Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 19:58, лекция
Ақпаратты қорғау – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезі қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.
12) ақпараттық технологиялар - ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген әдістердің, өндірістік процестер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
13) ашық кілттер инфрақұрылымы - Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес тіркеу куәліктерін басқаруға бағытталған ақпараттық жүйелер, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
14) бағдарламалық өнім - ақпаратты өңдеу жүйесінің компьютерлік бағдарламаларының, рәсімдерінің, әдістерінің, ережелері мен ілеспе құжаттамасының жиынтығы;
15) веб-сайт - ақпараттық-телекоммуникациялық желіде бір домендік атаумен біріктірілген және ортақ навигациясы бар деректер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
16) дербес деректер (дербес сипаттағы электрондық ақпараттық ресурстар) - жеке тұлға өміріндегі фактілер, оқиғалар, мән-жайлар туралы мәліметтер және (немесе) оның жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректер;
17) домендік атау - Интернет желісіндегі адресаттың ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, желінің объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес нышандық (әріптік-цифрлы) белгі;
18) интерактивтік қызметтер көрсету - электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға олардың сұрауы бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша беру жөніндегі, өзара ақпарат алмасуды талап ететін қызмет;
19) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы - «электрондық үкіметті» қалыптастыру және мемлекеттік органдарды ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесу органы;
20) құжатталған ақпарат - материалдық тасымалдағышта тіркелген, өзін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін реквизиттері бар ақпарат;
21) құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар - мемлекеттік құпияларды қамтымайтын электрондық ақпараттық ресурстар, оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда меншік иесі немесе олардың иеленушісі шектейді;
22) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі - мекенжайлар және олардың құрамдас бөліктері туралы мәліметтерді құруға, жинақтауға және өңдеуге және Қазақстан Республикасының мекенжай алаңын бір ізге салуға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
23) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы - «электрондық үкіметтің» электрондық ақпараттық ресурстарының және ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық жүйе;
24) пайдаланушы - өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге өтініш жасайтын және оларды пайдаланатын субъект;
25) төлем шлюзі - транзакциялық қызметтер көрсету кезінде төлемдерді жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе;
26) транзакциялық қызметтер көрсету - электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға олардың сұрауы бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша беру жөніндегі, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып төлемдер мен өзге де іс-әрекетті жүргізу жөніндегі қызмет;
27) электрондық ақпараттық ресурстар - электрондық түрде сақталатын (ақпараттық деректер қоры), ақпараттық жүйелерде қамтылатын ақпарат;
28) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді иеленуші - аталған объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын субъект;
29) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау - ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оны құрсаулау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді сақтауға, оларға заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
30) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің меншік иесі - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;
31) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тізбе;
32) «электрондық әкімдік» - жергілікті атқарушы органдардың электрондық қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі жұмыс істеу тетігі;
33) электрондық қызмет көрсету - ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетуді ұсыну;
34) «электрондық үкімет» - мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсетулерді ұсыну жөніндегі жұмыс істеу тетігі;
35) «электрондық үкімет» веб-порталы - «электрондық үкіметтің» барлық электрондық қызмет көрсетулері мен электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің бірыңғай нүктесін беретін ақпараттық жүйе;
36) «электрондық үкімет» инфрақұрылымының жобалық интеграторы - «электрондық үкіметтің» ведомствоаралық ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі жобалық-ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым;
37) «электрондық үкімет» шлюзі - электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.
2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Осы Заң авторлық құқық пен аралас құқықтар, өнеркәсіп меншігінің объектілері, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалардың топологиялары, азаматтық айналымға, жұмыстарға, тауарлар мен қызмет көрсетулерге қатысушылардың даралау құралдары туралы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында реттелетін қатынастарды регламенттемейді.
4. Осы Заңның күші ақпараттың мазмұны мен таратылу тәсілдеріне қолданылмайды.
5.3 Ақпаратты тасымалдаудың
АТҚАЖ жүйесі жүйе клиенттері арасында
қорғалған ақпараттармен
Жүйеде мәліметтерді қорғаудың келесі
механизмдер жиынтығы белгіленген:
Жүйеде ақпараттармен алмасу АТҚАЖ сервері арқылы жүзеге асады, ал қорғалған алмасуда ақпараттық өлшем бірлігі файл болып саналады. Қорғалған мәліметтермен алмасу FTP (File Transfer Protocol, RFC959) хаттамасына негізделген мамандандырылған хаттама бойынша жүзеге асады. Бұл хаттама жүйеге ену үшін «Клиент-Сервер» және «Сервер-Клиент» екі жақты аутентификациялауды қамтиды және ақпараттарды имитоқорғауға негізделген мәліметтерді жеткізуге кепілдікті қамтамасыз етеді.Ақпараттарды беруде оны «Клиент-Орталық» имитоқорғайды, ал ол мәліметтерді өзгертулер енгізу мен жабысудан қорғауды қамтамасыз етеді, әрі алмасу хаттамасы Орталық имитоендірме тексергеннен кейін ғана ақпараттар берілген болып есептелетіндей етіп құрылған, ол мәліметтерді жеткізу кепілдігін қамтамасыз етеді. Берілетін мәліметтер клиент-жіберушіден клиент-алушыға шифрленеді және тек осы клиенттерге ғана түсінікті, яғни берілетін мәліметтердің құпиялылығы «Клиент-Клиент» түрі бойнша қамтамасыз етіледі. Жүйені пайдаланушы атын кейінге сақтап қорғау жүйесіне, жүйеге ену үшін бірегей бағдарламалық құрал кешеніне және электрондық цифрлік қол қою механизмін іске асыру үшін қорғалған ақпаратпен алмасуды ұйымдастыратын қондырылған құралға ие. Бағдарламамен қамтамасыз ету жүйесін құру негізінде әр түрлі компоненттер арасында мәліметтерді өңдеу бойынша қызметті бөлуді қамтамасыз етуші бөлінген модель қабылданған:
«АТҚАЖ» жүйесінде «Тұмар» бағдарламалық кешенін қорғау механизмінің 7.0 түрі пайдаланылады, олардың арасында:
Дәріс №6
6 Рұқсатсыз енуден қорғау жүйелері
Жүйеге ену үшін қажет:
Әр түрлі мақсатпен мәлімет жинауы мүмкін:
Ақпарат алу арнайы журналдардан, газеттерден басқа да басылымдардан мақалаларды оқып жинақтау арқылы іске асады. Электрондық поштаны жолдан алып қалу - есептеу жүйесінде ақпарат алмасу құралы сияқты. Көптеген анықтамалық жүйелер хакерлердің үлкен көлемді мәліметтерді, қолданушылар парольдерін алуына мүмкіндік жасайтын блокпен жабдықталған. Сонымен қатар хакерлер өздері блоктар орнатып, сол арқылы ақпарат алып отырады.
Байланыс арнасынан хабарламаны алып қалу келесі әрекеттерді қамтиды:
Коммуникациялық байланыс каналы желісінің дамуы жеткізілетін ақпаратты ұрлау мақсатында оған қосылуға мүмкіндік береді.
Хакер алдын-ала көлемді ақпарат жинап болғаннан соң жүйеге енуге тырысады. Жүйеге ену құралын таңдау қолда бар ақпараттарға, яғни телефон нөміріне, байланыс жолына қол жеткізуге, жүйе жұмысының хаттамасына, қолданушы кодымен пароліне тәуелді . Ол төмендегілерді пайдалана алады:
Жүйені манипуляциялау. Компьютерлік жүйеге енуге қол жеткізген хакердің төмендегідей мүмкіндігі бар: