Ғылыми-техникалық прогресс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 16:18, реферат

Описание

Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, арты цунамиге ұласты. Соңғы 20 жылда болмаған табиғат апатынан бірнеше елдімекендер жермен-жексен болған. Әзірге опат болғандар жөнінде нақты мәлімет жоқ. Бірақ жарақат алған тұрғындар ауруханаларға көптеп түсіп жатыр. Елдің геологиялық қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, жойқын зілзала екі мәрте тіркеліпті. Біреунің күші 7,9 балл, екіншісі 8,9 - ға дейін жеткен.

Работа состоит из  1 файл

Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып.docx

— 19.93 Кб (Скачать документ)
 

Жапонияда жойқын жер  сілкінісі болып, арты цунамиге ұласты. Соңғы 20 жылда болмаған табиғат апатынан бірнеше елдімекендер жермен-жексен болған. Әзірге опат болғандар жөнінде  нақты мәлімет жоқ. Бірақ жарақат  алған тұрғындар ауруханаларға  көптеп түсіп жатыр. Елдің геологиялық  қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, жойқын зілзала екі мәрте тіркеліпті. Біреунің күші 7,9 балл, екіншісі 8,9 - ға дейін жеткен. Жер сілкінген кезде  халық жұмыс орнында болған. Бұл  уақытта үкімет басшысы Наото  Кан да де Парламентте кеңес өткізіп  жатқан. 

Жойқын жер асты дүмпуінен кейін елдің геологиялық  қызметі бірнеше аралға цунами қаупі  төнгенін хабарлаған. Бірақ тұрғындарды  дер кезінде көшіру мүмкін болмады. Айналдырған бірер сағат ішінде биіктігі он метрлік толқын Хонсю  мен Хоккайдо аралдарына жеткен. Жойқын цунами жолындағы елдімекендер мен  өндіріс орындарын түгел шайып  кетті. Қауіпсіздік мақсатында апат аймағындағы атом электр станциялары  мен әуежайлардың жұмысы уақытша  тоқтатылған. Соның салдарынан 4 млн-ға жуық үй электр жарығынан үзілді. Ұялы байланыс та істемейді. Ал жергілікті ауруханаларға жарақат алған  тұрғындар көптеп түсіп жатыр. Қаза тапқандар жөнінде әзірге нақты  ақпарат жоқ. Бірақ 19 адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабар тарауда. 

Жапониядағы зілзаладан зардап шеккендер арасында Қазақстан  азаматтары жоқ. Бұл туралы еліміздің  Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Асқар Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми  өкілі: - Қазіргі сәтке түскен мәліметке  сәйкес,зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар,құдайға шүкір,жоқ. Жалпы бүгін Жапонияда жер  сілкінісінің күші 8 балл болатын. Қазіргі  ақпаратқа сәйкес,жалпы саны 33 адам қайтыс болды. Олардың арасында,тағы да айта кетейік,қазақстандықтар жоқ. Жапондар тағы шулады, жер қайта  тулады. Қуатты зілзала бүгін Хонсю  аралын теңселткен. 9 балдық дүмпудің салдарымен күрес мардымсыз. Ал, жер сілкінісі  кезінде апатқа ұшыраған атом электр станциясынан радиация әлі үздіксіз бөлініп жатыр. Улы заттар енді ауыз су мен бақша дақылдарынан да табылған. 
 

 Онсыз да қара  жамылған Жапония жерін бүгін  бір күннің өзінде-ақ 3 бірдей  қуатты дүмпу теңселтті. Ең  қуаттысы 6 балды құрайды. Жер  сілкінісі Хонсю аралындағы бірнеше  префектура мен ел астанасы  Токиода да білінді. Абырой  болғанда, бұл дүмпулерден ешкім  зардап шеккен жоқ. Ал, апатты  «Фукусима» атом электр станциясындағы  жарылыстан бөлінген радиация  ауыз су, сүт пен бақша өнімдерінен  де табылып отыр. Сол себепті  орамжапырақ және басқа да  көкөністердің 11 түрін пайдалануға  тыйым салынды. Юкио Эдано,  Жапон үкіметінің бас хатшысы:  Өкінішке орай, бұл жағдай ұзаққа  созылуы мүмкін. Қандай да бір  зардаптарды болдырмас үшін құрамында  радиация уыты бар көкөністер  саудасына тыйым салып отырмыз.  Шамадан тыс радиация ел астанасы  Токиодағы ауыз судан да анықталды.  Бірақ жергілікті билік өкілдерінің  мәліметінше, бұл су тек сәбилер  үшін қауіпті. Ал, ондағы радиация  мөлшері ересек адамдардың ағзасына  әсер етпейді. Дегенмен, құрамына улы заттар сіңген суды шектеулі мөлшерде пайдаланған абзал. Эй Йошида, Токио су тазарту басқармасының басшысы: Орын алған жағдайды ескере отырып, Токиодағы 23 балабақша мен Тама қаласының кей бөліктерінде ауыз суды қолданбауға кеңес береміз. Елдің есін шығарған зілзала залалынан жапон жұртының қашан құтылары белгісіз. Жарылыс болған атом электр станциясындағы жағдай да оңайлықпен түзелер емес. Табиғи апат кезінде із-түссіз кеткен 13 мың адамның тағдыры да беймәлім. Десе де, ел үкіметі орасан шығынға ұшыраған жапон экономикасы мен әлеуметтік ахуалды оңалту үшін қыруар қаржы бөлуге дайын екендігін айтып отыр 

Жұма күнгі қасірет

Жапониядағы жұма күнгі  зілзала – соңғы 140 жыл ішіндегі ең жойқын жер сілкінісі болып  есептеледі. Токионың солтүстік-шығысында, астанадан 373 шақырым қашықтықта, мұхитта, 24 шақырым тереңдікте, күші 8,9 магнитудалық зілзаладан кейін, биіктігі 10 метрлік  таудай толқындар жүздеген автокөліктерді, кемелерді, шағын үйлерді, тіпті  зауыт ауласындағы танкті, әуежайды шайып әкетті. Соңғы есеп бойынша  бір мыңнан астам адам қаза тауып, 10 мың тұрғын жоғалып кеткен. Өлгендер саны сағат сайын көбейе түсуде. 5 млн тұрғын үй жарықсыз, 1 млн адам ауыз сусыз қалды.

Әуелгіден кейін  күштері әртүрлі 20-дан астам сілкініс, қирағалы тұрған нысандарды үйіндіге айналдырды Хонсю аралы әлі дірілдеп тұр. Фукусима ауданындағы бір Атом электр стансасында жарылыс болып, АЭС-тен радиоактивті заттар тарау  қаупі төніп тұр. Жапония премьер-министрі Наомо Кан «Фукусима-1» стансасына ұшып барып, 20 шақырымдық төңіректегі 140 мың тұрғындарды басқа аймаққа  көшіруге нұсқау берді.

Тайвань және Индонезиядағы  күшті жер сілкінісінен кейін  Жапонияда цунами қаупі туралы ескертілген  еді. Сәл кейін шегінсек, 9 наурыз күні 7,2 магнитудалық жер дүмпуі болып, жерасты тербелісі Хонсю аралы  жағалауында, тереңдігі 10 шақырым теңіз  түбінде байқалды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ел көңілі орнына түсе бастаған болатын. 11 наурыз, жұма күнгі жер сілкінісі  сұрапыл күшпен соғып, Жапонияның бір  бөлігін қиратып, жапырып кетті. Цунамидің таудай толқындарының  екпіні бірте-бірте бәсеңдегенімен 53 елді алаңдатып өтті. Ал, тұңғиық  иірімнің шағын катерді шыр айналдырып, жүз адамымен қоса жұтып жібергені  интернет арқылы миллиондаған адамдардың көз алдында өтті.

Зілзала қаупіне  үйренген ел

Жапон елі жер  сілкіністеріне үйренген. Зілзала саны жөнінен де әлем бойынша бірінші  орында. Ел географиялық жағынан төрт тектоникалық плитаның түйісіне орналасқан. Жер шарында күн сайын ондаған  «жаймашуақ» жер дірілі тіркелсе, күші 6 балдан асатын барлық жер сілкінісінің 20 пайызы Жапонияда белгіленеді.

Жапон жерінде өткен  ғасырдың 1923 жылы және 1995 жылы аса күшті  жер сілкінісі болды. Соңғысының экономикалық зардабы 123 млрд. долларға жетсе, жұма күнгі зілзала салдары  алдынала есеп бойынша ең кемі 100 млрд доллар құрай құрайды деп болжанып отыр.

Жер астында не бар, не болып жатыр.? Зілзаланың болатынын  алдын-ала жорамалдауға бола ма? Ғалымдар мұны әлемнің шешілмеген 25 жұмбағының біріне санайды.

Жапонияда 1970 жылдан бері ғана 9 ірі жер сілкінісі  болса, сейсмикалар ірі стансалардың бірде-бірі оның уақытын болжай алған  жоқ.

2010 жылғы 12 қаңтарда  әлемнің ең кедей мемлекеті  Гаитиде жер сілкінісінен 232 мың  адам қаза тауып, жүздеген мың  жандар әлі шатырларда тұрып  жатыр. 2004 жылы Индонезияда 8-9 балл  жер сілкінісі болып, 300 мыңдай  адам құрбан болды.

