Қышқыл жаңбыр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 22:00, реферат

Описание

Қышқылдық жауын—шашындар пайда болуының негізгі себебі күкіртің қос оксидімен ластану болып табылыды. Су буының қатысуында күкіртті антигридті қышқылының ерітіндісіне айналады.

Содержание

1)Қышқылдық жауын—шашындар мәселесіне қысқаша түсінік
2) Қазақстанның қолайсыз экологиялық аймақтары
3) Қышқыл жаңбырдың биосфераға әсері
4) Атмосфера айналымы.

Работа состоит из  1 файл

Қышқылдық жауын.docx

— 28.45 Кб (Скачать документ)

Өйткені жаңбырдың суы  дегеніміз - өзен-көлдердің бетінен  ылғал топырақтан көтерілген бу ғой. Ал осы будан түзілген бұлтта тонналаған сумен бірге алуан-түрлі химиялық элементтер, олардың тұздары, шаң болады. Жаңбыр суының құрамы бұлттың қай жерде түзілгеніне, жауған жеріндегі ауаның қалай ластанғанына байланысты. Ауа мен жаңбыр суын ең алдымен сапырылысқан көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындары, аммиак, күкіртті көміртегі тарайды. Күкірт пен азоттың қосындылары сумен қосылғанда қышқыл түзіп, жерге «қышқыл аралас жаңбыр» болып жауады.

2,2  Атмосфера айналымы. Қазақстан жерi қыс маусымында Сiбiр антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ыкпалына жиi ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солт-нде оңтүстік-батыс және батыс, ал жазда солтүстік-батыс бағыттан соғатын жел басым келедi. Қазақстандағы атмосф. процестер Солт. жарты шардың Атлантика — Еуразия секторының 3 iрi аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендiк бағытпен өтсе, онда ол ендiк бағыттағы айналым делiнедi. Ендiк бағыттағы айналым кезiнде Қазақстанның көпшiлiк бөлiгiнде жауын-шашынның мөлш. кемiп, ауа темп-расы жоғарылайды. Еур. айналым кезiнде республикаға суық ауа массаларының енуi жиiлейдi, темп-ра шұғыл төмендейдi, жауын-шашын молаяды, жел күшейедi. Сiбiрлiк айналымда — оңт-тен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа темп-расы жоғарылайды, жауын-шашын кемидi. Республика климатының қалыптасуына оның жер бетiнiң әр тектiлiгiнiң де әсерi болады.

 

    Қазақстандағы  атмосф. циркуляциялық процестерге  оңт. және оңт.-шығыстағы тау жүйелерi (биiкт. 4000 — 5000 м-лiк) мен Каспий және Арал т-дерi сияқты су айдындары да ықпалын тигiзедi. Табиғи кедергi саналатын тау жүйелерi атмосферадағы ендiк бағыттағы шептiк белдемiн солт.-шығыс бағытқа қарай ойыстырып, ауа массасының заулама ағынын күшейтедi. Осы ауа массасы сонымен бiрге тау бөктерiндегi жергiлiктi климатты қалыптастырушы тау аңғарлық ауа айналымын тудырады. Қазақстанның таулық және тау етегiндегi өңiрлерiнiң термиялық режимi жапсарлас жатқан жазықтар жағдайына қарағанда мүлдем басқаша келедi. Таудағы темп-ра жазық жердегiден төмен келедi. Тау беткейлерi төңiрегiндегi ауа қабатының радиациялық салқындауынан және беткеймен төмен қарай ойысқан ауаның жылынуынан таулы аудандарда темп-раның ауытқу амплитудасы кемiп, темп-ра инверсиясы (жалпы биiктiкке байланысты ауа темп-расының көтерiлуi) қалыптасады. Инверсия қыс маусымында неғұрлым күштiрек қалыптасады. Тау жоталарына жақындаған сайын тiк бағыттағы ауа ағыны күшейiп, жауын-шашын шұғыл артады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. жазықта 100—200 мм болса, тау бөктерiнде 500—600 мм-ге дейiн артады. Жазық өңiрлерде жылдық жауын-шашынның максимумы жаз айларында, ал тау бөктерiнде жылына 2 рет (наурыз — сәуiр және қараша — желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздiк айналымды тудырады, ол құрлықта ондаған километрге ғана таралады. Орта ендiк бойындағы су айдындарының солт.-шығыс жағалауында жазда жылы ылғалды ауа ағыны үстемдiк етсе оңт.-батыс жағында атмосф. суық серпiлiс пайда болады. Бұл құбылысты Арал т. мен Каспийдiң солт.-шығыс бөлiгiнен жиi-жиi байқауға болады. Су айдындарының оңт.-батыс бөлiгiне қарағанда солт.-шығысында жауын-шашын 2—3 есе көбiрек түседi. Аумақты Каспий айдыны климаттың қалыптасуына қыста ғана ыкпал жасайды. Керiсiнше, Арал т. атмосфера айналымына жаз айларында ғана катысады. Көлемi шағын Балқаш к-нiң де атмосфера айналымына және бұлттылыққа тигiзетiн әсерi мол. Қазақстан жерiндегi соғатын желдiң орташа жылд. 4—4,5 м/с, Каспий т-нiң жағалауында 6 м/с-тен астам, ал Жетiсу қақпасында соғатын Ебi желiнiң жылд. 70 м/с-ке жетедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 
Ж.Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері». Алматы 2003 ж 
В.И. Вернадский «Биосфера», М. 1967 ж 
А.А. Горелов «Концепции современного естествознания» М. 2002 ж 
М.С. Панин «Химическая экология» М. 2002 ж

http://stud24.ru/ecology/yshyldy-zhauynshashyndar-mselesne-ysasha-tsnk/132059-387511-page1.html


Информация о работе Қышқыл жаңбыр