Төтенше жағдайлар кезіндегі ведомстволық мұрағат жұмысын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 11:05, доклад

Описание

Мекеменің ведомстволық мұрағатында төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер тәртібі туралы Жадынама (әрі қарай ТЖ) төтенше жағдайлар кезінде әрекеттерді ұйымдастыру үшін, сонымен қатар «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»; «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары, «Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесін бекіту туралы», «Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тізбесін бекіту және оларды құру туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктелуін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылыры негізінде дайындалды.

Работа состоит из  1 файл

Төтенше жағдайлар кезіндегі ведомстволық мұрағат жұмысын ұйымдастыру.docx

— 26.48 Кб (Скачать документ)

Төтенше жағдайлар кезіндегі ведомстволық мұрағат жұмысын ұйымдастыру

10 апреля 2012

Зайтуна Хашимбаева, 
мұрағат қорларын сақтау және  
мемлекеттік есепті қамтамасыз ету 
Басқармасының бастығы

Төтенше жағдайлар кезіндегі ведомстволық мұрағат жұмысын ұйымдастыру

Мекеменің ведомстволық мұрағатында төтенше жағдайлар  кезіндегі  әрекеттер тәртібі туралы Жадынама (әрі қарай ТЖ) төтенше жағдайлар кезінде әрекеттерді ұйымдастыру үшін, сонымен қатар «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»; «Өрт қауіпсіздігі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңдары, «Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесін бекіту туралы», «Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тізбесін бекіту және оларды құру туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктелуін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылыры негізінде дайындалды.  

ҚР ТЖ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктелуі негізінде мынадай түрлерге бөлінеді:

  • нысандық, егер ТЖ аймағы әлеуметтік немесе өндірістің аумағы шегінен шықпайтын болса;
  • жергілікті, егер ТЖ аймағы аумақ шегінен шығып кетсе және облыстың 2 ауданы шегінен шықпайтын болса;
  • өңірлік, ТЖ салдарынан аймақ бір облыстың 3 ауданына дейін, немесе ТЖ 2 облыс көлемін алып кетсе;
  • жаһандық, егер ТЖ ҚР 3 облысын немесе одан да көп жерлерді, немесе шектесіп жатқан мемлекеттердің жерін  алып кеткен болса.

Өндірістік авариялар және апаттар әдетте техногендік сипаттағы ТЖ жатқызылады.

Ең көп таралған ТЖ — бұл өрттер мен жарылыстар. Электроэнергетикалық және коммуникация жүйелерінде болатын авариялар өнеркәсіп объектілері жұмысының тоқтауына және істен шығуына себеп болады. Мысалы, құрылыстарда болатын авариялардың нәтижесінде улы заттар таралып, қоршаған ортаға зиянын тигізуі мүмкін. Гидротехникалық құрылыстарда (бөгеттер, ағаш бөгеттер) болатын авариялардың нәтижесінде көптеген аймақтарды су басуға әкеліп соғады. Радиоактивті заттарды тарату арқылы болатын авариялар — бұлар өте қауіпті альфа, бета, гамма сәулелер. Бұл сәулелер адам өміріне өте қауіпті. Сондықтан да радиациялық авариялардың нәтижесінде қоршаған орта зақымданып, адамдардың сәулелендірілуіне әкеп соғады.

Өндірісінде химиялық заттарды пайдаланатын кәсіпорындар қоршаған орта, жергілікті халық үшін өте қауіпті, яғни авария бола қалған жағдайда ауаға улы заттар таралуы мүмкін. Хлор, аммиак, тұз қышқылы, фторлы сутегі және т.б. сияқты қауіпті химиялық заттарды пайдаланатын ірі өнеркәсіптік тұтынушылар, өте қауіпті кәсіпорындар қатарына жатқызылады. Сонымен қатар кондитерлік фабрикалар, сыра заводтары, ет комбинаттары, көкөніс базалары тоңазытқыштарда затарды сақтау үшін аммиакты пайдаланады.

ЖАРЫЛЫСТАР. Бұл  өндірістік сиымдылықтың, аппаратуралардың, құбырлардың, технологиялық режімдердің істен шығуы және т.б.  бұзылуы немесе зақымдануы нәтижесінде кенеттен болатын жағдайлар. Өте жиі болатын құбылыс — газ жарылысы. Террористік актілер де болуы мүмкін. Жеңіл конструкциялы үлкен көлемді құрылыстар және ғимараттар жарылыстың нәтижесінде көп зардап шегеді. Жер асты және оған бекітілген құрылыстар қирауға төтеп бере алады. Адамдардың зақымдану ауырлығы және сипаты жарылыс толқынының көлемдігіне байланысты болады.

