Қашықтықтан оқыту барысындағы бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 09:08, реферат

Описание

Қазіргі таңдағы жоғарғы кәсіптік білім беру саласын модернизациялау – кредиттік жүйені енгізумен тікелей байланысты. Болашақ мамандарды кредиттік жүйемен оқыту процесіндегі негізгі міндеттерінің бірі өзіндік жұмыстары болып саналады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты студенттің логикалық ойлауын, шығармашылығын, ізденушілік қабілетін жетілдіру.

Работа состоит из  1 файл

Бағдарламалау тілінен әдістемелік нұсқау.doc

— 110.50 Кб (Скачать документ)


Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті

 

"Жаратылыстану-экономикалық" факультеті

 

"Математика, физика және информатика" кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Бағдарламалау тілін оқыту әдістемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Ералиева Н.

Тобы И-319

 

Жетекшісі: Тилеуов Ғ.

 

 

 

 

 

 

ШЫМКЕНТ 2012ж

Қазіргі таңдағы жоғарғы кәсіптік білім беру саласын модернизациялау – кредиттік жүйені енгізумен тікелей байланысты. Болашақ мамандарды кредиттік жүйемен оқыту процесіндегі негізгі міндеттерінің бірі өзіндік жұмыстары болып саналады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты студенттің логикалық ойлауын, шығармашылығын, ізденушілік қабілетін жетілдіру.

Өзіндік жұмыстың жіктелу түрлері педагогикалық мақсатқа, студенттің білім деңгейіне, өзіндік жұмыстың түрлеріне, студенттің өзіндік жұмысты орындау орнына, сонымен қатар оқытудың мазмұны мен мақстына байланысты. Студенттердің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін оқытушы ұйымдастыру принциптерін студенттің өз іс-әрекетін және білімін дамыту мақсатында ұстануы міндетті.

Кредиттік технологияда студенттің өзіндік жұмысымен және оның оқытушымен өзіндік жұмысымен сағат саны артады.  Оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысы аудиториялық сабақтардың материалдары бойынша студенттерге кеңес беру, үй тапсырмаларын орындау, өзіндік жұмыстың қосымша тақырыптары бойынша өтіледі.

Оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысының формалары мен түрлері курстың мақсаты мен міндетіне, студенттердің дайындық деңгейіне, сағат санына, қиындық деңгейіне қарай өткізілуі тиіс

Зертханалық жұмыстардың мақсаты студенттерге бағдарламалау тілінің негізгі құрылымдарын үйрету, командалар мен операторлардың қызметі  мен пайдалану ережелерімен таныстыру. Студенттердің алгоритмдік ойлау дағдыларын қалыптасытру. Өз бетімен оқып-үйренуге, талдауға, бағдарлама бойынша нәтижені анықтауға үйрету. Есепке алгоритмдер мен бағдарламалар құру, олардың тиімділерін таңдау және нәтижелерге талдау жасау әдістерін меңгерту. 

              Зертханалық жұмыстардың тәртібі жұмыстың  теориялық бөлігімен  танысады. Берілген есептің алгоритмімен танысады. Бағдарлама тексін қарап, оның құрылымына талдау жасайды. Ондағы  командалардың пайдаланылуын негіздейді. Алгоритмнің орындалу тәртібін ауызша түсіндіреді. Қандай да бір мәндермен, бағдарламаның орындалу протоколын толтырып, нәтижелерді компьютерсіз анықтайды. Пайдаланылатын  мәндер бағдарламадағы барлық жағдайларды қамту қажет.  Бағдарламаны компьютерде  орындап, 5-пунктте анықталған нәтижелердің дұрыстығын тексереді. 

