Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 12:33, лекция
Қазақстан Республикасында «Электрондық үкіметті» қалыптастыру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша қолға алынды. Е-үкіметті енгізу Бағдарламасы 2004 жылғы 10-шы қарашада Президенттің Жарлығымен бекітілді. Аталған тапсырманы жүзеге асыру аясында ведомствоаралық құжат айналымы электрондық нұсқаға көшіріліп, жеке және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік деректер қоры мен тасымалдау ортасы құрылды. 2006 жылғы сәуірде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. порталы іске қосылды.
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі.
Қазақстан Республикасында «Электрондық үкіметті» қалыптастыру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша қолға алынды. Е-үкіметті енгізу Бағдарламасы 2004 жылғы 10-шы қарашада Президенттің Жарлығымен бекітілді. Аталған тапсырманы жүзеге асыру аясында ведомствоаралық құжат айналымы электрондық нұсқаға көшіріліп, жеке және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік деректер қоры мен тасымалдау ортасы құрылды. 2006 жылғы сәуірде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. порталы іске қосылды.
2006 жылдан бастап Қазақстан электрондық үкіметті дамытудың үш кезеңін өткерді (ақпараттық, интерактивтік, транзакциялық) және қазіргі күні дамудың төртінші кезеңінде.
Бірінші кезең – ақпараттық.
Бұл кезеңде порталды ақпараттық контентпен
толтыру жұмыстары жүргізіліп, портал
іске қосылды.
Екінші кезең – интерактивтік. Бұл кезеңде
мемлекеттік қызметтерді интерактивті
режимде ұсыну мүмкіндіктері іске қосылды.
Азаматтар қажет анықтамаларды мемлекеттік
органдарға бармай-ақ, ұзын-сонар кезекте
тұрмай-ақ, санаулы минут ішінде электрондық
нұсқада алу мүмкіндігіне ие болды.
Үшінші кезең – транзакциялық. Аталған кезеңде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі іске қосылып, азаматтар салық түрлері мен мемлекеттік баж салығын, айыппұлдар мен бюджетке төленетін өзге де алымдарды онлайн тәртібінде төлеу мүмкіндігіне ие болды.
Төртінші кезең – «ақпараттық қоғам құру» кезеңі. Қазақстан Республикасының порталы дәл қазіргі уақытта осы кезеңді басынан өткеруде. Аталған кезеңнің мақсаты - мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынастың тиімді әрі жедел түрде жүруі үшін дамыған ақпараттық коммуникациялық ортаны қалыптастыру.
Бүгінгі күні «электрондық үкімет» инфрақұрылымы аясында жеке және заңды тұлғаларға 2000-нан астам ақпараттық, 236 интерактивтік және транзакциялық қызметтер, олардың 108-і «электрондық лицензиялау», 128-і «электрондық үкімет» порталдары арқылы ұсынылуда.
Егер «egov.kz» электрондық үкімет порталының қызметтеріне жеке тоқталып өтсек, бүгінгі күні аталған ресурста 67 қызмет, 16 сервис, мемлекеттік алымдардың 21 түрі, мемлекеттік баж салығының 16 түрі, салық төлемінің 4 түрі және Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлды өтеу қызметі ұсынылған.
Статистикаға сәйкес «egov.kz» порталы арқылы берілген е-анықтаманың саны күн сайын өсу үстінде. Тұрғындардың мемлекеттік алымдар мен мемлекеттік баж салығын және салық түрлеріне төлемді онлайн тәртібінде жүргізуге деген сенімдері де арта түсті. Көптеген көлік жүргізушілері ЖҚЕ бұзғаны үшін салынған айыппұл төлемдерін бүгінде портал арқылы төлеуді ыңғайлы деп есептесе, Астана Алматы, Қызылорда қалаларының тұрғындары коммуналдық қызмет ақыларын пилоттық режимде портал арқылы төлеуде.
«Электрондық үкімет» жобасы аясында түрлі лицензиялар мен рұқсаттарды алу үдерісі оңтайландырылған «elicense.kz» электрондық лицензиялау порталынан өзге, «goszakup.kz» электрондық мемлекеттік сатып алулар порталы да жұмыс істейді. Сонымен бірге, нотариалдық әрекеттер туралы уақытылы және нақты есептілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін, әділет органдарының қызметкерлері үшін нотариустардың қызметін үйлестіру және мониторинг үрдісін жеңілдететін «enotariat.kz» «Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе» құрылды.
Порталда ұсынылған қызметтердің ішінде тұрғындар арасында ең көп сұранысқа ие қызметтер: жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама; жылжымайтын мүліктің бар не жоқ болуы туралы анықтама; мекенжай анықтамасы; салымшы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы мәлімет; заңды тұлғада жылжымайтын мүліктің бар не жоқ болуы туралы анықтама.
Болашақта мынадай қызмет түрлерін портал арқылы ұсыну жоспарлануда: атын, тегін, әкесінің атын өзгерткенін тіркеу; мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау; жеке кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі; жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау; азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және басқа да қызметтер.
Азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру шаралары өз жалғасын табатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік - маңызды қызметтердің 60 %-ы 2012 жылдың соңына дейін, ал 2014 жылға дейін 100 % электрондық нұсқаға көшірілуі тиіс.
Сонымен бірге «электрондық үкімет» порталының архитектурасы мен шлюзін тұрақтандыру, модернизациялау, ықпалдастырылған сервистерді іске қосу, Android және iOS үшін «Мобильді үкімет» қосымшасын әзірлеу жұмыстары жоспарда бар.
2012 жылы Қазақстандағы «электрондық үкіметтің» дамуын әлемдік қауымдастық өте жоғары бағалады.
БҰҰ аталған ұйымға мүше 190 мемлекеттегі электрондық үкіметтің дамуына салыстырмалы түрде бағалау әдісімен зерттеу жүргізген болатын. Бұл бағалау әдісі 2003 жылдан бері екі негізгі индекс бойынша жүргізіліп келеді: е-үкіметтің дамуы және е-қатысу.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ағымдағы жылы жариялаған электрондық үкіметті дамыту рейтингісіне сәйкес Қазақстан е-үкіметті дамыту индексі бойынша (2010 жылмен салыстырғанда) 8 деңгейге жоғарлап, 46-шы орыннан 38-ші орынға көтерілсе, е-қатысу индексі бойынша 2-ші орынды иеленді.
Ақпараттық қоғам қалыптастыру
Облыстық әкімікте ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі қызметкерлерінің «Электрондық үкімет» тақырыбында БАҚ журналистеріне арнап семинар ұйымдастырды. Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халық арасындағы алтын көпір іспеттес болғандықтан, бұл семинардың мақсаты - «электронды үкімет» тақырыбында қалам тербейтін журналистердің біліктілігін арттыру болып табылды.
Сонымен бірге ұйымдастырушылар
барлық мемлекеттік органдарға интернеттің,
электронды терминалдардың немесе тіпті
ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға
қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас
жүйенің жұмысындағы соны жаңалықтармен
бөлісті. Мұндағы мақсат – «электронды
үкімет» жобасына қатысты материалдарды
баспасөз беттерінде сауатты орналастырудың
деңгейін көтеру.
2004 жылғы 10-қарашада электронды үкіметті
ендіру туралы «Қазақстан Республикасында
электрондық үкіметті қалыптастырудың
2005-2007 жылдарға ар-
налған мемлекеттік бағдарламасы» Президент
Жарлығымен бекітілді.
Бағдарлама 2005 жылы іске қосылып, 2 жыл ішінде е-үкіметтің инфрақұрылымы қалыптастырылып, веб- портал және шлюз, ведомствоаралық электрондық құжат айналымы, куәландырушы орталықтары, бірыңғай көлік ортасы сынды базалық құрамдас бөліктері құрылды. Веб-портал арқылы мемлекеттік органдардың 20 интерак-тивтік қызметтері іске асырылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының басты міндеті – Үкімет қабылдаған заңнамалар мен тың жобаларды халыққа насихат ету. Осындай жобалардың бірі – Қазақстан Республикасының «электронды үкіметі». Бұл жоба соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Соңғы деректерге сүйенсек, өткен жылдармен салыстырғанда «электронды үкімет» интернет ресурсымен 2010 жылы 3 млн. 841 мың теңге салық және айыппұл төленсе, 2011 жылы бұл көрсеткіш 7 млн. теңгеге жеткен.
Электрондық үкіметті қалыптастырудың бірінші кезеңінде – ақпараттарды жариялау және тарату көзделсе, екінші кезеңінде – мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына тікелей және қайтармалы жолды интерактивті қызмет ұсынылды, үшінші кезеңде – қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру жолымен транзакциялық қызмет көрсету, ал төртінші кезеңде – ақпараттық қоғамды толық қалыптастыру.
– Бұдан былай кәсіпкер кеңсесінен
шықпай тендерлерге қатыса алады. 2010 жылдың
1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік
сатып алулар www.goszakup.gov.kz. ме
«Электронды үкіметтің» ұтымды жақтары бұл қарапайым халықтың уақытын онымен қоса қаражатын үнемдеу болып табылды. Мысалға, Халықты әлеуметтік қамсыздандыру орталығында құжат немесе рұқсат қағаз алу үшін бұрын азаматтың міндетті түрде қатысуы тиіс болған. Ал бұл тың жоба арқылы кез келген жеке немесе заңды тұлға интернет-сервері немес инфо-дүңгіршектер арқылы тек құжат қана емес, тұрғын үй төлемдерін өтеп, салық немесе айыппұлды төлеуге толықтай мүмкіндік алды. Өткен жылдары аталмыш жобаны қолдаушылардың басым бөлігі жастар мен ересектер болса, қазіргі таңда «электронды үкімет» қызметтерімен орта және зейнет жасындағы егде адамдар да пайдалануда.
Информация о работе Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі