Табиғатпен байланыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:20, реферат

Описание

Табиғатпен байланыс, ойластырылған байқауларды, серуендерді, әңгімелерді ұйымдастыру – экологиялық тәрбиені дұрыс жолға қою мен қажетті нәтижені алудың кілті. Сондықтан тәрбиешілердің балалармен жүргізетін негізгі жұмыстары табиғат аясында өтеді ; бақшалар ауласында, қысқы бақтарға, саябақтарға және қала сыртына саяхаттар жасайды.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 57.00 Кб (Скачать документ)

Табиғатпен байланыс, ойластырылған  байқауларды, серуендерді, әңгімелерді  ұйымдастыру – экологиялық тәрбиені дұрыс жолға қою мен қажетті  нәтижені алудың кілті. Сондықтан тәрбиешілердің балалармен жүргізетін негізгі жұмыстары  табиғат аясында өтеді ; бақшалар ауласында, қысқы бақтарға, саябақтарға және қала сыртына саяхаттар жасайды.

 

Табиғат аясында болғанда балалардың бойында адами тұлғаның баға жетпес қасиеті қалыптасады, ол – байқау, қадағалау. Сол себепті, біз баланың  бойында біліктілік, танымдық қасиеттерін тиісті мерзімде қамтамасыз етуіміз өте қажет деп есептейміз. Жеңілден ауырға қарай іс-әрекеттерінің мәселелерін аңғартып, кез-келген құбылыстардың барлық қиындықтары мен көпқырлылығын көрсетуіміз керек.

 

Серуендерді өткізгенде дидактикалық, қозғалыс, танымдық, сюжеттік ойындарға аса маңызды көңіл бөлінеді.

 

Табиғат аясында өткізілетін сабақтар балаларға қатты ұнайды. «Жүз рет  естігеннен де , бір рет көрген артық» деген сөз бар, ол тегін айтылмаса  керек. Объектілерді немесе басқа да құбылыстарды байқау, тікелей қадағалау мен табиғатты аялаудың мәні зор. Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, балалардың орман ішіне серуенге шығуы, құстардың шиқылдаған дауыстары, самал желдің дауысы естіледі. Сиқырлы серуенде ойламаған жерден қиын жағдайлар болып қалады да, табиғатқа көмек көрсету керек болады. Ондайда балалар ойланбастан көмек беруге асығады.

 

Күнделікті өмірдегі тәжірибеде балалармен мына жұмыстың түрлерін кеңінен қолданамыз : күнтізбе бойынша табиғатты байқау, тірі табиғат бұрышына кезекшілікті ұйымдастыру, театрланған көріністі көрсету, тақырыптар бойынша альбомдар құрастыру.

 

Біздің жұмысымызда балалардың шығармашылығына көп көңіл бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР

 

 

 

ЕСТИЯРЛАР ТОБЫ :

 

 

 

4-5 жастағы балаларға бойында  өсімдіктердің, жануарлардың көп түрлілігі туралы, сонымен қатар табиғат маусымдары, өзгерістерді рет-ретімен ауысып келіп отыратынын айтып, ұғындырылады. Жыл мезгілдерінің бір-бірінен айырмашылығы барын көріп білуге үйрету.

 

Жан-жануарлар туралы көз-қарастарын қалыптастыру : танып білуге үйрету, дене мүшелерін, түр-түсін, қозғалысын, дыбыстауын, немесе қоректенетінін, келтіретін пайдасын айтып түсіндіру. Еңбек дағдысын қалыптастыру, еңбектің мәнін түсіндіру, еңбектің нәтижесі туралы талдаулар жасау, өз беттерінше бөлме ішін тазалау және табиғат бұрышының жәндіктерін күтуге үйрету.

 

Табиғат және жан-жануарлар туралы әңгімелер оқу.

 

Табиғат жайлы  суреттерді, слайдыларды, көріністерді көрсету, саяхаттар ұйымдастыру.

 

Табиғат туралы мақал-мәтелдерден альбом дайындау.

 

 

 

ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫ :

 

 

 

Табиғат құбылыстарының себепті-тергеулі байланыстарын нақтылауға үйрету.

 

Тірі организмдердің елеулі белгілерін таба білуге және оларды өмірдегі жағдайға, жекелеген органдардың құрылымы аралығындағы байланысты белгілеу үшін пайдалануға үйрету.

 

Қорғалатын өсімдіктер мен жануарлар  туралы көзқарастарын қалыптастыру.

 

Адам өміріне қажетті ормандар, тоғайлар, топырақтар туралы балалардың ұғымдарын кеңейту және бекіту.

