Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:53, реферат

Описание

Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) - ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген.1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 81.50 Кб (Скачать документ)

Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) - ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым  академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника  қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік  сыйлығының лауреаты Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген.1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. 1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассисент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған. 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында Математика және механика секторы ашылып, кейіннен Математика және механика институты құрылған.О.Жәутіков 1945-1965 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, 1965-1969 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтының директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, 1969-1989 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясы Президиумының мүшесі, Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарған. 1985-1989 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі болған.Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған.О.Жәутіков - республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулығын шығарған. Ол 200 ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, методикалық жұмыстардың, көптеген оқулықтардың авторы. Белгілі ғалымдар А.Ляпуновтың, С.Ковалевскийдің, Н.Лобачевскийдің, С.Соболевтің, М.Лаврентьевтің, К.Персидскийдің, Қ.Сәтпаевтің, тағы басқалардың өмірі мен шығармашылық қызметтері туралы зерттеулерін ғылыми-танымдық кітаптары мен мақалаларында жариялаған.Академик О.Жәутіков Кеңес Одағы мен шетелдерде өткен осы замандағы математика және механика проблемаларына арналған көптеген съездер, конгрестер мен конференцияларға, симпозиумдарға қатысқан.Орынбек Ахметбекұлы Алматы қаласында оқушылардың Кіші ғылымдар академиясын ұйымдастырып, академияның көп жылдар бойы Құрметті президенті болды.  О.Жәутіков математика ғылымын дамытуға және физика-математика білімдерін жетілдіруде зор үлес қосып, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлағаны үшін Октябрь революциясы, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Әбу Наср әл-Фараби (870-950) – Аристотелден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопидист  ғалым. Оның мұсылманша толық аты  жөні Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ  Тархани. Туған жері – Сырдария бойындағы  ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру үшін аты-жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк» атты еңбегінде Фараб қаласының түрікше аты – «Қарышоқы» деп көрсетеді.Әл-Фараби заманында бүкіл Орта Азия мен Түркістан aраб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл-Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім-ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сoл кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді.Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді.ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл-Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме», « Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл-мусики әл-кабир» секілді әрқайсысы бір-бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар. Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің кітапханасына тапсырған Әл-Фарабидің қолжазбалары өз алдына бір пара қазына. Олардың көшірмесі (он үш қолжазба) бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында сақтаулы.Өмірінің соңына қарай Әл-Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шахарында келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады. Оның денесі Шам шахарының Кіші қақпа (Баб ас-Сағир) жағындағы зиратқа қойылады.Әл-Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай «Қос Фараби» деп те атайды. Сондай-ақ еңбектері ұлы ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар - Беруни, Бозжани, Омар Һайямдар да өздерін Әл-Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген.

 


Информация о работе Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989)