Adobe Photoshop бағдарламасымен жұмыс жасау кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 17:39, курсовая работа

Описание

Adobe компаниясы өзінің ең мықты және атақты графикалық пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық графикалық пакетін ұсынды. Оның құрамына Photoshop–пен бірге ImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары кірді.
Photoshop CS өзінің жаңартылған өзгерістерімен графикалық кескіндер мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл нағыз ақпаратты цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тез әрі оңай орындай алады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Программа терезелерімен жұмыс 4
1.1 Программа терезелерімен жұмыс 4
1.2 Adobe Photoshop графикалық редакторының интерфейсімен танысу 5
2 Adobe Photoshop графиктік программасы 13
2.1 Adobe Photoshop графиктік программасының арналуы (белгілеуі) мен мүмкіншілігі
13
2.2 Растрлық құжатпен жұмыс істеу
14
Қорытынды
21
Қолданылған әдебиеттер 23

Работа состоит из  1 файл

Жанерке курсовой.doc

— 3.63 Мб (Скачать документ)


Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды «Болашақ»  университеті

Экономика және информатика  факултеті

Ақпараттық жүйелер  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы:«Adobe Photoshop бағдарламасымен жұмыс жасау  кезеңдері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Жумабекова Жанерке

И -10-2 студенті

Қабылдаған: аға оқытушы  Райымбекова А.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012

 

 

Мазмұны

2

 

Кіріспе

3

1

Программа терезелерімен  жұмыс

4

1.1

Программа терезелерімен  жұмыс

4

1.2

Adobe Photoshop графикалық редакторының интерфейсімен танысу

5

2

Adobe Photoshop графиктік программасы

13

2.1

Adobe Photoshop графиктік программасының арналуы (белгілеуі) мен мүмкіншілігі

13

2.2

Растрлық құжатпен жұмыс істеу

14

 

Қорытынды

21

 

Қолданылған әдебиеттер

23


 

 

Кіріспе

 

 

Adobe компаниясы өзінің  ең мықты және атақты графикалық  пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық  графикалық пакетін ұсынды. Оның құрамына Photoshop–пен бірге ImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары кірді.

Photoshop CS өзінің жаңартылған  өзгерістерімен графикалық кескіндер  мен суреттерді жеңіл, ұтымды  өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік  береді.  Бұл нағыз ақпаратты цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тез әрі оңай орындай алады.

Photoshop жаңарған сайын  жұмысқа икемді әрі ыңғайлы болуда.  Оны тағы да бір рет дәлелдейтін бір жай -  енді ыстық клавишаларды өздігінше өзгертуге және реттеуге мүмкіндік бар. Қолданушы программада берілген ыстық пернелерді жаттамай-ақ  өзіне ыңғайлы болған пернелерді түзіп қоя алады.

Тағы бір дәлел болатын жағдай – жаңа Histogram (Гистограмма) палитрасының пайда болуы. Оның атқаратын қызметі: кескіннің түсі мен ол жайлы ақпараттарды көру, әлбетте сонымен бірге оларды бақылап отыру. Осындай жаңалықтарымен Photoshop алдыңғы нұсқаларынан ерекшеленеді.

Одан басқа Photoshop-та біріктірілген  кескін суреттерді (панорамных изображений) шағаратын жаңа керемет команда пайда болды. Бұл -  Photomerge (фото біріктіру) командасы. Бұның көмегімен кез келген суретті көлденеңінен де, тігінен де  біріктіріп жаңа кескін алуға болады.

Crop and Straighten атты жаңа құрал сканермен көп жұмыс істейтін адамдарға көп жеңілдік жасайды: енді сканерден өткен суреттер автоматты түрде кесіліп дұрыс жағына айналып отырады.

Web-графиканы әзірлейтін ImageReady пакетіне де көптеген өзгерістер енген. Енді түскен суреттерді Macromedia Flash форматында экспорттауға болады.

Әрине бұл жаңалықтармен Photoshop СS-тың мүмкіндіктері біте қоймайды. Жоғарыда көрсеткендер тек мысал  ретінде ғана. Осылар мен тағы да басқа жаңалықтармен мүмкіндіктерді алда қарастырып өтеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Программа терезелерімен жұмыс

 

1.1 Программа терезелерімен жұмыс

 

 

Алдымен программаға  кіру жолын айта кетейік. Photoshop CS программасында жұмыс істеу алдында программаны жүктеу немесе іске қосу керек. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

- Windows жұмыс үстеліндегі Пуск (іске қосу) батырмасында тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз;

- Осы менюде Все программы қатарында тышқанды шертеміз;

- Енді Adobe Photoshop CS қатарына меңзерді қойып тышқанды сырт еткіземіз:


 

Сурет 1. Бағдарламаға кіру

 

Енді терезелермен жұмысқа  көшеміз:Photoshop CS программасы Windows-тың қолданбалы программалары сияқты экранда екi терезесi болады: PhotoShop программасының басты жұмыс аймағын құрайтын программа терезесi және редакциялайтын бейне орналасқан терезесi. Мұны 2 - суреттен круге болады. Photoshop терезесi, программа және бейне – Windows-тың басқа қолданбалы программа терезелерi сияқты, негiзгi элементтерден құралған. Photohop программасында бiр уақытта бiрнеше терезелермен жұмыс жасау жиi кездеседi. Ал осы, бiр терезеден басқа терезеге өту үрдісі ыңғайсыз. Сондықтан да мұндай жағдайда Windows үшiн Photoshop программасында СTRL+TAB және CTRL+SHIFT+TAB пернелер комбинациялары пайдаланылады. Бiрақ, Macintosh мұндай мүмкiндiктi бере алмайды. Мұндай жағдайда CE Software фирмасының Quickkeys программасы қажет. Программа терезесiн жұмыс үстеліне келтiру үшiн кішірейту батырмасына тышқанды апарып шертемiз. Егер программаны экранға келтiру қажет болса, онда жұмыс үстелінде оның батырмасын тышқанмен шертемiз. Сонымен қатар жұмыс үстеліндегі батырмаларды Photoshop программасынан басқа активтi программаларға өтуге және керiсiнше пайдалануға болады. Қалпына келтiру/үлкейту батырмалары терезе күйiне тәуелдi. Егер батырмада екi кiшкентай шаршы болса (сурет 1), онда ол қалпына келтiру батырмасы.

 

Сурет 2. Photoshop CS  бағдарламасының жұмыс үстелі

 

 

1.2 Adobe Photoshop графикалық редакторының интерфейсімен танысу

 

 

Фотошоп бағдарламасын  неден бастап жазарымды бірәз  ойланып, ең алдымен программа интерфейсінен бастағанды жөн көрдім.Келесі бір екі постта да біраз теориялар болуы мүмкін. айып етпеңдер, алдымен теорияны біліп алыңдар деп мұғаліміміз жұбатушы еді.

Adobe компаниясы өзінің  ең мықты және атақты графикалық  пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық графикалық пакетін ұсынды. Оның құрамына Photoshop–пен біргеImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары кірді.  
Photoshop CS өзінің жаңартылған өзгерістерімен графикалық кескіндер мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл нағыз ақпаратты цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тез әрі оңай орындай алады.

Adobe Photoshop программасы  графикалық объектілерді өңдеу,  өзгерту, сақтауда қолданылатын  пакеттердің бірі. Adobe Photoshop – палитрамен  жұмыс істеу, калибровка жасау,  сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады. Adobe Photoshop программасының басты беті төменде келтірілген. 
 
 

Сурет 3. Бағдараламаның басты беті

 
Енді әр бөлігіне жеке жеке тоқталып кетейін: 
 

 

Сурет 4. Басты бетің белгілері

 

0. Бағдарлама терезесінің атауы.

