Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы туралы ақпарат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 16:50, курсовая работа

Описание

Негізгі бағдарламалар бойынша іс-шараларды нәтижелі орындау;
Ақпараттық жүйелерді пайдалануды басқару жөнінде сенімді және сапалы қызметтерді ұсыну;
Дүниежүзілік нарықта бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыру.

Содержание

1. Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы туралы ақпарат....................................................................................................6
2. Бөлімдер және курстар......................................................................8-9
3. Бейнені өңдеу бағдарламаларымен танысу...................................9-11
4. Курсты оқыту жоспары мен тәсілдері.........................................11-13
5. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

отчет оспанова.docx

— 52.21 Кб (Скачать документ)

                Өндірістік практиканы өту кезеңінде  мен өз бойымдағы белсенділік,  жауапкершілік, берілген тапсырманы  мұқият орындау сынды келешекте  талап етілетін маңызды   қасиеттерді  ұштадым. Өзім жинаған және  курстардан алған білімімді өзге  тыңдаушылармен бөлісу, алған материалдарды  нақты және барынша тиімді  жеткізу жолдарымен таныстым.

              Дизайн, жарнама дизайны, дизайн  бөлшектері сынды жаңа саланың  ұғымдарымен таныстым және олар  мені қатты қызықтырды. Компьютердің  көмегімен көптеген жарнама буклеттерін  қайталап жасап көрдім. Бейнені  жасау, өңдеу, оның түрлері  мен ерекшеліктері және айырмашылықтары  туарлы теориялық көптеген мағлұматтар  алдым. 

                Бағдарламалардың негіздерімен  таныса отырып, олардың шексіз  мүмкіндіктеріне баса назар аудардым. Бұл бағдарламалардың тиімділігі  негіздерін үйрене отырып, өздігіңнен  алып кетуге мүмкіндіктер бар.  Суретті өңдеуді жақсы меңгеру  үшін бос уақытытыңда тәжірибе  жасап, жаттығу керек. 

              Бейнені өңдеуде кәсіпқой тұрғыдан  қатынас жасау керектігін ұғындым,  басты назарда бейненің сапасының  жоғалмауы, керісінше артуы, симметриялықты сақтау, бояулардың комбинациясы сынды сапалық критерийлерді алға ұстауымыз керек.

               Қазіргі таңда дизайн саласы  барынша тез және қарқынды  дамып келе жатыр. Маркетинг  саласы Қазақстанда қарқынды  дамуда және оның мамандары  үлкен сұранысқа ие. Курстар осы  салаға қажетті компьютерлік  білімді толық бермейді, алайда  осы білімммен алдағы уақытта  дамуға жағдай бар. Autocad бағдарламасын  универститет қабырғасында оқығағандықтан  мен бейнелерді өңдеу курстарын  қарастырдым. 

               Сонымен қатар, практика барысында  мекеме құрылымы мен атқаратын  функцияларымен жете таныстым. Экономикалық  есептеулердің жүргізілуі, курс  бағаларының бірнеше себептерді  қамти отырып орындалатындыға  мән бердім.

              Өзге курстың тыңдаушыларымен  жақсы қарым-қатынаста болып,  олармен де теориялық және  практикалық білім алмастым. Оқытушылардың  берген тапсырмаларын әрдайым  толық орындап отырғандықтан,  матрериалдарды және бағдарламаны  тез игеріп отырдым. 

             Сонымен бірге, осы курстарды  оқытудың әдістемелік методологияларымен  таныстым. Оқытылатын материалдардың  тізбегін құрып көрдім

             Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығында ғаламторға тегін және үзіліссіз шыға алатындай жағдай жасалған. Бір аптадай интернет маркетинг дәрісін тыңдадым.

           Интернет желісі жайлы барлығымыз  айтарлықтай жақсы білеміз. Қазіргі кезде барлық мекемелер өз өнімдерін жарнамалау  үшін және мекемені нарықта дамыту үшін  желіні пайдаланады. Интернет желісі бизнес әлеміне маркетинг үшін зор мүмкіндікті береді. Сонымен бірге маркетинг мүмкіндіктері кәсіпкер қиялына байланысты болады: қарапайым жарнама мен электронды поштаны қолданудан толық функционалды электронды дүкен құруға дейін барады.  
 