 

Белгіленген маусымда табиғатты қоршаған ортаның өзгерістерін бақылай отырып, табиғат күнтізбесін тұрақты жүргізуге үйрету. Байқаудың нәтижелерін суретпен кескіндеуге бейімдеу, себебі соңындағы қорытынды жасау әңгімесінде осы маусым жайында байқағандарын әңгімелегенде естеріне түсіруге де қолайлы.

 

Табиғат бұрышының тазалығын сақтауға, бөлме ішінде өсімдіктерді күтуге, олардың атауларын білуге, су құйып отыруға, жапырақтарын сүртуге, топырақтарын қопсытып отыруға үйрету. Ауырлау жұмыстарға да баулу : жемістер мен көкөністерді жинау және қысқа дайындау (сорттап бөлу және жуу). Құрғақ бұтақтарды кесу, ағаштар мен бұталарды отырғызу, орындарды әзірлеп, шұңқырларды қазып, ағаштардың жан-жағына топырақтар салу т.б. Жыл мезгілдерінің барлық түрлерінде саяхаттарға шығу. Гүлдерден, түрлі жапырақтардан гербарийлер жасау, еңбек пәні үшін, табиғаттағы түрлі материалдарды жинау.

 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫ :

 

 

 

Айналадағы  қоршаған ортаны материалдық қамтамасыз ету көзі деп қана түсінбей, экологиялық  мәдениет және рухани байлықтың көзі деп ұғынуға үйрету. Өсімдіктер мен  жануарлардың аз кездесетін және жоғалып кеткен түрлері туралы балалардың түсініктерін кеңейту және бекіту, Қазақстанның Қызыл Кітабымен таныстыру, қорықтар жайлы білімдерін нақтылай түсу. Балалардың эстетикалық тұрғыдағы қабылдауын, бейнелеу өнерін байыту және тіл байланысуын дамыту үшін, жыл мезгілдерінің түрлерін, түстерін, барлық байлықты көріп, білуге үйрету. Өсімдіктер әлемінде және жануарлар әлемінде қандай өзгерістер болатындығы туралы білімдерін кеңейту.

 

Өлі және тірі табиғаттағы өзгерістердің өзара  байланысын түсінуге, табиғат құбылыстарының себептерін белгілеуді балалардың түсінуіне көмектесу. Табиғатқа, құстарға деген мейірімділік, жанашырлақ қасиеттеріне тәрбиелеу.

 

Балаларды ауырлау еңбекке тарту : егістерді отырғызу және жинау, газондарды, гүлзарларды тазарту, көшеттердің орындарын қазу, ағаштардың топырақтарын қопсыту, құрғап қалған бұталарды кесу, өсімдіктерді қазып, табиғат бұрышына қажетінше отырғызу., тұқымдар жинау, құстарды жемдеу үшін жемістердің қалдықтарын жинастыру, қол еңбегіне табиғат материалдарын іздестіру, құстардың жем салғыштарын ағаштардың басына ілу.

 

Табиғат туралы жұмбақтардан, мақал мен мәтелдерден альбом дайындау. Гербарийлер дайындауға, қол еңбегіне табиғи материалдар жинау.Видеофильмдер, слайдтар, көріністер, фотосуреттер көрсету. Эксперименттер, тәжірибелер жасау. Табиғатқа тақырыптық, мақсаттық саяхаттарға шығу.

 

Қазақстандық суретшілердің сонымен  бірге әлемдік классиктердің  суреттерін қарау.

 

Мына тақырыптарға суреттер салу : «Аяз атаның терезе шынысына салған ашулы  суреттері», «Айлы аспан», «Ғажайып ағашты бояймыз», «Көңіл-күй жәрмеңкесі», «Мәдени өсімдіктер», «Жабайы өсімдіктер».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СЕРУЕНДЕГІ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ

 

 

 

Біздің балабақшада серуендерді  өткізгенде үлкен жұмыс жүргізіледі. Серуен жүргізер алдында, алдын ала  жұмысты таңдап алу қажет, серуеннің  өзін, серуенде алған білімдерін бекітіп және шығармашылық шеберханада балалармен жұмысты ұйымдастыру керек. Жұмыс қарапайымнан басталып бірте-бірте күрделене түседі.

 

Мысалы :

 

*балалардың өсімдіктерді күту  дағдыларын жетілдіру ;

 

*өсімдіктерді күткен жағдайда, еңбек дағдыларын дұрыс қолдану  қатынасын қалыптастыру :

 

*еңбек дағдыларын дербес қолдануға  жағдай жасау ;

 

*сабақтар , іс-тәжірибелерді өткізу.