 

Алгоритмдерді сипаттау (ұсыну) құралдары мен тілдері.
Паскаль ортасы. Бағдарламаның құрылымы

Паскаль тiлiн жұмысқа қосу. Жұмыс столындағы Паскальға сәйкес жарлық жұмысқа  қосылады. Менюмен жұмыс F10  клавишасы менюдi  жұмысқа  қосады. Меню  жұмысқа  қосылған  соң, ерекше  түске боялады. Команданы жұмысқа қосуды  тездетуге  болады.  Ол  үшiн  меню жолындағы белгiленген әрiпке сәйкес клавиша басылады.  Alt  клавишасы  мен  белгiленген әрiптi  басса, оған  сәйкес  команда  iске қосылады. Менюден шығу  үшiн  Ecs  клавишасы  басылады.

Меню пункттеріне сипаттама

1. File

       Open-кеңейтілуі .pas файлды ашады.

New-жаңа терезе ашады.

Save  (F2)-файлды өз атымен сол орнына сақтайды.

Save as-файлды басқа атпен, басқа каталогқа жазуға болады.

Change dir- ағымдағы (жұмыс істеп отырған) каталогты өзгертуге мүмкіндік береді.

Print-ағымдағы терезедегі ақпаратты принтерге шығарады.

Printer Setup-принтер орнату.

DOS shell- DOS режиміне шығады. ехіt командасымен Паскаль ортасына оралады.

Exit (Alt-X)-Паскальмен жұмысты аяқтайды. Файлды сақтау қажет.

Терезелермен  жұмыс  iстеу. Терезе  дегенiмiз - бiздiң  барлық  iс-әрекетiмiздi  жүзеге  асыратын экранның  бөлiгi.  Оның  размерiн  өзгертуге, орнын  ауыстыруға, ашуға, жабуға болады. Паскаль  ортасында  бiрнеше  терезенi қатар  ашуға, әрбiреуiмен  жеке  жұмыс  жасауға, олардың  арасында  информация   алмастыруға  болады.  Жұмыс  iстеп  отырған  терезе белсендi (активтi) деп  аталады. Белсендi терезе қос рамкалы және онда жабу кнопкасы, масштабтау кнопкасы, терезенi жылжыту кнопкасы, терезенiң өлшемiн өзгерту бұрышы болады.

Меню- WINDOW

Tile-терезелерді ретпен орналастыру.

Cascade-терезелерді каскадпен орналастыру.

Close all-барлық терезелерді жабу.

Size/Move-терезенің өлшемін өзгерту (Shift+стрелкалар).

Zoom-терезені үлкейту немесе кішірейту.

Next - терезелерді ретпен қарау.

Close (Alt + F3)-белсенді терезені жабу.

Previous- терезелерді кері ретпен қарау.

List-барлық ашық терезелер тізімін көрсетеді.

Alt + № - № номерлi терезеге өту.              Alt  клавишасы  мен  керек  терезенiң  номерi  қатар басылады.

Alt + F5 -  Window/ User Screen - Бағдарламаны  орындау  нәтижесi  бар пайдаланушы терезесі  шығады

Тапсырма.

1.Паскальді жұмысқа қос.

2.  Паскаль ортасында 5 терезе ашып, әрбіреуін сәйкесінше tereze1, tereze2, tereze3, tereze4, tereze5 деген атпен сақта.

3. Терезелерді ретпен орналастыр.

4. Терезелерді каскадпен  орналастыр да, мына ақпаратты тер.

1-терезеге:  {фамилияң мен атыңды}  

2-терезеге:   program p_orta;

                    const k=100;

3-терезеге: label  m1,m2;

                      Begin    clrscr;     writeln(‘Salem!’); writeln(‘ Men  Pascalmyn!’);

                      end.

4-терезеге:   uses  crt;

Осы ақпараттарды терген соң, әрбір терезені сақта.

5. Терезелерді ретімен, одан соң кері ретпен қарап, жазылған ақпаратты тексер.

6.  2-терезеге өтіп, мына жазуды қосып, сақта.

                             type kun=1..31;

7. Барлық ашық терезелердің тізімін шығар. 4-терезеге өтіп, мына жазуды қосып, сақта.

                           var k:kun; a:byte;

8. 1 және 2-терезелер экранға қатар сиятындай  етіп, өлшемдерін өзгерт.

