Алгоритм құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 19:52, реферат

Описание

Келісім-шарт - жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар- дың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.
Келісім - шарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 16.42 Кб (Скачать документ)

                                  Келісім-шарт 
           Келісім-шарт - жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар- дың азаматтық құқықтары мен   міндеттерін белгілеуді, өзгертуді  және  тоқтатуды  реттейтін,  нотариалды  түрде куәландырылатын ресми құжат. 
           Келісім - шарттың   жазбаша   түрінде   жасалынатын мәміленің   мазмұны толық  көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді. 
           Шарт мынадай жағдайларда жасалады: 
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер: 
а) тұрғын үйді сатып алу — сату туралы; ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы; 
б)  тұрғын үйді ауыстыру туралы. 
2.  Жер учаскелері туралы мәмілелер: 
а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт; ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт; 
б)  жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт. 
3.  Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер: 
а)  автомашинаны сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт; ә) автомашинаны залогқа беру жөніндегі келісім-шарт; 
б)  автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісім-шарт. 
4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға беру жөніндегі мәмілелер: а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт; 
ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт.

          Үлгі: 
Автомашинаны сату — сатып алу туралы келісім-шарт. 
Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 91-үй, 46-пәтер.  
Біз, төменде қол қоюшылар, Алматы қаласы "Жетісу" шағын ауданы, 28-үйде тұратын азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы, жеке куәлік № 548796, Қазақстан Республикасының ІІМ берген. Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 83-үйде тұратын азамат Қайырбаев Серік, жеке басының куәлігі № 478926, Қазақстан Республикасы IIМ берген, мына туралы осы келісімшартты жасадық: 
1.   Мен,  азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы,  "Жигули"  маркалы жеңіл автомашинаны сатамын, кузовның типі_____, шығарылған типі______,   шасси   нөмірі  ______,   двигатель   нөмірі  ______,   мемлекеттік нөмірі. 
Мен, азамат Қайырбаев Серік, көрсетілген автомашинаны сатып аламын. 
2.    Көрсетілген   автомашина  Мемлекеттік  автоинспекция    1995 жылғы 7 қаңтарда берген нөмірі 46327 техникалық паспорттың негізінде маған, Өмірбаев Асқар Өмірбайұлына тиеісілі. 
3.  Автомашина___________________теңгеге сатылады 
көрсетілген соманы келісім-шартқа қол қою кезінде азамат Қайырбаев Серік төлейді. Тараптардың қолы 
1998 жылы 21 қыркүйекте осы келісім-шартты мен, Асқарова Бақыт, Алматы қаласының нотариусы куәландырды. 
 
Осы келісім-шартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды, Тараптардың жеке басы анықталды, олардың қүқықтық іс-әрекетке қабілеті және автомашинаның Омірбаев Асқар Өмірбайұлына тиесілі екендігі тексерілді. 
Сату-сатып алу жөніндегі келісім-шартың мәтіні дауыстап оқылды. 
Нөмірі 6 тізбегі тіркелген. 
Тариф бойынша________________теңге салық алынды. 
Нотариус                                                              (қолы)

Информация о работе Алгоритм құрылымы