Табиғи ресурстар және табиғатты қорғаудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 16:14, реферат

Описание

Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай – өндірістік, денсаулық сақтауға қажетті, ғылыми, эстетикалық деп бөлінеді. Табиғи ресурстар сарқылмайтын және сарқылатын деп екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі – су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жерлердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердің таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.

Содержание

Табиғи ресурстар және оларды топтау
Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану
Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары
Табиғатты қорғайдың аспектілері
Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері

Работа состоит из  1 файл

Табиғи ресурстар және табиғатты қорғаудың теориялық негіздері.docx

— 29.05 Кб (Скачать документ)

            Организмдердің бір түрлі тобы  және әр түрлі тобы белгілі  бір жерде қоныстанып, өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және  өзара байланыстар жасайды. Қоршаған  табиғи ортаға адамдар, жануарлар,  өсімдіктер басқа да тірі организмдер  өмір сүретін мекен-жай, жылы  мен суық, ас пен қорек, олардың  достары мен жаулары кіреді. 5/8

             Табиғи ресурстар және табиғатты  қорғаудың теориялық негіздері

      Қоршаған  орта тірі және өлі табиғаттан  құралған, өзара тығыз байланыстары  бар біртұтас жүйе. Табиғатта  болатын барлық құбылыстар мен  өзгерістер осында өтеді.

      Қоршаған  ортаның күрделі проблемаларын  зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар  жасайтын ғылым саласын экология  дейміз. Ол гректің “oikos”- “үй,  мекен, жай” деген мағынаны  білдіреді. Экология бір ортада  өмір сүретін организмдерді зерттейді,  олардың басқа организмдермен  және қоршаған ортамен ара  қатынастарын анықтап, жиынтық  қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан  “экология” қоршаған ортаны  сақтаудың ғылыми негізі болып  саналады. Ең алғаш “экология”  деген сөзді 1858 жылы пайдаланған  Генрих Девид Торо.

        Экология  терминін ғылымға бірінші болып  енгізген 1866 ж. Белгілі табиғат  зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды  неміс ғалымы Эрнт Геккель.  Э.Геккель экологияға мынадай  анықтама берді: Экология табиғаттың  экономикасын білу, сонымен қатар  тірі организмдердің осы ортға  басқа органикалық және органикалық  емес заттардың ара қатынасын,  өсімдіктермен жануарлардың, олардың  дастары мен жауларының бір-бірімен  байланыстарын зерттеу.

         

            Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі. Өсімдіктер туралы осындай жоспарда Эмпедокл және Теофраст (IIIғ.б.э.д.) жазған, ал жануарлар туралы – Аристотель (Ivғ.э.д.) жазған.

        Экология  ғылымының дамуына А. Гумбольдтың  (1769-1859) еңбектері өз уақыты үшін  өте елеулі болды. Ол өз бетімен  жеке Слтүстік және Оңтүстік  Американы, Орталық Европаны,Сібірді,  Алтайды, Каспий жағалауларын  зерттеді. Сөйтіп ол өсімдіктер географиясын қалыптастырды, жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінің таралу заңдылығы туралы ерекше ғылым ретінде және өсімдіктер тіршілігін зерттеуде экологиялық бағыттың негізін салды.

        XIX ғ.  Ортасында Ресейдіе К.Ф.Рульенің  еңбектері биологиялық ғылымдағы  экологиялық бағытының дамуы  үлкен әсер етті. Оның еңбектері  зоологиядағы экология бөлімін  қалыптастырды.

         XIXғ. Соңында Дарвиннің  ілімі  арқасында экология организмдердің  адаптациясы туралы ғылымға айналды.  Дарвиннің анықтамасы бойынша,  экология – бұл табиғаттағы  барлық күрелі өзара байланыстар  мен өзара қатынастарды зерттейтін  ғылым, тіршілік үшін күрес  жағдайы ретінде.

         XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология  дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық  зерттеулердің күрт өсуімен сипатталды. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар  бойынша ақпараттар саны өседі.  Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі  туралы, өсімдіктерді қорғау туралы  және т.б. фактілер саны көбейе  түсті.

          Сонымен, қазіргі кездегі экология  адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераның бетбұрасын ғылыми  түрде негіздеуге ұмтылады. Экология  ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғаттағы оңтайлы пайдалануға,  табиғи ресурстарды қалпына келтіруге,  қорғауға және молайтуға бағыттаған.

 

Негізгі әдебиеттер:

 

  1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
  2. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
  3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
  4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, «Ғылым», 1997, Көшкімбаев Қ.С.
  5. Мәмбетқазиев Е.,Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайран», 1990.
  6. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «Қазақ университеті», 2000.
  7. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.
  8. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

Информация о работе Табиғи ресурстар және табиғатты қорғаудың теориялық негіздері