        Бұл енді кәдімгі Windows-тың стантартты қатары, яғни ағымдағы программаның атауы жазылған.

1.Меню жолы

Терезе атауының төменгі  жағында меню жолдары орналасқан. Ол құрамына редактордың негізгі меню атауларын қамтиды. Қандай да бір меню командасын таңдау үшін, оның үстінен тышқанмен шертсе болғаны. Егер соңында көп нүктесі бар команданы орындасақ, экранда диалогты терезе немесе диалог ашылады. Ол жерде сіз кейбір атрибуттарды көрсетіп кетуіңізге тура келеді. Мысалы, Файл менюінің Открыть командасын таңдаған кезде құжаттары бар диалогты терезе ашылып, керекті құжатты таңдап, бағдарламаға жүктеуге болады. Әртүрлі меню көмегімен бірнеше мәселелерді шешуге болады:

Файл (File) – файлдармен жұмыс: құжаттарды құру, ашу және сақтау; баспаға жіберу және оны ұйымдастыру; құжаттарды импорттау және экспорттау; құжат жайлы ақпаратты теру; редактордан шығу; бейнелерді автоматты өңдеу;

Правка (Edit) – редакторлау: таңдап алынған облыстарды көшіру, өшіру және орнату; іс-қимылдарды кері қайтару; бөлінген облыстарды трансформациялау;

Изображение (Image) – бейнелермен жұмыс істеу: дубляж жасау, холст өлшемдерін және бейнені өзгерту; оны айналдыру, ақ-қара түсті және түрлі-түсті коррекция, түстік моделді өзгерту, түстік қақпанды құру және т.б.;

Слой (Layer) – қабаттармен жұмыс: құру, өшіру, дубляж, қабаттар эффектісі, қабаттарды топтау, байланысқан қабаттарда объектілерді реттеу, қабаттар маскалары және т.б.;

Выбор (Select) – ерекшеленген аумақпен жұмыс: бейнені толығымен ерекшелеу, ерекшелеуді алып тастау және қайтару, ерекшеленген аумақты инвенторлау және трансформаторлау, қысу, жиіліктік мүмкіндігі, берілген түстің облыстарын ерекшелеп алу, ерекшелеуді жүктеу және сақтау;  
Фильтр (Filter) –Photoshop фильтрлары;

Вид (View) – редактордың сыртқы келбетімен жұмыс: құжатты көрсету режимдері және масштаб; бағыттауыштарды, торларды, координатты сызықтарды көрсету; бағыттауыштарды құру, торға және бағыттауышқа байланыстыру;

Окно (Window) – әр түрлі құжаттармен бір уақыттағы жұмыс немесе әр терезеде бір құжатпен жұмыс істеу; экранға құралдар панелі мен өзгермелі палитраларды шақыру;

Помощь (Help) – қолданушыға арналған көмекші құжаттарын ашу.

2.Құралдар панелі

Құралдар панелінің  көмегімен біз сурет саламыз, бояймыз, бейненің керекті облыстарын бөліп аламыз, оларды жылжытып өзгертеміз, мәтін енгіземіз және т.б. амалдарды орындаймыз. Жоғарғы жақта редактор терезесінің қалпын өзгертетін батырма орналасқан.

 

Сурет 5. Құралдар панелі

 

1.Ағымдағы форма облыстарын ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар

Тікбұрышты облыс (Rectangular Marquee), Shift+M; 
Эллипс типті облыс (Elliptical Marquee), Shift+M; 
Жалғыз жол (Single Row Marquee), Shift+M; 
Жалғыз баған (Single Column Marquee), Shift+M. 
2. Облыстарды ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар Лассо(Lasso),Shift+L;Көпбұрышты лассо (Polygonal Lasso),Shift+L;Магнитті лассо (Magnetic Lasso), Shift+L. 
3. Шеттер бойынша қиып алу құралдары Кадрлау (Crop), Shift+C. 
4.Ретуш операциясына қажетті құралдар:

Қайта келтіру кисть (Healing Brush), Shift+J;Заплатка (Patch),Shift+J.

