Жерге орналастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:56, реферат

Описание

Жерге орналастыру – мемелекеттің жер саясатын іске асырудың, жер қатынастарын реттеуге, жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға арналған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесінің маңызды құралы болып саналады

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім.
1. Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны.
2. Жерге орналастыру ұғымы, обьектісі және тақырыбы.
3. Жерге орналастырудың экологиялық−экономикалық мәні.
4. Жерге орналастырудың құқықтық негіздері.
5. Жерге орналастыру техникасы.
III. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

реферат.docx

— 33.00 Кб (Скачать документ)

      Жерге орналастырудың тақырыбы және оның нақты нәтижелері−экономикалық тұрғыдан тиімді, экологиялық жағынан қолайлы жер категорияларының, жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылардың, өндірістік бөлімшелер мен әкімшілік территориялардың, жер алқаптары мен әртүрлі ауыл шаруашылық алқаптарының( ауыспалы егістіктер мен танаптардың, ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың жеміс жидек көшеттері квартлдарының), сондай ақ сызықтық контурлардың(жолдардың, каналдардың және т.с.с.) межелері мен аудандары.

        

        3.Жерге орналастырудың экологиялық−экономикалық мәні

       Жерді халық шаруашылығы салаларының мұқтаждықтарына бөліп беруге және оған себепті ауылшаруашылық алқаптары көлемінің үнемі қысқарылуына байланысты экологиялық жағдай соңғы жылдары күрт кұрделене түсуде.

        Ауылшаруашылық өндірістің биологиялық негізі болып топырақтың құнарлығы, жердің мелиоративтік күйі, эрозияға ұшырағандығы, топырақ құрамындағы қорда мен негізгі қоректік элементтердің мөлшері және өсімдік тіршілігі ортасының басқа да қасиеттері, сонымен қатар дақылдардың биологиялық ерекшеліктері табылады. Ауылшаруашылық өндірістің биологиялық жағы, өзі кезегінде, экономикалық және территориялық жағдайлармен байланысты, өйткені соңғылары салалардың мамандандырылғандығын, алаптардың құрамы мен орналасуын, территорияларының реттілігін, а.ш. дақылдарын өсіру агротехникасын, демек, жалпы өндірістің рентабельдіктігі мен тиімділігін себептейді. Сонымен, ауылшаруашылық дақылдарды өсірудің биологиялық жағдайлары бір жағынан өндірістің экономикалық тиімділігін, ал екінші жағынан бүкіл шаруашылық жүргізу жүйесін өздеріне сәйкесті бейімдеуді себептеп отырады.

       Демек, жерге орналастырудың экологиялық−экономикалық мәні жер учаскелерінің экономикалық тұрғыдан тиімді межлерін, аудандарын және орналасуын, сондай ақ өндірістің мақсатына сәйкес мамандандырылғандығын, агроландшафттың экологиялық тепе−теңдігі мен жердің өндіргіш қасиеттерінің артуын қаматамасыз ететін өндірістің территориялық негізін жасауға саяды.

 

  4.Жерге орналастырудың құқықтық негіздері

        Жерге  орналастыру өзі функцияларын  жер қатынастарын құқықтық тұрғыдан  реттеу жүйесінің негізінде жүзеге  асырып отырады. Бүкіл құқықтық  құжаттарды шарттарды түрде 4 топқа бөлуге болады:

 Біріншісі− Қазақстан  Республикасының Конституциясы; 
Екінші –Парламент әзірлеп, Президент бекітетін заңдар;

Үшіншісі−ведмостволық нұсқаулар  мен  ұсыныстар;

Төртіншісі−облыстық және аудандық мәслихаттар мен әкімшіліктердің  өзі құқықтық құзырларындағы аймақтың шешімдері.

          ҚР  Конституциясы бойынша жер,  оның  қойнауы, суы, өсімдік  және жануарлар әлемі, басқа  да табиғи ресуртар мемлекет  меншігіне жатады. Сонымен қатар,  жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке  меншікке де берілуі мүмкін. Осы  уақытқа дейін бұндай құжат  ретінде 2001 жылдың  24-ші қаңтарында бекітілген «Жер туралы» заң қолданылып келді. Қазіргі кезде жер қатынастары жаңа Жер Кодексі негізінде реттеледі. Бұл құжатта республикада жер қатынастарын реттеудің жалпы концепсиясы, біртұтас жер қорының құрамы, жерді пайдалану және қорғау жөніндегі талаптар, ақылы жер иелену және жер пайдалану принциптері, жер иелену мен жер пайдаланушылардың құқықтары және міндеттері, жерді жеке меншікке беру тәртібі, жеке меншік, тұрақты пайдалану, жерді ұзақ және қысқа мерзімге жалға алу шектері мен механизмі, жер жөнінде әртүрлі келісім шарттарды жүргізу реттілігі белгіленген. Кодекстің жеке баптары жерге орналастыруға, жер кадастры және мониторингқа арналған. Сонымен қатар әр түрлі органдардың жер ресурстарын басқару құқықтары көрсетілген.

