Табиғи ресурстарының молдығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 19:03, реферат

Описание

Қазақстанның негізгі байлықтарының бірі – бұл оның пайдалы қазбалары. Қазақстан табиғи ресурстарының қоры бойынша әлемде 6-шы орында. Д.И.Менделеевтің химиялық элементтер кестесінің 110 элементінің ішінен Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент табылған, 70 элемент барланған, 60 элемент өндірілуде және пайдаланылуда: мұнай, газ, уран, мырыш, вольфрам, боррит, күміс, қорғасын, хромиттер, мыс, флюориттер, молибден, алтын. Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасы 5004 кен орнынан тұрады, олардың болжамды құны шамамен 46 триллион АҚШ долларын құрайды.

Работа состоит из  1 файл

Табиғи ресурстарының молдығы.docx

— 20.98 Кб (Скачать документ)

Табиғи  ресурстарының молдығы

Қазақстанның негізгі  байлықтарының бірі – бұл оның пайдалы қазбалары.  Қазақстан табиғи ресурстарының қоры бойынша әлемде 6-шы орында.  Д.И.Менделеевтің химиялық элементтер кестесінің 110 элементінің ішінен Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент табылған, 70 элемент барланған, 60 элемент өндірілуде және пайдаланылуда: мұнай, газ, уран, мырыш, вольфрам, боррит, күміс, қорғасын, хромиттер, мыс, флюориттер, молибден, алтын. Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасы 5004 кен орнынан тұрады, олардың болжамды құны шамамен 46 триллион АҚШ долларын құрайды.

Қазақстан қазірдің өзінде вольфрамның әлемдегі ең ірі  өндірушісі болып табылады, ал оның қоры бойынша дүние жүзі елдерінің  арасында бірінші орында, хром және фосфор кендерінің қорлары бойынша - екінші орында, қорғасын мен молибден - төртінші орында, Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей және Украинадан кейін темір рудаларының жалпы  қорлары бойынша - сегізінші орында (16,6 миллиард тонна).

Қазақстан Республикасында  мұнай мен газдың әзірге тек 160 кен  орны барланған, ал өндірілетін мұнай  қорлары 2,7 миллиард тоннаны құрайды.

Бүгінгі күнгі Қазақстанда  алтынның шамамен 300 елеулі кен орындары болжамдалған, олардың ішінен 173- і  егжей-тегжейлі барланған.

Қазақстанның аумағында 100-ден астам көмір кен орындары барланған, олардың ең ірісі –қоңыр көмір қыртыстарының үлкен қуаттылығымен  ерекшеленетін Екібастұз кен  орны, және  50 миллиард тоннадан астам кокстенген көмір қорлары бар Қарағанды көмір бассейні.

Қазақстанда калийдің және басқа тұздардың, борат, бром қоспаларының, сульфаттардың, фосфориттердің, лак  және бояу өнеркәсібіне қажетті алуан  түрлі шикізаттардың,  күкірт қышқылы және басқа химиялық өнімдердің өндірісін ұйымдастыруға арналған полиметалл кендерінің құрамындағы күкірт колчеданның мол қорлары бар.

Қазақстанда шыны және фарфор-фаянс өнеркәсібінде қолданылатын аса бай шикізат ресурстары бар: сирек кездесетін асыл тастар, алуан  түрлі құрылыс және қаптауыш материалдар.

Табиғи ресустардың қоғам  өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына  шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын  – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз  байланысты.Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс. 
 
«Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс. 
 
Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы. 
 
Ресустардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі. Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал, жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі. Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі бойынша, сапасы бойынша (яғни оларда пайдалы компоненттердің болуына қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) және басқадай топтастырулар қолданылады. 
 
ның әр түрлі болғанына байланысты. Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол. 
 
Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін тиімділігі де жоғары болмақ. 
 
Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды. 
 
Мысалы, экономикада үздік жетістіктерге жеткен Жапонияның ассортимент жағынан болсын, мөлшер жағынан болсын минералдық ресурстары өте-мөте шектеулі. Онда күкірт пен пириттердің ғана мол қорлары бар, ал мұнай, табиғи газ, темір рудасы, сирек металдар рудалары, фосфориттер, калий тұздары және т.б. өте-мөте жетіспейді. Жапонияға қарағанда минерал шикізат ресурстары орасан мол болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мардымсыз көптеген мысалға келтіруге болады. 
 
Табиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады. 
 
Табиғатты пайдалану процесінде табиғи ресурстарды ғылыми негізде шаруашылық тұрғысынан бағалаудың маңызды мәні бар. Оның құрамдас элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарьлау, сондай-ақ мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Әлемнің кемел дамыған елдерінде мұндай ресурстар ендігі жан-жақты бағаланған, ал дамуы баяу елдерде бұлай бағалау әлі жүргізілмеген. Ал анығында табиғи байлықтарды мұқият есепке алмайынша, өміріміздің барлық салаларында олардың тұтынылуын бақылаудың мінсіз қалыптасқан жүйесі болмайынша және бұл ресурстарды барынша үнемдемейінше адамзат осылай «мәңгілік» өркендей береді деп үміттенуге болмайды. 
 
Сонымен, адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңдерінде табиғи ресурстар оның әлеуметтік-экономикалық прогресінің маңызды алғы шарты болды. Алайда олардың сан алуан экономикалық ресурстарға айналуы түптеп келгенде адамға, оның ыждағаты мен талантына байланысты.

Табиғаттың  ластануы дегенде біз оған тән  емес агенттердің енуі немесе бар  заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, соның  нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі. 
"Шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді). "Пайда болу көзіне байланысыты: а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.; ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аумақтар мен мемлекеттерден енетін). "Әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті. "Қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әртүрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.). "Әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік) физико-химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б.). "Әсер етудің кезеңдігіне байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері). "Тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты - 100 және 1000 жыл тұратын (азаот, оттегі, аргон және инертті газдар), тұрақты - 2-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон). 
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жинау әсері жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз әсерін оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік әсерінің пайда болуы қамтамасыз етеді. Өндірілетін ресурстардың тек 2-3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал, қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б). Адам қызметінің көңіл аударарлық қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн. -нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады. Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрылықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15-20% ластанған. Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни, жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты. Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20-30%-ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1-3О С-ға артады. Қазіргі кездегі озон қабатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып есептеледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1%-ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін.  
Судың ластануы. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әртүрлі дәрежеде ұшырайды. Судың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әртүрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әртүрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді.  
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі - радиациялық ластану болып қалып отыр. Қазақстан аумағында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің аумағының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Қазақстанда радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.


Информация о работе Табиғи ресурстарының молдығы