Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 10:18, реферат

Описание

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

Работа состоит из  1 файл

Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы.docx

— 239.08 Кб (Скачать документ)
 

Өзіңіз көз  алдыңызға елестетіп көріңізші, алыстан (бірнеше метр жерден) көз ұшында түймедей болып бұлдыраған асыққа сақаңды дәл тигізу нағыз мергендіктің белгісі емес пе?! Сондықтан болар, ерте заманда қазақтан небір құралайды көзге атқан мергендер шыққан. Садақ тарту болсын, найза лақтыру болсын, қазақ жауынгерлері ешкімге дес бермеген.

 

Өкінішке қарай, қазір асық ойыны ұмытыла бастады. Көптеген түрлері ұмытылып, мүлде ойналмайды. Ережелері де сол күйі сақталмаған. Себебі қазір ауылда болмаса, қалада балалар асық ойнамайды. Асық ойнаудың өзіндік техникалары да сақталып келе жатқан жоқ. Қала балалары асықты иіріп, шиіріп атуды білмейді. Тас лақтырғандай атып жібереді. Ал бір аяғыңды жерге тіреп, иіліп, созылып тұрып, екінші аяғыңмен ауаны сілкіп қалып асық ату да сақаңның қандай қарқынды және пәрменді болатындығын қала балаларына түсіндіріп жатқан жан бар ма? Асық атудың осы бір техникасы боулинг шарын дұрыс лақтыру тәсіліне ұқсастау. Осылай талдай берсек, асық ойынының, асық атудың көптеген спорт түрлерінің өзіндік техникасына сәйкес келетіндігін байқауға болады. Бұл асық ойынының сан қилылығы мен алуандығын, көптеген қимыл-әрекеттерді қамтитындығын білдіреді. Өкінішке қарай, біз осындай ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлмей, ұмыт қалдырып барамыз.

 

Асықты жақсы білесіз бе, жоқ па? Тексеріп көрейік. Оңқай асық – малдың оң жақ аяғының асығы ма, жоқ әлде сол жақ аяғының асығы ма?

Мәдениетіміздің мерейін асырған «Мәдени Азиада»

8 Ақп. 2011 Дүние дүбір. 645 рет оқылды

(7 рет бағаланды, орташа бағасы: 4.43 / 5) 

Азиада ойындары мықты спорт додасымен ғана есте қалмайтыны анық. Спорт жарыстарымен қатар елімізді танытып, Қазақ елін әлемге тағы бір паш еттік. Шетелден келген спортшылар мен қонақтарға қазақ тарихын тәнті етіп, ұлттық құндылықтарын жарқырата көрсету де Азиада аясында қолға алынған маңызды міндеттердің бірі болды. Міне, осыны ретте қазақ елі Азия Ойындарын ұйымдастырушы-мемлекеттер қатарында бірінші болып “Мәдени Азиада” жобасын жүзеге асырды.

