Су ресурстарын ұтымды
пайдаланудың негізгі бағыттары
Су-тіршілік көзі
Су маңызы
- Дүние жүзінің ¾ бөлігін су алып жатыр. Су- баға жатпес табиғат байлығы. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол зат алмасу процесінде шешуші роль атқарады. Ал зат алмасу процесі- барлық органикалық өмірдің негізгі екені белгілі. Су — тірі материяның негізі. Қазіргі кезде сулы ортада тіршілік ететін жануарлар түрінің саны 150000 немесе олардың жалпы санының 7%, ал суда өсетін өсімдіктер түрінің саны 10000 (8%). Жануарлардың ішінде балықтардың шамамен 16000 түрі, былқылдақденелілердің 80000 түрі, шаянтәрізділердің 20000-нан астам түрі, қарапайымдылардың 15000-ға жуық түрі және т.б. бар. Жануарлардың дене массасының орта есеппен 75%, кейбір өсімдіктер массасының 89-90% судан тұрады.
су ресурстарын
тиімді пайдалану бағыттары
- Планетамыздың гидросферасын ластану мен сарқылудан қорғау үшін су ресурстарын тиімді пайдалану жағын ойластырыуымыз керек. Ол 3 негізгі бағытта болуы керек. 1)су қорларын экономды пайдалану. 2) су ресурстарын ластанудан сақтау. 3) жер асты және жер үсті суларын санитарлы қорғау.
Су ресурстарын
экономдау
- Қазіргі таңда су ресурстарының тапшылығына байланысты оларды экономдау өте маңызды болып табылады. Су шығынын минимумдық белгіге жеткізу керек. Ол үшін алдымен су бағасын реттеу керек, баға тиімді болғанмен де судың тиімсіз пайдалануына әкелмеу керек. Екінші ретте сарқынды суларды тазалауды қадағалап қолға алу керек. Дұрыс тазалаудан өтпеген сарқынды сулар адам өміріне қауіп төндіреді. Тіпті еі қарапайымы күнделікті пайдаланудағы су мөлшерін азайтып экономдау, су ресусртарын тиімді пайдалануға жатады.
Су ресурстарының
ластануы
- Ластану- су тапшылығының негізгі бір себебі. Өндірістердің, тұрмыстық мекемелерді тазаланбаған суларын таза су аалабтарына құюынан ластанады. Егістікке себілген ұлы химикаттар мен тыңайтқыштар сумен жуылып, су алқаптарын ластайды.
- Өнеркәсіптің дамуымен, ең алдымен, су ресурстарының ластану қаупі ұлғаюда. Ең үлкен қауіпті мұнай өнімдері тудырады. ішкі су қоймаларының мұнай өнімімен ластануы елімізде автокөліктің, моторлы су транспорттарының кебейіп кетуінен де болады. Су ресурстарының ластануы егістік алқабына себілген минералды тыңайтқыштармен, улы химикаттардың қар, жаңбыр суларымен ағып қосылуы арқылы жүреді.
- Атмосфералық құбылыстармен бірге кір сулармен жуғанда осы элементтер континенталдық және теңіз суларына енеді. Олардың айналымы бұзылады және олардың құрамы қоршаған ортада көбейіп кетеді. Осының нәтижесінде континенталдық суларда қоректік элеметтердің шектен тыс көбеюі пайда болады. Бұл эвтрофикация деп аталады. Эвтрофикация су және батпақ өсімдіктерінің, су құрамындағы органикалық заттардың шектен тыс көбейіп, біртіндеп өзен және көлшіктердің арнасын толтырумен байқалады. Нәтижесінде балықтар жаппай қырылады және су қоймаларының өздігінен тазалануына кері әсерін тигізеді.
Ауыз су сапасына
қоятын талаптар
- Ауыз су — органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді
- Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олар: лайлылық, түстілік, судың иісі мен дәмі, кермектілік, сілтілік, тотықтану, құрғақ қалдық және әртүрлі химия заттардың мөлшері, бактериялардың жалпы саны, коли-титр, коли-индекс.