Жоғарыда айтқанымыздай  жапондар жер сілкінісіне бойы үйренген, сәл діріл байқалса, құжаттарын, басқа керек – жарағын алып, ашық алаңқайға жүгіреді.

Жапон үкіметі сейсмикалық  жағынан мықты құрылыс салуды ұдайы бақылауда ұстайды. Мәселен, бес қабат тұтас үй зілзала  салдарынан бір кірпіші кетілмей, бүйіріне жантайса, оны қайтадан тік  тұрғызуға болады. Ішіндегі негізгі  жиһаздары да еденге және қабырғаға  бекітілген. Ал таудай толқыны буырқанған цунамиге төтеп беру қиын. Толқын мұхит  жағалауына жақын салынған теміржолмен  келе жатқан 4 жолаушылар пойызын да ағызып әкеткен. 

Ай Жерге жақындап келеді

Сейсмолог ғалымдар Жер ғаламшары өз осінен 10-17 сантиметр  ауды деген байлам жасап отыр. Демек, тәулік 1,6 микросекундқа қысқаратын болады. Сағатымызды түзейміз бе? 2004 жылғы Оңтүстік Азиядағы зілзала  кезінде жер өз кіндігінен 6 сантиметр  тайса, бұл жолы ғаламшар біршама  сырғанаған сыңайлы.

Жапониядағы сұрапыл  жер сілкінісіне не себеп болды? Бірқатар ғалымдар 19 наурызда Ай Жерге  өте жақындап, ара қашықтық 356,5 мың  шақырымдай болып, Жер серігі анық көрінеді дейді. Табиғат катаклизмі соның  салдары деген пікір айтылуда. Ай бұдан бұрын да Жерге қарай 4 рет «тақап», әрқайсысы ғаламшарда әртүрлі оқиғаға соқтырған. Мысалы, 2005 жылы Жерге Айдың кезекті беталысында  Пәкістанда жер сілкініп, 70 мың адам қаза тапқан. Бұл жолы Ай қозғалысына, Күннің белсенділігі және Күн құйыны қосылған. Болжам әртүрлі. Ал, жер астында  атты өзен ағып, орасан қуатты газ, сан  жеткісіз алып күш, сыртқа атылуға бұлқынып, жерді әлсін әлі дірілдетіп тұр. Адамзат оған қарсы тұра ала ма?

Мамандар цунами жолындағының бәрін жайпап, кемелер  және ауыр көліктерді жаңқа тәрізді  ағызып әкететінін, оның жойқын жылдамдығы зымырған автокөлік жүрісімен тең  екеніп айтады. Таудай толқындар үймдің үйлердің орнын де қалдырмай, шайып  әкетеді.

Цунами соққысына  кеудесін тосқан Хонсю аралындағы кенттің  қазір орыны ғана қалған. Жексенбі күні БАҚ көздері Атом электр стансалары реакторларының суымай, ауаға радиация таралу қауіпі төніп тұрғанын хабарлады. Ең үрейлі мәлімет осы!

Премьер-министр  Наото Кан айтқандай, Жапония  екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгідей ауыр жағдайда. 
 
 
 

Сіз бұл мақаланы қалайда оқып шығасыз деп ойлаймыз. Мәселе жарыққа шыға бастағанына  он жылға жуықтап, бүгінде бас  басылым брендтерінің біріне айналған  «Әлемге әйгілі…»  айдарының  газет бетінде біраздан бері көрінбей кеткенінде де емес. Мәселе мақаланың  тақырыбында. Жапон ұлтына арналғанында. Жапония тақырыбына қызығушылық  қай кезде де, қай елде де болған, бар, бола да береді. Халқының тығыздығы (125 миллион адам ондағы әр шаршы  шақырымға 300 кісіден келеді), тұрғындарының  орташа өмір сүру жасы  (80 жастан асады), урбанизация қарқыны (ел халқының 76 пайызы – қалалықтар), бір қала тұрғындарының  саны (Токио агломерациясында – 18,8 миллион) жөнінен әлемде алдына ешкімді  салмайтын, ұлттық біртектілігі қайран қалдыратын (елдегі жұрттың 99 пайызы –  жапондар),  күні кешеге дейін экономикалық қуаты бойынша жер жаһандағы  екінші орынды иеленіп келген (2010 жылы бұларды Қытай басып озды), ал тауарларының сапасымен ешқандай ел таласқа түсе алмайтын Жапония адамзаттық феномендер қатарына қосылатыны күмәнсіз. Алайда, дәл қазір Жапония атауы  басқа себеппен ауыздан түспей тұрғаны  тағы белгілі.  