«ҚАЗАҚ АУЫЛЫ» 
Елімізді спорттық тұрғыдан ғана емес, мәдени дамуы, тарихы жағынан да таныта түскен Азия ойындарының “Мәдени Азиада” бағдарламасы аясында Алматы қаласында бірнеше шаралар өтті. Алматыда Азиада ойындары өтіп жатқанда ҚР Ғылым академиясының алдында “Қазақ ауылы” бой көтерді. Онда әртүрлі тақырыптағы қазақ үйлері мен арнайы жасалған декорациялар қазақ халқының өмірі мен тұрмыс-салтынан сыр тартты. Азиада қонақтары мен қатысушылар мұнда ат ойындарын тамашалап, қазақтың ұлттық тамақтарынан дәм тату құрметіне ие болды. Азиада қонақтары үшін ұйымдастырылатын маңызды іс-шаралардың бірі болған халқымыздың салт-дәстүрінен сыр шерткен “Қазақ ауылы” фестивалі барысында ұлттық музыка мен театрландырылған қойылымдардың концерті қатар жүрді. Тәуелсіздік сарайындағы сахналық алаңқайда театрландырылған қойылым, айтыс, қыз ұзату, неке қияр, бесікке салу, тұсаукесер, тойбастар, шашу, бата беру секілді жөн-жорал-ғылар көрсетілді. Концерттік бағдарламаларда күй ойналып, халық әндері шырқалады. Киіз басу, жүн сабау, келі түю, ұршық иіру, қымыз сапыру, көрік басу сынды экспозициялар қойылды. Алтыбақандар орнатылып, ұлттық спорт жарыстары көрермен көзайымына айналды. 
Сонымен қатар аталмыш этноауыл “Қар барысы” саябағында да қонақтарды қарсы алды. Ауыл мұз бен қардан тұрғызылды. Саябақта “Ұлы Жібек Жолы”, “Азия елдерінің мәдениеті”, “Азия ас үйі” атты фестивальдер өткізілді. Осы “Қазақы ауылда” көптеген концерттік шаралар көрерменге жол тартты. Сонымен қоса, ол жерде қонақтар шанамен сыр-ғанап, атшанамен серуендеуге мүмкіндік алды. 
Алматылықтар шетелдік қонақтар үшін қазақстандық эстрада, халық, классика, джаз, заманауи танымал музыка жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаларды кеңінен ұйымдастырды. Сонымен қатар “Мәдени Азиада” бағдарламасы аясында қаланың ең үздік кинотетрларында “Киноазиада” да болып өтті. Бұл күндері кинотеатрларда қазақстандық кинокартиналармен қатар, спорттық тақырыпқа арналған толықметражды көркем және деректі фильмдер көрсетілді.

«КӨШПЕНДІЛЕР ӘЛЕМІ» 
«Мәдени Азиада” бағдарламасы аясында елордада да бiр мезгiлде түрлi мәдени шаралар қонақтар мен қала тұрғындарына өз қақпасын ашты. “Мәдени Азиада” бағдарламасының ең басты ерекшелігі ұлттық құндылықтарымыздыды ұлықтаған – “Көшпендiлер әлемi” атты этно-мәдени ландшафтық-шоуы болды. “Көрме” кешенiнде шаңырақ көтерген көрнекі шоуды тамашалаған көрермендерде есеп болмады. 
«Көрме” кешеніне кірген бетте қонақтарды қазақы оюға көмкерiлген киiз үй қарсы алды. Киіз үй келген қонақтар мен тұрғындарға қазақтың ұлттық тамақтарынан дәм татуға арналған. Киіз үй ішіндегі дастарханда бауырсақтан бас-тап, құрт, iрiмшiк, талқан, жанымызға не керектің бәрі табылды. Ешбір халықта кездеспейтін қазақтың ұлттық сусындары да тегеш-тегеш болып киіз үйден орын алған. 
«Көрме» кешені тұтас бір қайнап жатқан қазақы ауыл, қазақы тірлік. Зәулiм залдың iшi түгелдей қазақтың оюлы сырмақ, түс киiзiмен безендiрiлген. Кезінде І Петрдің өзі таңғала сипаттаған ақшаңқай киіз үйлердің әрқайсысы қазақы болмысымызды танытатын ұлттық құндылықтарға толы болды. Киіз үйлердің бірінде ұлттық аспаптар қо-йылса, енді бірінде саятшылық заттарына толы… Халқымыздың ұлттық аспаптары қойылған киіз үй ішінде домбыраның үлкендi-кiшiлi түрлері, жетiген, сырнай, шертер, шаң-қобыз сынды музыкалық аспаптың түр-түрi келушілерін таңғалтпай қоймады. 
Қазақтың үш мың жылдан бергi тарихын суреттеген этно-мәдени шоу барысында қолданбалы өнерден бөлек, мұнда келгендер түркi халықтарының музыкасын да тыңдай алды. Дәстүрлi әннiң Арқа, Жетiсу, Батыс, Сыр бойы мектептерiнен бөлек, түркi халықтарына ортақ әуендер шырқалды. Қырғызстан, Якутия, Тува, Монғолия, Татарстан секілді жерлерiнен өнерпаздар арнайы келгенін де айтып өту керек. 
Көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген шабандоздардың “Ат жалында” қойылымы болды. Аренаны айнала жүгiрген аттың үстiнде түрлi трюк жасаған жiгiттердiң өнерiне тамсанбаған адам болмады. Сәйгүлiк құлағында ойнаған, циркте шабандоз, жонглер болып жұмыс iстейтiн 16 жiгiт Алматыдан Астанаға арнайы келген. Олар нағыз қазақ жігіттерінің қандай болатынын, ат – адамның қанаты екендігін бәріне дәлелдеп берді. 
«Көшпенділер әлемі” – тұтас бір ортағасырлық әлем. Бұл жерден көпшілік қауым қазақы киім киген сатушы-көпес, алтыбақан қасынан шолпы, шашбауын сыңғырлат-қан қыздар мен екi иығына екi кiсi мiнердей жiгiттерді, темір-ден түйін түйген зергерлерді, қылқаламынан майын тамыза сурет салған суретшілер мен қыш-құмыра жасаушы мүсіншілерді, қыран құстарын баптаған бүркiтшiлерді де таба алды…

