Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 17:07, реферат
Қызыл кітап
Светофордың көзі қызыл жанып тұрғанда, көшеден өтуге болмайты-нын білесіңдер. Қызыл түстің, кейде осындай тыйым салу белгісі екені бүкіл дүние жүзінің адамдарына түсінікті. Сондықтан да сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, айрықша қорғау шараларын қолдануды қажет ететін хайуанаттар мен өсімдіктер түрлері тіркелген арнайы кітап «Қызыл кітап» деп аталған.
Бейсенова Ә. Самақова А. Экология., Алматы, 2005 “ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ КІТАБЫ”, “Красная книга Казахстана” — Қазақстан Республикасы аумағында жойылу қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. Қазақ КСР Мин. Кеңесінің 1978 ж. 16 қаңтарындағы қаулысына сәйкес шыға бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған 1-бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қ. Қ. к-ның” 2-бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. “Қ. Қ. к-ның” 1-басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері 2 категория бойынша: А категориясы — жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қ. Қ. к-ның” жануарларға арналған 1-басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі: балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушылардың 8, құстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1-басылымда тіркелген жануарларға берілген деректер 10 — 20 жыл бұрынғы зерттеулер негізінде берілді. Сондықтан, 1985 ж. Қазақстан ҒА-ның жанынан “Қызыл кітапты” қайта басып шығару мақсатымен арнайы зоол. комиссия жұмыс істей бастады. 1991 ж. осы комиссия “Қ. Қ. к-ның” толықтырылған 2-басылымын шығарды. Оның таралымы 500 дана болды. Кітаптың 2-басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қ. Қ. к-ның” 2-басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж. “Қ. Қ. к-ның” 3-басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл 3-басылымның 1-томы “Жануарлар”, оның 1-бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.
“Қ. Қ. к-ның” 3-басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша: 1-категория — жойылып бара жатқан; 2-категория — саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан; 3-категория — сирек кездесетін; 4-категория — ғыл. тұрғыдан толық зерттелмеген; 5-категория — қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қ. Қ. к-ның” 3-басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. “Қ. Қ. к-ның” өсімдіктерге арналған 1-басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген (1981). Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10, қыналардың — 1 түрі берілген.
“Қ. Қ. к-ның” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
Әдеб.: Красная Книга КазССР. Редкие и находящиеся под угрозой исчезновения виды животных и растений, ч. 1. Позвоночные животные, А.-А., ч. 2, 1978; Растения, А.-А., 1981; Қазақстан Қызыл кітабы, т.1. Жануарлар. 1-бөлім. Омыртқалылар. Қайта өңделіп және толықтырылған, 3-бас., А., 1996.