Тараз және руханият

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2011 в 17:43, реферат

Описание

Қазақстанның көне қалаларының бірі - Тараз. Көне қаланың өзіндік тарихы, тағдыры бар. Қызық-қилы кезеңдерде өсіп-өркендеген даму жолдарының да шежіре - сырлары мол. Ең негізгісі, ірі сауда орны, әрі мәдени -рухани орталық болғаны да көпке мәлім.

Көне Тараз туралы алғашқы тарихи деректер гректің елшісі - Земрах, Қытай жиһанкезі -Сюан Цзян жазбаларында кездеседі. Одан бері де В. Бартольд, А.Н. Бернштам, М. Қашқари, М.Х. Дулати, П.П. Лерхтан, М.Е. Массон, Л.Н. Гумилев, Т.Н. Сеничева т.б. еңбектерінде кең көлемде сөз болады.

Работа состоит из  1 файл

Тараз және руханият.doc

— 43.00 Кб (Скачать документ)

Тараз және руханият

Тұрысбек  Р.

    Қазақстанның  көне қалаларының бірі - Тараз.  Көне қаланың өзіндік тарихы, тағдыры  бар. Қызық-қилы кезеңдерде өсіп-өркендеген даму жолдарының да шежіре - сырлары  мол. Ең негізгісі, ірі сауда орны, әрі мәдени -рухани орталық болғаны да көпке мәлім.

  Көне  Тараз туралы алғашқы тарихи деректер гректің елшісі - Земрах, Қытай жиһанкезі -Сюан Цзян жазбаларында кездеседі. Одан бері де В. Бартольд, А.Н. Бернштам, М. Қашқари, М.Х. Дулати, П.П. Лерхтан, М.Е. Массон, Л.Н. Гумилев, Т.Н. Сеничева т.б. еңбектерінде кең көлемде сөз болады.

  Бұл еңбектерде Тараз тарихы, ел-жерге  қатысты деректер, 
алыс-жақын елдермен байланысты әңгімеленеді. Көне Тараздағы мәдени-сәулет ескерткіштері, қыстақ-кенттер, мешіт-медреселер, сауда-саттық орындары, қолөнершілер шеберханалары, күшті қорғаныс қамалдары, мұнаралы күмбездер, күнмен таласқан сұлу да зәулім мешіт пен теңге соғатын сарайлар, қыштан жасалған құмыра, ою өрнегі мол ыдыс-аяқтар т.т. сыр-сипаттары да шырайлы шаһардың тағдыры мен тағылымынан көп жайтарды, мол дәйек-деректерді алға тартады.

  Тараз қаласының тарихы мен тамыры тереңде. Рим бір күнде салынбағанын ескерсек, "...жаннаттың қақпасындай жап-жасыл  шаһардың тарихы ұлан-ғайыр" (Ә. Кекілбайұлы). Тараз қаласын 751 жылы - арабтар, 766 жылы - қарлұқтар жаулап алады. IX ғасыр соңында саминидтерге бағынышты болады. X-XI ғғ. Караханидтер басып алған тұста Тараз жаңа мемлекеттің бір бөлігінің астанасы болады. Алайда, Тараз XIII ғ. аяғында моңғол империясының, кейіннен Темір мемлекетінің орталығына айналады. Көне қала Хорезмшах, Мұхамед әскерінің талқандауына, моңғол шапқыншылығының зобалаң зардаптарына да душар болады. Ежелгі Тараз көне кезеңдерде Түргеш, Қарлұқ, Қараханид мемлекеттерінің орталығы болған. Осы жерден әлемнің көптеген елдеріне - 
Қытайға, Иран мен Византияға, Орта Азияға шығатын кең арналы даңғыл жолдар, келелі келешекке үміт-сенім артқан 
қазақ халқының да асыл мұраттары бастау алады.

    Тараздың  тарихи мекен, көне қала екендігін археологиялық  қазбалар, мәдени-рухани ескерткіштер, құжаттық дерек көздері де айғақтай түседі. Олардың қатарында Қарахан (XI ғ.), Бабаджы қатын (XI ғ.), Айшабибі (XII ғ.), Дәуітбек (XIII ғ.), Тектұрмас (XIII ғ.), Шамансұр кесенелері, Нәмбетбай (XIX ғ.), Өбдіқадыр бай (XX ғ.), мешіттері, Тараз моншасы (XI-XII ғ.ғ.), Юнус моншасы т.т. сияқты сәулет өнерінің көп ғасырлық тарихы, асқақ даңқы әсем айшықты мәдениет ескерткіштері де бар. Көне қаладағы мұндай тарихи әрі әдеби-мәдени жәдігерлер бұл күнде ерекше құрмет қамқорлықты, қолдауды қажетсінетіні де анық. Алғашқы қалпына келтіру, сол үлгі-жобаны сақтау қиынның қиыны, әрине. Алайда, мемлекеттік қамқорлық, жанашыр кезқарас, нақты көмектің қажеттіліп сезіледі.

