Қолма қолсыз Ерболат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:53, курсовая работа

Описание

Ақшалай қаржыларды жұмсаудың есебін дұрыс жолға қойып және бақылау, бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерінің тәртіптерін,төлемдер мен ақша аудары,валюталық реттеу және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын орындауға байланысты болады. Кассалық операциялардың есебін жүргізу мен рәсімдеу тәртіптері ұйымның есеп саясатында көрсетілуге тиісті.

Содержание

Кіріспе
1. Қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысулардың тиімділігі
1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары
1.3 Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі
2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың ерекшеліктері және оның түрлері
2.1. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

2.2.Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
2.3. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі
2.4. Чекпен есеп айырысу есебі
2.5.Аккредитивтік есеп айырысу есебі
2.6. Инкассалық жарлықтармен есеп айырысу есебі

Қорытынды

Қолданылған әдебиерттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қолма қолсыз Ерболат.doc

— 186.50 Кб (Скачать документ)

1-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы

1 — тауарды (қызметті) жабдықтау, 2 — төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру, 3 — бенефициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу, 4 — бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау

Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем — бұл тауарды жөнелткенге дейін (1-сурет), тауарды жөнелткеннен кейін, яғни тікелей келісім беру жолымен (2-сурет), немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы. Оның әмбебап есеп айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады

2-сурет Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар, қызметтер) үшін төлемді алдын ала төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.

1 — алдын ала төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау туралы келісім шарт жасау, 2 — төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру, 3 — бенефициардың банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу, 4 — бенефициарға оның шотына қаражат түскендігін хабарлау 5— тауарды (қызметті) жабдықтау

Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.

Төлем талап-тапсырмасы — бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді.  Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 1 күннен 30 күн аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.

Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп, төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға қайтарылады. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі (3-сурет)

3-сурет. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы.

1 — тауарды жабдықтау (қызмет көрсету), 2 — төлем талап-тапсырма-сын аударушының банкіне жіберу, 3 — есеп айырысу құжаттары аударушыға келісім беруі үшін беріледі, 4 — төлеуге келісім берген есеп айырысу құжат-тары банкке қайтарылып, ондағы сома банкте сатып алушының шотынан шегерімдері 5— бенефициардың банкіне каражат аударылып, онда бенефициардың шотына есепке алынады, 6 — бенефициардың шотына қаражатты хабарлайды.

Инкассалық өкім — лизинг актілерде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.

Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады.

Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне «жартылай төленді» деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тыйым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс

Чекпен есеп айырысу. Чекті есеп айырысу барысында аккредитивтің ашылуы дәлел болады; келісім шарттағы жағдайлардың бұзылуына байланысты төлеушіге төлемнен бас тартуға құқығы беріледі; аккредитив төлеушінің қаражаты есебінен немесе банктің несиесі есебінен ашылады, егер де төлеушінің аккредитив ашуға құқығы болса, аккредитивтің басты артықшылығы, оның төлеуге кепіл болуымен сипатталады. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктер де бар: сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады; тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.

 

          1.3 Банкаралық есеп айырысуды  ұйымдастыру негізі

 

Шаруашылықтағы өнімді жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жүзеге асырылуы барысында банктер арасында өзара есеп айырысулар туындайды.

Нарық экономикасына өтуге байланысты, яғни көптеген дербес коммерциялық банктердің құрылып, жұмыс жасауына байланысты банкаралық есеп айырысу жүйесі толық өзгеріске ұшырады. Бұл өзгеріс банктер арасында өзара корреспонденттік қатынасқа түсуге әкелді.

Қазіргі уақытта корреспонденттік шоттар арқылы банкаралық есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі нұсқасы бар:

I нұсқасы — орталықтандырылмаған, яғни коммерциялық банктердің бір-бірімен корреспонденттік қатынас орнатуы негізіндегі;

II нұсқасы — орталықтандырылған, яғни коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысулар Ұлттық банктегі, яғни Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығында ашылған корреспонденттік шоттары негізінде жүргізіледі.

Корреспонденттік шот — бұл коммерциялық банктерге өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде және банктердің бір-бірінде ашатын шоты.

