Мұсабаев Талғат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 16:44, реферат

Описание

Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы (7.1.1951ж.туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы.) Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын 1974 ж. және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін 1993 ж. бітірді. Алматы облысындағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер. 1986 ж. азаматтық авиацияның 30-оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды.

Работа состоит из  1 файл

Мұсабаев Талғат.docx

— 14.14 Кб (Скачать документ)

Мұсабаев  Талғат

Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы (7.1.1951ж.туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы.) Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын 1974 ж. және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін 1993 ж. бітірді. Алматы облысындағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер. 1986 ж. азаматтық авиацияның 30-оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды. 
1987 жылдан АН-2 ұшағының 2-пилоты, командирі болды. 1989 ж. Ульяновск (қазіргі Тольятти қаласы) қаласындағы ұшқыштар, диспетчерлер және инженерлік-техникалық кадрлар дайындау орталығын бітіріп, Алматы біріккен авиаотрядының 1-ұшу отрядында ТУ-134 ұшағының 2-пилоты болды. 1990 ж. Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісті.

 
1991 ж. Т.Мұсабаевқа «Ғарышкер-сынақшы»  квалификациясы берілді. 16-негізгі  бағдарлама бойынша 1994 ж. 1 маусымнан  4 қарашаға дейін (ұзақтылығы 127 тәулік) «Союз ТМ» ғарыш кемесінде  борт-инженер ретінде ғарышта  болды: 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне  (жалпы ұзақтылығы 11 сағат 06 мин)  шықты. Ұшу кезінде қазақстандық  ғылыми зерттеулердің 2-бағдарламасын  орындады. 25-негізгі экспедиция бағдарламасы  бойынша 1998 ж. 29 қаңтар мен 25 тамыз  аралығында (ұзақтылығы 208 тәулік) «Союз  ТМ-27» және «Мир» ғарыш кемелерінің  кеме командирі ретінде ғарышта  болды. Ұшу кезіңде 5 рет ( жалпы  ұзақтылығы 30 сағат 08 мин) ашық  ғарыш кеңістігіне шықты. Мұнда  ғылыми–зерттеулер мен эксперименттердің  қазақстандық 3-бағдарламасын орындады. 
2001 ж. 28 сәуір мен 6 маусым аралығында «Союз –ТМ-32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыштық стансасына барған бірінші экспедициясының экипаж командирі. Бұл ұшу кезінде ғылыми-зерттеулер мен эсперименттердің қазақстандық 4-бағдарламасын орындады.

 
Мұсабаев ұшақ спортынан қазақстан  құрама командасы құрамында өнер көрсетті, КСРО чемпионы. Гимнастикадан  Латвия құрама командасының құрамында  жарыстарға қатысты. Гимнастикадан  және ұшақ спортынан КСРО спорт шебері.

Информация о работе Мұсабаев Талғат