                       Осы курс кез келген компьютерлік бағдарламаларды одан әрі үйренуге негіз болып табылады. Сондай-ақ курс бағдарлама көлемінде білімі бар, бірақ оларды жүйелендіргісі келетіндерге пайдалы, сондай-ақ жұмыстардың жаңа тәсілдері мен әдістері есебінен өзінің тиімділігін арттырады. Тыңдаушыны Интернетке өздігінен қосылуға, электронды пошта бойынша достарымен хат жазысуға үйретеді. 
            Орталықтың  миссиясызаманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттық технологияларды жете пайдалана алатын қолданушыларды қалыптастыру және дамыту. Сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру және басқарушылық пен өндірістік үрдістерді оңтайландыру мақсатында экономиканың барлық салаларында ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға жәрдемдесу болып табылады. Сондықтан да жаңа технологияның дамуы, әсіресе ақпараттық технологияның дамуы еліміз үшін аса қажет.

     Өтілген сабақтардың практика жүзіндегі  көрінісі арқылы көп жетістікке жетіп, жетекшілерге адал қызмет атқарып,тіпті  қызметкерлердің алғысына бөлендім. Алдағы уақытта «НГЖ» компьютерлік курстар орталығында алған тәжірибемді дамытып,еліміздің бұдан да зор жетістігіне үлес қосқым келеді.

     Кәсіпорынмен  және өз жұмыс орныммен таныстым. Нгж  компьютерлік курстар жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесімен  таныстым. Мекме жұмысшылары, тарихы мен қауіпсіздік ережелерімен танысып, қол қойдым.

     Компьютерлерге  бейнені өңдеу бағдарламаларының  жаңа версияларын орнаттым. Дизайн, бейнелердің түрлері, оларды өңдейтін бағдарламалардың әртүрлігігі, айырмашылықтары  туралы лекция тыңдадым.

     Бағдарламасында алғаш рет жұмыс жасап, байқадым және  интерфейспен, құрал жабдықтармен таныстым. Бірнеше бейнені өңдеу мысалдарын жүзеге асырдық. Мысалы: ескі бейнелерді жаңарту, сапасын жақсарту, коллаждар құру және т.б. Бейнелердің көлемі, жадылардың ғаламторда деформацияға ұшырауы, өнімділікке әсер етуі туралы мағлұматтармен танысып, тәжірибеде байқадым.

     Интернетпен жұмыс жасау курсының оқушыларымен бірге интернет маркетинг ұғымымен толығырақ таныстым.  Курс оқытушысының көмегімен әлемдік интернет аукционында тауарға ұсыныс бердім. Электронды ақшалардың пайда болуы, оларды пайдалану жолдарын қарастырдым.

     Курс  оқытушысының көмекшісі ретінде  бейнені өңдеу туралы жаңадан  құрылған топ оқушыларына дәріс  оқыдым. Оқытушы көмегімен топқа  бағдарламаны  үйрете бастадым.

     Бірнеше алғашқы жаттығулар мен тапсырмаларды  орындауға көмектестім. Мекеменің  басты құжаттарымен, экономикалық бөлімімен, таныстым. Алған білілімім мен  біліктілігімді үйде де қайталап отырдым.

     Орталықтың  ақпараттық технологиялар бөлімінде кәсіби маманмен бірге оның барлық жұмыстарын қадағалап, өзіме мол практикалық тәжірибе жинадым.

     Практика  өту барысында, мен:

  • компьютердің құрылғыларды;
  • операциялық жүйелерді;
  • компьютерді вирустардан қорғауды;
  • қажетті бағдарламаларды орнатуды;
  • ғаламторда тауарлық қатынас жасауды;
  • баспа құрылғыларының картридждерін толтыруды;
  • Бейнені өңдеу бағдарламаларымен жұмыс жасауды;
  • Ақпараттық жүйелерді проектілеуді;
  • жүйелік, инструменталды және қолданбалы программалық қамтамасыздандыруды баптауға және күтуге;
  • есептеу техникасы және компьютерлік жүйелердегі ақпараттарды өңдеуге және басқаруға қатысуды ;
  • компьютерлік графика жүйесінің техникалық және программалық құрылымын анықтауды;
  • компьютерлік графиканың мүмкіндіктерін пайдалануды;
  • Бағдарламаларды оқушыларға толық жеткізуді;
  • жүйені қайта қалпына келтіруді және т.б. үйрендім.

Информация о работе Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы туралы ақпарат