    Бұлардан  басқа таразға таяу тұста: Толыкент-Адахкент, Оққум дех Нуджикес, Шелжі, Жаңа Талас, Берукет, Кенжек т.т. үлкенді-кішілі қалалардың болғанын да әдеби-тарихи деректер ақиқатқа айналдырып отыр. Ежелгі Тараздың мәдениет куәләрі: Сақ, үйсін заманындағы ер адам, Шығыс базары, Орта ғасырлық сәулет өнері үлгілері, Әулие ата тұсындағы ақшалар, зоростризм дінінің табыттары, Көне түркі бар оюлы тастар, қасқыр басты қола күпшек, халықтық медицина сырлары, көкеністерді суландыратын қыш құбыр, әр алуан көлемдегі құмыралар, шырағдан т.т. болып табылады. Бұл секілді материалдық мәдениет үлгілері бір кезде қолөнер-зергерлік кәсіптерінің дамығанын көрсетеді. Егіншілік алқап сауда жолының бойында тұруы қаланың гүлденіп - дамуына үлкен әсер еткен.

    Тараз - ежелгі қала, үлкен руханият орталығы. Ірі сауда-саттық орны болған. Тараз тарихы бай, жері құнарлы, табиғаты көркем қала. Фирдауси: "Тараздың садағындай қиылған қас" ("Шахнаме") десе, Баккулық Абд ар-Рашиддың жағрафиялық шығармасында: "тараздың ауасы таза, суы мөлдір, жері қүнарлы, нағыз бейішті еске түсіреді. Ал, тұрғындары жарқын жүзді, кең пейіл, әйелдері мен еркектерінің жүздері қандай сұлу", - деп тебірене жазады. Араб саяхатшысы, ғалым Максиди: "Қаланың аймағында 200-ден астам қалалар мен қыстақ-кенттер орналасқан. Ал, қала ішінде сауда жасап тұрған жүңгіршектер, іші қайнаған базар, оның бір жағында мешіті, медреселері, қолөнершілердің шеберханалары, абыр-сабыр, ары-бері жүрген адамдардан кезің талады", - деп таңданысын, қызығушылығын білдіреді. Сонымен, Тараз сырттан келген адамдардың назарын бай тари-хымен, көркем табигатымен, қонақжай халқымен, әдеби-мәдени мұраларымен баурап, ұлт руханиятының ғажайып ғаламаттарымен де назар аудартқан айшықты да әсем қала болған.

    Бұл жазбалардан Тараз қаласының өткен тарихы, гүлденген кезеңі, тұрғындар мен олардың тыныс-тіршіліктері терең танылады. Ең негізгісі, көне қаланың бай тарихы мен даму белестері, құнарлы өлке мен құтты мекенге айналған жұлдызды сәттері мен адам еңбегінің жемісті жетістіктері, келелі келешегі де айқын аңғарылады.

    Көне  Тараздың тарихы мен тағдыры, сыры мен  сымбаты ұлы Моғол империясының негізін қалаған Темір әулетінің  ұрпағы З.М. Бабырдың ғұмырнамалық еңбегінде ("Бабырна-ма"), "Моғолдарда Ианги Тараз деп аталатын қала бар" деп жазған қайраткер - тарихшы М.Х. Дулатидың басты туындысында. В.М. Массонның "Страна тысячи городов", "Прошлое Казахстана в источниках и материалах", "Страны и народы. Восточная и Центральная Азия", "История народов Восточной и Центральной Азии", танымал тарихшылар К. Байтоқов пен А. Нүржановтың "Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан", шығыстанушы ғалым Ә. Дербісәлиевтің "Қазақ даласының жұлдыздары" т.т. зерттеу кітаптарында кең орын алады.

    Қазақстанның  егемен ел болуы - қоғамды-әлеуметтік және руханият салаларына зор өзгеріс, ілгері даму, серпілістер берді. Бұл өзгерістер еліміздің жер-жерінде ерен еңбек, еселі табыс түрінде кең өрісті қолдау тапты. Мұның мысал-деректері көп. Айталық, ауыл елдің жағдайын жақсарту, жұмыспен қамтамасыз ету ісінде - жамбылдықтар Алпысбай Жұмаханов, Тофик Әшіров, Ералы Дадабаев, қордайлықтар Александр Заноха, Қуанар Төкішев, Мұратбай Жолдасбаев, "АРАС" жекеменшік асыл тұқымды жылқы зауытының иесі Мақсұт Несіпбаев,  жуалылық Баймұқан Нұрбеков, байзақтық Тлеубай Абақанов, таластық Керімбай Оязбеков, сарысулық Бердібек Иманбеков, шулық Бимағамбет Сәрсенбаев, меркіліктер Дүйсехан Садыров, Доғдырбай Шағырбаев, Марат Отарбаев т.б. ауыл шаруашылық басшылары өнімді еңбектерімен,   үлгі-өнегелік -қырларымен  көп құрметіне бөленіп келеді.