         Жер заңдарынан басқа, жер қатынастары  мен жерге орналасутырудың құқықтық  негізі ретінде  Азаматтақ  Кодекс, «Шаруа қожалығы туралы» (1998ж.) , « Ауыл шаруашылық серіктестіктері туралы»,  «Жер салығы туралы», «Ипотека туралы» және бір қатар заңдар қолданылады. Бұлардың кейбіреулері жер мен жерге орналастыруға тікелей, ал кейбіреулері жер мен жерге орналастыруға тікелей қатысты.  Сондықтан оларды жеткілікті деңгейде оқып білу қажетті. Мысалы,  жекешелендіру заңында көп укладтық  экономикаға, жерде шаруашылық  жүргізудің әр түрлі формаларына көшу жағдайлары қамтылған.

            

                     

        5.Жерге орналастыру техникасы

       Жоғарыда айтылғандай, жерге орналастырудың экологиялық, әлеуметтік−экономикалық және құқықтық негіздері техникалық, бірінші кезекте, геодезиялық әдіс−тәсілдері  арқылы жүзеге асырылады. Геодезиялық тезника көптен бері жерге орналастыру жобалары мен схемалардың план – картографиялық негізін жасауға, ал жобалау аяқталғаннан кейін оларды жер бетіне түсіруге қолданылады.  Ол арқылы жерге орналастыру процесінің барлық стадияларында техникалық іс− қимылдарының қажетті дәлдігі қамтамасыз етіледі. Бұл:

  • план – картографиялық негізді таңдау және оның дәлдігін бағалау;
  • іздестіру және топографиялық− геодезиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қажетті әдістемелерді қолдану;
  • план−картографиялық материялдарды жасау дәлдігі;
  • жобаның барлық элементтерінің аудандары мен межелерін жобалау және жобаны жер бетіне түсіруге қажетті геомәліметтердің дәлдігі;
  • жобаны жер бетіне түсіру жөніндегі нақты геодезиялық іс−қимылдар.

Жерге орналастыру жобаларын  жасағанда және жер кадастрын  жүргізгенде негізгі картографиялық материялдар болып табылатын топографиялық пландар аэрофототүсіру  әдістері арқылы алынады. Бұл пландар толықтығы мен нақтылығына қарағанда жерге орналастырулық жобалау қажеттіліктеріне әбден жарамды. Олардың дәлдігі жеткіліктідей жоғары.

        Учаскелердің аудандары мен олардың межелерінің дәлдігіне қойылған өндірістік талаптарды орындау үшін, геодезиялық тірек жүйесінің бар болуына қарай, мынадай жобалау тәсілдері қолданылады:

    • аналиткалық( координаталары бойынша);
    • графикалық( пландық сызықтық өлшемдер арқылы);
    • механикалық( планиметр арқылы).

       Қазіргі кезде геодезиялық жұмыстарды жүргізу барысында, ғылыми−техникалық прогрестің жетістіктері ескерілген өлшеу аспаптары мен құралдары, соңғы үлгідегі компьютерлер мен аэрофото және аэроғарыштық әдістер мен материялдар кең қолдануда.

      

 

          Қорытынды

       Қорыта келгенде, техникалық әдістер арқылы жерге орналастыру іс−қимылдары, олардың құқықтық, әлеуметтік−экономикалық  мәні іс жүзінде жүзеге асырылады. Қазіргі жерге орналастыру елдің экономикасына соның ішінде аграрлық саласына жаңа нарық қатынастарын енгізумен байланысты. Ол Конституция мен жер заңдары негізінде жүзеге асырылатын агралық саясаттың құралы болып табылады. Жер Кодексінде бұрынғыдай жер пайдалану мен жер иеленудің әр түрлі формалары мен ережелері ескерілген. Бұл заңның негізгі мақсаты жойылған колхоздар мен совхоздардың негізінде құрылған шаруа қожалықтарына, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, өндірістік кооперативтерге, сонымен бірге ауыл тұрғындарының қосымша шаруашылықтарының, қала тұрғындарының бау бақшалығының, өнеркәсіп, энергетика басқа да шаруашылықтарының әрі қарай дамуына қолайлы территориялық жағдай жасау. Жер реформасының негізгі мақсаты−жерге иесін қайтару. 
    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Мазмұны.

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім. 
    1. Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны.
    1. Жерге орналастыру ұғымы, обьектісі және тақырыбы.
    2. Жерге орналастырудың экологиялық−экономикалық мәні.
    3. Жерге орналастырудың құқықтық негіздері.
    4. Жерге орналастыру техникасы.
  1. Қорытынды

Информация о работе Жерге орналастыру