ТЖ талаптарына сәйкес ведомстволық мұрағат жұмысының ұйымдастырылуы

Мұрағат жұмысында  төтенше жағдайларды болдырмау өте маңызды, себебі оны сақтау мұрағаттың міндеті, яғни қызмет көрсетуші адамдардың, келушілірдің денсаулығына және өміріне, Ұлттық мұрағат қоры (ҰМҚ) құжаттарының сақталуына қауіп туғызады.  
Төтенше жағдайларды туғызатын негізгі себептер: өрт, табиғи және техногенді сипаттағы апаттар; техникалық қамсыздандыру жүйесіндегі апаттар.

Мұрағат өз құжаттарын, қызметкерлерін, келушілерді және ғимараттарды төтенше жағдайлардан құтқару үшін қандай әрекеттр жасау керектігін жоспарлайды. Бұл үшін мекеме жетекшілігі:

  • ТЖ болдырмау және алдын алу бойынша шараларды және күштерді дайындауды қолдайды және жасайды; төтенше жағдайлар кезінде мұрағат қызметкерлерін қорғаныс шараларына үйретуді ұйымдастырады; авариялық-құтқарушылық жұмыстар өткізеді.
  • Мұрағатта ТЖ кезінде пайдаланатын бекітілген жоспары, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтары болуы керек; Құжаттарды және қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа көшіру сұлбасы, адам ресурстары және материалдық есептер, өрт күзету орны, өрт туралы Ережелері болуы қажет. ТЖ кезінде шаралар жоспарын дайындауда ғимараттарды техникалық құтқару аймағында жұмыс істейтін, өрт ісін, азаматтық қорғаныс ісін білетін мамандардың көмегіне жүгіну қажет. (4 қосымша).

Ғимараттың техникалық беріктігін күшейту шаралары жоспарда алдын-ала қарастырылады, ол үшін мұрағат қоймаларын, ғимараттарды уақытылы тексеруден өткізіп тұру керек және сақталуы және қауіптілігін бағалау жөнінде акті жасалады, ол мына жүйе бойынша бағаланады: төменгі, орта  қауіпті немесе талапқа сай, яғни аз мөлшерде қауіпті. (1 қосымша).        

Мұрағатта алдын-ала аса құнды құжаттарды айқындау жұмысы жүргізіліп, қораптарға түрлі-түсті индикаторлар жабыстырылады, бұл төтенше жағдай кезінде біріншіден осы құжаттарды алып шығу үшін қолайлы.

Қоймаларда уақытылы зарядталып тұратын жарық беруші шамдар болуы қажет. Мұрағат басшылығының бұйрығымен өте маңызды құжаттарды (жеке есепшоттар, еңбек кітапшалары, және т.б.), ҰМҚ негізінде қағаз жүзіндегі мұрағат құжаттарын, электронды және пленкалық тасушылырды құтқарып қалу үшін оларды анықтап, тізімін жасау қажет. Бұл тізімді жыл сайын айқындап отыру керек.

Төтенше жағдай бола қалған жағдайда жұмысшылардың лезде әрекет ету тәжірибесі туралы тізбе — жоспар шараларының міндетті элементі болып табылады (2 қосымша).

Мұрағат қызметкерлері  жүйелі түрде дайындықтан өтіп тұрулары керек (оқу, түсіндіру, дайындау).  

Мұрағат құжаттарын және адамдарды қорғауды ұйымдастыру мақсатында келесі шаралар жүргізілуі керек:

  • байланыс және хабар тарату құралдарын орнату және оларды үнемі дайындықта ұстау;
  • құжаттарды қауіпсіз жерге көшіру керек болған жағдайда орауыш заттарды  (орамалы қағаз, синтетикалық пленка, дорбалар, жіптер, брезент, құжаттарды таңбалауға қажетті жуылып кетпейтін заттар, орау үшін қажетті қатты ыдыстар, өрт сөндіретін құралдар және т.б.) дайындау қажет. Құжаттары бар мұрағат қораптарын ғимараттың жоғарғы қабатынан түсіру үшін брезент жеңдердің, құжаттарды кептіру үшін жіптен, капроннан жасалған торлардың болғаны абзал.

