келмейдi. Су қорларының ластануы елді мекендердегі сарқынды, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың, суармалы жерлердегі коллекторлы - құрғату сулардың тасталуына байланысты. Көп қалаларда канализациялық суды тазартатын арнайы құрылыстар жоқ. Сарқынды суларды жинақтағыштар шектi белгiлерге дейiн толтырылып, бөгеттерде жұлып кету қаупін тудырады. 

      Су қорларын тиiмдi пайдалану мәселелерiн шешудің негiзгi жолдары

Су ресурстарын қорғау, сонымен бiрге су қатынастарының заңға сүйеніп реттелуі едәуiр  дәрежеде олардың тиiмдi пайдалануына әсер етеді. Тап осы негізде су қорларының қолайлы, ұқыпты және тиiмдi қолдануына қамтамасыз етуге жағдай жасау керек. 
Ирригация мен гидроэнергетика аралығында ұтымды балансты iздестiру, өлкенiң мемлекеттерi арасында трансшекаралық өзендердің суын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз етуде, басты мiндет, су қорларын басқарудағы үйлесiмдi саясатты талап ететiн жолдарды іздестіру. Сондықтан қойылған мақсаттың табысты болуы, су қорларын басқарудың төңiрегiдегi халықаралық заңдарға сүйене отырып, ұлттық заңдардың бір-бірімен жақындасуына тәуелдi болады. Бұл салада мұндай заңды базаның жасалуы, халықаралық тәжiрибеге сүйене отырып, сөз жоқ аймақтық жағдайлар есепке алынуы тиiстi. Шекарааралық өзендердi басқаруда, халықаралық тәжiрибенiң негiзiнде, аймақтық ынтысақтастықты нығайту керек. 
Халықаралық тәжiрибенi есепке ала отырып ұлттық және аймақтық деңгейлерде су қорларын бiрлесіп пайдалану бойынша ортақ заңның механизімін жасау Орталық Азияның су қорларының пайдаланудағы көп қайшылықтардың шешуiнiң негiзi болып табылады. Өлкенiң орнықты экономикалық дамуы өзара мемлекетаралық қатынасқа және ынтымақтастыққа, су қатынастарының саласындағы тиiмдi заңға сүйенген базасының негiзiне қатысты болады. 
Қолданыстағы су қорларынның ұлғайтылуы оның тиiмдi пайдалануына, сонымен бiрге су қоймаларының саны мен сапасының артыуына тікелей байланысты. Ол үшiн келесі мәселелерге назар аударылуы тиіс: 
• Әлеуметтік және экономикалық салалар бойынша басты мәселелерді шешу; 
• су көздерінің күйін және оған қатысты экологиялық жағдайды жақсарту, ұйымдастыру, институционалдық, әкiмшiлiк, техникалық және тағы басқа көп қаржы керек етпейтiн шараларды іске асыру. Республикадағы тұрғындардың және өлкенiң тiршiлiк әрекетi үшiн маңызды қаржы керек ететiн объекттер (сумен жабдықтау саласы) мемлекетпен қаржылануы тиiстi; 
• өндiріс күштердi орналастыруға және дамытуға талдау жасау, шаруашылық маңыздылығы және өсіп келе жатқан су шарушылық балансындағы дефициттi есепке ала отырып су тұтынудың деңгейі мен құрылымын анықтау; 
• сумен жабдықтау саласында жаңа су көздерін іздестіру және жабдықтауын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізу; 
• Су қорларының сапасы және сандық жүдеуiн сақтап қалу бойынша шараларды iске асыру. Сулардың ластанумен белсендi күрес жүргізу су шарушылық балансының шиеленісуіне бермейді, оның шығын бөлiгiнiң қысқартуына мүмкiндiк туғыза түседi; 
• Өнеркәсiптегi суды қайтадан және бiрнеше рет қолдануының енгiзілуi, сонымен бiрге материалдардың өңдеуiнде қосымша суды талап етпейтін принциптi жаңа, қалдықсыз технологиялық сұлбаларын iздестiру; 
• Су қорларын басқарудың мемлекеттiк жүйесiн, олардың пайдалануын реттеу, экосистема әдiстерiнiң қолдануын, бар су шарушылық шараларын жоспарлауды жетiлдiру; 
• Су сақтаудың мәселелерiн кезеңдi, бiртiндеп және шешiмiне барлық қатысушыларды үйлесiмдi жолдарын енгiзу; 
• Тиiмдi су ресурстарын пайдалануды, оның ластануын сақтап қалуға бағытталған меншiктi табиғи ортаны қорғау шараларының жұмыстарын ынталандыру, мадақтау; 
• Суды нормативтен тыс пайдалануды болдыртпау. Су пайдаланудың шарттары бұзылған жағдайда су пайдаланушыларға әсер ететіндей, құны табиғат қорғау іс-шараларының құнынан жоғары айыппұл салынуы керек; 
• Сарқынды суларды тазартуынан және суды үнемдеуден түскен барлық пайданы кәсiпорындардың қарамағына беру; 
•  су үнемдейтін шарушылық жабдықтарға және экологиялық таза өнiмге қосымша және мадақтау бағалар енгізу; 
• Су қорларының жағдайы және су сақтау туралы информациялық - үгiттеушi жұмыстар жүргізу. 
•  iрi су шарушылық ұйымдарда су саясатының іс-шараларын өңдеуге және жоспарлауға тiкелей араласатын қоғамдық өкiлдерден бақылаушы кеңестер құру; 
Келешекте су қорларының ұлғаюы елдегі су шарушылық объекттерiнде жоғалтатын суды азайту арғылы қол жеткізілуі тиіс.

Информация о работе Су қоры