5.Бейне бөліктерін көшіру құралдары

Клондаушы штамп (Clone Stamp), Shift+S;

Өрнек штампы (Pattern Stamp), Shift+S.

6. Өшіруге арналған құралдар:

Өшіргіш (Eraser), Shift+E;

Фонды өшіргіш (Background Eraser), Shift+E;

Сиқырлы өшіргіш (Magic Eraser), Shift+E.

7. Дәлдікті басқару құралдары

Жуу (Blur), Shift+R;

Дәлдік (Sharpen), Shift+R;

Саусақ (Smudge), Shift+R.

8. Векторлық контурларды салу және өңдеу үшін құралдар

Перо (Pen), Shift+P;

Бос форма(Freeform Pen), Shift+P;

Тіректі нүктені қою (Add Anchor Point), Shift++;

Тіректі нүктені жою (Delete Anchor Point), Shift+-;

Нүктені түрлендіру (Convert Point).

9. Векторлық контурларды бөліп алу құралдары

Контурды бөліп алу (Path Selection), Shift+A;

Тік бөліп алу (Direct Selection), Shift+A;

10. Комментарий құруға арналған құралдар

Комментарий (Notes), Shift+N;

Аудиоаннотация (Audio annotation), Shift+N.

11. Қол (Hand) терезесінде бейнелердің орнын ауыстыру үшін құралдар, Shift+H.

12. Активті түстерді басқару үшін қолданылатын құралдар

13. Жылдам маскілеу режимінде редакторлайтын батырманы қосу (edit in quick Mask Mode), Shift+Q

Өңдеудің стандартты режимін қосып қою құралы. (Edit in stardart Mode), Shift+Q.

14.Бөлінген облыстардың  орнын ауыстыру (Move) үшін қолданылатын құралдар, Shift+V.

15. Бір түсті облыстарды бөліп алуда қолданылатын құрал (Magic Wand), Shift+W. 
16. Бейнені фрагментке кесуде қолданылатын құралдар

Фрагмент (Slice), Shift+K;

Фрагментті бөліп алу (Slice Select), Shift+K.

17. Сурет салуда қолданылатын құралдар

Кисть (Brush), Shift+B;

Карандаш (Pencil), Shift+B.

18.Бейнелердің алдында  болған жағдайына келтіретін  құралдар Қалпына келтіретін  кисть (History Brush), Shift+Y;

19. Бөлініп алынған облыстарды бояу құралдары

Градиент (Gradient), Shift+G;

Бояуы бар шелек (Paint Bucket), Shift+G.

20. Жарықтылықты басқару құралдары

Жарықтағыш (Dodge), Shift+O;

Қараңғылатқыш (Burn), Shift+O;

Губка (Sponge), Shift+O.

21. Мәтін енгізу үшін қолданылатын құралдар

Горизонтальды мәтін (Horizontal type), Shift+T;

Вертикалды мәтін (Vertical Type), Shift+T;

Горизонталды мәтін  маскасы ( Horizontal Type Mask), Shift+T;

Вертикалды мәтін маскасы (Vertical Type Mask), Shift+T.

22.Векторлық фигураларды  салуда қолданылатын құралдар  Тікбұрыш (Rectangle), Shift+U;

Дөңгелектенген тікбұрыш (Rounded Rectangle), Shift+U;

Эллипс (ellipse), Shift+U;

Көпбұрыш (Polygon), Shift+U;

Түзу (Line), Shift+U;

Қолданушы формасы (Custom Shape), Shift+U.

23. Қашықтық пен бұрыштарды өлшеуде, түстерді өлшеу және көшірмесін алатын құралдар

Пипетка (Eyedropper), Shift+I;

Түстік пробалар (Color Sampler), Shift+I;

Информация о работе Adobe Photoshop бағдарламасымен жұмыс жасау кезеңдері