2. Меню-EDIT

Undo (Alt+BkSp)- алдыңғы әрекетті жояды.

Redo – Undoдағы әрекетті қайтарады.

Cut (Shift+Del) –белгіленген фрагментті жойып, буферге алады.

Copy (Ctrl+Ins) - белгіленген фрагментті буферге көшіреді.

Paste (Shift+Ins) – буфердегі фрагментті курсордың орнына қояды.

Clear (Ctrl+Del) – фрагментті жояды.

Show Clipboard- буфердегі ақпаратты көрсетеді.

Тапсырма.

9.  1,2,3,4 терезелердегі ақпараттарды ретімен 5-терезеге біріктіріп, мына тексті  құрастыр.

{фамилияң мен атың}  

program p_orta;

const k=100;

label  m1,m2;

begin

clrscr;

writeln(‘Salem!’); writeln(‘ Men  Pascalmyn!’);

end.

uses  crt;

Тексті сол атымен сақта.

3. Меню- SEARCH-текст фрагментін және қате табылған орынды іздейді.

4. Меню-RUN

RUN (Ctrl+F9)– бағдарламаны орындайды.

5. Меню- COMPILE

Compile – белсенді терезедегі файлды компиляциялайды.

Make – негізгі бағдарламаға кіретін модульдер қайтадан компиляцияланадыда, орындалушы файлға біріктіріледі.

Build –алдыңғы пунктке ұқсайды.

Distination memory –орындалушы файл қайда орналасады, дискіде ме, әлде жадыда ма?

Primary file –компиляциялау қай файлдан басталатынын көрсетеді.

6. TOOLS – бағдарламаны жұмысқа қосу

7. OPTIONS –Паскаль ортасына қажетті каталогтардың жолы көрсетіледі.

Бағдарламаны  компиляциялау. Бағдарламаны  компиляциялау  үшiн  Alt+F9  клавишалары  қатар басылады. Егер  текст  дұрыс  болса, ол  жөнiнде  хабарлама  шығады:    Compile Successful: Pres any key

Жұмысты  жалғастыру  үшiн, кез  келген клавишаны  басу  керек.

Бағдарламаны  орындау. Бағдарламаны  орындау  үшiн, Ctrl+F9  клавишасы  басылады, немесе  менюден  /Run/ Run  енгiзiледi.

Тапсырма. 5-терезедегі бағдарламаны орында. Қате туралы хабарлама шықса, төмендегі құрылым бойынша бағдарламаны түзет. Uses бөлімін орнына келтір.

Паскаль тiлiндегi программаның құрылымы

program < идентификатор >; - программаның аты

uses  < идентификатор >; - библиотекалық модульдер тiзiмi

label . . .            белгілерді  сипаттау.                   

const  . . .          тұрақтыларды сипаттау.            

type  . . .           типтердi сипаттау.                       

var . . .              айнымалыларды сипаттау.           

begin

          операторлар                       программа денесi

еnd.

Бағдарламаны орындап, пайдаланушы терезесінен   нәтижені қара.

Орындалушы (кеңейтiлуi .exe)  файл  жасау.   Паскаль тiлiндегi бағдарлама тексiн сақтағанда стандартты .pas деген кеңейтiлу (расширение) берiледi. Бағдарламаны орындалушы файл ретiнде сақтау үшiн, оған .exe кеңейтiлуi берiлу керек. Ол үшiн:

а) жадыға  сақтау үшiн: Меню / Compile / Destination / Memory

б) дискiге сақтау үшiн:  Меню/Соmpile/Destination/Disk           

Memory  немесе  Disk  Enter  арқылы  таңдалады.

Memory  мен  Disk-нiң  бiреуi  таңдап  алынған  соң, Меню /Compile/  Make  енгiзiледi  немесе  Ғ9  басылады. Орындалушы файл  жасалады. Каталогтағы файлдар тiзiмiнде кеңейтiлуi .exe файлы пайда болады.