«ҚАЗАҚТЫҢ МЫҢ КҮЙІ» 
Азияның аламан бәйгесiне орай әзiрленген “Қазақтың мың күйi” жобасы шетелдiк қонақтар мен барша қазақстандықтар үшiн айтарлықтай танымдық-концерттiк шаралар легiн ұсынды. Он күн бойы бас қаламыздың қонақтары мен астаналықтарды күй күмбiрiне бөлеген бұл жобада Астана қаласындағы белгiлi өнер ұжымдарының барлығы дерлік өнер көрсетті. 
Мәдени мұрамызды ұлықтаған “Мәдени Азиада” бағдарламасы аясында шетелден келген қонақтарға күй өнерін көрсетуге аса мән берілгені көңіл қуантты. Өйткенi, күй бұл қазақтан басқада жоқ, керемет өнері емес пе?! Қасиеттi домбырамыздың күмбiрiмен сайын даламыздың көңiл-күйiн бiлдiретiн күй дегенiңiз шынымен де ғажап дүние. Бай қазына, мол мұрамыздың сыны бұзылмай, ұлттық бояу мен дәстүрлi нақышын, төлтума тазалығын сақтап, ғасыр қойнауынан сүзбектелiп бабаларымыздан осы заманға жеткен қасиеттi күй өнерi ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келедi. Сонау көне ғасырдан бастау алатын Қорқыт, Кетбұға, Асан қайғы, Қазтуған, Тәттiмбет, Құрманғазы, Тоқа, Ықылас, Қазанғап, Дәулеткерей, Шортанбай, Дина, Сүгiр сынды күй дүлдүлдерi халқымыздың қасиеттi дәстүрiнiң туын жықпай, биiкте желбiретiп, оның да-муына тамыздық болуымен қоса, қазақ топырағында тұңғыш рет өтіп отырған дүбірлі додада он күн бойы көгімізде қалықтап тұрды.

«АЗИАДА АРУЫ» 
Жоғарыда атап өткеніміздей, Азиада тек спорттық шара ғана емес, сонымен қатар қызықты оқиғаларға толы мәдени шара ретінде де ел есінде қалды. Сондай қызықты мәдени шаралардың бірі – “Азиада Аруы” сұлулық байқауы. Азиада ойындарының тарихында тұңғыш рет “Азиада Аруы” анықталды. Бұл сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен 20-дан астам спортшы модель қыздар қа-тысты. Арасында ауыр атлетика, каратэ, кіші және үлкен теннис сынды спорт түрлерімен айналысатын нәзік жандылар да бар. Ару қыздар жүріс-тұрыс ерекшелігі, спорттық танымдылығына қарай сыналды. 
Байқау нәтижесі бойынша, Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген “Азиада аруы” байқауының жеңімпазы болып Кұрманғазы атындағы Ұлттық университетінің 5-курс студенті Күміс Базарбаева танылды. 
Болашақ опера әншісі “Азиада тәжі” мен бас демеуші “Chopard” фирмасының бриллиант тастары бар алтын сағаттың иесі болып танылды.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕГІ»
 
Бас ордамыздағы Бей-бітшілік және келісім сарайында өткен “Voice of Astana” – “Қазақстанның кемел келешегі” классикалық музыка концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Жоба аясында Азия құрлығындағы жетекші музыкалық ұжымдар, классикалық музыка, опера және қазіргі заманғы эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Таиланд, Үндістан, Қытай және т.б. елден келген жұлдыздардың өнерін көрермен қауым жоғары бағалады. Қазақстан атынан сахнаға шыққан Нұржамал Үсенбаева, Аида Аюпова, Батырхан Шүкеновтердің өнеріне көрермендер үздіксіз шапалақ ұрып, ерекше ықылас танытты.

