Қазіргі заманғы интернет технологиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:56, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Интернеттің білім беру, ғылым т.б. жүйелеріндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Содержание

1. Кіріспе ...........................................................................................................3
2. Қазіргі заманғы интернет технологиялар...................................................5
2.1 Web-дизайнға кіріспе..................................................................................9
2.2 Web-дизайн деген ұғым анықтамасы......................................................10
2.3 Web-сайт құрылымы.................................................................................11
2.4 Web-дизайнның негізгі ережелері...........................................................14
2.5 Web-бет элементтері.................................................................................16
2.6 Web-дизайн технологиялары....................................................................18
3. Қорытынды .................................................................................................20
Қолданылған әдебиеттер................................................................................22

Работа состоит из  1 файл

веб технология.doc

— 174.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан  Назарбаев сенбі күні қол қойып  бекіткен жаңа заңға сәйкес, бұдан  былай дәстүрлі қағаз басылымдармен  және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар Интернет-ресурстардың иелері де қылмыстық және азаматтық жауапқа тартылады.

Аталған заңға қол  қойғанын хабарлаған президенттің баспасөз-қызметінің сипаттауынша, «Қазақстан Республикасының  ақпараттық-коммуникациялық желілері туралы кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заң» - республика аумағында ақпараттық-коммуникациялық желілері арқылы таратылатын хабарға байланысты қарым-қатынасты мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған».

Алайда Қазақстандағы  бірқатар журналистік ұйым, үкіметтік емес ұйымдар мен адамның құқын қорғайтын қазақстандық және халықаралық ұйымдар, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) сынды беделді халықаралық құрылымдар бірнеше рет Қазақстан президентін заңға қол қоймай вето қоюға шақырды.

Атап айтқанда, Азаттық  радиосы осыған дейін хабарлағандай, ЕҚЫҰ-ның баспасөз бостандығы бойынша  өкілі Миклош Харастидің Қазақстан  президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 25 маусымда жолдаған хатында Интернетке мемлекеттік бақылау орнату туралы заң Қазақстанның осы ұйым алдындағы міндеттемелеріне және халықаралық стандарттарға қарама-қайшы келетінін ескертілді.

Оның ішінде Миклош Харасти  президент Нұрсұлтан Назарбаевтың назарын мынадай маңызды сәттерге аударды:

- Интернет форумдарды, блогтар мен чаттарды және тағы басқа интернет-ресурстарды дәстүрлі ақпарат құралдарына теңеу Интернетке деген құқықты негізсіз шектейді;

- Кез-келген бұқаралық  ақпарат құралының өндірісін  немесе таралуын тоқтатуға деген  негіздердің тізімін кеңейтеді;

- Қазақстан азаматтарының  шетелдік ақпарат құралдарына  немесе кез-келген шетелдік Интернет-ресурсқа  шығу құқын күрт шектейді.

Оған қоса жаңа заңда  Қазақстан аумағына арналған шетелдік баспасөз құралының өкімдеріне сот  арқылы тыйым салу мүмкіндігі де қарастырылған. Егер шетелдік БАҚ-тың ақпараты немесе өнімі Қазақстан заңдарына қайшы келеді деп табылса, ол БАҚ-ты тоқтату мәселесі арызданушының жерінде және жауап берушінің қатысуынсыз сотта қарала береді.

Жаңа заңның бұл нормасы, ЕҚЫҰ сарапшыларының пікірінше, Қазақстан аумағында шетелдердің Интернет-ресурстарына кіруге бөгет қоюды көздейді.

Зерттеу жұмысының Web-дизайнға кіріспе, Web-дизайн деген ұғым анықтамасы, Web-сайт құрылымы, Web-дизайнның негізгі ережелері, Web-бет элементтері және Web-дизайн технологиялары  деген бөлімдерінде аталмыш тақырып ашылды. Web-дизайн деген ұғым анықтамасы бөлімінде жалпы ақпарат беріліп, қалған бөлімдерде кез-келген web-бет құрамында интернеттің әр ресурсының міндетті компоненттері болып табылатын стандартты элементтердің жиынтығы туралы мағлұматтар келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Алексеева М.И Взгляд в будущее. - М., 2002.

2. Засурский Я.Н Система средств массовой информаций Россий, 2001.

3. Калмыков А.А, Коханова Л.А. Интернет – журналистика. - М., 2005.

4. www.ontustik.gov.kz

5. Краткий курс историй  Интернета / Мир интернет, 1997. - № 11-12.

6. Наурызбай Ж. Ж. Этнокультурное образование. Алматы: Ғылым 1997.

7.Cолодовиченко Л.Н. Дидактические основы композиционного компьютерно-графического моделирования в подготовке студентов. - Караганда, 2001.

8. Скотт Э. Компьютернык технологий в журналистике. - М., 1999.

9. Федотова Л. Н. Массовая информация стратегия производства и тактика потребления. М, МГУ,  1996. 

10. Рэддик Р., Кинг Э. Журналистика в стиле онлайн. - М., 1990.

11 .http://www.uapeople.com

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Қазіргі заманғы интернет технологиялар