Өрт кезінде ведомстволық мұрағат қызметкерлерінің әрекеттері

Мұрағат ғимаратында  бола қалған кез-келген өрттің өршуін байқаған жұмысшы өрт сөндіруші және тағы басқа қызметтерге телефон арқылы, содан кейін мекеме басшылығына хабарлайды және өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін қолда бар заттармен өрт сөндіру және оны жайылтпау әрекеттеріне кірісе беру керек (3 қосымша). Өртпен күрес, адамдарды және оқырман залына келушілерді, мұрағат құжаттарын, мүліктерді құтқару бойынша мұрағатта арнайы нұсқаулық дайындалып, нақты әрекеттер  тәртібі жасалу керек.

Өрт сөндіруде негізгі басшылық өрт сөндіруге келген мекеме бастығына жүктеледі. Оның бұйрықтарын мұрағаттың барлық лауазымды тұлғалары орындауға міндетті. Мұрағаттың лауазымды тұлғалары істерді қауіпсіз жерге шұғыл түрде көшіруге, өртті сөндіру кезінде өрт сөндіру күзетіне көмек көрсетуге міндетті.

Өмірге қауіпті жүйелердің авариясы кезіндегі әрекеттер

Өмірге қауіпті жүйелердің: электр құралдары, жылыту жүйелері, су құбырлары және канализациялардың авариясы кезінде алдымен мекеме басшылығына, содан кейін керекті авария қызметтеріне хабарланады.

Мұрағат құжаттары  бұзылған жағдайда, оларды қорғау шұғыл түрде құтқару шараларын ұйымдастыру керек. Су болған құжаттарды қолда бар заттармен кептіру шаралары ұйымдастырылады.

Құжаттардың бұзылғандығы немесе ұрлау фактілері анықталған жағдайда ведомстволық мұрағат қоймадағы құжаттармен жұмысты дер кезінде тоқтатып, тергеу және істердің түгендігін тексеру шаралары аяқталғанша тоқтатуға құқылы. Ұрлау фактісі дер кезінде мекеме басшылығына, жоғары тұрған органға, жергілікті полиция бөлімшесіне хабарланады.

ТЖ жіберілген ескертулер, сонымен қатар ТЖ кезінде келтірілген шығын және жоғалған заттар көлемін төмендету шаралары алдын-ала жүргізіледі.

ТЖ қандай болатындығына қарамастан, жоспарлауда келесі шаралар қарастырылады:

  • құжаттарды қорғау бойынша (құтқару тобының, алғашқы медициналық көмек заттарының, көшіру үшін қажетті заттардың түгендігі) шараларды орындау үшін, адами және материалдық ресурстар есебін дайындау қажет;
  • мұрағат қоймаларынан құжаттарды көшіру сұлбасын дайындау кезінде, әр топтың қозғалыс бағытын нақты көрсету керек: әр топтың құжаттары қалай, қай баспалдақпен, қай жаққа шығарылатындығы, оларды уақытша қауіпсіз жерге көшіруді алдын-ала анықтаған жөн. Мысал үшін, № 1топ — мұрағат қораптарындағы құжаттарды қойманың негізгі шығысынан алып шығады, ал № 2 топ — № 1 қосалқы шығыс арқылы құжаттарды көшіреді, сонымен қатар қоймалардың есіктеріне алдын-ала көшетін топтардың нөмірлерін көрсетіп қою керек;
  • су басу қаупі төнгенде ғимараттың төменгі және ортаңғы қабаттарын жабу үшін, алдын-ала құмға толы қаптарды дайындап қойған жөн, сол құмды отты өшіру барысында да қолдануға болады;
  • ведомстволық мұрағатта төтенше жағдай орын алған уақытта, әрекет ету үшін, қызметкерлерге оқу-үйрету шараларын өткізіп тұру керек (ТЖ қаупі төнгенде құжаттарды тасу тренингін өткізу, яғни электр қуатынсыз, маска кию, өрт сөндіру заттарын пайдалану, әрекет уақытын есепке алу арқылы және т.б.).

Информация о работе Төтенше жағдайлар кезіндегі ведомстволық мұрағат жұмысын ұйымдастыру