Тапсырма. Орындалушы (кеңейтiлуi .exe)  файл  жаса. Каталогты ашып, файлдың жасалғандығын тексер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мысал:  экранға  екi  санның үлкенiн  шығару керек. 

Есептi шығару алгоритмiн блок-схемамен көрнекi түрде көрсетуге болады.

 

 

 

 

 

                        

 

 

 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

program esep_1;

var  x, y, z: real;                    х,у-берiлген айнымалылар,  z-нәтиже

begin

      writeln (‘2 сан енгiз’); 

       readln (x, y);                    бос орынмен  2 сан енгiземiз

               if x>y then z:=x       егер x >y болса, онда нәтиже х болады

               еlse z:=у;                әйтпесе нәтиже y болады 

       writeln (z);   readln;

end.

Бағдарламаның  орындалу  барысында  5 және 7 сандарын  енгiземiз.   Айнымалы х-ке  5,   у-ке 7 меншiктеледi  (х:=5,y:=7).  5>7   шарты орындалмайды, нәтижесi жалған, сондықтан else –ден кейiнгi оператор орындалады, ол оператор нәтижеге у-тi меншіктейді. Одан соң z-тің мәнi экранға шығарылады. Экранға 7 жазылады.

Мысал: Енгiзiлген санның [-5;5] аралығында жататындығын  анықтау.

Енгiзетiн санды х деп белгiлеймiз, типi – real.  Егер х саны үшiн х>-5  және х<5 шарттары бiр уақытта орындалатын болса, онда х саны [-5;5] аралығына тиiстi болады

program aralyk;

var   x: integer;

begin

      writeln (‘х санын енгiз’);     readln (x);

       if (x>-5) and (x<5)

            then writeln (‘аралықта жатады’)  

            еlse writeln (‘аралықта жатпайды’); 

       readln;

end.    

Тапсырма: Енгізілген сан терiс болса, оның таңбасын қарама-қарсыға  ауыстыр. Есептi шешу үшiн мына шарттық операторды қолдан.     If  x<0 then x:=-x;

Қабаттасқан шарттық оператор. Кейбiр есептердi шешу кезiнде, бiрнеше варианттарды қарастыруға тура келедi. Бұл жағдайда, бiрнеше шарттық операторлар қолданылады, яғни then, else қызметшi сөздерiнен кейiн, жаңа шарттық оператор жазылады.

Мысал: Бүтiн а, b,с сандары берiлген. Егер аbс болса, барлық сандарды өз квадратымен ауыстыр, егер а>b>с болса, әрбiр санды үшеуiнiң iшiндегi ең үлкенiмен, басқа жағдайда, әрбiр санның таңбасын өзгерт.

Есептiң берiлгенi бойынша:  егер а b с болса, онда a:=a2, b:=b2, c:=c2;

                                                   егер  а> b >с, онда с:=а, b:=а;     

                                                   басқа жағдайда, a:=-а, b:=-b, c:=-с;

program esep_3;

var 

     a , b , c : integer ;

begin

     writeln (‘a, b ,с сандарын енгiз’);      readln (a , b , c );

     if  (a<=b) and (b<=c)  then

                      begin

                           a:=sqr(a); b:=sqr(b); c:=sqr(c);

                     end

                   else 

                         if (a>b) and (b>c)  then 

                                begin  c:=a; b:=a; end

                                else    begin a:=-a; b:=-b; c:=-c; end ;

      writeln (a:5,b:5,c:5);     readln;

            end.

 

 

Есептi шешудiң блок-схемасы төмендегiдей болады.

 

 

 

 

 

 

 

                           

         

                                                                    

 

                                             

                                                    

 

                                           

   

                                                                                                                                     

                                                                        

 

                                 

                      

 

 

 

 

 

 

Тапсырма: Жоғарыдағы мысалдағы шарттық операторды былай  өзгертсек:

              if  (a<=b) and (b<=c) then

             begin

        a:=sqr(a); b:=sqr(b); c:=sqr(c);

        if  (a>b) and (b>c) then

Информация о работе Қашықтықтан оқыту барысындағы бақылау