2011 жылғы 11 наурызда  Жапонияда күші Рихтер бағаны  бойынша 8,9 балл жер сілкінісі  болды. Бұл зілзалаға тікелей  куә болу тұрмақ, оны теледидардан  көрудің өзі қорқынышты. Мұхит  жақтан жеткен таудай алып  толқын жолындағының бәрін жайпап  барады, бір үйді қопара көтере  апарып бір үйге соға салады, кемелер бала ойыншығындай жағалауға  лақтырылған, жүздеген адамдар  сол арасатта ажал құшып жатыр…  Кешегі, 24 наурыздағы Интернет мәліметтері  бойынша бұл елде зілзаладан  қаза тапқандар мен ізсіз-түзсіз  кеткендер саны 20 мыңнан асты  деп шамаланып, апат Жапония  экономикасын 5 жылға кері серпіп  әкетті делініп жүр. Бүкіләлемдік  банк жер сілкінісі мен цунамиден  келген зардапты 235 миллиард долларға  бағалап отыр. Елді толық қалпына  келтіруге кем қойғанда бес  жыл қажет болады деп болжалдануда. Жапония бұл күндері алапат  жер сілкінісі мен ғарасат  цунамиді ғана емес, Екінші дүниежүзілік  соғыстан кейінгі ең орасан  трагедияны да бастан кешуде. Мәселе Хонсю аралының апатқа  ұшыраған аймағында «Фукусима-1»,  «Фукусима-2», «Онагава» атом электр  стансаларының бірнеше энергия  блогы зақымданып, ауаға радиация  тарауына байла­нысты тіпті ушығып  тұр. Алдыңғы күні, яғни жексенбіде  «Евроньюс» Токиодағы су тазартатын  құрылымдардың бірінде радиоактивті  йодтың тиісті мөлшерден анағұрлым  асып кеткенін айтты. Кеше, бейсенбіде  қалада су тапшылығы басталғанын  хабарлады. Оған Фукусима префектурасынан  жеткізілген көкөністердің 11 түрінен  цезий мен йодтың радиоактивті  изотоптары тиісті деңгейден  164 есе артық болып шыққанын  тағы қосып қойды.  Мұхиттың 10 мың метр тереңдігінен басталып, эпицентрінде жер қыртыстарының  соқтығысуын туындатқан бұл зілзала  жұмыр Жерді жылжытып жіберді!  Иә, геофизиктер  мен вулканологтар  Жапониядағы сілкініс Жер өсін  шамамен 10 сантиметрге ауытқытты  деп отыр. Жердің өзі үшін бұл  онша теріс те болмай тұр.  Өткен жылдың ақпанындағы Чили  зілзаласы Жер өсін 8 сантиметрге  жылжытқан. Бірақ, басқа бағытқа  жылжытқан. Енді Жер өсі қалпына  келуге жақындады. Архипелагтың  өзі 5 метрге ауытқыған деп  жатыр мамандар. Ақыры қазымырланып  сөйлеген соң, Жапония зілзаласы  Чили зілзаласынан кейін 1,26 микросекундқа  қысқарған тәулікті өз өлшеміне  қайта келтіргенін де айталық.  Микросекунд – секундтың мыңнан  бір бөлігі ғой дерсіз. Сонда  да. Қысқарғанның қай-қайсысы да  жақсы емес.  

Мұның бәрін сіз  күнде теледидардан көріп, радиодан естіп, газеттен оқып жатырсыз. Жұрттың  бәрі қазір Фукусимадағы АЭС-тердің реакторы жарылмауын, екінші Чернобыль  қайталанбауын тілеп, жанын шүберекке  түйіп отыр. Бүкіл әлем жапон жеріне көмек қолын созуда. Олардың ішінде Қазақстан да бар. Біз де тым болмаса сөз көмегіміз тисін деп мына мақаланы жазуға отырдық. Біздің бүгінгі айтпағымыз – жапондардың ұлттық сипаты. Елдің Фудзияма сияқты қасиетті тауы, Токиодай ғажап қаласы, басқа да кереметтері туралы, бұйыртса, алдағы кезде қалам тербей жатармыз.  

Жапония трагедиясы жапон халқының ұлт ретіндегі  ұлылығын тағы бір рет танытып  отыр. Осындай сұмдықтың тұсында  да үрейге, дүрбелеңге бой алдырмайтын, бүкіл халықтық қайғыға әр адам іштен  тына күйзелетін, аязды күндердегі ұзыннан ұзақ тамақ кезегінде  жүйкесін жұқартпайтын, тәртіп бұзбайтын, зілзала болғалы бергі жарты  айдың ішінде бір де бір тонаушылық-талаушылық оқиғасы бой көрсетпеген бұл  қандай ұлт? Әр жер-әр жерден оқыған-тоқығанымыз  бар, жапон жеріне бірнеше рет  жолымыз түскенде көрген-білгеніміз бар, солардың бәрін жинақтап, осы  жөніндегі ойларымызды ортаға салып  көрейік.

Информация о работе Ғылыми-техникалық прогресс