Акпараттык когам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 03:51, реферат

Описание

Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Работа состоит из  1 файл

Ақпараттық қоғам.docx

— 21.57 Кб (Скачать документ)

   Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.

   Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистік қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 1950-1970- шы жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы, жалпы ҒТТ салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының толық "техникаландырылған" және «ақпараттандырылған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды да толғандырмай қоймады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болды (Тоффлер).

   XX ғасырдың 70-80-ші жылдарында болашақты супериндустриалды, технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды. Оларға мынадай екі алғышарт тән:                   1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында "ақпараттық қоғам" ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады;                                                                                                                                               2) ақпарат-тық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты, екіншісі - индустриалды, үшіншісі - ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндіріс информатика мен супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке "кәсіптік" жаңа жүйемен алмастырылады. Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі болып табылады. Көптеген авторлардың пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократия (қандай да бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша ұйым). Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар: экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту; қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген "ақпараттық қауымдастықтармен" алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). Тоффлер дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға "шағын" экономикалық қалыптарды - үйдегі жеке индивидуалды қызметті, "электронды коттеджді" қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютер қызметі және энергетика синтезі негізінде "Ғаламдық электрондық өркениет" жобасы - «телекомпьютерэнергетика» жасалуда (Дж. Пелтон). "Компьютерлік төңкеріс" біртіндеп дәстүрлі баспаны "электрондық кітаптармен" алмастыруда, идеологияны өзгертіп, жұмыссыздықты, бос уақытын қызықты өткізуге айналдыруда (X. Эванс). Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам теориясында "микроэлектронды төңкерістің" тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы таратумен байланыстырылады. Тоффлер және Дж. Мартин оның басты рөлін азаматтар мен үкіметті тікелей байланыстыратын, шешім қабылдауда олардың пікірін есепке алатын телекоммуникациялық "кабельдік желіден" көреді. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялық детерминизмнің әлсіздігін, қоғамды компьютерлендірудің жағымсыз қырларын алға тартқан гуманистік бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады.

   Қазіргі кезде біздің қоғамымыз жаңа ақпараттық кезеңге, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқытушы қызметінің барлық салаларына кіріктіріліп, табиғи ортаға айналып отыр. Біз қазіргі уақытта әлемдік жаһандану үрдісін бастан кешудеміз. Жаһандануды алға жылжытатын басты күштердің бірі ақпараттық-байланыстық төңкеріс болып табылады. 

Өркениеттiң  даму кезеңдерiнде бiрнеше ақпараттық төңкерiстер болып, адамзат жаңа белестерге көтерiлдi. Микропроцессорлық технологияның  арқасында компьютер, компьютерлiк  желiлер және жүйелер жарыққа  шықты. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер  қоғамдық өмірдің барлық дерлік: білім  беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және т.б. салаларда тиімді көмекші құрал ретінде қолданылады.

Компьютерлік  желілер көмегімен құжат-тамалар  жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас  қамтамасыз етіледі. ЭЕМ жүйелері бір  мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады. Компьютерді  және басқа да ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды пайдалану дағдыларын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып отыр. Осының бәрі ақпараттық қоғамда толық-қанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр.

   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдаған Жолдауында оқыту үрдісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды – білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейтуге баса назар аударды. Бұл білім саласына көптеген жаңалықтарға және әлемдік ақпараттық даму жүйесіне еркін енуге жол ашуда.

   Ақпараттық-коммуникативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты — оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу.

   Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы — білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Білім беруде ақпараттандыру процесі оқытушының дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол оқытушының өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.

   Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Осы қоғамның материалдық және технологиялық базасы болып компьютерлiк техника мен компьютерлiк желiлер, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялық байланыс негiзiндегi түрлi жүйелер қалыптасады. Сонымен қатар, өзiндiк ақпараттық инфрақұрылым түзiледi. Оның негiзiнде озық электрондық техника көмегiмен кешендi түрде ақпарат өндiрiледi, өңделедi, сақталады және пайдаланылады.

Қорыта айтқанда, жаһанданудың жаңа толқыны ретінде  ақпараттық қоғам үрдісі қарқынды түрде дамып, өндіріс пен ғылымның жетілдірілуіне үлес қосуда. Тағы бiр айта кететiн мәселе, ақпараттық қоғамның өзiндiк ерекшелiгi — адамдардың 50 пайызынан астамы ақпараттық қызмет саласына жұмылдырылған. Ақпараттандыру және бұқаралық коммуникацияларды ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпараты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптастыруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.


Информация о работе Акпараттык когам