Қышқылды жаңбыр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 10:54, реферат

Описание

Қышқыл (орысша: кислота) — химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызыл рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді.

Работа состоит из  1 файл

Қышқылды жаңбыр реферат.doc

— 48.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДА ҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: «Қышқылды жаңбыр »

 

 

 

 

 

Орындаған: Кульмагамбетов А.А.

                                Тексерген:

 

КӨКШЕТАУ 2013

 

Қышқыл (орысша: кислота) — химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызыл рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді.

Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н3БО3) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.

Һ2ЦО3→ЦО2↑+Һ2О;

Һ2СО3→Һ2О|+СО2↑

Қышқылдардың  құрылымдық формуласын жазғанда әуелі  сутектің таңбасын шетіне жазамыз, өйткені ол бір валентті элемент.

Оттексіз қышқылдарда  сутек қышқыл түзуші элементпен тікелей  байланысады: Н—ЦЫ Н—С—Н, т.б.

Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында  қышқылдың (пҺ<5,6) болатындығы ауа құрамында өндіріс қалдықтары (мыс., СО2, НО2, ҺЦл, т.б.) мөлшерінің көптігіне байланысты. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының қышқылдығы артып, соның нәтижесінде қоршаған ортаның экожүйесі деградацияға ұшырайды. Атап айтқанда, су айдындарындағы балықтар мен су жануарлары жаппай қырылып, топырақ құнарсызданып, жеміс-жидек пен көкөніс және орман ағаштары өспей, солып қалады..Атмосфера құрамына еңген өндіріс қалдықтары күкірт диоксиді және азот оксидтері ондағы ылғалмен әрекеттесіп күкірт және азот қышқылдарын түзеді.Соның әсерінен жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады.Әдетте рН 5,6 кем болса жауын- шашын «қышқыл жаңбыр» деп аталады.Күкірт және азот оксидтері металургия өндірісінде және көмір, мұнай мен әр түрлі газдар жиналған кезде түзіліп атмосфера құрамына енеді, күкірт оксиді жылу электр станциясынан бөлінсе ,азот оксиді автомобиль көлігінде жанармай жанаған кезде түзіледі.Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек бір тонна отын жанғанда , жылу электр станциясында орта есеппен 150кг, ал автомобиль моторында 1кг бензин жанғанда , 270 г ластағыш заттар бөлінеді. Көмірді және мұнайды жаққан кезде түзілетін күкірт диоксиді газы атмосферада күкірт триоксидіне дейін тотығады.Түзілген оксид ауадағы су буымен әрекеттесіп , күкірт қышқылын түзеді.

                                       2SO2 +О2 → 2SO3    

                                       SO3 +Н2О→ Н2 SO4

 

Күкірт қышқылы ауа  құрамында аэрозоль және майда тамшы  түрінде болады.

Азот оксиді де ауадағы  ылғалмен әрекеттесіп,азот қышқылына айналады.

                                        2 NO + O2 →2 NO2 

                                                     4 NO2 + 2 Н2О+О2 → 4 Н NO3

 

Қышқыл жаңбырлар топырақ  құрамына еніп,өсімдіктердің өсіп-жетілуіне  қорек

 

болатын қажетті заттармен бірге улы ауыр және жеңіл металдардың еруіне мүм-кіндік туғызады. Өз кезегінде улы заттар келеңсіз жағдайларға алып келеді. Мысалы, аздап қышқылданған судағы алюминий мөлшерінің 0,2 мг/л балықтар үшін өте қауіпті, сонымен қатар ағаштардың өсуін тежейді.Қышқыл жаңбыр әсерінен ормандардың құрғақшылыққа және ауруға төзімділігі нашарлайды.Ал орман – табиғат санитары.Барлық тірі ағзаның тыныс алуына қажетті оттегінің мөлшеріне де әсер ететіні белгілі. Жаңбыр тамшыларында еріген күкірт қышқылы атмосферада тұман түзіп, адамдардың аллергия және басқа аурулармен науқастануына әкеледі. Қышқыл жаңбырларды болдырмаудың негізгі тәсілі техникалық қондырғыларды қолдану арқылы күкірт және азот оксидтерін атмосфераға жібермеу.

  Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршың қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шың, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады.

  Қазақстанда А. ж.-ш-ның ең көп жауатын өңірі – Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады.

 Жауын-шашынның  жылдық таралуы жалпы алғанда, біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады. Материктердің батысында ылғал мол, бұл мұхиттардағы ылғалды ауа массаларының батыс желдер арқылы тасымалдануымен байланысты. Шығысқа қарай aуa ылғалынан айырылып, континенттік сипат алады, жауын-шашын күрт азаяды. Ал Материктің шығыс жағалауларында мұхиттардың ықпалының күшеюіне байланысты жауын-шашын мөлшері артады. Белдеуде батыстан шығыска қарай мынадай климат сипаттары айқын ажыратылады: қоңыржай теңіздік, қоңыржай континенттік, континенттік, шұғыл континенттік, муссондық.

Сульфаниловая кислота

Қышқыл  жаңбыры – соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл аудара бастады. “Қышқыл жаңбыры” деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды.

Негізінде, қышқыл жаңбыр күкірттің және азоттың атмосферадағы  химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде  күкірт (H2SO4) және азот (HNO3) қышқылдары түзіледі. Соңынан соң бу немесе қышқылдың  молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ немесе жаңбыр түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір тіршілігі, іс - әрекеті атмосфераға күкірт пен азоттың қосындысының көптеп шығуына ықпалын тигізуде.

Қышқыл жаңбырының табиғатта, адамның араласуынсыз-ақ, бұрын да болғандығы белгілі, ондайда күкірт пен азот өрттің, вулканның т.с. табиғи құбылыстардың әрекетінен атмосфераға көтеріліп отырған.

Қышқыл жаңбыр табиғатта  тек қана тік жоғары тарамайды, жерді  көлбеп көкжиекке созылады. Бұндай бұлттар бір елдің аумағынан  шығып, екінші бір мемлекет жеріне барып түсуі мүмкін. Сондықтан бұл бүгінде халықаралық мәселеге айналып отыр. Мысалы: Қазақстан үшін өз жерін ластану пайызы өз күкіртінің құрылымынан – 46 пайыз, азот құрылымы бойынша – 22 пайыз құрайды. Қалған пайызы өзге мемлекет аумағынан келеді.Азот пен күкірт атмосфераға шыққан соң бірден реакцияға түсіп, қосынды құрамайды, арада 2,8.....10 тәулік өтуі мүмкін. Осы екі арада ауадағы ластаушы заттар мыңдаған шақырымдарға кетеді.

Қышқыл жаңбыр, адам денсаулығына, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Мысалы: Ауадағы ластар және қышқыл жаңбырлар металконструкциясының тот басуын жылдамдатады, ғимараттардың, ескерткіштердің бұзылуына әкеліп соғады, топырақ пен судың қышқылдығын (РН) өзгертіп, топырақтың құрылымын бұзады, оның өнім беру қасиетін төмендетеді, өсімдіктердің жойылуына ықпал етеді.

Тұщы судың  ашық қоймаларының сапасын төмендетеді, тірі организмдердің құруына әкеледі.


Информация о работе Қышқылды жаңбыр