- Лайлылық дегеніміз судағы қалқыма заттардың мөлшері. Стандарт бойынша ауыз судың лайлығы 1,5 мг/л-ден аспау керек.
- Судың түстілігі пайда болатыны суда бояйтын заттардың, балдырдың және фульвоқышқылдың әсері. Ауыз судың түстілігі платина және кобальт шкаласы бойынша 20 градустан артық болмау керек.
- Ауыз судың дәмі мен иісі бес балды шкала бойынша судың +200С температурасында 2 баллдан артық болмау керек.
- Активтік реакция судың сілтілік немесе қышқылдық дәрежесін көрсетіп, сутегінің иондарының концентрациясымен сипатталынады. Стандарт бойынша ауыз судың РН 6 мен 9-дың аралығында болғаны жөн.
- Судың кермектілігі кальций мен магнийдің ерітілген тұзының мөлшерін көрсетеді. Ауыз судың жалпы керемектілігінің шекті мөлшері 7,0 мг-экв/л аспау керек, ерекше жағдайларда 10 мг-экв/л-ге дейін рұқсат етіледі.
- Судың сілтілігіне себеп болушы оның ішіндегі бикарбонаттар, карбонаттар, гидраттар және басқа әлсіз қышқылдардың тұздары.
- Тотықтану судағы ерітілген органикалық және кейбір тез тотықтанатын бейорганикалық заттардың мөлшерін көрсетеді. Стандарт бұл көрсеткішке талап ұсынбаса да судың жоғары тотықтануы оны ағын сумен ластанғанын көрсетеді.
- Құрғақ қалдық судағы еріген тұздардың жалпы мөлшерін көрсетеді.
- Коли-титр дегеніміз бір ішек таяқшасы бар судың см3 өлшейтін көлемі. Коли-титр 300-ден кем болмау керек.
- Коли-индекс – 1 л судағы ішек таяқшасының саны, ауыз суда коли-индекс 3-тен аспау керек.
Су ресурстарын
тазалау әдістері мен сатылары
- Бірінші саты табиғи тазалау әдісі — тұндыру және отырғызу, сүзу және буландыру, сығу. Екінші саты — химиялық және физикалық. Химиялық әдіспен ерімейтін қосылыстар түзетін керексіз заттарды ағызып әкелу, механикалык жолмен аластайтын, электролиз жолымен, ионалмастырғыштан өткізу немесе синтетикалық шайыр алюмосиликаттар және басқа заттар.
- Тазалау биологиялық сүзгілермен аяқталады. Бұл жағдайда органикалық ластану минерализация үшін микроорганизмдер көмегімен жүзеге асатын биологиялық процестер қолданылады. Биологиялық тәсіл мына жағдайларда қолданылады: тазаланатын егін алқаптарында жер асты қорларынан, тастардан табиғи сүзілуден өтеді, бұл бактериялық тазалықтан өтеді. Биологиялық тәсіл тазалық станцияларында, яғни сұйықтарды тазарту қадамында микроорганизмдерді жоюға қолданылады, бұл шаруашылық жағдайында қышқылдандыру арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда да су сапалығы толық орнына келмейді, сондықтан да тазартылған суға табиғи су қосу керек. Тазарту қондырғыларын орнатуда кездесетін шаруашылық және коммуналдық мәселелер де көп жағдайда үлкен рөл атқарады. Технологиялық жетістіктер нәтижесінде бұл мәселелер де шешіліп келеді. Көптеген кәсіпорындарда суды пайдаланудың тұйық тәсілі немесе пайдаланылған суды қайта тазалап қолдану тәсілі қолданылуда. Нәтижесінде суға сұраныс азайды. Суды кварцпен тазарту оң нәтиже беруде.
қорытынды
- Су байлықтарын сақтау- бүкілхалықаралық іс екенін ұмытпауымыз керек. Су бірінші қажеттілік және біздің байлығымыз. Халық даналығы- «Су ішетін құдығына түкірме, кейін одан су ішерсің»- дейді. Су байлығынан адам баласына келетін пайда көп, оларды тиімді пайдалану, сақтай білу баршамыздың абыройлы борышымыз.
Назарларыңызға
рахмет!