Корреспонденттік шотта банктердің меншікті қаражаттары және оның клиенттерінің несиелік есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуіне байланысты операциялары көрсетіледі. Мұндай операцияларға:

• банк клиенттерінің ақшалай қаражаттарына аудару және есептеу;

• банк клиенттерінің бюджетпен, зейнетақы қорларымен және басқа ұйымдармен есеп айырысулары;

• клиенттерге қолма-қол ақша беру және қабылдау;

• банкаралық займдар және депозиттер, бағалы қағаздар;

• Ұлттық Банкпен кассалық операциялар;

• берілген несиелер үшін алынған пайыздар және басқа табыстар;

• депозиттік шоттар бойынша пайыздар төлеу;

• банктің өзінің бюджетке төлемдері (салық);

• банктің басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар т.б. жатады.

Корреспонденттік шотты ашу үшін банктер мынадай құжаттарды Ұлттық банкке табыс етеді:

• корреспонденттік шот ашуы туралы өтініш;

• банк жарғысының көшірмесі;

• банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензияның көшірмесі;

- әр түрлі шоттарды жүргізу, қаржыларды өтеу және қосу, сыйақы мен комиссиялық ақылар қосу операциялары;

- кассалық операциялар (қолма-қол ақшаны қолма-қол емес ақшаға айналдыру операциялары және керісінше);

- тиісті құжаттарды төлеуге төлеушінің келісімін (немесе қарсылығын) алуға байланысты акцептік операциялар;

- төлем алу құқығын беруге байланысты операциялар: факторингтік есептік индоссациялық (банк индоссант болып табылатын кездегі);

- банк төлемге келіп немесе тапсырыс беруші болып табылатын, банктің авальді (кепілді тапсырмасының) операциялары.

Аударым операцияларын жүзеге асыру үшін банкте төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысудьң келесі нысандары қолданылады:

- төлем тапсырмаларымен;

- төлем талап-тапсырмаларымен;

- инкассалық өкімдермен;

- чектермен;

- аккредитивтермен;

- вексельдермен;

- банктік карточкалармен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың ерекшеліктері және оның түрлері

    2.1. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу операциялары мынандай түрлерге бөлінеді:

-         банктік шоттар ашу;

-         ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;

-         алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы аударым операциялары;

-         төлемнің шартын өзгерту немесе қайтару;

-         валюталық операцияларға бақылау жасау;

-         шоттың архивін беру;

-         шоттан қолма-қол ақша беру;

-         ұсақ ақшаларды ірілеп беру;

-         банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассалау;

-         құндылықтарды жеткізіп беру.

Есеп айырысу операциялары мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Есеп айырысу субъектілеріне қарай:

-банктік емес сектор;

-жеке сектор;

-бантік сектор – банкаралық есеп айырысулар.

Есеп айырысу жүйелеріне қарай:

-пошта байланысы арқылы;

-телеграф-телетайп байланысы арқылы;

-телефон байланысы арқылы;

-электрондық байланыстар арқылы;

-СВИФТ (Дүниежүзілік банкаралық телекомуникация қоғамы) жүйесі арқылы.

Есеп айырысу формаларына қарай:

І. Қолма-қолсыз аударымдар (банктік), оның ішінде:

-кредиттік;

-дебеттік;

-ашық шот арқылы;

-аккредитив;

-инкассо.

ІІ. Қолма-қол ақшалар (банкнота және монеталар) арқылы.

Есеп айырысу тәсіліне қарай:

-толық есеп айырысулар;

-жартылай есеп айырысулар;

-өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп айырысулар.

Қатысушыларға байланысты банктің есеп айырысу операциялары негізгі екі топқа бөлінеді:

-клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері қатысады;

-негізгі субъект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар (1-кесте).

 

Жіктелу критерийлері

                                                                         1-кесте

Қатысушылар құрамы

Төлем құралдары

Операцияның атқарымдық бағыты

Есеп айырысу нысаны

Банкаралық

 

Клиенттік

 

 

Ішкі банктік

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу

Төлем-талап тапсырмаларымен есеп айырысу

 

Чекпен есеп айырысу

 

Вексельмен есеп айырысу

 

Карточкамен есеп айырысу

Шот ашу бойынша операциялар

Шот жүргізу бойынша операциялар

 

Кассалық операциялар

 

Акцептік операциялар

 

Талаптарды беру операциялары

 

Авальді операциялар

Аккредитивтік операциялар

Аударым операциялары

 

Инкассолық операциялар

Клирингтік операциялар

Информация о работе Қолма қолсыз Ерболат