Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 23:55, доклад
Табиғи судың химиялық құрамы алуан. Дүниежүзілік мұхиттың сулары тұщы сулардан айырмашылығы минералданудың дәрежесінде. Сондай-ақ теңіздің суы химиялық құрамы мен минералданудың дәрежесімен айырмашылық жасайды. Тұщы судың құрамы оның құралымының шарттарына тәуелді болады. Табиғи сулар әдетте таза болмайды, онда еритін және ерімейтін заттардың қоспалары болады.
Табиғи судың химиялық құрамы алуан. Дүниежүзілік мұхиттың сулары тұщы сулардан айырмашылығы минералданудың дәрежесінде. Сондай-ақ теңіздің суы химиялық құрамы мен минералданудың дәрежесімен айырмашылық жасайды. Тұщы судың құрамы оның құралымының шарттарына тәуелді болады. Табиғи сулар әдетте таза болмайды, онда еритін және ерімейтін заттардың қоспалары болады. Теңіз суында еріген тұздар кептеп кездессе, (3,5%) ағын және жер асты суларында кальций мен магний тұздары болады, ал жауын мен еріген қар суларында көбінесе шаң мен еріген күйдегі газдар (02, N2, С02, S02, т. б) кездеседі.Түрлі сулы нысанның суының сапасын салыстыруда табиғи судың классификациясын жүргізу өте маңызды.
Табиғи судың классификациясы(топтастыруы)
Тұрмыстық мақсаттар үшін пайдаланатын табиғи суларда, әдетте негізінен судың дәмі және санитарно-гигиеналық құрамына тәуелді болатын аниондар мен катиондар қатысады. Сол себептен табиғи сулар негізгінен химиялық құрамы бойынша минералдану дәрежесіне қарай топтастырылады.
Минералдану дәрежесі бойынша классификациясы
Табиғи сулардың құрамына сонымен қатар меншікті сулар да кіреді - оттектің және сутегінің химиялық құралымы және онда оның химиялық құрамы мен құрылымын түсіндіреді.
Суда қатты,сұйық және газ тәріздес заттар ериді және олар 3 топқа топтастырылады.
-жақсы еритін(судың 100 граммына заттың 10 граммына жуығы ериді);
-аз еритін (судың 100 граммына заттың 1 граммына жуығы ериді);
ерімейтін(судың 100 граммына заттың 0,01 граммынан азы ериді).
Минералдану деп судағы минералды заттардың мөлшерін атайды. Тұщы судың минералдануын м өлшеу қабылданған: мг/л немесе л/мг, ерітіндінің ащы суларында - литрға деген граммда немесе пайыздармен(%). Практикалық қолданыстына қарай табиғи судың минералданудың дәрежесі бойынша классификациясының бірнеше түрі бар.Жиі пайдаланылатын классификация 1.12 таблицада көрсетілген.
Судың аты |
Минералдануы, г/кг |
Тұщы |
1,0 |
Ащы |
1,0 - 25,0 |
Теңіздің тұздылығымен |
25,0 - 50,0 |
Рассолы |
50,0 және одан жоғары |
Химиялық құрамы бойынша топтастыру
Көп жағдайда табиғи тұзды судың құрамы Са2+, Мg2+, Nа+, К+ катиондарымен және НСO3-, Сl -, SO42 - аниондарымен анықталады.Осы иондар суыдың басты иондары немесе макрокомпоненттер деп аталады; олар судың химиялық үлгісін анықтайды. Қалған иондар бірталай аз мөлшерде қатысады және микрокомпоненттер деп аталады; олар судың химиялық үлгісін анықтамайды.
О. А. Алекин ұсынған табиғи суларды химиялық құрамы бойынша топтастыру (рис. 1.13),ауыз су және тұрмыстық мақсаттарда пайдаланатын сулар үшін ең қолайлысы. Оның негізіне екі ұстаным: басым ионның және олардың арақатынасына тиесілі.
Рис. 1.13. Химиялық құрамы бойынша табиғи сулардың классификациясы
Су құрамындағы анионның мөлшеріне қарай 3 классқа бөлінеді: гидрокарбонатты, сульфатты және хлоридты. Әр класстың суы өз кезегінде катионның мөлшеріне қарай 3 топқа бөлінеді: кальцийлі, магнийлі және натрийлі. Әр топ иондардың ара қатынасына қарай 4 түрге бөлінеді. Бұл кетте табиғи судың классы сәйкес анионның белгісімен белгіленеді:С - НСО3-, S - SO42 - көрсетіледі, Сl - Сl -; топ: катионның белгісімен: К+, Na+, Са2+, Мg2+; үлгі - римдік цифрмен.
Судың формуласы келесі бейнемен жазылады. Класстың белгісіне төменгі индекс - минералданудың мағынасы ретінде қосылады, топтың белгісіне –жоғары индекс - ортақ катиондық құрамның мағынасы ретінде.Мысалы: С1,2 Nа0, 5 - гидрокарбонатты-натрий суы 1,2 г/л ортақ минералдануымен және гидрокарбонатты ионның және натрий ионының концентрациясынан тұрады.
Сонымен қатар табиғи суларда еріген газдар да болады.Жерасты суларында, минералды суларда сутегі, радиоактивті газ радон, сонымен қатар бейтарап және басқа да газдар болады.
Кестеде. 1.13 табиғи суларда ең жиі кездесетін иондар ұсынылған.
Кесте 1.13. Табиғи суларда ең жиі кездесетін иондар
Катион |
Анион | ||
Атауы |
Белгіленуі |
Атауы |
Белгіленуі |
Сутегі |
H+ |
Гидроксильді |
OH- |
Натрий |
Na+ |
Бикарбонатты |
HCO3- |
Аммоний |
NH4+ |
Хлоридты |
Cl- |
Кальций |
Ca2+ |
Сульфатты |
SO42- |
Магний |
Mg2+ |
Нитритты |
NO2- |
Темір (I және II валентті) |
Fe2+, Fe3+ |
Нитратты |
NO3- |
Барий |
Ba2+ |
Силикатты |
SiO32- |
Алюминий |
Al3+ |
Ортофосфорлы |
PO43- |
Калий |
K+ |
Фторидты |
F- |