Ассемблер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 20:59, реферат

Описание

Ассемблер тілі - машиналық тідің аналогы болып саналады. Ассемблер тілінде жазылған программа МП-р құрылысының ерекшеліктерін: жадтың ұйымдастырылуын, операндтарды адрестеу тәсілдерін, регистрлерді қолдану ережелерін анықтап, көрсету қажет. Әр МП-ң өзінің Ассемблері болады.

Содержание

Кіріспе
1.Ассемблер машиналық тілі............................................................................
1.1. Ассемблер тілінің негізгі артықшылықтары...............................................
1.2. Ассемблер басқа жоғарғы деңгейлі тілдерден айырмашылығы..............
2. Ассемблер тілінің синтаксисі,алфавиті.Тұрақтылар....................................
2.1. Директивалар (Псевдокомандалар).........................................................
3. Ассемблер тілінің арифметикалық командалары......................................
Қорытынды .......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................

Работа состоит из  1 файл

ассемблер.docx

— 27.89 Кб (Скачать документ)

• сыртқы құрылғылармен  жабдықталған дербес компьютер;

• процессордың түріне қарай резиденттік немесе жүйелік программалар.

 

Машина тіліне қарағанда  ассамблер тілі едәуір күрделі, программаларды ұтымды жазуға және жөндеуге мүмкіндік береді. Ассамблер тілі машинаға бағдарланған тіл, яғни процессордың әрбір командасына таңбалық ат меншіктейтіндіктен машина тіліне және процессордың құрылысына тәуелді тіл болып табылады. Программа жасауда ассамблер тілі машина тіліне қарағанда программа жасаушылардың еңбек өнімділігін арттыруға сонымен бірге процессордың программалық және аппараттық ресурстарын толық пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл біліктілігі жоғары программалаушыларға жоғары деңгейлі тілдермен жасалған программамен салыс–тырғанда компьютердің жадында аз орын алатын жылдам жұмыс істейтін программалар жасауға мүмкіндік береді. Ассамблер тілінің осындай артықшылықтарына байланысты ендіру-шығару құрылғыларын басқарушы программалар неше түрлі жоғары деңгейлі тілдердің көптігіне қарамай ассамблер тілінде жазылады. Ассамблер тілінің көмегімен программа жасаушы адам мынадай параметрлерді бере алады:

• процессордың машина тілінің  әрбір командасының таңбалық атын;

• ассамблер тілінде жазылған программалық қатардың стандартты пішімін;

• командалардың нұсқаларын және адрестеудің тәсілдерін қалай  көрсету керектігі туралы пішімді;

• таңбалық тұрақтыларды және бүтін сандық тұрақтыларды әртүрлі санақ жүйелерінде көрсету үлгілерін;

• программалауды ассамблерлеу (транслациялау) процесін басқарушы  пседокомандаларды.

 

Ассамблер тілі кез келген компьютерге түсінікті,өйткені басқа  барлық тілдерге қарағанда машина тіліне ең жақын тіл ол ассамблер тілі. Бұл тіл копьютнрмен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Сондықтан да ассамблерді оқу дегеніміз процессордың өзін оқып үйрену деген сөз. Ассемблер тілінде жазылған программа кез келген басқа тілдерде жазылған программаларға қарағанда өте тез орындалады. Мысалы, ассемблер тілінде жазылған программа дәл осы программаға баламалы СИ немесе Паскаль тілдерінде жазылған программалардан екі-үш есе, ал BASIC тілінде жазылған программалардан он бес және онда да көп есе тез орындалады. Ассемблер тіліндегі программалар басқа тілдерде жазылған программаларға қарағанда өлшемі жағынан шағын болады, сондықтан компьютердің жадын үнемдеуге мүмкіндік береді. Ассемблер тіліндегі программалар компьютердің барлық мүмкіндіктерін толық ұтымды пайдалануға сізге жол ашады. Ассемблер тілін әрқайсысы машина командаларының бір тобына баламалы макрокомандалармен толықтыру жүйе қолданылады. Мұндай тіл макроассемблер тілі деп аталады. Макрокомандаларды пайдалану ірі құрылыс блоктарының программалар құруға мүмкіндік береді және ассемблер тілін жоғары деңгейлі тілдерге жақындатады.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Н. Т. Ермеков, В.  А. Криворучко, Л. Н. Кафтункина  – Информатика-9, 2005 ж.

2. С. В. Симонович –  Информатика. Базовый курс., 2001 ж.

3. В. В. Егоров, В. А.  Криворучко, Н. Н. Шпигарь –  Visual Basic для студентов и школьников., 2007 ж.

4. М. Мансұрова – Компьютерлік орта., 2004 ж.


Информация о работе Ассемблер