Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 10:32, реферат
Ал қоршаған ортаға зияны көп мұндай қоқыстардың қайта өңделуі өте төмен дәрежеде. Мәселен, осы жылдың бірінші жартыжылдығында жиналған тұрмыстық қалдықтар 39,9 мың тоннаны құраса, оның тек 7,74 мың тоннасы қайта өңделген. Облыстық прокуратура тексеруі нәтижесінде қабылданғанына 4 жыл болған Экологиялық кодекс талаптарының орындалмай отырғаны да анықталды. Ең басты кемшілік – аталмыш кодекске сәйкес қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама әзірленбеген. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мамандарының айтуынша мұндай бағдарламаны қабылдауға қаржы жетіспеушілігі басты кедергі болған. Бұл мәселе бойынша анықталған заңсыздықтар облыстық прокуратураның алқа мәжілісінде қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.