 

Барлық шаралардың мағынасын түсіндіру, мысалы неге гүлдерді суару қажет, балалар  осы сұраққа жауап қайтарады-өйткені  су құймаса кеуіп қалады. Өсімдіктерге не қажет екенін балалар анықтай алады, қажетті барлық іс-әрекеттерді орындайды. «Дүкендегі гүл», «Бөлме гүлдерімен таныстыру» атты өткізілген сабақтар және сонымен қатар дидактикалық ойындар мен сұрақ-жауап ойындары балалардың білімдеріне үлкен үлестерін қосты. Өсімдіктер туралы білімдерінің қалыптасуы балалардың еңбек іс-әрекеттеріне жағымды ықпал жасайды, ал еңбек процесінде балалар пайдалы дағдыларды қабылдап алады, табиғатты сүюге және қорғауға дағдыландырады. Қандай өсімдіктер пайдалы және зиянды екені жөнінде, бақшадағы еңбек арқылы балалар таныды. Осы мезгілде мынадай дидактикалық ойындар өткізу қажет : «Бейнелеу арқылы танып ал», «Дәмі арқылы тауып ал», «Пісті-піскен жоқ», «Басы және түбі».

 

Балалардың  жан-жануарлармен достасуы, оларды қызық, қуанышқа бөлейді, олар бұрынғыдан да қайырымды, сергек бола бастайды. Балаларға мынадай тапсырма беріледі : күзендер мен кірпілерді бақылап, олардың қылықтары, қандай тамақ жейтіні т.б. туралы әңгімелеу.

 

 

Қыс бойына балалар қанатты достарына байқау жасап, оларға жем шашып, тамақтандырып отырды. Ол үшін күзде көптеген дәндер жинайды.

 

Көктемде  балалар құстардың келуін тамашалайды  және олардың қылықтарын бақылайды, олардың ұя салуларына толық мүмкіндік  жасайды. Серуенде құстардың әндерін  тыңдауға, олардың сыртқы түрлеріне қызыға қарауға кеңес беріледі, содан соң, дидактикалық ойындар, жұмбақ шешу, өлеңдер оқу, үнтаспалар тыңдау жүргізіледі, видеофильмдер көрсетіледі.

 

Су тоғандарын ластауға болмайтындығын, онда балықтар, көлбақалар, яғни, тірі жәндіктердің өліп қалатынын айтып түсіндіріледі.

 

Көктемгі, жазғы,, күзгі мерзімдерге құмырсқаның  илеуіне байқау жасау тиімді. Әр мерзімдегі олардың төбешік үйшіктерін салыстырып түсіндіру қажет, яғни, жәндіктер  орманды қорғауға көмектеседі. Сол  үшін де оларды «орман тазалықшылары» деп атайды.

 

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы балалардың ой-өрісін кеңейту үшін, әдістеме кабинетінде  табиғат туралы, жанрлары жөнінен  әр-түрлі кітаптар, бейнелеу өнерінің шығармалары, табиғи материалдардың үлгілері жинақталған. Ересек адамның маусымдық еңбегімен таныстыру бойынша іс-шаралар бір мезгілде жоспарланады. Ең бастысы, балалар адамның еңбегі айналаны қоршаған табиғатпен тығыз байланысты екендігін түсінулері тиіс.

 

Көктемде, жазда және күзде табиғатқа саяхаттар  ұйымдастырылады, онда балалар көктемнің шуақты кұндеріндегі болып жатқан тамаша құбылыстарды, яғни, қар еріп, сай-салаға құйылып жатқан суларды, жазда жайқалып пісіп тұрған жеміс-жидектерді, айналадағы көк шөптер, күзде айнала басқа түрге еніп жапырақтардың сарғайып түсе бастағанын өздері байқайды, орман ішіндегі саңырауқұлақтардың жеуге жарамды, жарамсызын қалай айыруға болатынын өз көздерімен көреді.

 

Қыста биік-биік қарлардың қызықтарына тоймайды, шана, шаңғы тебу оларды қайдан жалықтырсын. Бұлардың барлығы балалар әңгіме құрастырғанда ұшқыр қиялдарын дамытады, шығармашылық суреттер үшін қажетті материал болып саналады. Ой-өрісі дамиды, сөздік қоры молаюына негіз болады.

 

Табиғатты қорғау, оған аяушылықпен қарап, қамқорлық  жасауға үйрету тәрбиесі, ата-аналардың  белсенді қатусуынсыз өтуі мүмкін еиес. Көктемгі кезеңде біз ата-аналарды құстардың үйшіктерін, асханаларын жаңалауға шақырамыз. Сенбілік кезінде де балабақша учаскесінде ағаштар отырғызғанда, балалармен бірге, белсенді түрде қатысып отырады.


Информация о работе Табиғатпен байланыс