«АЗИЯНЫҢ САЗ МАРЖАНЫ» 
«Мәдени Азиада” бағдарламасы аясында ұйымдасты-рылған бұл жобаны “Аспаннан жұлдыз жауға күн” деп атауға болады. “Қазақстан” орталық концерт залында өткен бұл эстрадалық шоу Орта Азияның айтулы өнер иелерінің басын қосуымен ерекше болды. Ақ Азиада ойындарының басты белгісі аңнан зият ақ барыс сахнаға ерекше құрметпен алып шыққан өнер иелері, цирек өнерпаздары, отандық және шет елдік би ұжымдары сахнаны думан-тойға айналдырып жіберді. 
Сол күні астана аспанында қалықтаан әндер мен билер Қазақстанның достық елі екендігін әлемге танытып жатты.

 

 

      

  

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиіс. Алтыбақанды құрастырып болғаннан кейін, оның екі басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі бір деңгейде, үшіншісі олардан 40-50 см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама-қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы болған. Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы мол. Ол – ауылдық жерде әлі де қызықты ойындардың бірі. 

Ақсүйек

Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.

Қыз қуу

Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр, жүйрік аттарға мініп шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ, ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – алаңның бір маңдайында қатынасушылар орағытып өту үшін қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қағылады.

Жарыс жекелей  де өтеді. Егер екі топқа бөлінсе, онда қыздар мен жігіттердің саны тең болуы қажет.

Төрешінің бірінші белгісі бойынша қыз жігіттен 10 метрдей алда тұрып, шабысқа дайындалады. Келесі белгіде олардың екеуі де аттарының басын жіберіп, шаба жөнеледі. Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, жең ұшына ілінген орамалды ілгері алып қашуы керек. Егер жігіт сол бетімен – қарақшыдан сөреге дейін қуғыншыға жеткізбесе, онда – жеңгені. Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептелінеді.  
Жарысқа қатынасушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа шығуға, қарақшыға жетпей сөреге оралуға рұқсат етілмейді.  
 
Күміс ілу

«Күміс ілу» - ептілікті, атқа жақсы отыруды керек ететін ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын «жүзік ілу» деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпеспен, әлгі орамалды іліп алып кетуі керек. Сонда ол беташар айтуға ерік алады.  
 
Жасырынбақ

Ойын, әдетте, жазды  күндері ай жарығында, шөптесін алаңдарда, ал күндіз қора-қопсысы мол жерде, яғни жасыратын жері бар алаңдарда ойналады.

Ойнаушылар көмбеге  жиналғаннан кейін, саусақ санау  әдісімен кезекшіні, яғни жасырынатын  ойыншыларды іздеп тауып көмбеге  әкелушіні тағайындайды. Осыдан кейін  ойын басқарушы кезекшінің көзін басып тұрып дауыстап елу рет санайды да, қоя береді. Осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгерулері керек. Кезекші жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Жасырынған ойыншыларды ол іздей жүріп көмбе маңынан алыстамауы керек. Себебі, кезекші бірінші жасырынған ойыншыны көрген бетте көмбеге ойыншыдан бұрын келіп хабарлайтын болады. Егер кезекшінің көзіне бірінші түскен ойыншы көмбеге кезекшіден бұрын келсе, онда кезекші өзінің қызметін екінші рет қайталайды. Бұл жерде кезекші ұтылмас үшін, бірінші көрген ойыншының атын атап, мәселен, Бекбай деп дауыстап көмбеге қарай жүгіруі керек. Содан кейін асықпай басқаларын іздей бастайды. Тағы бір ескеретін жай: кезекші ойыншыны көрмейінше, атын атап дауыстамайынша, ойыншылардың өз бетінше көмбеге кетулеріне болмайды.  
 
Сиқырлы таяқ

Ойнаушылар қол  ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап  тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді.  
 
Сақина жасыру

Информация о работе Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы