Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 13:59, реферат
«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.
Кіріспе
Өткір радиация
А) Гамма-сәуле
Б)Адам ағзасына лазерлі сәуленің әсері
В)Шет мемлекеттер армияларының жаппай жою қаруы.
Ядролық жарылыс кезіндегі өткір радиация
Г)Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы
Қорытынды:
Зақымданудың координаталық заңы
Тура немесе айналы көріністі лазерлі шоғырлармен адам терісінің зақымдануларының сипаты әртүрлі болады. Ауыр жағдайларда электр тоғы кезіндегі электрокоагуляциялық күйіктерді еске түсіретін күйіктер болуы мүмкін немесе тері жабындыларының жыртылулары және толық бұзылыстары болады. Жеңіл жағдайларда тері ішілік ферменттердің қызметтерінің белсенділігінің және терінің электрлік өткізгіштігінің немесе сәулеленеген жерде жеңіл эритеманың дамуы болады.
Лазермен жұмыс істейтін науқастардағы бұзылыстар көру ағзалары және тері жабындыларындағы өзгерістермен ғана шектелмейді. Оларда нерв және жүрек тамыр жүйесінің қызметтерінің бұзылыстары, бірқатар биохимиялық және гематологиялық көрсеткіштердің өзгерістері болады. Алайда, лазермен жұмыс істеген кезде пайда болған ығысулардың барлығын кәсіптік ауруларға жатқызуға болмайды.
Астениялық және астеновегетативті синдромдар, сонымен қатар вегетотамырлық дистония лазермен жұмыс істейтін науқастарда жиі кездесетін клиникалық синдромдарға жатады. Жұмыс стаждарының ұлғаюларына байланысты науқастарда гипертониялық ауру дамуы мүмкін.
Лазермен жұмыс істейтін жұмысшыларға тән шағымдарға жоғары шаршағыштық, жалпы әлсіздік, жұмыс күнінің соңында өзін нашар сезіну жатады. Обьективті бұзылыстарға келетін болсақ, жоғарғы тітіркендіргіштік, жылағыштық, ұйқысының бұзылуы, басының ауруы және жиі бас айналу, сонымен қатар жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдер мен сұққылап ауырсынулар болады. Осы шағымдардың сипаты бойынша, олардың көбі ОНЖ қызметінің бұзылыстарына, жүрек дистониясына негізделген.
Обьективті неврологиялық симптомдар негізінен сіңір рефлекстерінің пайда болуымен, қол треморларымен, дермографизмнің тежелуі немесе күшеюімен, жалпы және жергілікті гипергидрозбен көрінеді.
Лазермен жұмыс істейтіндерде орталық генездің басымдылығымен вестибулярлы анализаторлардың қызметтерінің бұзылыстары анықталынады. осы вестибулярлы бұзылыстар әдетте есту ақауларымен қатар тепе теңдіктің бұзылуларымен және бастың айналуымен сипатталады.
Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары пульс және АҚ тұрақсыздығымен сипатталады. Жиі аритмия анықталынады, аускультацияда жүрек ұшынан жүрек тонының тұйықталуы естіледі.
Шеттік қанда эритроциттердің санының күрт жоғарлауы, сирек ретикулоциттердің жоғарлауы, түсті көрсеткіштермен гемоглобин деңгейлерінің шамалы төмендеуі, аз мөлшердегі лейкоцитоз анықталынады. стажы жоғары жұмысшыларды қанның қызыл түйіршіктерінің сандық емес сонымен қатар сапалық өзгерістеріде байқалады, яғни эритроциттердің диаметрі мен көлемінің өзгеруі, эритроциттердегі қышқылдық фосфатазасының белсенділігінің жоғарлауы. Гемостаз жүйесіндегі өзгерістер шамалы тромбоцитопения, протромбин құрамының төмендеуі, қан ағу уақытының ұзаруы түрінде көрінеді.
Бірқатар
ферменттер мен медиаторлардың(
Емі.
Аурудың бастапқы кезінде арнайы дәрілік
ем қажет емес, ол ддемалыс және еңбек
тәртібін сақтаған кезде қайтады. Айқын
көріністер кезінде науқастар амбулаторлы
немесе стационарлық емді қажет етеді.
Шет
мемлекеттер армияларының
жаппай жою қаруы.
Ядролық жарылыс
кезіндегі өткір радиация
Ядролық
жарылыстың өткір радиациясы дегеніміз
– гамма сәулелену мен
Биологиялық ұлпа арқылы өткен гамма кванттар мен нейтрондар тірі жасушылардың құрамына енетін атомдар мен молекулаларды иондандырады, нәтижесінде қалыпты зат алмасуы бұзылып, сәуле ауруының туындауына әкеп соғады.
Сәулелену мөлшеріне қарай сәуле ауруы 4 түрлі дәрежеге бөлінеді:
Жарылыс эпицентрінен қашықтығы, м | Сәулелену мөлшері, радиан | ||
Гамма сәулелену бойынша | Нейтрондар бойынша | Жиынтық | |
300 | 100 000 | 400 000 | 500 000 |
500 | 30 000 | 70 000 | 100 000 |
700 | 5 000 | 10 000 | 15 000 |
1000 | 800 | 1200 | 2000 |
1200 | 350 | 500 | 850 |
1500 | 100 | 100 | 200 |
1800 | 45 | 30 | 75 |
2000 | 15 | 5 | 15 |
Күші 1
мың т нейтронды оқ-дәрінің
әуеде жарылуы кезіндегі
Сәулелену
тығыздығы жоғары (қорғасын, құрыш,
бетон) материалдарда көбірек
Өткір радиацияны әлсіретудің ең үлкен шамасына фортификациялық (бүркемеленген орлар) құрылыстар ие.
Адам
ағзасына иондалған сәулелену әсерін
әлсірету үшін әр түрлі радиацияға
қарсы құралдар (радиопротекторлар)
қолданылады.
Ядролық
жарылыстың зақымдау
әрекетінің сипаттамасы
Ядролық жарылыстар зақымдау әрекетінің сипаты мен көлемі бойынша кәдімгі оқ-дәрілер жарылысынан едәуір ерекшеленеді. Соққы толқын, зиянды сәулеге шалдығу және өткір радиацияның бір уақытта әсер етулері адамдарға, қару-жарақ, әскери техника мен құрылыстар бетіне ядролық оқ-дәрілер жарылысы зақымдау әрекетінің сипатын қамтамасыз етеді.
Жеке құрамның түйдектелген зақымдану кезінде соққы толқын әсерінен пайда болған жарақат пен зақымға зиянды сәулеге шалдығудан жасалған күйіктер, өткір радиация мен радиоактивті зақымдану әсерінен болған сәуле ауруы қосылуы мүмкін.
Түйдектелген зақымдану адам үшін мейлінше ауыр болып табылады. Мысалы: сәуле ауруы жарақаттар мен күйіктердің жазылуын қиындатады, ол, өз кезегінде, сәуле ауруы барысын асқындырады. Сонымен қатар жұқпалы ауруларға адам ағзасының қарсыласуы төмендейді.
Зақымдануды оның ауырлығына қарай өлтіретін, өте ауыр, орташа және жеңіл деп бөледі. Өте ауыр және орташа ауырлықтағы зақымданулар адам өміріне өте қауіпті болады, көбінесе өлімге әкеп соғады. Орташа және жеңіл ауырлықтағы зақымдану адам өміріне қауіпті емес, бірақ жеке құрамның ұрысқа қабілеттілігін төмендетеді.
Ядролық жарылыстың зақымдау факторлары әсерінен жеке құрамның шығыны қайтарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді. Қайтарылмайтын шығындарға медициналық жәрдем көрсетуге дейінгі қаза тапқандарды; санитарлық шығындарға ұрысқа қабілеттілігін кем дегенде бір тәулікке жоғалтқан және медициналық пункттер немесе емдеу мекемелеріне түскен науқастарды жатқызады.
Қару-жарақ пен әскери техниканың істен шығуы көбінесе соққы толқын әсерінен болады да ұшақтар мен тікұшақтар жеңіл бүлінуі, ал қалған техника үшін орташа бүлінумен айқындалады.
Қару-жарақ пен әскери техниканың әлсіз зақымдануына объектінің ұрысқа қабілетін онша төмендетпейтін және экипаж күшімен оны жоюға болатын зақымдану жатады.
Орташа зақымдануға әскери жөндеу мен бөлімшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін қару-жарақ пен әскери техниканың зақымдануы жатады.
Күшті зақымдану кезінде объект түгелдей жарамсыз болады. Толық зақымдану кезінде объектіні орнына келтіру мүмкін болмайды.
Фортификациялық құрылыстар негізінен соққылы толқыннан зақымданады. Ол үш түрлі қирау дәрежесімен сипатталады: әлсіз, орташа және толық.
Әлсіз қираудан кейін құрылыстар ұрысқа қолдануға жарамды, бірақ соңынан жөндеуді қажет етеді.
Орташа қирау кезінде құрылыстардың тікелей мақсатта қолданылуы шектеулі болады да, ол қатардан шығарылады.
Толық
қирау кезінде құрылыстарды тікелей
мақсатқа қолдану мен оны қалпына келтіру
мүмкін болмайды.
Зақымданудың
координаталық заңы.
Жекеленген
зақымдаушы факторлардың нысанаға тигізетін
әсері кездейсоқ сипатта
Жарылыстың зақымдау факторының оның орталығына (эпицентріне) қатысты симметриялы болатынына сәйкес орташа қиылысқан жердегі зақымданудың координаталық заңы шеңберлі болады. Координаттың басы жарылыс орталығымен біріктіріледі, абцисс осьінде жарылыс орталығынан қашықтығы R ордината осьінде – берілген салмақ дәрежесіндегі нысананың белгілі бір зақымдану дәрежесі V (R) көрсетіледі.
Зақымданудың
координаталық заңын қарастырғанда
жарылыс орталығы айналасында орналасқан
үш аймақты көрсетеді. Жарылыс орталығына
тікелей жақын аймағы радиусында R нысананы
зақымдау мүмкіндігі тұрақты және ол 1-ге
тең; бұл аймақты сөзсіз
зақымдалу аймағы
деп атайды. Одан кейін жарылыс орталығынан
қашықтаған сайын зақымдану мүмкіндігі
1-ден 0-ге дейін кемитін радиусы Rа аймағы
орналасады, бұл аймақты зақымданудың
мүмкін аймағы деп атайды. Одан кейін
орташа дәрежелі
зақымдану байқалатын аймақ орналасады.;
бұл облысты толық
қауіпсіздік аймағы деп атайды.