    Көне  шаһар Тараздың кешегісі мен бүгінін - тарихшы-ойшыл М.Х. Дулати, ақын-айтыскер Ж. Жабаев, қоғам қайраткері Т. Рысқұлов, халық қаһарманы Б. Момышұлы т.б. еңселі ескерткіштері, көкпен " таласқан биік бейне тұлғалары асқақтатып-ақ тұр. Олар орын алған биік те еңселі, тұғырлы тұлғалары кеше мен бүгінді байланыстырып, бүгінгі ұрпақты бірлік пен берекеге бастап тұрғандай әсер береді.

    Тараз топырағынан шыққан ақын-жазушылар, журналист-ғалымдар, Б. Момышұлы, Ш. Мұртаза, А. Бекбосынов, Г. Адамбаева, Б. Әбілдәұлы, Ш. Смаханұлы, Р. Ниязбек, К. Ахметова, К. Баялиев, Е. Мүтәліп, Ә. Қалдыбайұлы, Н. Қашағанұлы, А. Көпжасарова, А. Көбесов, К. Нәрібаев, Ж. Дәдебаев, С. Жұмабек, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, Р. Тұрысбек, Е. Сағат, 3. Шілдебайұлы, М. Үмбетаев, С. Томанов, Ж. Сәтібеков, Л. Сайлаубек және тағы басқалардың талантты қолтаңба, дарынды туындылары қалың оқырманның рухани көкжиектерін байытып келе жатқан тұлғалар.

    Қазақстан спортында Ж. Үшкемпіров, С. Қонақбаев, Б. Жұмаділов, Е. Ыбрайымов т.б. табанды  ізденіс, жоғары жетістіктерімен даңқ тұғырына көтерілгенін, ел мұраты мен көк байрағын асқақтата түскенін қалың жұртшылық жылы еске алады.

    Тараз-мәдениет бесігі, өнер қонған жер. Айталық, К. Әзірбаев, Ш. Қалдаяқов атын-дағы дәстүрлі ән байқауы, "Мальта" халықаралық ән фестивалінің лауреаты Тахмина Әшімбекова, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының танымал әртістері - Г. Қыпшақбаева, Ж. Әлімбеков, А. Сәтібеков т.б. әртістер өнерлері кім-кімді де бейтарап қалдырмайды. Белгілі ақын-айтыскерлер А. Бетбаев, М. Тазабеков, А. Тұрсынбаева, Ш. Айдаров, С. Қалиев, Б. Шошбаев т.б. халқымыздың өрісті өнері - айтыс жанрын кең көлемде дамытып, әр қырын насихаттап, рухани-эстетикалық қуат-күшін көпшілікке жүйелі жеткізіп келеді. Олар айтыс өнері арқылы Көне Тараздың бай тарихын, байтақ өлкесін, ерен енбек үлгілерін әр қырынан толықтырып, аялап та, жырлап та келеді.

    Тараз қаласы 1856 жылы -Әулие ата, 1936 жылы - Мирзоян, 1938 жылы - Жамбыл деп аталды. Президенттің жарлығымен 1997 жылдың 8 қаңтарында қалаға ежелгі аты - Тараз берілді.

    Қазіргі Тараз - сымдай тартылған даңғыл жолдарымен, көк жасылды тал, теректерімен қатар түзеген зәулім үйлерімен, гүлді алаңға бөленген алтын аймақ.

    Тараз қаласы бұл күнде қоғамдық-әлеуметтік жағдайы жақсарған, адамдары - жарқын, жері - байтақ, ауасы - таза, суы - мөлдір, жасыл желек жамылған құнарлы өлке, құтты мекен.

    Жалпы, ежелгі тараздың кешегісі мен бүгіні - өткен тарихымен де, келелі келешегімен де, үлгі өнегелік, ғибраттық тағылымымен де айырықша маңызды болып табылады. Елбасы айтқандай "Тараз - рухани байлығымыздың алтын діңгегі". Ұлт тарихының кешегісі мен келешегінің көркем шежіресі. Ал, халық шежіресіне құрметпен қараған жарасады.

Информация о работе Тараз және руханият