Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 14:14, статья
Метрологическое обеспечение
Меншік құқығы
Меншiк құқығы дегенiмiз
субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын
және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз
қалауынша иелену, пайдалану және оған
билiк ету құқығы.
Жылжымайтын мүлікке
меншік құқығы оған мемлекеттік тіркеуді
өткізгеннен кейін жүзеге асады
Меншiк иесi өзiне тиесiлi
мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез
келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде
бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне
берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi
болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену,
пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi
өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге
беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық
түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге
құқылы.
Азамат өлген жағдайда
оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне
құқық, мұрагерге немесе заңға сәйкес
басқа тұлғаларға өтеді.
Заңды тұлғаның таралуы
жағдайында оған тиесілі жылжымайтын
мүлік меншігіне құқық, қайта құрылған
заңды тұлға құқық мұрагері заңды тұлғаларға
өтеді.
Қайта құрылған
жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік
тіркеуді өткізгеннен бастап жүзеге асады.
Мүлік иегерінің қалауынсыз,
иегердің мүлігін басқа тұлғаға меншікке
беру жол берілмейді, Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексінде көрсетілген жағдайлардан
басқа (бұдан әрі ҚР АК)
Жарна қорына құқығы
бар, пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа
да жайға өзінің пай жарнасын толық қосқан
бұл тұлғаларға кооперативпен қолдануға
берілген тұтынушы кооператив мүшелері
(үй-жайлық, үй-құрылыстық, саяжайлы немесе
гаражды) және басқа да тұлғалар көрсетілген
мүлікке меншік құқығына иелікті алады.
Жеке тұлғаның:
айырбастау келісім-шарты
сыйға тарту келісім-шарты
өмірінің соңына дейін бағу шартымен мүлікті меншіктен шығару келісім-шарты
тегін беру келісім-шарты
неке келісім-шарты
(заң бойынша) мұра бойынша өсиеттікке құқық туралы куәлік
жекешелендіру келісім-шарты
заңды күші бар сот актілері
мүшенің пай жарнасы соммасын толық салғаны туралы үй-құрылысты кооперативінің анықтамасы
тегін беру туралы келісім-шарты
реквизиция немесе бұзу барысында өтемақы түрінде мүлікті беру келісім-шарты
соғылған обьектіні пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының акті немесе мемлекеттік қабылдау комиссиясының акті
тіркеу куәлігі
жарғылық капиталынан үлесті бөлі есебіне мүлікті беру туралы заңды тұлғаның шешімі
атқарушы органдардың
құқықтық актілері
Заңды тұлғаның:
сатып алу - сату келісім-шарты;
айырбастау келісім-шарты;
тегін беру келісім-шарты;
келісім - шарт міндеттерінің күшіне жылжымайтын мүлікті беру;
реквизиция немесе бұзу барысында өтемақы түрінде мүлікті беру келісім-шарты
бөлінетін баланс немесе беру актісі;
өз күшіне енген сот актілері;
соғылған обьектіні пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының акті немесе мемлекеттік қабылдау комиссиясының акті;
жарғылық капиталына жылжымайтын мүлікті салу туралы шешім (құрылтайшы келісім-шарты, басқосу хаттамасы);
мүлікті заңды тұлға балансына беру туралы шешім;
атқарушы органдарының
құқықтық актілері
Құқықты орнатушы құжаттар
тіркеуге екі данада беріледі, біреуі
түпнұсқа немесе нотариалды расталынған
болуы тиіс. Бұл құжаттардың түпнұсқалары
(немесе нотариалды расталынған көшірмесі)
тіркеуден кейін өтініш берушіге қайтарылады.
Жер учаскесіне меншік құқығын тіркеу кезінде, құқықты орнатушы құжаттан басқа жер учаскесіне жеке меншік құқығына актісін беру тиіс.